Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы
Бүгін тарихта

«Ұлттық тарихты зерттеудің методологиясы мен ғылыми ұстанымын жаңарту жолдары» атты Халықаралық ғылыми-методологиялық конференция

13246
Конференция барысында пленарлық және секциялық мәжіліс отырыстары ұйымдастырылып, келесі тақырыптарды талқылады: «Тарих ғылымының жаңа тарихнама, деректану, әдіснама және әдістемелері».

2014 жылғы 31 қаңтар және 1 ақпан күні ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институтының ұйымдастыруымен «Ұлттық тарихты зерттеудің методологиясы мен ғылыми ұстанымын жаңарту жолдары» («Қазақстан жолы – 2050:  бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы аясындатақырыбында Халықаралық ғылыми-методологиялық конференция өткізілді.

822a69c7926b213ed2ff96f28f315554.jpg

dba732ecf4cd771c0a6dd92614fa12a7.jpg

5107967668d9d33741ca71bad6fca4ef.jpg

Конференция мақсаты: «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы аясында тарих ғылымының сапалы серпін жолдарын анықтау және ұлттық тарихтың жаңа көзқарастарын қамтамасыз ету. 

Конференция барысында пленарлық және секциялық мәжіліс отырыстары ұйымдастырылып, келесі тақырыптарды талқылады: «Тарих ғылымының жаңа тарихнама, деректану, әдіснама және әдістемелері».  Конференция модераторы: ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институтының директоры, т.ғ.д., профессор Б.Ғ. Аяған.

Конференция жұмысына Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты с.ғ.д., профессор К.Н. Бұрханов және т.ғ.д., профессор, генерал-лейтенант А.Б. Тасболатов; Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Дипломатия институтының профессоры, с.ғ.д., Т.С. Сүлейменов сияқты құрметті қонақтар қатысты.

Тарих-ғалымдары пленарлық отырыста  «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы аясында тарих ғылымының дамуы; ұлттық тарихты зерттеу методологиясы мен ғылыми ұстанымын жаңғырту жолдары; зиялы қауымның тарихи жауапкершілігі; Қазақстан тарихын дәуірлеу бағыттары тақырыптарын талқылады.

Мемлекет тарихы институтының ғалымдары Ғ.М. Қарасаев және К.М. Ілиясова Отан тарихын дәуірлеудің өз нұсқасын көрсетуі қатысушылардың қызу талқылауына ұласты.

Шетел ғалымдары өз елдеріндегі ұлттық тарихты жазу тәжірибесімен бөлісті. Колумбия университетінің (АҚШ) профессоры Рафис Абазов, АҚШ-тағы тарих ғылымының даму үдерістеріне тоқтала келіп, елінде шағын тарихты жазудан бас тарту қалыптасып келе жатқандығын атап өтті. АҚШ ғалымдарын жеке бір қоғам тарихы, күнделікті өмір тарихы қызықтыратынын айтты. Р. Абазов Мемлекет тарихы институтына АҚШ-та алғаш рет басылған «Жаңа қазақ әдебиетінің тарихы» атты кітапты сыйға тартты.

Башқұртстан мемлекеттік университетінің Тарихнама және деректану кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.д., профессор Р.Г. Буканова, XVI-XVIII ғасырлардағы Ресей институттық-саяси кеңістігі аясындағы Қазақстан мен Башқұртстан тарихының кейбір ортақ мәселелеріне тоқталды.

Қырғыз-Ресей Славяндық университетінің кафедра меңгерушісі, т.ғ.д., профессор З.Қ. Құрманов Қырғызстанның саяси тарихындағы қазақ тарихы туралы баяндама жасады.

Конференцияға қатысушы ғалымдарды Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің ұлттық тарихнамасымен, Президенттік «Болашақ» бағдарламасы аясында Кембридж университінің (Ұлыбритания) жарты жыл оқуын аяқтап жақында ғана келген Мемлекет тарихы институтының бөлім бастығы, филол.ғ.к., доцент М.Л. Анафинова таныстырды.

ҚР ҰҒА Академигі, Қазақстан Республикасы сыйлығының лауреаты Бейсенова Әлия Сәрсенқызы әлеуметтік-гуманитарлық ғылымды зерттеудегі пәнаралық ұстаным мәселесін қарастыра келе ұлттық тарихты зерттеу бағыттарын атап көрсетті.

Пленарлық отырыс аяқталғаннан кейін Тарих және қоғамдық ғылымдар Академиясының жаңадан сайланған Академия мүшелеріне куәліктері мен медалдары тапсырылды.

Секциялық отырыста келесі мәселелер қаралды: тарихи ғылымның әдістері және әдіснамасы; тарихи зерттеулер тарихи үдерістерді моделдеу ретінде; тарихи пәндердегі типтік бағдарлама; қазақстанның тарих ғылымындағы ескірген парадигмалар мен әдіснамалар. 

Мемлекет тарихы институтының бас ғылыми қызметкері т.ғ.к., доцент  К.М. Ілиясова Институт ғалымдары дайындаған, Қазақстан тарихы бойынша жаңа типтік бағдарламасының жобасы туралы қысқаша айтып берді. 

Конференция жұмысына ҒЗИ, ЖОО басшылары, Қазақстанның жетекші ғалымдары, тарих және гуманитарлық пәндерінің мұғалімдері, орта мектеп мұғалімдері сонымен қатар БАҚ өкілдері қатысты.

Қазақстан тарихындағы мәселелер туралы шет ел және отандық ғалымдарымызбен кездесіп көптеген сұрақтарды талқылаған тарихшы ғалымдар ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институтын жоғары дәрежеде өткізілген ғылыми форум ұйымдастырғандарына алғыстарын білдірді.

Республикалық ғылыми-методологиялық конференция жұмысының құжаттары ғылыми жинақ түрінде шығарылады.

Мәлімет ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институтынан берілді.