
Адамзат тарихында екінші дүниежүзілік соғыс 60 мемлекет қатысқан және жауынгерлер мен халықты орасан зор шығынға ұшыратқан әскери шиеленісті оқиғаларға толы болды. Әскери іс-қимылдар әлем бойынша 40 мемлекеттің аумағында жүргізілді және шайқас алаңында 100 миллионнан атам жауынгер қатысып, оның ішінде 46 миллионнан аса адам көз жұмды.
Қатардағы жауынгер Станқұлов Ахмет, Кантемировка жұмысшы кентіндегі Бауырластар зиратында жерленген. Воронеж облысы Кантемиров ауданында 1943 жылдың 11 қаңтарында Высочанов хуторындағы ұрыста қайтыс болған. Алматы қаласында 1996 жылы жарық көрген «Книга памяти» кітабында қысқаша мәлімет берілген: Станкулов Ахмет 1907 жылы туылған.
1942 жылдың 26 тамызында Қазақ КСР Қарағанды облысының Қарқаралы ауданы Әскери комиссариатынан шақырылған. Майдан даласында жауынгер-атқыш ретінде 48 атқыштар дивизиясының 146 атқыштар полкы құрамында шайқастарға қатысқан. 1943 жылдың 11 қаңтарында Воронеж облысы Кантемир ауданы Высочанов хуторын азат ету кезінде қайтыс болған». 2015 жылдың басында жауынгердің қызы Насипа Ахметызы Станкулованың қызы, яғни батыр-жауынгердің немересі, ҚР Орталық Мемлекеттік мұрағатта ұзақ жылдар аталар тарихы мұрасының сақтаушысы әрі жанашыры - Марзия Ғаниқызы Жылысбаева Мәскеудегі Подольск қаласындағы РФ Қорғаныс министрлігінің Орталық архиві ұжымымен және Воронеж облысының Кантемиров муниципальды ауданы Кантемир қалалық елді-мекені Әкімшілігінің басшысы Анатолий Николаевич Гавриленкомен қатынас хаттар жазу арқылы хабарласып, жоғарыдағы мәліметтердің растығына көз жеткізеді. Хатта Бауырластар зиратында қойылған мемориальдық тақтадағы тізімде Станкулов Ахметтің де аты-жөні жазылғанын қоса хабарлайды. Бұл қазақстандықтар үшін сүйінші хабар болатын. Бұл қуанышын бізбен де бөлісе толғаныста жүргенін жасыра алмады, қатардағы жауынгер Станкулов Ахмет, Кантемировка жұмысшы кентіндегі Бауырластар зиратында жерленгені айқындалды. Жауынгердің бір ғана фотобейнесі сақталған. Өзге дерек келтірілмейді. Алайда, - «кімнің де болса ойында қалай, қандай жағдайда бауырлары қайтыс болды екен?», - деген сұрақтар кімді болса да мазалайды. Қаншама азаматтарымыз із-түзсіз кетті, олардың тағдырына байланысты да осы сұрақты қою заңдылық. Алғашқы сұрақтардың бір парасы: жауынгер Станкулов Ахмет қандай армияның және соғыс майданы құрамында шайқасқан? 1942 жылдың тамызы мен 1943 жылдың 11 қаңтары аралығында жауынгер А. Станкулов қандай ұрыстарға қатысқан, шайқас алаңы, қандай жағдайда қайтыс болды? Әрине сұрақ көп, жауап табу деректер жеткіліксіз болғандықтан өте күрделі. Зерделей келе, Станқұлов Сталинград шайқасы барысында алыс шептердегі қорғаныс әскери-қимылдары және оның екінші кезеңіне өткен қаланы қолдан шығармау мақсатында жан алысып, жан беріскен уақыт екендігі айқындалды. Түптеп келгенде, Совет одағының батыры Амантай Дәулетбековтың тағдыры сияқты жауынгердің майдандағы ізін табу қажет-ақ. 48-ші атқыштар дивизиясына қатысты біршама құжаттар ақтарғанмен, дәл сол дивизия туралы мәлімет жоқтың қасы.
Кантемировка бауырластар зиратында жерленген жауынгерлер тізімі. суретте Ахмет Станкуловтың қызы Нәсипа Ахметқызы әкесінің қандай жағдайда көз жұмғанынан хабарсыз еді. зерттеу жұмысы барысында 78 жылдан кейін әкесінің ерлік іздерін естірткен сәтте, кеуананың жан дүниесінің тебіенісін айтып жеткізу мүмкін емес толғаныстың көзайымы болдық.... әкесінің батырлықпен отанын қорғағауда жан тапсырғаны келешек ұрпақтары үшін мақтанышына айналары сөзсіз...
Ізденіс зерделеулер нәтижесінде: 1942 жылдың 1-қыркүйегінде Батыс майданның генерал-лейтенант П.Л. Романенко қолбасшылығындағы (1942 жылдың жаз және күз айларында) 3-танк армиясы құрамында 264-ші атқыштар дивизиясының болғандығы және осы жылдың бірінші қазаны күні аталмыш танк армиясының құрамында Жоғарғы Бас Қолбасшылық резервіне берілгендігі айқындалды. 1942 жылдың 26 тамызы мен 5 мамыры аралығында Батыс майданның қолбасшысы ретінде генерал-полковник И. С. Конев, сол сияқты 5 мамырда генерал-лейтенант В. Д. Соколовский штаб басшысы болып тағайындалған. КСРО Қорғаныс Халық Комиссариатының 1942 жылдың 20 қазанындағы №332 бұйрығымен, неміс басқыншылығына қарсы Отан үшін болған ұрыстарда табандылық, ержүректік, тәртіптілік пен ұйымшылдық көрсеткен батылдықтары үшін, жеке құрамның ерлігі үшін 264-ші атқыштар дивизиясына құрметті «Гвардиялық» атағы беріліп, дивизияның атауы 48-ші гвардиялық атқыштар дивизиясы болып өзгертілді.
Дивизияның командирі гвардия полковнигі, гвардия генерал-майоры Николай Матвеевич Маковчук болғандығы айқындалды. Ахмет Станкулов аталмыш командир қол астында шайқасқа қатысқан. Осы жерде бір қорытынды шығара аламыз. Жауынгер А. Станкулов алапат ұрыстың бел ортасында болған. Келесі мәліметте, 1942 жылдың 25 қазаны күні 48 гвардиялық атқыштар дивизиясы Шлипово және Сухиничи станцияларынан шығып теміржол бойымен Скуратово, Горбачи бағытына жіберілген де Тула облысы Сукманово ауданына шоғырландырып, 20 желтоқсаға дейін әскери және саяси даярлық бойынша дәріс өткізілген. 1942 жылдың 17 желтоқсанында 3-ші танк армиясының қолбасшысы, генерал-майор Рыбалко дивизияға гвардиялық Қызыл ту табыс етеді. Осы жерде 1942 жылдың 24 қазанындағы ҚА форма Бас басқармасының № Орг/2/788723 директивасына сәйкес 26-шы желтоқсан күні дивизияның бөлімдеріне жаңа нөмір беріледі, дивизияның атқыштар полкы жаңа нөмірге ауыстырылды: 1056 - шы 138, 1058-ші 143, 1060-шы 146, 825-ші артиллериялық полк 98-ге өзгертілді. Бұндай директивалар соғыс уақытында жиі болған, сондықтан да болар ұлттық құрамалр құрамындағы жауынгерлерге қатысты деректер табу өте күрделі. 1942 жылдың 20 желтоқсаны күні 48-ші гв. ад. Скуратово, Выползово, Чернь станциясынан 15 эшелонмен дивизияның толықтай құрамы жөнелтіледі. Архив ққұжатында 20,21,22,23 желтоқсан күндері жөнелтілгені айтылады, төрт күн мерзімінде дивизия құрамы мен мүліктері тиеліп жөнелтілгені айқындалады.
1943 жылдың 3 қаңтарына қараған күні дивизияның бөлімдері Воробьевка, Бутурлиновка, Калач станцияларына түсірілген. Архив құжаты бойынша жоғарыдағы станцияларға 1942 жылдың желтоқсаны мен қаңтар айының басында жауынгерлер мен олардың құрал-жабдытары, мүліктер түсірілген. Демек, әскери құрама 3-ші қаңтарда толықтай келіп үлгірген. Бұдан кейін, үш түнгі асудан кейін Новая Макаровкадан біра-ақ шыққандығы туралы ақпарат бар. Бұған қатысты да дивизия бөлімдері әскери іс-қимыл Жауынгерлер үш күн тек түнгі мезгілде Стагновка, Русская Журавка, Верх. Гнилуша, Писаревка, Кантимировка арқылы жүріп өтіп, Новая Макаровка маңында топтасқан: оның теріскей күншығыс бетіне, оңтүстік-күнбатыс және теріскей күнбатыс бетіне – 146-шы гвардиялық атқыштар полкының жауынгерлері жинақталып, орналасады. Арнаулы бөлімдер мен 98 гв. Артиллериялық полк ортасында және орталықтағы дивизия штабы маңайына орнықты.
48-ші гв. АД 146-шы ГАП-ның майдан жолы (ҚМОА. 1155-қ., 1-т., 3-іс)
Мән бере қарастырсақ, ұрыс даласына гвардиялық полк жауынгерлері топтастырылған. Бұл қарсыластардың да салмағын көрсетсе керек. Біз іздестірген жауынгер А. Станкулов 146-шы гв. АП құрамында болған. Қазіргі кезеңдегі ашық деректерге сүйенсек, 1943 жылдың 14 қаңтарынан бастап гв. 48-ші атқыштар дивизиясы Воронеж майданы құрамына берілген. Воронеж майданы 1942 жылдың 7 шілдесінде Воронеж ауданын қорғаушы Брянск майданының әскери бөлімдері мен күштері негізінде құрылған болатын. Воронеж майданы жүргізген ұрыстарға қатысқан гв. 48-ші ад.-сы құрамы Михайловка, Ольховатка, Осадчий, Варваровка, Будённый, Ливенки, Старая Водолага, Мануйловка, Камышеватое елді-мекендеріндегі қарсыластар қорғанысын аса зор жылдамдықпен жедел талқандай, Пасюково-Высочанов елді-мекенінде орналасқан дұшпан әскері қорғанысын бұзған. Енді осы мәліметтерге сүйене, егер жауынгер А. Станкулов Высочанов хуторын азат ету кезінде 11 қаңтар күні қайтыс болғанын ескерсек, онда дәл осы әскери операцияға оның қатысқандығы айқындалады. Алайда, бұл елді-мекендегі дұшпан әскері қорғанысын бұзу мақсатындағы операция қаңтар айының шамамен 7-сінен басталып кеткендігін жобалауға болады.
Бекіністі бұзу үшін екі аптадай уақыт кеткен болса, біріншіден, қарсыластар әскерінің мықты қорғаныста болғаны айқындалады. Бұл соғыс тарихындағы Воронеж - Харьков стратегиялық қарсы шабуыл операциясы аясындағы Острогож - Россошан қарсы шабуыл операциясы жүргізілген уақыт. Бастысы жоғарыда жасалған пайымның негізсіз еместігі айқындала түсті. РФ ҚМОА 2007 жылы «құпия» грифінен алынған 48 гв. АД-ның әскери іс-қимылы; әскери операция сипаттамалары негізгі тарихи дерек көзі болып табылады. Жауынгерлер барлау ұрыстарын қаңтардың 4-інен бастап кеткендігі дәйектелді. Деректерімен танысқаннан кейін, бұл қарсыластардың қарапайым бекінісі болмағаны белгілі бола түсті. Қарсыластардың майдан қажеттіліктерін қамтамасыз ететін негізгі қарсыласу жол торабында жаудың мықты екі бекінісі - Красный Молотта және маңайындағы өзге биіктіктермен қоса Высочановта орналасқан болып шықты. Жалпы аумағы 2-3 шақырым. Алдыңғы жиегінің алғы бөлігінен майдан шебіне іргелес өтетін жол жатыр. Қарсыластардың тойтарыс беру торабы байланыс жүйесі тартылған көптеген ДЗОТ-тар мен окоптардан құралған. Тойтарыс тораптары 223,0 биіктігінде және оның теріскей күнбатысындағы МТФ-та орналасқан мықты тірек пункттарымен өзара байланыстып отырған. Бекіністердің төменгі жиегінде қосымша шағын тірек пункттары болған. Ал олардың 48-ші АД-сы майданына қарама-қарсы бағыттағы тұсында қарсыластар күші мықты артиллериялық және минометтік құралдарымен жабдықталған. 48-ші гв. АД-ның әскери күшіне қарсы жалпы 60-қа жуық құрылғы, оның ішінде екі ауыр батарея, Танктерді жоятын 12-ге жуық құрылғы, 4 минометтік батарея, 3 алтыұңғылы миномет қойылды. Бұл аймақта қарсыластардың 24 полкы, құрамында 30 шақты танкты құрайтын 27 ТД іс-қимыл жасады.
Қарсыластардың қорғаныс торабының кіре берісі миналанған болатын және Красный Молоттың кіре берісіне жұмырландыра ату нысанасын орналастырған. Красный Молот елді-мекеніндегі қарсыластардың тойтарыс беру торабын 3-ші «Адольф Гитлер полицай» полицей полкы, Высочановтағы 223,0 биіктігін «Ұлы Германия» полкы қорғаған. Бұл дивизиялардың жеке құрамы ерекше табандылығымен танымал болған. Дивизия бөлімшелері алғашқы күндерден-ақ қиыншылық кедергілерге кезіккен.
Екіншіден, А. Станкулов 4-11 қаңтар аралығында қаруластарымен 1/146 гв. АП құрамында Высочановтағы 223,0 биіктігін бағындыруда оқ пен оттың, жау әскерінің таңдамалы құрамаларына қарсы барлау ұрыстарына қатысуы ерлік. Жауынгер мүмкін тірі қалар ма еді, егер ұрыс жұргізілген нысанға бір күннің ішінде, яғни 11-ші қаңтар күні дұшпанның әуе күштері 12 рет үсті-үстіне оқ жаудымаса тірі қалар ма еді, оның ішінде 4 самолет Ахмет Станқұлов құрамында болған I/146 гв. атқыштар полкын бомбалаған. Тек осы қанды оқиғадан кейін ғана әуе күштерінің бақылауына өтініш жасалған: «Прошу действиями разведывательной авиации установить скопление пехоты и танков противника в районах свх. Красный Молот, Мизайловка, Златополь и его полевые сооружения в свх. Красный Молот, МТФ». Бұл сол кезеңде қарсыластар күшін дер кезінде бағалаумаудан немесе Қызыл Армия Әуе күштері құрамының әскери күштің жеткіліксіздігі салдарынан болуы да әбден мүмкін. Десе де, 11 қаңтар осы әскери операция үшін кеңес әскеріне үлкен сабақ болған тәрізді.
Үшіншіден, 1943 жылдың 4-21 қаңтар аралығындағы қарсыластарға тойтарыс беру және оны толықтай жою әскери операциясының мықты стратегиясы мен тактикасы болған. 11 қаңтарда сағат 11 мен кешкі 16.10 аралығыннда қарсыластар 12 мәрте әуе шабуылын жасаған. Оның ішінде қарсыластардың 4 ұшағы 1/146 ГВ АП-ын әскери шебін бомбалаған болатын. Оған қоса қарсыластар 18.00. сағатта Красный Молоттан қораныстарының алдыңғы бөлігіне автомашылар тобын төгедіғ бірнеше мәрте Дмитровка бағытына из қарсы шабуыл ұйымдастырады. 4 раза провел контратаку в направлении выс. 223,0 биіктігі бағытына 4 мәрте 2-3 танктен құралған взвод 4 мәрте қарсы шабуыл ұйымдастырылған. Осы аталған қарсыластардың шабуылдарының барлығы пулеметтік ату құралдары және ПТО құрылғылары есебінен еңсерілген. Бұл күні қарсыластардың шайқас алаңында қайтыс болған және жараланған 27 солдаты қалды. Высочановтағы үйлерді қарсыластар өртеп жіберді. Кеңес жауынгерлерінің осындай жағдайда 4-21 қаңтар аралығында, қандай әскери күшпен арпалысқанын дивизияның әскери қимыл жасағаны дәйектейді: Красыный Молот, МТФ елді мекендері бағытында алдыңғы қатарлы батальонның шабуыл жасау топтары түн мезгілінде әрекетке көшкен, артиллерияны қолдау барысында қорғаныстың алдыңғы шебінде жан берісіп, жан алысқан (Красный Молот, Мизайловка, Златополь және оның далалық құрылғылары маңында - Красный Молот, МТФ). Жоғарыда атап өткен 1943 жылдың 11 қаңтарындағы жаудың алдыңғы шебі мен қарулы техникасы, әуе күштері қаптап жауған от пен жасалған шабуыл өтінде Ахмет Станқұлов пен оның қаруластарының басым бөлігі Отан үшін ерлікпен жан тапсырған.
1943 жылдың 21 қаңтарында жау шебі толықтай жойылды. Жауға тойтарыс беруде 164 жауынгер қайтыс болып, 258 –і жараланған. Қарсыластар 700 адамынан айырылып, 1100 челек солдаттар мен офицерлер тұтқынға алынды, 200 атты арба қолға түскен.
Іздеген жетер мұратқа демекші, нәтижесінде жауынгер Ахмет Станқұлов 3-ші танк армиясы құрамындағы 48-ші гвардиялық атқыштар дивизиясының 146-шы гвардиялық атқыштар полкы құрамында Отан үшін жанын қиған нағыз азамат, ержүрек қазақ батырларының бірі болғаны айқындалды. Дәл осы себептен де жауынгердің денесі Ресейдің Кантемировка жұмысшы кентіндегі Бауырластар зиратында жерленген және оған қаруластарымен бірге құрмет көрсетіледі.
Батырлар рухына тағзым. «Сталинградтан Днепрге дейін» кітабының тұсау кесер рәсімі.
Мұрағат деректері негізінде 48-ші гвардиялық атқыштар дивизиясының 146 Атқыштар полкы құрамында Ахмет Станкуловтың қазақстандық қаруластары туралы мәліметтер ізінің табылғанына шүкіршілік еттік.
146-шы гвардиялық атқыштар полкы құрамындағы жауынгер А. Станқұловты қоса алғанда 40 қазақстандық батыр-жауынгердің майдан даласындағы ерлік іздері белгілі болды (ескерту: бұл айқындалғаны ғана). Атап айтқанда:
1. Сатакбаев Конымхас, 1913 жылы туылған. Қазақ КСР Ақмола облысы Ақмола қаласы Әскери комиссариатымен шақырылған, 120 мм минометтер батареясының минометшісі. Дивизия командирі, генерал-майор Н.М. Маковчук: «1943 жылдың 22 қаңтарында Засосна деревнясын азат етуде неміс әскері автоматшыларының үлкен тобы минбатареяны қоршап алып жою мақсатын көздегенде, ол өзінің қаруластарымен бірге оқтың астында табандылық пен батылдық көрсетті және бір өзі 9 жаудың көзін жойғандығын» негіздей, 31 қаңтарда «Ленин орденіне» ұсынған. Нәтижесінде «Батырлығы үшін» медалімен марапатталған.
2. Абдумалинов Комбар 1915 жылы туылған, Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан Әскери комиссариатымен (бұдан әрі -ӘК) шақырылған, гвардия жауынгері. «Батырлығы үшін» медалімен марапатталған.
3. Мухаметжанов Жумабай 1917 жылы туылған, Қазақ КСР , Қарағанды қаласы Ленинский ауданы ӘК-нан шақырылған, 1-ші атқыштар батальонының атқышы, гв. жауынгері. «Батырлығы үшін» медалімен марапатталған.
4. Рахимбибат Айткол 1901 жылы туылған, Оңтүстік Қазақстан облысы Шаян ауданы ӘК-нан шақырылған, гв. қатардағы жауынгер. «Батырлығы үшін» медалімен марапатталған.
5. Тюлебаев Жумакиш 1923 жылы туылған. Қазақ КСР Солтүстік Қазақстан облысы Пресновский ауданы ӘК-ымен шақырылған, 1-ші атқыштар батальоны пулеметшілер ротасының 3-ші батальонының қол пулемінің пулеметшісі, гв. жауынгері. «Батырлығы үшін» медалімен марапатталған.
6. Колышпаев Кажибай 1896 жылы туылған. Қазақ КСР Солтүстік Қазақстан облысы Ленин ауданы ӘК-ымен шақырылған. Полктың көлік ротасының гв. ефрейторы, «Батырлығы үшін» және «Жауынгерлік ерлігі үшін» медаальдарымен марапатталған.
7. Иргашов Маметбек 1924 жылы туылған. Қазақ КСР Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан ауданы Әскери комиссариатымен шақырылған. Ұлты – өзбек. Гв. жауынгері. «Батырлығы үшін» медалімен марапатталған.
8. Шайхисламов Фасах 1907 жылы туылған. Қазақ КСР Ақтөбе облысы Шалқар ауданы ӘК-ымен шақырылған. Ұлты – татар. Гв. Қызыл Тулы 146-шы атқыштар полкының атқыштар бөлімінің командирі, Гв. жауынгері. «III-дәрежелі Даңқ орденімен» марапатталған.
9. Жексамбаев Рахмади 1916 жылы туылған. Қазақ КСР Алматы облысы Талдықорған ауданы ӘК-ымен шақырылған. Гв. жауынгері. «Батырлығы үшін», «Жауынгерлік ерлігі үшін»медальдарыменмен марапатталған.
10. Умаров Аскар Ахметович 1924 жылы туылған. Қазақ КСР Батыс Қазақстан облысы Приуральный ауданы ӘК-ымен шақырылған. Ұлты – татар. Зеңбірек батареясының гв. жауынгері. «Батырлығы үшін» медалімен марапатталған.
11. Джумагалиев Ильяс 1921 жылы туылған. Қазақ КСР Ақтөбе облысы Темір ауданы ӘК-ымен шақырылған. Гв. жауынгері. «Батырлығы үшін» және «Жауынгерлік ерлігі үшін»медальдарыменмен марапатталған.
12. Абишев Жакен 1908 жылы туылған. Қазақ КСР Павлодар облысы Лозовский ауданы ӘК-ымен шақырылған. Гв. жауынгері. «Батырлығы үшін» медалымен марапатталған.
13. Увалиев Кабдулла 1916 жылы туылған. Қазақ КСР Шығыс Қазақстан облысы Тамбырлы ауданы ӘК-ымен шақырылған. Гв. жауынгер. «Батырлығы үшін» медальымен марапатталған.
14. Баянов Жумадель 1900 жылы туылған. Қазақ КСР Ақмола облысы Есіл ауданы ӘК-ымен шақырылған. Гв. қатардағы жауынгер. «Батырлығы үшін» медальымен марапатталған.
15. Даржанов Бузалбай 1903 жылы туылған. . Қазақ КСР Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық ӘК-ымен шақырылған. Гв. қатардағы жауынгері. «Батырлығы үшін» медальымен марапатталған.
16. Баиметов Тойле 1923 жылы туылған. Өзбек КСР Қарақалпақ АКСР Тамды ауданы ӘК-ымен шақырылған. Қазақ. Гв. ефрейторы. «Батырлығы үшін» медальымен марапатталған.
17. Мамедов Муса 1912 жылы туылған. Әзірбайжан КСР Қазақ ауданы ӘК-ымен шақырылған. Ұлты – әзірбайжан. Гв. кіші сержанты. «III-дәрежелі Даңқ орденімен» марапатталған.
18. Алимбеков Абдухадыр 1896 жылы туылған. Қазақ КСР Алматы облысы Киров ауданы ӘК-ымен шақырылған. Гв. қатардағы жауынгер. «Батырлығы үшін» медальмен марапатталған.
19. Кадыров Хажмамыт 1905 жылы туылған. Өзбек КСР Бұқар облысы Дехканабад ауданы ӘК-ымен шақырылған. Ұлты – өзбек. Гв. қатардағы жауынгер. «Батырлығы үшін» медальмен марапатталған.
20. Абдуманатов Тижбек 1914 жылы туылған. Қазақ КСР Қарағанды облысы Шет ауданы ӘК-ымен шақырылған. Гв. ефрейторы. «Батырлығы үшін» медальмен марапатталған.
21. Тохашев Даулет-бай 1905 жылы туылған. Өзбек КСР Қарақалпақ АКСР Қоғырат ауданы ӘК-ымен шақырылған. Қазақ. Гв. жауынгер. «Батырлығы үшін» медальмен марапатталған.
22. Абишев Жакан Юсупович 1908 жылы туылған. Қазақ КСР Павлодар облысы Глазовский ауданы ӘК-ымен шақырылған. Гв. жауынгері. «Батырлығы үшін» медальымен, «III-дәрежелі Даңқ орденімен» марапатталған.
23. Айджанов Дуисень 1925 жылы туылған. 1942 жылдың 1-ші қыркүйегінде шақырылған (нақты ӘК туралы мәлімет жоқ). Қазақ. 1-ші а.б.,1-ші атқыштар ротасының атқыштар бөлімінің командирі, Гв. сержанты. «III-дәрежелі Даңқ орденімен» марапатталған.
24. Испалов Ордабек 1912 жылы туылған. Қазақ КСР Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент ауданы ӘК-ымен шақырылған. Гв. жауынгері. «Батырлығы үшін» медальымен марапатталған.
25. Смагулов Сульхей 1914 жылы туылған. Қазақ КСР Семей облысы Жаңасемей ауданы ӘК-ымен шақырылған. Гв. сержанты. «Батырлығы үшін» медалы ,«III-дәрежелі Даңқ орденімен» марапатталған.
26. Куатов Зарбек 1919 жылы туылған. Қазақ КСР Алматы қаласы Сталин ауданы ӘК-ымен шақырылған. Гв. медқызмет капитаны. «II-дәрежелі Отан соғысы», «Қызыл Жұлдыз» ордендерімен, «I-дәрежелі Отан соғысы» ордендерімен марапатталған. 25.04.45ж. қайтыс болған.
27. Мамедов Имант 1909 жылы туылған. Қазақ КСР Павлодар облысы Қарақұм ауданы ӘК-ымен шақырылған. Гв. жауынгері. Ұлты – өзбек. «Батырлығы үшін» медалымен марапатталған.
28. Ибрагимов Галим 1912 жылы туылған. Қазақ КСР Гурьев облысы Волковышский ауданы ӘК-ымен шақырылған. Гв. жауынгері. «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен мрапатталған.
29. Кулбаев Толеу 1903 жылы туылған. Қазақ КСР Қарағанды облысы Сталинский ауданы ӘК-ымен шақырылған. Гв. лейтенанты. 76 мм зеңбірек батареясы взводының командирі. «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен, «Қызыл Жұлдыз» орденімен марапатталған.
30. Сыдыков Маутхан 1922 жылы туылған. Қазақ КСР Семей облысы Ақсуат ауданы ӘК-ымен шақырылған. Гв. жауынгер. «II-дәрежелі Отан соғысы» орденімен марапатталған. (алғашында 100-ші дербес атқыштар бригадасы құрамында болған).
31. Мустафин Абдгапар 1917 жылы туылған. Қазақ КСР Ақмола облысы Молотовский ауданы ӘК-ымен шақырылған. Аға лейтенант. «Батырлығы үшін» медалімен марапатталған.
32. Зулькарнаев Каби 1912 жылы туылған. Қазақ КСР Қарағанды облысы Балқаш қалалық ӘК-ымен шақырылған. Автоматшылар ротасының саяси бөлімі командирінің орынбасары, Гв. лейтенанты. Ерлік жасаған күндері: 14.01.1943,16.01.1943-17.01.1943,19.01.1943. «Қызыл Жұлдыз» орденімен марапатталған.
33. Мухамедзянов Жумбай 1917 жылы туылған. Қазақ КСР Алматы облысы Курган ауданы ӘК-ымен шақырылған. Гв. жауынгері. «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен марапатталған.
34. Омаров Ашим 1905 жылы туылған. Қазақ КСР Павлодар облысы Майский ауданы ӘК-ымен шақырылған. 3-ші атқыштар рота бөлімінің командирі, Гв. сержанты. «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен марапатталған.
35. Джумагалиев Ильяс 1921 жылы туылған. Қазақ КСР Ақтөбе облысы Темір ауданы ӘК-ымен шақырылған. 1-ші атқыштар батальоны атқыштар бөлімінің командирі, жауынгер. «Жауынгерлік ерлігі үшін», «Батырлығы үшін», «1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медальдарымен марапатталған.
36. Сматаев Джумабай 1925 жылы туылған. Қазақ КСР Павлодар облысы Лебяжинский ауданы ӘК-ымен шақырылған. Миномет взводы командирі, Кіші лейтенант. «Қызыл Жұлдыз» орденімен марапатталған.
37. Балгабеков Макажай 1897 жылы туылған. Қазақ КСР Қарағанды облысы Осокаровский ауданы ӘК-ымен шақырылған. «Скобелевка» селосы. Аға шопан. 1942 жылдың 7-ші сәуірінен 1943 жылдың 23 қыркүйегі аралығында Қызыл Армия қатарында. Жауынгер. Харьков қаласын азат етуге қатысқан. Қатты жаралануына байланысты әскери қызметтен босатылған. «Батырлығы үшін» медалімен марапатталған.
38. Сейсенбаев Камбай 1901 жылы туылған. Орманшы. Қазақ КСР Күршім Әскери комиссариатымен шақырылған. Минометші. Кантемировка станциясындағы қарсыластармен шабуыл кезінде сол аяғынан мина жарақатын алған. «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен марапатталған.
39. Оспанов Хасен 1909 жылы туылған. Қазақ КСР Қарағанды қаласы Ленин ауданы ӘК-ымен шақырылған. Шахта ф-пласт, моторист. Жауынгер. Оң қолынан ауыр жарақат алған. «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен марапатталған.
Қызыл тулы 48-ші гвардиялық атқыштар дивизия құрамындағы құрамалардың жеке құрамы Берлинге дейін шайқас даласында болған. 1945 жылдың 24 сәуірі мен 2 мамыры аралығындағы ұрыста дивизия жауынгерлері қаланың 1500 көше қиылыстарын, 7-ші теміржол стансасын, әртүрлі заводтарды басып алып, қарсыластардың 3000 солдаты мен офицерлері өлтірілген және жараланған, 950 солдат пен офицерлерді тұтқынға түсірген. 1945 жылдың 4 мамырында дивизия Берлин шегінен шығып, жеті өткелден өткен соң 10-17 мамыр аралығында Ческа-Липа ауданына топтасады да, жергілікті жерлерді сүзіп шығып, соғыс тұтқындарын қолға түсіреді. Ер есімі – ел есінде. Болашақ ұрпаққа Ата тарихтың ерлік пен батырлық беттерін аманаттау - парызымыз.
Ерімбетова Құндызай Мырзашқызы,
Астана Халықаралық университеті
Өнер және гуманитарлық ғылымдар Жоғары мектебінің доценті