Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бүгін тарихта

78 жыл бұрын Балқаш елді мекені қала мәртебесін алды

85 жыл бұрын ОГПУ (Біріккен мемлекеттік саяси басқарма) «үштігінің» шешімімен Алаш қозғалысының 20-дан астам мүшесі репрессияға ұшырады

- = -

1874 жылы композитор әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, Қазақстан Композиторлар одағының алғашқы мүшелерінің бірі Беркімбайұлы Естай дүниеге келді.

26437
Павлодар облысының Екібастұз ауданында туған. Ақындық, әншілік қабілет Естайға ана сүтімен дарыған.
Естайдың анасы Күлипа, нағашысы Байтұлым ауыл арасында ғана емес, кезінде бүкіл Кереку өңіріне аттары әйгілі әншілер болған. Естай ат жалын тартып мінуге жарағаннан бастап қолына домбырасын алып, ән айтуға талаптанады. Жиын-тойларға жиі барып, ақындар мен әнші-жыршылардың өнерлерін бойына сіңіріп өседі. Ол мұнымен қоса ауылдағы Жақып деген молдадан арабша сауатын ашып, ара-тұра өлең жаттап, құрбы-құрдастарының арасында айтып жүреді. 16 жасында Біржан салды тыңдап, ұмтылмастай әсер алады. Сондай-ақ, ол Жарылғапберді, Балуан Шолақ, Үкілі Ыбырай, Шашубай сынды әнші-ақындармен бірге үлкен жиындарда ән салып, халыққа танымал болады. Естай ақындық, орындаушылық өнерімен қатар шебер композитор ретінде те белгілі. Оның «Майда қоңыр», «Жүректе», «Мәлике», «Өмір», «Қоңыр жел», «Дүние», «Шоққара ағаш» сияқты әндері көп. Ал классикалық «Хорлан», «Құсни-Қорлан» әндері оның есімін аңызға айналдырды. Аты аңызға айналған әнші 1946 жылы қайтыс болды. Естай әндерін А.Затаевич тұңғыш рет нотаға түсірген. Әнші 1939 жылы Алматыға келіп, музыка зерттеушісі әрі композитор Б.Ерзаковичке өз әндерін нотаға түсіртеді. 1945 жылы ұлы Абайдың туғанына 100 жыл толу тойына қатысып, Нұрлыбек, Төлеу, Сапарғали және Нартай ақындармен өнер сайысына түседі. А.Жұбанов пен Б.Ерзакович Естайдың өмірі мен шығармашылығы туралы зерттеу еңбектер жазды. Ақын М.Әлімбаев «Естай - Хорлан» поэмасын, И.Оразбаев «Естайдың Хорланы» драмасын әнші өміріне арнады.