Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Астанада Жас архившілердің VIII халықаралық жазғы мектебі ашылды

792
Астанада Жас архившілердің VIII халықаралық жазғы мектебі ашылды - e-history.kz

Бүгін Астанадағы Қазақстан Республикасы Пре­зидент Архивінде ТМД елдері Жас архившілерінің VIII халықаралық жазғы мектебі өз жұмысын бастады. 

Дәстүрге айналған архив қызметкерлерінің жазғы мектебіне Ресей, Қырғызстан, Молдава, Түркіменстан, Өзбекстан елдерінен 100-ден аса отандық және шетелдік мамандар қатысып, олар бірнеше күн бойы архив және архив құжаттарымен жаңа тәсілде жұмыс істеу ісіне байланысты қызықты дәрістер тыңдайды.  Үш күнге жоспарланған шараның басты тақырыбы – «Архивтердің цифрлық трансформациялануы және құжаттық мұраны сақтау». 

Форум ҚР Президенті архивінің бастамасымен ұйымдастырылды. Қазақстан Республикасы Президент Архивінің директоры Әлия Мұстафинаның айтуынша, бүгінде мекеме 1918 жылдан бергі 1,5 миллионнан аса әлеуметтік-саяси сипаттағы тарихи құжаттарды сақтап отыр. Қордың 25%-і цифрлық форматқа көшірілген.

«Архивтің оқырман залы тек қана цифрлық түрде жұмыс істейді. Бұл қор зерттеушілерге, қонақтарға онлайн қолжетімді. Біз осы жұмысты одан әрі жүйелеу, халықаралық әдістемелер мен тәжірибелерді қолдану жайын талқылаймыз», – деді Әлия Мұстафина.

Жазғы мектеп аясында қатысушылар заманауи архив ісі, деректерді цифрландыру әдістері және халықаралық тәжірибелермен танысып, шеберлік сабақтарына қатысады. Форумға Қазақстанмен қатар, Орталық Азия елдері мен ТМД мемлекеттерінен келген жас архившілер мен зерттеушілер қатысып жатыр.

Еске салайық, Бурабайда өткен IV Ұлттық құрылтайда Президент ұлттық цифрлық мұрағат құрып, оны еліміздегі және шетелдердегі нейрожүйе жасаушылардың еркін пайдалануына мүмкіндік беру қажеттігін атап өтті. 

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?