Қазақ халқының тарихындағы ерекше тағдырлы тұлғалардың бірі - Қасен Рүстемұлы (қытайша Жаң Жяньминь). Ол Қытай Халық Республикасының (ҚХР) армия генералы, Қытай қазақтарынан шыққан тұңғыш генерал.
Ол Қытайдың ұлы көсемі Мао Цзэдунның жеке күзетшісі әрі көмекшісі болған қазақ батыры. Ол ісі әскери стратег және барлаушы болды. Бар ғұмыры бөтен елде, жат жерде Бейбарыстың күнін кешкен ғажайып тұлға.
Жазба деректерде Қасен Рүстемұлының 1921 жылы Қытайдың Шыңжаң (Синьцзян) өлкесі, Шәуешек қаласының Қарақабақ ауылында дүниеге келгені айтылады. Тағы бір деректерде Ганьсу өлкесінің Лин Щиа облысы Да Хыжиа ауданында дүниеге келген делінеді.
Арғы Атасы Ыбрайым Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының Көктума ауылынан шыққан қазақ болған. Осыған байланысты болар, Қытайдағы көп деректерде оның есімі Қасен Ыбырайым болып жазылады.

Ыбырайым ақсақалдың отбасы Шыңжаң өлкесіне көп тұрақтай алмайды. Отбасы қиыншылықтан құтқару үшін Шыңжаңнан Тарбағатайға, одан әрі Шанши (Шэньси) өлкесіне жетіп, біржолата тұрақтайды.
Бірақ қазақ шаңырағы онда да үлкен қиындықтырға тап болады. Содан амалсыз Қасенді 6 жасында баласы жоқ қытай отбасына беруге мәжбүр болады. Бөтен отбасында да Қасенді жақсы өмір күтіп тұрған жоқ еді. Ауыр еңбек пен қиындық көріп өседі.
12 жасында яғни 1932 жылы Қытайдың Қызыл армиясына (Халық-азаттық армиясының алғашқы кезеңі) қабылданады. Армия қатарында жүріп барлаушы, байланысшы, взвод және рота командирі болып қызмет етеді.
Барлаушы ретінде ерлік көрсетіп, компартия басшылары тұратын Янань бекінісіне шабуылда көзге түседі. Корей соғысына да араласқан деректер бар.
Ол – Қытай қазақтары арасынан шыққан тұңғыш армия генералы және танк әскерінің негізін қалаушылардың бірі.
Қасеннің әскери мансабы

Қасен Рүстемұлы 9 жасында қытайша Жаң Жяньминь деген есімді қабылдаған болатын. Ол Қытайдың Қызыл армиясында осы есіммен қызмет атқарды.
Қасеннің ең маңызды жетістіктерінің бірі – Тай Юань қаласын гоминьдандықтардан азат ету операциясына қатысуы еді. Батыр жігіттің көзсіз ерлігі еленеді. Оған байланысшы, взвод, рота командирі (1932-1937) секілді әскери міндеттер жүктеледі. Тіптен, Қасеннің соғыстағы белсенді, сенімді жауынгерлік ерік-жігерін бағалаған басшылық Қытай коммунистерінің көсемі Мао Цзедунның жеке күзетшісі әрі көмекшісі, телеграф тәржімашысы (1937-1939) сияқты аса жауапты қызметтерді де сеніп тапсырады.
Ол сол уақыттардағы партия мектептерінен және Қытайдағы бірнеше жоғары әскери оқу орындарынан білімін жетілдіреді.
1949–1950-жылдар танк әскерінің негізін қалады.
Қытай Халық Республикасы құрылған соң (1949) әскери мансабы да күрт көтеріліп сала берді.
1951 жылы полковник шенінде Қытайдың танк армиясының негізін қалаушы және 1-ші танк мектебінің бастығы болып тағайындалады. Қытай әскерінде заманауи танк бөлімшелерін құру және оқыту ісіне жетекшілік етеді.
1952 жылы танк армиясын басқарады.
1953 жылы мемлекеттік әскери комитеттегі сауытты автомашина бөлімінің (бронетехника бөлімі) бастығы болады.
Корей соғысына (1950–1953) қатысқан деректер бар, онда Қытайдың «Еріктілер армиясы» құрамында танк әскерін қолдауға үлес қосқан.
1972–1983 (немесе 1985) жылдары Қытай Халық-азат ету армиясында жоғары әскери басшылық қызметтерде жұмыс істейді. Армиялық партия ұйымы бас хатшысының орынбасары, танк әскерінің дамуына жауапты лауазымдар атқарған.
1983 (немесе 1985) жылы армия генералы дәрежесінде зейнетке шығады.
Осылайша Қасен Рүстемұлының есімі Қытай қазақтары арасынан шыққан тұңғыш армия генералы ретінде тарихта қалды.
1982 жылы өзінің қазақ екенін, туған аты Қасен Рүстемұлы екенін ресми түрде растап, туыстарын іздей бастайды. Онысын өзі өмір бойы қызмет еткен орталық билікке ашық мәлімдеп, халыққа жария етеді. Бұл елдегі қаһарлы саяси науқандар аяқталып, Қытай билігін реформатор Дэн Сяопин қолға алған жылымық кезең еді.

Қасен Рүстемұлы 1983 жылы Қытай Халық Республикасы Іле қазақ автономиялы облысы құрылуының 30 жылдық мерекесіне орай оның орталығы Құлжа қаласына келеді. Осы жолы қазақтар мекендеген облыстан туыстарын іздеп, көп сұрау салса да, таба алмай кетеді. Туыс-туғанын іздеу мақсатында Шыңжаңға одан кейін де арнайы атбасын бұрып, бірнеше мәрте келіп тұрады. Ақыры Қасен генерал ұзақ жыл сағынып іздеген туыстарын тек 1992 жылы ғана табады. Осы жылы Қасен Рүстемұлы әйелі мен балаларын ертіп туған жері Тарбағатайға келіп, інісі Сымақ Рүстемұлымен қауышады. Бұл тосын жағдайға күмәнмен қарағандар да болған секілді. Тіпті ресми Қытай билігінің өзі бұған сеніңкіремеген екен. Сол үшін биліктегілер Сымақ Рүстемұлының қанын зертханалық тексеруден өткізеді. Ақыр соңында Қасеннің расында да қазақ екені әрі Сымақтың туған інісі екеніне көздері жетеді.

Қасен генералдың әйелі – Миаузу ұлтының өкілі. Екеуі бір ұл, үш қызы тәрбиелеп өсірді. 2006 жылы 85 жасында Пекинде өмірден өтті.
Қасен Рүстемұлы ҚХР Парламентінің (Халық өкілдері жиналысының) 7-ші шақырылымының мүшесі болған.
«Дербес еркіндік», «Азаттық» және «1 тамыз» ордендерімен марапатталған.
Асылқан Бегенұлы Қытайда 1992 жылы «Қасен генерал» романын жазды.