Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Қазақстан мен Сауд Арабиясы архив ісінде ынтымақтастықты нығайтты

1135
Қазақстан мен Сауд Арабиясы архив ісінде ынтымақтастықты нығайтты - e-history.kz

Қазақстан мен Сауд Арабиясы архив ісінде бойынша ынтымақтастыққа отырды Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінде Сауд Арабиясы Корольдігінің Король Әбделазиз атындағы ғылыми зерттеу және архив қоры мен ҚР Ұлттық архиві арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Іс-шараның мақсаты – архив саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытып, бірлескен жобаларды жүзеге асыру, тәжірибе алмасу. Сонымен қатар екі елдің тарихи жадын, ғылыми ізденістерін болашақ ұрпаққа насихаттау. Қазақстан Республикасы мен Сауд Арабиясы арасындағы бұл ынтымақтастық архив ісінің сапалы дамуына, ортақ жобалар мен ғылыми зерттеулердің жүзеге асуына жол ашпақ. 

Ұлттық архив директоры Сағила Нұрланованың айтуынша, бұл меморандумның берері мол. "Өткен жылы Сауд Арабиясы Корольдігінің Король Әбделазиз атындағы ғылыми зерттеу және архив қоры тарапынан Қазақстан Республикасының Ұлттық архивімен екіжақтық меморандумға отыру бойынша ұсыныс түскен болатын.


Сол келісімнің реті келіп, бүгін екі жақты кездесу өткіздік. Король Әбделазиз атындағы ғылыми зерттеу және архив қоры атынан келген делегация Ұлттық архивтің жұмысы мен қызметімен танысты. Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің төрағасы Рүстем Әли және комитет қызметкерлері Ұлттық архив ұжымы бүгінгі сол кездесуде сол екі жақтық меморандумға қол қою рәсіміне куә болды. Сол екі жақты қол қойылған бұл меморандум ресми құжат қана емес. Яғни алдағы уақытта екі ел арасында архив саласына қатысты ғылыми ізденістер мен тәжірибе алмасуларға жол ашады деген сөз. Ортақ жобалар жасалып, осы меморандум аясында екі жақты жоспар құрылады. Жоспар бойынша біздер тығыз байланыс орнатып, архив ісі саласында ынтымақтастығымызды нығайтуға жол ашылады", - дейді Ұлттық архив директоры.Сондай-ақ бұл меморандум екі елдің арасындағы құжат алмасу жұмысын жаңа белеске көтермек. 

"Олар Қазақстаннан араб елінің тарихына қатысты құжаттарды іздеп, керісінше біз өзіміздің Қазақстан тарихына қатысты құжаттарды анықтайтын боламыз. Себебі бізде ғылыми зерттеу бойынша әлі зерттеуге зәру құжаттар бар ғой. Мәселен, біздің Ұлттық архивте араб картографы, ғалым-саяхатшы әл-Идрисидің 1154 жылы салған картасы бар. Сол карта әлі зерттеуге зәру. Араб елінің ғалымдары мен біздің елдің ғалымдары бірлесіп әлі де талай зерттеу жұмыстарын жүргізеді деп ойлаймын", - дейді Ұлттық архив директоры Сағила Нұрланова.

 


Сауд Арабиясы – рухани мұрасы терең, ислам өркениетінің ордасы. Сауд Арабиясы Корольдігінің Король Әбделазиз атындағы ғылыми-зерттеу және архив қоры – Таяу Шығыс аймағындағы архив ісінің ең беделді мекемелерінің бірі. Іс-шараға Король Әбделазиз қорының директоры TURKI MOHAMMED A ALSHUWAIER, Сауд Арабиясы Корольдігінің Қазақстандағы Елшісі Е.П Файсал Ханеф Алкахтани мырза және тағы да басқа делегация өкілдері қатысты.

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?