Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бүгін тарихта

8 жыл бұрын таңғы 4 сағат 44 минутта «KazSat» деп аталатын тұңғыш геостанциялық жер серігі жоспарланған Байқоңыр айлағынан ғарышқа ұшырылды

2009 жылы 17 маусымда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Жарлыққа қол қойды.

- = -

110 жыл бұрын жазушы Омарбай Малқаров дүниеге келді.

26271
110 жыл бұрын жазушы Омарбай Малқаров дүниеге келді. - e-history.kz
Жамбыл облысының Шу ауданында туған. Қазақ педагогикалық институты жанындағы жұмысшылар факультетін бітірген.
Алматыдағы мемлекеттік екі жылдық мұғалімдер институтында оқыған. 1938 жылы КСРО Ғылыми академиясының Алматыдағы филиалында жұмыс істеген. 1937 жылдан өлең жаза бастаған. 1938 жылдың аяғында Қазақстан Жазушылар одағы Оңтүстік Қазақстан облысы ақын-жазушыларының жұмысын басқару үшін тұрақты өкіл етіп жіберген. Ол бұл жұмыста он бес жыл бойы, сондай-ақ «Оңтүстік Қазақстан» газетінде он жылдан аса қызмет атқарған. Ақынның «Оңтүстік жырлары», «Мен ат үстіндемін», «Оңтүстік аспаны» «Қайнар» атты жыр жинақтары жарық көрген.