Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бүгін тарихта

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын (ТМД) құру туралы келісімге қол қойылды

- = -

1845 жылы 6 маусым күні Атбасар қаласының негізі қаланды

26450
1845 жылы 6 маусым күні Атбасар қаласының негізі қаланды - e-history.kz
1843 жылы Батыс Сібірдің генерал – губернаторы Горчаков бекітілген пункттің орнына Атбасар станицасын салуға ұсыныс жасады, ал 1845 жылғы 6 маусымнан Атбасар тарихының басы болып табылады.
1878 жылы станица атауы Атбасар қаласына өзгертіліп, содан Атбасар уезінің орталығы болып қалады. Революцияға дейін Атбасар уезінде өндірістік күштер нашар дамыған, бумен істейтін диірмен, сондай-ақ бірнеше тері илейтін және май қорытатын зауыттар жұмыс істеп тұрды. Жылына үш рет сауда-жәрмеңкесі өткізіліп, онда ірі және ұсақ қара малдар, жылқы, түрлі шикізаттар мен материалдар сатылды. 20-жылдардың басында Атбасар уезінде 9 өнеркәсіп кәсіпорыны, оның 7-і қалада және 2-і ауылдарда жұмыс істеп тұрды. 1928 жылы Автономды Қазақстан Республикасының аумағында жаңа аудандар құрыла бастады. ЖОАК 1928 жылы 17 қаңтардағы қаулысымен Атбасар уезі жойылып, 28 қыркүйекте Ақмола округінің құрамындағы Атбасар, Тасөткел және Атбасар уезінің Қарағанды болысының бөлігінен Атбасар ауданы құрылып, әкімшілік орталығы Атбасар қ. орналастырылады. 1932 жылы Қарағанды облысы құрылу кезінде аудан соның құрамына енеді, ал 1936 жылы Солтүстік Қазақстан облысының құрамына беріледі. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен 1939 жылғы 14 қазанда Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстары аумақтарының бөлігі есебінен орталығы Ақмола облысына орналастырылған Ақмола облысы құрылады. Ақмола облысының құрылуымен Атбасар соған енгізілген.