Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Қазақ халқының жаугершілік киім-кешектері мен қару-жарақтары және соғыс уақытындағы кейбір дәстүрлер

29666
Қазақ халқының жаугершілік киім-кешектері мен қару-жарақтары және соғыс уақытындағы кейбір дәстүрлер - e-history.kz

Осынау өтпелі кезеңде қоғамдағы болып жатқан өзгерістер, саяси көзқарастарға байланысты әрбір мектеп деңгейіндегі балалар қазақ елінің тарихын, салт-дәстүрін, елдігін танып, санасына түйіп, ата- бабаларымыздан қалған мұраларды, қазақ мәдениетін кейінгі ұрпаққа жеткізе білуі үшін ұлттық дүние танымды қалыптастыруымыз қажет.

Эпос, жырлармен сусындап өспеген қазақ баласынан жүректі, байсалды, намысшыл, патриоттық сезімге бай ұрпақ шығуы екіталай…

Тарихта қазақтың жауынгерлік дәстүрі, қазақ халқының көшпелі тіршілігіне, қоғамдық құрылым ерекшелігіне байланысты қарастырылған. Қазақ халқы ғасырлар бойы күні кешеге дейін жаугершілік жағдайда өмір сүріп, өз елін, жерін, тәуелсіздігін үнемі қорғап отыруға мәжбүр болған. Әйелді күңдікке, ерлерді құлдыққа жібермей, ат үстінде күн кешіп, байрақты жеңіс тұғырынан түсірмей елдігімізге жетуімізге сіңірген еңбегі қаншама десеңші…

XVII-XVIII ғ. өмір сүрген тарихи тұлғалар: Абылай, Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Баян, Райымбек, Ханкелді, Малайсары сынды халқы үшін ерліктің өшпес ізін қалдырған батырлардың ерлік істерінің қайнар көзі -  елін, жерін сүю, халқының ар- намысын қорғау, мемлекеттік тәуелсіздікті сақтау еді.

Ел тағдыры сынға түскен жаугершілік замандарда билері батырлармен қатар атқа қонып, қарамағындағы тайпаластарынан жасақ құрып, мемлекет тұтастығын, ұрпақ азаттығын қорғауға ұйытқы болып әрі қолбасшылық қызметін атқарған.

Ал XVIII ғ. батырлардың ерлік, батырлық өнегелерінің түп – тарихы V—VII ғ. Күлтегін, IX ғ. Қорқыт ата, XIV- XVI ғ. Алтын Орда дәуіріндегі түркі жұртының жауынгерлік дәстүрлерінен бастау алады.

Әсіресе XVIII ғ. Ш. Уәлиханов «Абылай ғасыры – ерліктің ғасыры» деп атап көрсетті. Қазіргі мектеп жасындағы балаларға ұрпақты ерлікке баулу мақсатында пайдалануды тиімді деп білеміз.

Қазақ жігіттері елінің амандығын, жерінің бүтіндігін ат жалында жүріп қорғаса, қазақ қыздары тал бесікке асылып отырып-ақ ұлттың мәдени-рухани тұтастығын қамтамасыз еткен. Әрбір ұзатылған қыз өзі шыққан ортаның тілін, дәстүрін, ән – күйін, аңыз әңгімесін, қол өнерін, тағам дайындау тәсілін, моральдық – этникалық нормаларын келін болып түскен ортаға дарытып отырған.

Адамзат тарихындағы мың – мыңдаған соғыстар мен майдандар кезінде киім қорғаныш құралы болған.

Эпос, батырлар жырына көз тастасақ, ақ берен, сауыт, көбе, жалаңқат, зере, кіреуке, торғауыт, қаттама деген сөздер көптеп кездеседі. Олар батырлардың киімдері. Батырлық жырлар, дастандар, эпостар жалпы ауыз әдебиетіне үңілсек, батырларымыздың басында дулыға, арқасында жыға, жүрек тұсында шарайна, үстінде сауыт, садақ, жебе, найзасы, қол шоқпары, белінде оқшантайлы белдік болған.

Киім – кешекте тарихтың ізі, уақыт табы жатады. Жауынгерлердің киімдері ата – бабаларымыздың жауынгер, жаугер, батыр, жау жүрек халық болғанын көрсетеді.

Өйткені сол замандағы халықтың күйбең тіршілігі үнемі аттың жалында, түйенің қамында жүргенін, жайма – шуақ, мамыражай жүре алмағандығын көрсетеді. Тобылғыны жастанып, қу толағай бастанып өмір сүрген.

Осынау ұланғайыр елді мекенді көз тігуші сұғанақтардан қорғап қалу бабаларымызға оңай түспеген.

Сол үшін «Ақ табан шұбырынды, алқа көл сұлама» да болды.

ЖАУГЕРШІЛІК ЗАМАНЫНДА ҚОЛДАНЫЛҒАН САУЫТ, БАС КИІМ, БЕЛДЕМШЕ, КЕЗДЕМЕ, ДОРБА, ТУДЫҢ  ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ СОҒЫС КЕЗІНДЕ ҚОЛДАНЫЛҒАН ТЕРМИНДЕР

АЛАМАН ЖОРЫҚ КИІМІ – Аламан жорық киімі аталатын құяқты жасау үшін 200-600 дейін темір кесінділер қажет болған. Құяқ сөзі эпостарда, тарихи көркем шығармаларда кездеседі.

Белдемше құяқ себілді, Беліне тартып алды, — дейді. Шарайна деген себілді, Жүрек басына қойды, — дейді. Дулыға деген себілді, Сүйек басқа киген,- дейді.

(Көкетайдың ертегісі)

АЛҒЫНШЫ – Шолушы, әсіресе соғыс жағайынан алдын жау бетін шолушы.

Алғыншы болып барған Сатай мен Таңсық түйеге сексеуіл артып жатқан бір қазақты ұстап алып сөйлескен.

(Қазыбек би. Түптұқияннан өзіме шейін)

АЛТЫН ҚАЛПАҚ – Алтыннан жасалған дулығаның бір түрі.

Алтын қалпақ дулыға, шекесінде жарқылдап.

(Қобыланды)

АЙМАУЫТ – Асыл болаттан соғылған ұсақ шынжыр торлы сауыт. Батырлардың ұрысқа киетін киімі. Оны қылыш кеспейді, найза теспейді. Соғуы қиын болғандықтан өте қымбат бағаланып, кез келген батырдың қолына түсе бермеген. Аймауыттың шынжыр торы денеге батпау үшін ішінен киіз кебенек киеді.

Садақкердің белгісі, Тоғыз қабат ақ сауыт, Тоқсан торлы аймауыт, Үскідей өтіп тескені.

(Шақшақ Жәнібек батыр, 112 б)

АҚ АЛМАС – Ақ семсер, өткір қылыш, наркескен.

Құртқа сұлу батырға, Қарағайдай найза саптатты, Алмас қылыш соқтырып, Күмістен қынын шақтатты.

(«Қобыланды батыр», Ақсауыт, 1 т. 27 б)

АҚ КӨБЕ – Батырлар киер ақ сауыттың көп түймелі түрі.

Тоқсан баулы ақ көбе, Тоғысқан жерде кигенмін.

Бұл батырлар киген ақ сауыттың көп түймелі түрі. Қазақ әдебиетінде кездесетін сауыт түрлері: бадана, берен, зере, көбе, кіреуке, торғауыт.

(Қыдырбек Балғабек. Түгел сөздің түбі бір)

АЛА БІЛЕК – Садақ оғының бір түрі.

Алабілек, сайгез, сұр жебе, жезайыр, қалжуыр бәрі де садаққа салынар оқтың түрлері.

(Қыдырбек Балғабек. Түгел сөздің түбі бір)

АЛҒЫНШЫ – шолушы, әсіресе соғыс жағжайында алдыңғы жау бетін шолушы.

Алғыншы болып барған Сатай мен Таңсық түйеге сексеуіл артып жатқан бір қазақты ұстап алып сөйлеткен.

(Қазыбек Бек. Түптұқияңнан өзіме шейін)

АЛАКӨДЕК – Алаңғасарлау, еш нәрсені елең қылмайтын, ақ көңілдікке жақындау,бірақ істің барысын байыптай қоймайтын адамға да айтылады. Нағыз алаңғасарлықтан алысырақ.

«Батыр аңғал, ер көдек. Көдек те сол елеңсіздеу батыр, бірақ қалай да келеңсіз емес.

АНТ – қатты, тұрақсыз, оңбаған деген мағынаға келеді.

Елден шыққан білімсіз ант екен деп, Ел – жұрты Қарабайға өпкеледі.

(Батырлар жыры)

БЕРЕН –1. Болаттан жасалған батырлар киімі. Болат тақталары астарына іш жағынан бекітілген тақталы сауыт.

Наурызбай асыл беренмен, он екі мың әскермен. Тағы аттанды кемерден, зеңбірегін асырды. Абылай аспас кезеңнен. Қара балта солқылық, аңғарынан шаң асты.

(Абылай хан, Айқап)

2. Асыл болаттан жасалған семсер немесе қылышты да (кездік, пышақты да) берен деп атаған.

Қынабынан суырып, қолына алды беренді, Керегеде ақ берен, Мұны да белге шалады.

(Р. Сыздық, Сөздер сөйлейді)

Қазақ бақсыладының ойыны кейде көбінесе бақсылық ойын – сарын ретінде айтылған. Олар өздерінің жынын кейде «Жеңсіз берен киінген, лашын құстай түйілген – деп жырға қосады.

(М. Ғабдуллин. Қазақ ауыз әдебиеті)

БАҒЫРЫМ – Бауыр, ауыспалы мағынада жүрек.

Көне және орта ғасырлардағы түрік әдебиеті мен фольклорында бағырым езілді, бауырым пара болды және т.б. сол сияқты сөз тіркестері қайғылы, қасіретті жағдайларды білдіреді.

БАДАНА – Батырлардың соғыста киетін қорғаныс киімі. Сақина торлы болат сауыт. Оның етек, жеңі ұзын да, қысқа да болуы мүмкін. Қазақ ауыз әдебиетінде шығыршықты кіреуке сауыттың көзіне асыл темірден дөңгелек жапырақ бастырып соғылған түрік бадана немесе бадана көзді кіреуке деп атаған.

Баданамды баса бөктеріп, қасыма жаттан жолдас ертіп, күн- түн демей жүргенім.

(Махамбет, Ұл туса)

БАДАНА КӨЗДІ – Батырдың киетін сауыты мен ер – тұрман әбзелдеріне салынған әшекей тастар не құйып жасалған метал көзшелер.

Төлеген інісі Сансызбайға, бадана көзді кіреуке, тоғыз қабат көк сауыт, Саған арнап соқтырып, будырып кеттім кілемге.

БЕРЕН – Болаттан жасалған батырлар киімі.

БАХАДҮР –Батыр сөзінің көне тұлғасы.

Үшіншіден ел тағдыры сынға түскен жаугершілік замандарда билер  батыр – бахадүрлермен қатар атқа қонып, қарамағындағы тайпаластарынан жасақ құрып, мемлекет тұтастығын, ұрпақтар азаттығын қорғауға ұйытқы болған, қолбасшылық қызмет атқарған.

(Игісін Қ.А. Ұлы дала)

ЕБЕЙ – күң. Ебе деп те атаған.

Есіктегі ебей деп қазақта күңді айтпаған. келініне риза болмағанымен кемпірлер: «Осы үйдің ебейі болдым»-дейді.

(Қыдырбекұлы Балғабек. Түгел сөздің түбі бір)

ЖӘУКЕ – Ерте кезде жорықтарда әскерлердің алды, артын күзететін әскери топтың бастығын, батыл, қырағы сақшысын атаған.

Ол қауіпті жағдайда жоғарыдан бұйрықты күтпей «Аттан!» салуға ерікті болған.

(А. Құралұлы. Қазақ дәстүрлі мәдениетінің энциклопедиялық сөздігі)

ЖЫҒА – соғыста киетін бас киім.

Жығаның төбесі үшкір келеді. Маңдай алды қасқа дейін түсіп тұрады, желке жағына мойынды айнала ұзындығы – 1-1,5 қарыстай шынжырлы баулар тағылады. Жығаның өзі садақ оғы өтпес үшін киілсе, шынжырлы баудың мойынды қылыштан сақтау үшін жасалған. Қазір соғыс өнерінің дамуына байланысты жыға қолданылмайды.

(А. Құралұлы. Қазақ дәстүрлі мәдениетінің энциклопедиялық сөздігі)

КӨБЕ – сауыт. Ерте кезде батырлардың киген сауыты, темір қаптама.  Оның екі түрі бар.

1.  Жүрек тұсы, білекті, иықты садақ оғынан, қылыштан қорғау үшін жалпақ темірден жасалған  сауыт.

2.  Бүкіл кеудені қорғау үшін тырнақ көбесіне ұқсас қола не мысты, кейде алтынды қатпарлап тізіп немесе метал шынжырларды біріктіріп, көйлек тәріздес етіп жасаған.

КӨЗЕ САУЫТ – Садақ, найза, қылыш өтпейтін соғыс киімі. Көзе сауыт көбінесе бас киім, қалқан, кеудеге қақтаған шарайна, білекке, тізеге жабатын қыш қоруыштар түрінде жасалады.

Кейде темір шығыршықтармен үзбелеген көк сауытты да көзе сауыт деп атаған.

ҚАНДЫ КӨБЕ – Қанда көбе жай сауыт емес, әрдайым ұрыс майданында болатын батыр киетін киім.

ҚАТТАМА – көкірекше. Қалың кездеме.

Киім кисең қаттау ки, суық келсе панаң – ды.

(Ақтамберді жырау)

КЕБЕНЕК – кебе деп те атайды. 1. Кебенекті ертеде көбінесе жауынгердер киген. (Валиханов, II,711)

Тоқсан баулы ақ кебе, тоғысқан жерде кигенмін.

(Едіге батыр)

КӨНТЕ – Жеке қолданылмаса керек –ті. Көбінесе белбеуді қосып айтады.

Көніс, күдері белбеу, жон теріден жасалған, қалың жалпақ белдік.

«Көк ала жорға ат мін – деді, Көнте белбеу бу – деді.

(Едіге батыр)

КЕЙІТ – ДАБЫС, ДАҢҚ, АТАҚ.

«Шыға алмас дұшпан бетіңнен, түсе алмас дұшпан кейітіңнен.

(Қобыланды батыр)

КЕЛТЕК – келдек емес. Шоқпардың шағын түрі.

Қысқа жуан таяқ. «Келтегі қолынан түспейді».

(Қыдырбекұлы Балғабек. Түгел сөздің түбі бір)

КЕЙІТ – Дабыс, даңқ, атақ.

Шыға алмас дұшпан бетіңнен, түсе алмас дұшпан кейітіңнен.

(Қобылады батыр)

ҚЫРПУ– Дулығаның ішінен құндыз не ботаның пұшпақ терісінен істелген іштен киетін бас киім.

«Қырпуын тартып ұр!» — дегені найза даритын жұмсақ жерін тауып ұр! – деген мағынада айтылған.

ДУЛЫҒА -  Соғыста оқтан сақтану үшін киетін бас киім.

Дулығаның екі жағымен артқы етегіне темір тор ілініп, адамның мойны мен иығын тымақ тәрізді тұтас жауып тұрады. Дулыға батырдың басын сойыл, шоқпар, қылыш және садақ оғынан сақтауға арналған.

(А. Құралұлы. Қазақ дәстүрлі мәдениетінің энциклопедиялық сөздігі)

КЕЙІТ – дыбыс, даңқ, атақ.

Шыға алмас дұшпан бетіңмен, түсе алмас дұшпан кейітіңнен.

(Қобыланды)

КІРЕУКЕ – Батырлардың жаугершілікте жорыққа киетін оқ өтпес болат сауыт.

Мылтықтың оғы от алмас, Құлақта дәрі тұтанбай. Ақ кіреуке көк сауыт, Таза жүрсе тот алмай. Мылтықтың оғын жібермес, Шығыршығы жұқармай.

(Ақ Орда. Әдеби көркем журнал. Наурызбай ақын дастаны)

Кіреукенің басқа сауыттардан айырмасы кеудесінде, арқасында, білек үстінде темірден немесе көзеден істелген қорғаныс шаралары (шарайнасы) болған.

КӨБЕ САУЫТ – Ерте кезде батырлар киетін сауыт, метал қаптама.

Ұрыс алдында Өз – Темір Тайшының елшісі Әбілхайыр ханға: «Көбеден қан шықпасын, Көйлектен тер шықпасын!-депті. Бұл бұрынғы соңғы тарихшылар байыптағандай, «ұрыспай бітісейік» — деген сөз емес,  ұрыспай берісіңдер! – деген сөз.

(М. Мағауин, Қазақ тарихының әліппесі)

Ерте кездегі батырлардың киетін сауыт, метал қаптама. Оның екі түрі бар.

1.  Жүрек тұсы, білекті, иықты садақ оғынан, қылыштан қорғау үшін жалпақ темірден жасалған сауыт.

2.  Бүкіл кеудені қорғау үшін тырнақ көбесіне ұқсас қола не мысты, кейде алтынды қатпарлап тізіп немесе метал шынжырларды біріктіріп, көйлек тәріздес етіп жасаған. Кейінірек көбенің жеңіл көкірекше түрі шыққан. Садақ оғы көбені бұза алмаған соң «көбе бұзар қозы жауырын» жебені шығарған. Аттың арқасын жабатын көбелер де жасаған.

(А. Құралұлы. Қазақ дәстүрлі мәдениетінің энциклопедиялық сөздігі)

КӨЗЕ САУЫТ – Садақ, найза, қылыш өтпейтін соғыс киімі.

Көзе сауыт көбінесе бас киім, қалқан, кеудеге қақтаған шарайна, білекке, тізеге жабатын қыш қоруыш түрінде жасалады. Кейде темір шығыршықтардан үзбеленген көк сауытты да көзе сауыт деп атаған.

(А. Құралов, Қазақ дәстүрлі мәдениетінің энциклопедиялық сөздігі)

ҚАЛҚАН – Ерте заманда батырдың қарсы жақтың найза, қылыш, соққысынан, садақ оғынан майданда өзін қорғау үшін қолына ұстайтын қорғаныс құралы. Шегінген кезде арқа жағына іліп, бекітіп алады.

Қалқанның төрт бұрышты, дөңгелек, жарты цилиндр тәрізді, жүрекше, астауша т.б. көптеген түрлерін қолданған. Қазақтарда дөңгелек қалқан кең тараған. Бұларда қалқан көннен, қоладан, ағаштан, темірден жасалған.

(А. Құралов, Қазақ дәстүрлі мәдениетінің энциклопедиялық сөздігі)

Қалқанның көлемі жағынан үш түрі болады: үлкен, орта, кіші. Іш жағына тұтқамен бірге киізден, матадан, көн теріден кепіл салынады.

(Құралұлы А. Қару – жараққа, құрал жабдыққа, өлшемге, ойындарға байланысты терминдер мен сөз тіркестерінің түсіндірме сөздігі)

ҚАЛЖУЫР – садақ оғының бір түрі.

ҚАТТАМА –қаттау, көкірекше. Қалың кездеме.

Киім кисең қаттау ки, суық келсе панаң – ды.

(Ақтамберді жырау)

ҚОЛ — әскер, қарулы топ.

Тегіс сойыл, найза, айбалта, шоқпар ұстаған шабуыл мен соғысқа әзірленген қол.

(Е. Жанпейісов. Абай жолы эпопеясының тілі)

САРЫЖАЙ – (шағатай) – сары йай – Сүйектен әшекейленген сарыға боялған жақ.

Саржанның кірісі, тартуға келмей үзілді.

(Қыз Жібек)

ТОМАҚАП – (темір томақап) – көшпелілердің қорғаныс киімі.

Ежелгі Римді тізерлеткен көшпелілердің қорғаныс киімі және басқа да қарулары кейіннен бірте – бірте күллі Европа әскери құрамына сіңіп, өз дәстүрлері сияқтанып кетті.

(Т. Құлментегі. А. Құлментегі. М. Құлментегі. Темір ұсталар)

ТОРҒАУЫТ – Теріден бірнеше қабаттап жасалған сауыт.

Итальян саяхатшысы Плано Корпини орта ғасырда монғолдардың бірнеше қабаттап сауыт жасайтынын жазады.

(Қаз. Ұлт.қару – жарақ энцикл.)

ЖАҚТА – Иніш, жауырын мен иықты жұқа киімге салынса, жақта сырт киімге салынады.

Жауырындары жақтаулы, Түйме бауы тартпалы. Алқаракес тон берді.

(Батырлар жыры)

Бірақ иніш жауырын мен иықты жұқа киімге салынса, жақта сырт киімге салынады. «Жауырындары жақталы, түйме бауы тартпалы, алқаракес тон берді»

(Батырлар жыры)

ЖАМШЫ – жамылғы. Желең жамылатын тон.

«Бір жамылғын алып кел, кел, айла жасайық. Не екенімізді айырмай тұр» — деді.

«Әкелген қара жамшыны алып киіп, қанатындай қылап жасады».

(Батырлар жыры)

ЖЕНДЕ – Бақсылармен серілердің сыртынан киетін түрлі – түсті кездемеден құрап тігілген киімі.

«Женденің екі жеңі қысқа, жағасыз, екі иығына үкі тағып, омырауын неше түрлі жартысына күміс домалақ моншақ, түймелерімен шеттіктеп тастаған, түрлі әлем – жәлем жапсырған женде, қолында аса.

(Батырлар жыры)

ЖЕҢСІЗ ИГІ ТОН – Жеңі жоқ тон мағынасында.

Жаумен жағаласса жыртылмас, Ерлердің киген жеңсізден игі тоны.

(Шалкиіз ақын)

ЖЫҒА – 1. қылыш өтпес үшін батырлардың бас киімінің артқы жиегіне бастырылған зат. Ерте кездегі дулығаның артынан мойынды қылыш кеспеу үшін қаптап қоятын зат, бас киімнің артқы жиегі.

Жығаның өзі садақ оғы өтпес үшін киілсе, шынжырлы баулар мойынды қылыштан сақтау үшін жасалған.  Қазір соғыс өнерінің дамуына байланысты жыға қолданылмайды.

2. Соғыста киетін бас киім. Жығаның төбесі үшкір келеді. Маңдай алды қасқа дейін түсіп тұрады. Ұзындығы 1-1,5 қарыстай шынжырлы баулар тағылады.

ЗЕРЕ – 1. Садақ жебесін өткізбес үшін майдандарына киіп шығатын ерте уақыттағы шынжыр сауыттың бірі. Ертедегі бір қабат киім сыртынан киетін сауытты да «Зере» деп атаған.

Оны бір қабат киімнің сыртынан киген. Зеренің кеуде тұсындағы жүректі қорғап тұратын екі бөлек табақша темір қалқысын шарайна деп атаған. Көбінесе мыс, қола, жез, күміс сияқты жылтырауық шығырлырды үзбелестіру арқылы жасалатындықтан мұндай сауытты зере деп атаған. Зерені әскер басшылары, атақты басшылар киген.

(А. Құралұлы. Қазақ дәстүрлі мәдениетінің энциклопедиялық сөздігі)

ПЫРАН – батырлардың соғысқа арнап киер киімі, көбе, сауыт т.б.

Дауыт соққан пыранды, кебінім деп киетін.

(Қобыланды батыр)

КІСЕ БЕЛБЕУ – оның кәдімгі белдіктен айырмашылығы садақ жебесін салатын қорабы, оқ-дәрі салатын оқшантайлары іспетті салпыншақтарымен мығым бекітілген қынының болатынымен байланысты айтылған.

ШАРАЙНА – Көбе, жүрек тұсына ұстайтын дөңгелек жарақ. Оқ өтпеу үшін төсіне киетін метал қаптал.

Қазақ халқы поэзия тілінде шарайна қабатын көбінесе тоғызға апарады.

Төлеген інісі Сансызбайға, Бадана көзді кіреуке, тоғыз қабат көк сауыт, Саған арнап соқтырып, будырып кеттім кілемге.

Үстіне киген шарайна, артында бар – ды сауыты.

(Шора батыр)

Белге керек шарболат, денеге керек жалаңқат.

(Қобыланды батыр)

ШАРБОЛАТ – Оқ өтпес үшін төсіне киетін метал қаптал.

Белге киген шарболат, денеге керек жалаңқат.

(Қобыланды батыр)

ШЕРУ ТАРТУ — әскери  жасанған қол, аттаныс мағынасында.

Бұл көріністе жалпы көшу сапарын жортуыл-жорыққа, шеру мен аттанысқа ұқсатады.

ҚАРАҚШЫ – 1. Жаугершілік кезде биік төбе, оба үстіне шығып, айнала төңіректі шолып, бақылап отыратын жауынгер.

Ол жау хабарын түнде от жағу, күндіз түтін түтету арқылы шабармандарға білдіріп отырған. Жауынгер жау қолының қай жерде екенін анықтау үшін өзі жасырынып тұрып бас киімін көтереді. Дұшпанның оқ атуына қарап олардың қай жерде жатқанын біліп алатын болған.

(А. Құралұлы. Қазақ дәстүрлі мәдениетінің энциклопедиялық сөздігі)

КӨЗЕ САУЫТ – Садақ, найза, қылыш өтпейтін соғыс киімі. Көзе сауыт көбінесе бас киім, қалқан, кеудеге қақтаған шарайна, білекке, тізеге жабатын қыш қоруыштар түрінде жасалады. Кейде темір шығыршықтарымен үзбеленген көк сауытты да көзе сауыт деп атайды.

(А. Құралұлы. Қазақ дәстүрлі мәдениетінің энциклопедиялық сөздігі)

КІРЕУКЕ -  Батырлардың жаугершілікте жорыққа киетін оқ өтпес болат сауыты.

Кіреукенің басқа сауыттардан айырмашылығы – кеудесінде, арқасында, білек үстінде темірден немесе көзеден істелген қорғаныс шарайнасы болған.

(А. Құралұлы. Қазақ дәстүрлі мәдениетінің энциклопедиялық сөздігі)

КІРЕУКЕЛІ БАШЛЫК – Тұтастай кішкене шығыршықтан тоқылған жеңіл бас киім.

Бұл жауынгерлік жеңіл бас киім, негізінен дулығаның астынан киілген.

(Қаз. Ұлт. Қару – жарақ энцикл.)

САЙЫПҚЫРАН – Асқан батыр, мықты ер.

Ол менің әкеме, Монғолстан әміршісі Уәйіс ханға Әбілхайыр таққа отырған жылы келген болатын.

Сайыпқыран Уәйіс хан сол жылы қайтыс болды.

(А. Галиев. Керей мен Жәнібек)

САУЫТ – Садақ, қылыш, найза т.б. осы сияқты қару – жарақтардан қорғануға арналған киім.

Сауытты садақ бұзған шығар, Көбені найза тескен шығар. Дулығаны қылыш шапқан шығар.

(М. Мағауин, Қазақ тарихының әліппесі)

Ал енді сауыт болса тіптен жақсы, металдан кіреуке тоқытуға жағдайы келе бермейтіндер сыртқы киімнің ішінен астыңғы қабатына көн қаптап, арасына жүн салып сырылған көкірекше киген.

(Залесский Бронислав. Қазақ даласының өмірі)

Ол ұсақ темір шығыршықтарды бір – бірімен өткізіп тоқылған тордан қысқа жеңді жейде түрінде жасалады. Сауыттың дулығасы бұған қосымша мойынды жабатын далбағай сауыт және қол сауыт, аяқ сауыт темір шығыршықтан жеке тоқылады.

(А. Құралұлы. Қазақ дәстүрлі мәдениетінің энциклопедиялық сөздігі)

ҚАТТАУ – көкірекше, қалың кездеме.

Киім кисең қаттау ки, суық келсе панаң – ды.

(Ақтамберді жырау)

ҚАРАЛЫ КИІМ- Қазақтар арнайы қаралы киім тікпеген. Әйелдер әдетте бұрымын тарқатып, шашын жиятын. Киіміндегі әшекейлерді жұлып тастап, иығына қара жамылатын болған. Ал еркектер жағы сұр түсті шыт пен сәтеннен қаралы белбеу буынып, таяққа сүйеніп, өліктің денесі қойылған үйдің алдында көңіл айтуға келгендермен көрісіп, олармен бірге үйге құран оқылып жұбату айтылатын кезде ғана кіретін.

(Залесский Бронислав. Қазақ даласының өмірі)

КӨНТЕ – Жеке қолданылмаса керек – ті. Көбінесе белбеуді қосып айтады.

Көк ала жорға ат мін, — деді, Көнте белбеу бу, — деді.

(Едіге батыр)

КӨНТЕ БЕЛБЕУ – Көнте жеке өзі қолданылмаса керек – ті. Көбінесе белбеуді қосып айтады.

Көк ала жорға ат мін – деді, Көнте белбеу бу – деді.

(Едіге батыр)

Найза – Бұрынғы замандағы ұзын сырықтың кигізілген қалам ұш сияқты үшкір темірі бар баяғының ұрыс қаруы.

Жорыққа шыққан кезінде қазақтар сапты найзаны тастамайды. Жанына қайқы қылыш іліп, қазір қолданудан қалып бара жатқан жебелер салынған қорамсақ, кейбіреулері тапанша байлайды.

(Залесский Бронислав. Қазақ даласының өмірі)

ТОРҒАУЫТ – Оқ өтпес үшін батырлардың киетін сауыты.

Рүстем, таста тонды, дулығаны, сауытты, тердің ағып тұр бұлағы. Киіп ал сауытыңды басқа берен, Керісінше торғауытты тастар ем мен.

(Фирдоуси, Кей – Хосроу, Шахнама эпопеясынан дастандар)

ЫЛАЙ – Ығай, сығай, мықты батыр.

«Ат қылып тәңірі жаратты, сен сықылды ылайға. 40 күшейлік қазанға, бір мезгілде жет дейсіз. Ұшқан құсқа оңай ма?

(Қазақ әдебиеті хрестоматиясы)

ҚҰЯҚ – төрт бұрышты кейде дөңгеленіп келген темір кесінділерді (пластикаларды) балықтың сыртқы қабыршақтарындай етіп орналастырған, жеңі қысқа, етек жағы ұзындау келген жауыгерлік киімнің бір түрі.

Темір пластикалар бірі екіншісінің шетін басып тұратындай етіп жасалғандықтан садақ жебесі, қылыштың найзасынан қорғаған.  Екіншіден жаугершілік кезінде шайқасқа ыңғайлы болған, еркін қимылдауға мүмкіндік берген.

(Бичурин)

Орыстарда да кездеседі. Орыс тілінде куяк – сукна тәрізді маталардан тігілген киімге темір кесінділерді мықты бекітіп жасаған сауытты айтқан. Ресей аумағында құяқ сөзі 1640 жылдан бастап ұшырасады.

(Ана тілі. №31. Тамыз 6,1998. Т. Байжанов. С.Нұрымбетова)

ШОР – 1. Жасақшы жауынгер, жолдас мағынасында.

2. жігіт – феодалдық жолдамалы атты әскерінің жауынгері немесе  олжа табу үшін феодалға жақындасқан жауынгер

Ей, жігіттер, шар алу

(материалы по истории казахских ханств)

ШОҚПАР – Бір басы дөңкиіп жұмыр келген ағаштан жасалған қол қару.

Түркі халықтарында көне заманнан қолданып келген соғыс қаруы. Сойылдан қысқа, бас жағы жұмыр болады. Мұны ырғай, тобылғы, қайың сияқты қатты ағаштардан жасайды. Ырғай тобылғыдан, шоқпардан жасағанда, түбірін қоса қазып, алады да, бас жағын жұмырлайды. Кейде шоқпардың басына темір немесе қорғасын құяды.

ШҮЛЕН – Қара халық үшін дайындалып, соларға үлестірілетін тамақ.

Байғазы бүкіл елге шүлен таратты. Ел көп жиналғандықтан  азаматтар шүленді атпен таратты.

(Ауыз екі тіл)

СОҒЫСТА ҚОЛДАНЫЛҒАН ҚАРУ – ЖАРАҚ ТҮРЛЕРІ

АЙБАЛТА – Ұзын сапты, өткір жүзді, жарты ай бейнесіндегі соғыс қаруы.

Айбалтаның алғашқы үлгілері батыс пен шығыстың басқа елдерінде де кездеседі. Ежелгі Египет заманынан бері белгілі. Айбалтаның алғашқы үлгілері батыс пен шығыстың басқа елдерінде де  Қалмақ батыры дес бермей, төртінші болып сайысқа  шыққан Жәнібек ересен ерлік көрсетеді. Қалмақ батырының құлантай ұрған айбалтасын денесіне дарытпай, жұлып алып, «олай шаппайды, былай шабады» деп ол алмасын жай түскендей жарқ еткізеді.

(М. Қозыбаев, Жауды шаптым ту байлап)

Айбалта жаннан шешісіп, басқа балта салысып, Одан жеңіп ала алмай, Күйлеп күрсі алысып, Күшіменен салысып, жайды қолға алысып, күшіген жүнді сұр жебе, кірісіне салысып, екі бөлек тұрысып, мылтық атып ұрысып.

(Манас, 2 т, 106 б)

АБДАСТА – құмған.

Қобыланды батырдың жырында: «Пияласы қолында, абдастасы белінде, бөтен жаудың жерінде»

(Қыдырбекұлы Балғабек. Түгел сөздің түбі бір)

АБЫЛАЙША – Абылай қос. Киіз үйдің бір түрі.

Керегесі болмайды, тіккенде уығы жерге қадалып, шаңыраққа шаншылады да, есігі киізбен жабылады. Абылайша алыс жерге көшкенде, ұзақ жорыққа шыққанда қолданылған. Абылай хан әскерлерінің жортуыл кезінде киіз үйлері осындай болыпты.

(М. Әуезов, Абай жолы эпопеясының тілі)

АЛА БІЛЕК – Садақ оғының бір түрі.

Сайгез, бұлың, сұр жебе, жезайыр, қалжуыр, ала білек бәрі садаққа салынар жебе түрлері.

(Диалек)

АЛДАСПАН – Жекпе – жек шайқаста сілтесетін семсер.

Алдаспан ауыр қылыш байлаған, Сыпайышылық бұ-ды деп, Ана білек оқ салған.

(«Ер Шобан», Бес ғасыр, 1 том, 55 б)

АЛТЫН ЖАҚТЫ АЙБАЛТА – көне. Ернеуіне, екі жағына алтын жалатқан кішкене балта.

(Құралұлы А. Қару-жараққа, құрал-жабдыққа, өлшемге, ойындарға байланысты терминдер мен сөз тіркестерінің түсіндірме сөздігі)

АЛАКҮДЕК – алаңғасарлау, еш нәрсені елең қылмайтын ақ көңілдікке  жақындау бірақ істің барысын байыптай қоймайтындығы да бар адамға айтылады. Бірақ нағыз алаңғасардан алысырақ.

«Батыр аңғал, ер көдек». Көдек те сол елеңсіздеу батыр, бірақ қалай да елеңсіз емес.

(Қыдырбекұлы Балғабек. Түгел сөздің түбі бір)

ШЫНЖЫР  — Ертеде батырлар үшін іскери кәсіп ата кәсәп саналып, әкеден балаға мұра болған, батырлар әулетінде туған бала жастайынан ел үшін соғысқа аралысып, әскери кәсәппен айналысуға міндетті болған. Ер Қосай, Едіге, Ер Тарғын. Исатай, Жанқожа батырлар бәрі де

батырлық ата бабасынан ұрпағына дейін батыр болғандар. Қазақта мұны «шынжырлы тұқым» дейді.

Асыл туған ерлерім, Шынжырлы мықты беглерім, Келдім сізге мен деді, «Жаңбыршы ұлы Телағыс»

(Батырлар жыры, 6 том. 191 б.)

Тақтаболат, Тасболат, Шынжырлы ердің бірі еді.

(«Ер Қосай», Ақ сауыт, 2 том. 33 б.)

АДЫРНА –  Садақтың оқ тіреп ататын тарамысы.

Өгіздің жон терісінен жасалады да, садақ ағашының екі басын иіп ұстап тұрады. Осыдан садақ серіппелі болады. «Адырнасын ала өгіздей мөңіреткен, Атқан оғы Еділ – Жайық тең өткен.

(Махамбет)

2. Жауынгершілікте, аңшылықта қолданылған сыбызғы сияқты көне үрмелі музыкалық аспапты атаған.

Адырнасын атқа алған, Атқан оғын тайға алған.

(Шалкиіз)

АНТ – Қатты, тұрақсыз, оңбаған деген мағынада.

(Елден шыққан білімсіз ант екен деп ел-жұрт Қарабайға өпкеледі.

(Батырлар жыры)

АРАН – арнайы қазылған терең ор.

Түбіне ұшын жоғары қаратып найза шаншиды да, бетін жеңіл жабады. Ежелде алып батырларды аттылар жан – жағынан қаумалап, аранға атымен жығатын болған. Арандату деген ұғым осыдан келіп шыққан.

АША – Болаттан екі айыр етіп соғылған найза  тармағының арасы 10-15 см, ұзындығы 30-40 см. Сабы қайыңнан жасалады. Онымен қарсы шапқан жауды шаншып, аттан құлатқан.

(А. Құралұлы. Қазақ дәстүрлі мәдениетінің энциклопедиялық сөздігі)

ӘСКЕРИ ДАУЫЛПАЗ – Алапат соғыс майданында шайқас кезінде сан мың түменді оң, солға, алға, артқа қозғалтып, бағыт- бағдар беру үшін дауылпаз дыбысын пайдаланған.

Ертедегі қазақтың әскери қосындарын соғысқа шығар алдында соғыс майданында қолданылған жауынгерлік саз аспап. Соғыс майданына шығар алдында дауылпаз ұрып, жауынгерлердің жігерін шыңдап, рухын көтеру үшін әскери дәстүр ретінде қолданылады және жеңіс тойын тойлаған салтанатты шеру кезінде қолданылған.

(Құралұлы А. Қару-жараққа, құрал-жабдыққа, өлшемге, ойындарға байланысты терминдер мен сөз тіркестерінің түсіндірме сөздігі)

БАЛДАҚ – Қылыштың, пышақтың сағағын сағағын бекітіп тұратын сақина.

Білтеліге доп салмай, Қорамсаққа қол салмай. Атқан оғы жоғалмай, балдағы қанға боялмай.

БАРЛАУШЫ – Барлау жұмысын жүргізуші, шолғыншы. Соғыс әрекетінің нәтижелі болуы үшін жау күштерімен олардың орналасуы туралы мәліметтер жинайтын жауынгерлік қимылдардың маңызды бір түрі.

БЕС АСПАП АЙБАЛТА – Жүзі шабуға, үшкір шүйдесі шаншуға, саптың алқымы мен желкеде екі өткір қияқ бекітілген, қарсы сілтеген жау қылышын жасқап, алқымымен іліп тартуға, сабынан қанжар суырып алуға арналған.

Бірнеше қару түрін бір қарудың бойына біріктіріп жасау арқылы қарудың шайқас кезіндегі мүмкіндігін арттыру.

(Құралұлы А. Қару – жараққа, құрал – жабдыққа, өлшемге, ойындарға байланысты терминдер мер сөз тіркестерінің түсіндірме сөздігі)

БІЛТЕЛІ МЫЛТЫҚ – Шақпақпен, оқпен тұтатып ататын ауыр қара мылтық.

Білтеліге доп салмай, қорамсаққа қол салмай. Атқан оғы жоғалмай, балдағы қанға боялмай.

БІЛІК – Жақ оғының сырланатын, қырланатын ағаш жағы, яғни оқтың ұшынан өзге жағы.

(Ә. Қайдаров)

БІЛТЕЛІ МЫЛТЫҚ – Мақта білтемен оқ алатын, қазақтың өзі жасаған серіппесіз мылтық. Бір данасы Москвада тарихи музейде сақтаулы.

XVI-XVIII ғ. Жоңғарларға, басқа халықтарға қарсы соғыста қазақ шеберлері көп жасап шығарған. Жалпы құрылысы басқа мылтықтармен бірдей, оқтығы ұзын, от алатын құндағы бар, оқ – дәрі білтемен тұталады. Білте мылтықтың жерге тіреп ататын үш аяғы болады. Ең ұзыны әрі ауырын «шамқал» деп, ең алысқа тиетінін «күлдір мамай» деп атаған. Орта ғасырдағы соғыстарда қазақ жауынгерлері осындай түрлерін қолданған. Білте мылтықтың оғын да, оқ – дәрісін де қазақтар өзі жасап алған. Оқты тек қорғасыннан құйып, оқ – дәріні фосфор (селитра мен күкірттен) жасаған. Бергі кезде білте мылтық тек мергендердің меншікті қаруы болып қалған.

(А. Құралұлы. Қазақ дәстүрлі мәдениетінің энциклопедиялық сөздігі)

ДОЙЫР – дойыр қамшы – Ұрыс қағыста ұстайтын, қысқа сапты жуан өрмелі қамшы.

ГҮРЗІ — Палеолит дәуірінде алғашқы адамдардың негізгі құралы болған сойылдың күрделіленген түрі.

Салмағы ауыр, мықты ағаштан жасалып, жуан басы қоламен кейінірек темірмен қапталған. Ертеде палица, булава аталып, орыстың жаяу әскерінің құралы кейіннен билік белгісі болған. Қазақта гүрзі батырлар жырында кейде ескі діни түсініктерде кездеседі. Мысалы: діндар адамдар гүрзіні жерленген өліктен сұрақ алуға келген періштелердің қолындағы зат мағынасында көрген.

ЖЕБЕ ІСТІК – Қазақстанның батыс өлкесінде істік сым темірді жебе істік дейді.

(Досқараев, II,50)

ЖЕБЕ – Аңға немесе жауға қарсы олардың жолына істік ағаштан, я болмаса темірден құратын тосқауылды да жебе деп атаған.

Құрулы жатқан жебеге, Құрсағынан шалдырған.

(Махамбет)

Жеті қатар қазған оры бар, Ор ішінде жиған торы бар. Жеті қатар жебе бар, Болаттан қаққан шеге бар.

Мұнда жебе істік тосқауыл мағынасында.

(Эпостарда)

КІРІС – Жақтың тартпа бауы, кермесі, адырнасы.

Саржаның кірісі, Тартуға келмей үзілді.

(Қыз Жібек)

ШАРАЙНА – шарболат, оқ өтпеу үшін төсіне киетін метал қаптал.

Үстіне киген шарайна,  сыртында бар – ды сауыты.

(Шора батыр)

Белге керек шарболат, денеге керек жалаңқат.

(Қобыланды батыр)

2. Көбе, жүрек тұсына ұстайтын дөңгелек жарақ.

Белдемше құяқ себілді, беліне тартып алды- дейді. Шарайна деген себілді, жүрек басына қойды – дейді. Дулыға деген себілді, сүйек басқа киген дейді. Балдағы алтын, сабы жез, шын бадана торғай көз, Жағасы алтын жүлгір жез, иір бадана торғай көз, Ақ ұлпадай себіл тон. Ат көтергіш кемер тон, үстінен баса кигені.

(Көкетайдың ертегісі. Манас жырының Шоқан жазып алған бөлігі. Аударған Ә. Марғұлан)

ЖАҚ – Кермесіне жебе салып тартатын қару, ұрыс құралы. Бір басы иілген ағаш садақ.

Сырт түрі малдың жақ сүйегіне ұқсас. Оғы (уығы) алысқа ұшатындықтан, жақты кейде «жай» деп те атайды. Көлемі садақтың басқа түрлерінен үлкен және серпер ағашы жуан, оның садақ иілген жағын сірі таспамен орап қаптайды.

(А. Құралұлы. Қазақ дәстүрлі мәдениетінің энциклопедиялық сөздігі)

ЖАЛАУ – Қалыпты түсті матадан істеліп, сап бекітілген ту.

Саф арғымақ сайлаған, Найзасына жалау байлаған.

(«Ер Шобан», Бес ғасыр, 1 т. 55 б)

ЖАЛАҢҚАТ – қылыш. Жалғыз байланатын қылыш.

Белге керек шарболат, денеге керек жалаңқат.

(Батырлар жыры)

ЖАЛМАН – Қанжардың басы.

Қолындағы жекеауыздың жалманының ұзындығы бір қарыстай бар.

ЖОРЫҚ БЕЛБЕУ –Жауынгерлерге арнап жасалған белбеу, белдік.

Жорық белбеу жібектен, жүннен тоқылған матадан және былғары қайыстан жасалған. Оны қоладан, мыс пен жезден, алтын, күмістен әдемі доғабастармен ажарлайды. Жауынгер белбеуіне қынапты семсер және қылыш, қынды пышақ, оқ – дәрі, білте салған. Сіріден, былғарыдан жасалған құты, қалтамен байлаған.

(А. Құралұлы. Қазақ дәстүрлі мәдениетінің энциклопедиялық сөздігі)

ЖЕБЕ – 1. Садақ оғының масағы, садақтың шығуына байланысты өте ертеде жасалған. Жебені алғашында өте берік кремень тасынан кейін қола, темірден жасалған. Темірден жасалған жебе бірінші жатры жылдыққа дейін қолданған.

Жебелер жауды күзгі жапырақтай, көк жүзі қауырсыннан көрінбеді.

Фирдоуси. (Кей – Хорсоу. Шахнама эпопеясынан дастандар)

2. Аңға немесе жауға қарсы олардың жолына істік ағаштан, я болмаса темірден құратын тосқауылды да жебе деп атаған.

Құрулы жатқан жебеге, құрсағынан шалдырған.

(Махамбет)

Жеті қатар қазған оры бар, Ор ішінде жиған торы бар. Жеті қатар жебе бар, болаттан қаққан шеге бар.

Мұндағы жебе істік, тосқауыл деген мағынаны береді.

(Эпос)

3. Садақтың оғы. Түрлері: қозы жауырын оқ, сай кез оқ, сары жебе, күшіген жүнді сұр жебе, қызыл сырлы жебе.

Жебелі найза қолға алып, алты қырлы ақ жебе. Шаныша алмасам маған серт!

(Махамбет)

ЖЕКЕ АУЫЗ – Бір ауыз, қанды ауыз, жезді ауыз, шиті, берен мылтықтың түрі. Бір оқпен атылады. Ертеректе ұсталар қолдан соққан.

Жеке ауыздың бөлшектері құндақ, оқпан, шүрпі, шаппа, сирақ жеке ауызға оқты аузынан салады.

(А. Құралұлы. Қазақ дәстүрлі мәдениетінің энциклопедиялық сөздігі)

ЖЕЛЕКТІ НАЙЗА – Ауыз әдебиетінде алтын шашақты, ырғай сапты найза алып, найзасы сағасынан кетті сынып,еменнен найза алатын деп суреттейді.

ЖЫЛАНБАУЫР – қамшы түрі.

Телағыс күрсініп дем алды. Сонда қатыны домалап кетіпті. Таңертемен күреңшені атқа ер салып, атты ерттеп жыланбауыр қамшыны алып жолға кетуге шықты.

(Ноғайлының қырық батыры)

ЖЫҒА – қылыш өтпес үшін батырлардың бас киімінің артқы жиегіне бастырылған зат.

Жыға сөзі о баста түріктерге парсы тілінен енген. Бас киімге қадайтын құс қауырсыны немесе әшекейі дегенді білдіреді. Жыға қазақ тілінде үш мағынада қолданылған.

1.  Құс қауырсыны.

2.  Алтынды, асыл тасты бас киім.

3.  Бас киімнің өзі. Оны бойжеткен қыздар, келіншектер мен күйеу жігіттер, батырлар, хан – сұлтандар тағып, киіп жүрген.

ЗӘНЖІР – жіңішке шынжыр. Одан бұрын күнде, бұғау жасалған.

Мойнындағы зәнжірін қылымен бұрап сындырды.

(Алпамыс батыр)

КӘЗИНЕК – Пышақтың, қылыштың әдемілігі үшін жазылының не сабының дүміне көбіне күмістен қақталған метал.

«Тозбай ма сәкинегі, кәзинегі болғанмен болат пышақ бүгін асыл».

(Жетісу,1976)

КӘМӘР- меруерт, гауһар тәріздес.

Беліне кісе белдік емес, жасыл түсті кәріс белбеу;

Белінде алтын жалатқан, қымбат тасты кәмәр белдік.

Қазақша кіселі белдік жасап, Базаралы үлкен кісе белдігін белінен шешті.

КӨНТЕ – жеке қолданылмаса керек – ті, көбінесе белбеуді қосып айтады.

Көніс, күдері белбеу, жон теріден жасалған қалың жалпақ белдік. «Көк ала жорға ат мін-деді, көнте белбеу бу,- деді.

(Едіге батыр)

КӘЗИНЕК – пышақтың, қылыштың әдемілігі үшін жазылының не сабының дүміне көбінесе күмістен қапталатын қақталған метал.

Тозбай ма сәкинегі, кәзинегі, болғанмен болат пышақ бүгін асыл.

(Жетісу)

КІРІС – Жақтың тартпа бауы, кермесі, адырнасы.

Саржаның кірісі, тартуға келмей үзілді.

(Қыз Жібек)

КІСЕ – қалта мағынасында. Қазақ тілінде бәкі тәріздес затты сақтау үшін былғарыдан тігіп, белбеуге іліп бекіткен қалтаны кісе дейді.

КҮРЗІ – Қысқа  шоқпар таяқ.

Осы ұрған күрзіге құлар еді шапқанша қойқапты тауы, тасы да.

(Алпамыс)

2. Ел аралық елдікті қорғайтын соғыстарда қолданылатын қару. Ерекше әдіспен сыртын темірмен қаптап, өткір үшкіл темір емшектер қондырып, ерен батырларға арнай жасайтын қару.

Ерте дүниеде қағанат билеген хандарымыз хан тағына отырғанда күрзі ұстап отыру дәстүр болған. Содан бері күрзі биліктегі күш иесінің рәміздік белгісі болып санамызда қалды.

(Құралұлы А. Қару-жараққа, құрал-жабдыққа, өлшемге, ойындарға байланысты терминдер мен сөз тіркестерінің түсіндірме сөздігі)

Аяққа салды кісенді, мойнына салып күндіні, томарға мықтап байлады.

(Ер Кеңес)

“Тұтқынға түскен Тұмар (Томиристің) ұлы есік жиған кездегі қалін көріп, Кирден аяқ – қолын босатуын өтінеді. Қолдан бұғау, аяқтан кісен алынысымен ол қасында тұрған парсы жауынгерінің қаруын жұлып алып, өзін — өзі өлтіреді.

(9 қаңтар. 1999 ж. 3- бет. Егеменді Қазақстан. (Сақтар әлеміне саяхат немесе тарихқа жаңа көзқарас)

ҚАЛҚАН – Ерте заманда батырлардың қарсы жақтың найза, қылыш соққысынан, садақ оғынан майданда өзін қорғау үшін қолына ұстайтын қорғаныс құралы.

Қалқанның төрт бұрышты дөңгелек жарты цилиндр тәрізді жүрекше, астауша т.б. түрлерін қолданған. Қазақтарда дөңгелек қалқан кең тараған. Бұларда қалқан көннен, қоладан, ағаштан жасалған.

ҚАНЖЫҒА – Ердің артқы жағына қоржын немесе аң, құс сияқты шағын жүкті байлайтын бөктері қайыс.

Ердің екі қапталының артқы қасынан кейінгі жағының орта тұсынан тесіп өткізілген таспа. Қоржынды басқа да бөктерген жүкті баулауға болады.

ҚАТТАУ – Көкірекше, қалың кездеме.

Киім кисең қаттау ки, суық келсе панаң-ды.

(Ақтамберді жырау)

ОҚШАНТАЙ – Жоғары жағы сүйірлеу, етек жағын доғалдау етіп келтіріп, былғарыдан тігіп, белдікке тағып, оқ-дәрі салып жүретін зат.

Оқшантай қазақ зергерлері жасаған ұлттық бұйымдарға (кісе қалталы былғары белбеудің) төменгі жиегіндегі шығыршақтарға іліп қойылған. Белбеуге оқшантаймен қатар пышақ қыны, қылыш қыны, сияқтылар да ілінеді. Оқшантай, сапиян былғарыдан жасалады. Оқшантайдың етек жағы дөңгеленіп келеді, жоғары жағы оймалы, сүйірлеу келеді. Кейде оның айналасы былғарыдан шашақ салып тігіледі. Белбеудегі шығыршыққа ілу үшін оқшантаймен жоғарғы жиегіне күмістен немесе темірден ілгек орнатылады.

(А. Құралұлы. Қазақ дәстүрлі мәдениетінің энциклопедиялық сөздігі)

КӘЗИНЕК – Пышақтың, қылыштың әдемілігі үшін жазылының не сабының дүміне көбінесе күмістен қапталатын қақталған метал.

«Тозбай ма сәкмнегі, кәзинегі, болғанмен болат пышақ бүгін асыл.

(Жетісу)

КҮНДЕ – Бұғау, дұшпан, тұтқын, күнәһарға салынатын құрсаудың бір түрі.

Мойынды, қолды, аяқты біріктіріп тұратын, шынжырдан әлде зәнжірден жасалған кісен тәріздес бұйым.

КҮПІ – Кәрі, жас, әйел, еркек демей кие беретін шаруа киімі.

Жағдайы келе бермейтіндер сыртқы киімінің ішінен астыңғы қабатына көн қаптап, арасына жүн, қыл салып сырылған көкірекше киген.

(З. Бронислав. Қазақ даласының өмірі)

«Күпіңді салып астыңа, жең жастанып басыңа»

(Тәттіқара ақын)

ҚАРАУЫЛ – Көздеп ататын нысана.

Мылтық ұшындағы кездесетін нысанаға қарай бағытталатын көздеу белгісі.

Иленген бір қара терісінен өрілген қамшы қазақтардың тіршілігінде қашан да қажет.

(З. Бронислав. Қазақ даласының өмірі)

ҚАРА ТІКТІ – Қара дегені ұзын найзаның басына тігілген ту.

-  жас кісі өлсе туы қызыл болған.

-  Орта жастағы кісі өлсе, бір жағы ақ, бір жағы қызыл болған.

-  Кәрі кісі өлсе, қара ту тіккен.

Қара деген тек қана найза ұшындағы ту ғана емес, өліктің киім – кешегін, басқа да дүние мүлігін жағалай тізіп, іліп тастау үшін тігілетін арнаулы киіз үйдің үстіне сынған найзаны шаншып, соған да байлайды.

(«Абай жолы» эпопеясының тілі, 32 б)

ҚАРУ – Ұрыста қолданылатын шабуыл және қорғаныс құралдары.

Қарудың алғашқы түрлеріне ағаш, найза, шанышқы, шоқпар, сақпан және найза, атқыш құралдар жатады. Кейінірек жақ пен жебе, балта, күрзі, қанжар, семсер, қылыш т.б. қолданылған. Ер қаруы бес қару – найза, қылыш, садақ, шоқпар, айбалта.

(А. Құралұлы. Қазақ дәстүрлі мәдениетінің энциклопедиялық сөздігі)

ҚАТТАУ – Көкірекше, қалың кездеме.

«Киім кисең қаттау ки, суық келсе панаң – ды».

(Ақтамберді жырау)

ҚОЗЫ ЖАУЫРЫН ҚУ ЖЕБЕ – Үлкендігі қозының жауырынындай садақ оғы.

Сауыт бұзуға арналған екі жүзді, ұшы болат жалпақ масақ, оқ. Оның екі жүзді, болат масағы қақсал болып кепкен еменнің, самырсыннан, қамыстан жонған оқтың ұшына бекітіледі. Қозы жауырын жебені қос жауырын садақпен атқан. Екі жарты шеңберді түйістіріп, түйенің жас қайысынан ораған. Екі жақ серперін өгіздің жон терісінен бұрап ескен адырнамен тартып, бекіткен садақты қозы жауырын жай деп атайды. Мұндай жақ пен жебе сом және мелжемді болғандықтан, қозы жауырын оқты аса күшті және көп жаттығып үйренген қолы әлді батырлар ғана тарта алған.

(А. Құралұлы. Қазақ дәстүрлі мәдениетінің энциклопедиялық сөздігі)

ҚУ – Темір, тас шақпақпен от тұтату үшін арнайы мақтадан әлде сиырқұйрық сияқты шөптің түрінен қуырып қойған зат.

ҚҰТЫ – Оқ-дәрі, шақпақ тас т.б. салу үшін өңделген былғарыдан не түйенің табан терісінен арнайы жасалатын бүйірлі әшекейлі зат.

Оны сүйектен, мүйізден, жалаң былғарыдан тыстап, кісеге тағып қояды. Құтының түп жағы жарты ай тәрізді, екі шеті қайқы, қысқа мойын, екі жақ беті бедерлі болып келеді. Күміс, асыл тастармен әшекейленеді.

(А. Құралұлы. Қазақ дәстүрлі мәдениетінің энциклопедиялық сөздігі)

ҚҰСТҰМСЫҚ – қару. Құстың қаруы тәрізді сүйір, шүйдесі балға тәрізді екі жағын да қолдануға болатын ыңғайлы қару.

Қарсы жағының сауыты мықты болған жағдайда көбінесе құстұмсық қаруы қолданылады. Арнай сауытты соғуға жасаған айбарлы қару.

(А. Құралұлы. Қару-жарақ, құрал жабдық, өлшем, ойындарға байланысты терминдер мен сөз тіркесінің түсіндірме сөздігі)

ҚОРАМСАҚ – Садақ оғын салып, белге байлап немесе йыққа асып алатын оқ сауыты, оқшантай.

Оны қалың көннен жасайды. Қорамсақ ішінен екі қатар көлденең таспа тартып, оған садақ жебесін қатарлай тігеді.

(А. Құралұлы. Қазақ дәстүрлі мәдениетінің энциклопедиялық сөздігі)

Жігіттер аттарының етрін алды, ер-тұрмандарын жөндеді, көбінің асынған садағы, қорамсақ толы жебесі дар.

(Аманшин Берқайыр. Махамбеттің тағдыры. Роман және әдеби зерттеулер)

ҚОРАМСАҚ ҚЫЛШАН – Қорамсақ садақ оғының қабы.

Қорамсаққа қол салды, Көк жебені қолға алды.

(«Қыдырбайұлы Қобыланды», Батырлар жыры, 6 т, 45 б)

ҚУЫС – Жақтың оқ орнықтырып ататын тұсы.

Қуысына оқ салып, ата алмасам маған серт!

(Ер Қосай жыры)

ҚУ – Темір тас шақпақпен от тұтату үшін арнайы мақтадан әлде сиыр құйрық сияқты шөптің түрінен қуырып қойған зат.

ҚЫЛШАН – Оқ қабы.

«Қарағайдан садақ будырып, қылшанымды сары жүн оққа толтырып»

(Қазтуған)

ҚЫЛЫШ – Шауып түсуге ыңғайлап болаттан істелген өткір жүзді, ұзындау келген, тұтқалы имек қару. Қазақ әдебиетінде қылыштың төрт түрі бар делінген. Қайқы, тура, қамқам, самсам.

Тарта сермегенде сырғи тілетін имек қылыш терең жарақат салады. Қылыш негізінен атты әскер қаруы. Қылыш ерте заманда жауға қарсы соғыстағы басты құралдардың бірі болды.

Б.з.б. 2000 жылдықта әр елде пайдаланған. Болат қорыту ісі игерілгеннен кейін Орта Азияның көшпелі елдерінде, Шығыс Европада (VIII ғ.ж.) болаттан жасалған қылыш пайда болды. Кейін селебе тәріздес қос жүзді, үшкір қылышпен алмастырылды. Қазақ халқының тұрмыстық кәсібінде өрмек арқауын бекітуге қолданылатын ағаш құралды да қылыш деп атайды.

(А. Құралұлы. Қазақ дәстүрлі мәдениетінің энциклопедиялық сөздігі)

ҚЫЛШАН – Оқ қабы. Ертедегі батырлардың жебе салып жүруі үшін жылқының қылынан істелген оқ қабы, қорамсақ.

Қарағайдай садақ будырып, қылшанымды сары жүн оққа тудырып.

(Қазтуған)

НАРКЕСКЕН – Сом болаттан соғылған екі жүзді түзу қылыш. Наркескеннің басқа қылыштан өзгешелігі – оны асыл металдан екі жүзді етіп жасайды.

Наркескеннің басқа қылыштан өзгешелігі оны асыл металдан екі жүзді етіп жасайды. Сабын сүйектен немесе мүйізден жасап, алтыннан немесе күмістен әшекей, өрнек салады, асыл тастар орнатады. Наркескенді хандар қолбасшыларға, батырларға сыйға тартқан.  Наркескен атадан балаға ауысатын мұра.

(А. Құралұлы. Қазақ дәстүрлі мәдениетінің энциклопедиялық сөздігі)

Шығыс халықтарына тән суын келтіріп, әбден шынықтырып соғылған қылыш пен пышақтары қашан да ұстарадай болып қылпып тұрыды.

(З. Бронислав. Қазақ даласының өмірі)

НАЙЗА – Ұшы істік, металдан істелген ұзын ағаш сабы бар, қадалғыш немесе лақтырмалы соғыс қаруы.

Алғашқыда ұшы ұшталған таяқтан жасалады. Бертін келе ұзындығы 1,5 – 5 м дейін жететін ағаш сапқа тастан немесе сүйектен (тас ғасыр) металдан (қола дәуірден бастап) үшкір ұш орнатылған түрлері шықты. Қазақ батырлары мен жауынгерлері де найзамен қаруланды.

(А. Құралұлы. Қазақ дәстүрлі мәдениетінің энциклопедиялық сөздігі)

Қамыстың басы майда, түбі сайда, Жәнібек Шақшақұлы – болат найза. Алдыңнан су, артыңнан жау қысқанда, Ер жігіттің ерлігі осындайда, — дейді.

(Тәттіқара)

Қазақтар төрт найзаның (винтовканың( басын біріктіріп, ортасына әлгі қазақты «қара найза» астына отырғызды. Оны жалаң қылыш ұстаған бір солдат күзетті. Қазақтар бұл жорадан қатты ұялатын көрінеді, тіпті бір ерекше масқара деп те санаған.

(Адольф Янушкеевич, Сапар күнделігінен)

Үй тұғырлығының сыртына шығарылған сүңгі  найза бұл шаңырақ иесінің сұлтан не ұлық екенін дәлелдейтін белгі болып саналады.

(Адольф Янушкеевич, Сапар күнделігінен)

НАЙЗА ЛАҚТЫРҒЫШ – Полеолит дәуіріндегі адам ойлап шығарған тұңғыш механикалық тетік, ол лақтырған найзаның ұшу жылдамдығын тездетуге мүмкүндік береді.

Найза лақтырғышты нақыштаған мүсіншілер мадлен дәуірі өнерінің ғажап туындылары қатарына жатады.

(Абайдың сөз өрнегі)

ОҚШЫ – Қарапайым әдіспен оқ жасаушы.

Мылтықтың шығуына байланысты оқ жасау әдісі пайда болды. Оқша қазақ қауымдары арасында XV-XVII ғасырдан белгілі.

(А. Құралұлы. Қазақ дәстүрлі мәдениетінің энциклопедиялық сөздігі)

ОТАЛҒЫН ДӘРІЛЕР – Бұрындары қазақтар оталғын дәрілер жасаған.

Қи майынан жасалған оталғыш дәрілер жаман емес секілді. Бірақ жер жандыра еріткен дәрінің булауы кем бе әлде илеуін қандыра алмай ма әйтеуір 100 аршыннан торғай үркітуге ғана жарайды.

(М. Есләмғалиұлы, Әйтеке би. 230)

ӨНДІР – Жаңа өрілген қамшы.

Ат терісіне малшынбаған, қатпаған, өрімі жұмсақ икемді қамшы.

САҚ ЕТЕР – Сақ етіп тиетін оқ.

Қылыш орнына да қолданылады. (Батыс Қазақстанда)

(Аманжолов, 34)

САҚПАН – Тас атуға арналған көне құрал. Ежелгі замандағы қол қаруы.

Сақпан түркі халықтарында жаугершілік және аң аулауға, мал қайыруға пайдаланылды. Сақпан жылқының қылынан есіліп,

САДАҚ – Ағаштан доғаша иіп немесе иілген іспетті екі бөлікті жалғастырып, екі ұшын қайыспен керіп, сол кермеге оқ (жебе) салып, тартып ататын өте көне заманнан келе жатқан қару.

Садақ кейбір түркі тілінде қарудың өзін емес, оның қабын, сауытын білдіреді немесе жақтың бүкіл жабдығымен қоса аталған жалпы атауын білдіреді.

Былғары садақ, көн садақ, бұқаржай, көннен жасалған қап.

(Р. Сыздық)

Садағына сары жебені салдырған, Садағының кірісін, сұр жебелі оғына, тауықтың жүнін қойдырған.

(Махамбет)

Кейбір түркі тілінде қарудың өзін емес, оның сабын, сауытын білдіреді немесе жақтың бүкіл жабдығымен қоса аталған жалпы атауын береді. Былғары садақ, көн садақ, бұқаржай көннен жасалған қап.

САЙГЕЗ – Садақ оғының бір түрі. Жез айыр, сұр жебе, нарсыз, сайгез т.б. «Садақ толған сайгез оқ, масағынан өткеріп…

(Доспанбет жырау)

САҚПАН – Тас атуға арналған көне құрал, ежелгі замандағы қол қаруы.

Сақпан Түркі халықтарында жаугершілік және аң аулауға, мал қайыруға пайдаланылды. Сақпан жылқының қылынан, жүнінен есіліп немесе таспадан өріліп жасалған.

Өрімнің тең ортасында жұмыр тас, қорғасын қоюға ыңғайланып алақан жасалған. Соған тас салып үйіріп, жіптің бір ұшын ағытқанда тас алысқа атылған. Қазақстанда сақпанның екі түрі бар: сапты сақпан, түйме сақпан. Алғашқысы бір жағына ағаш сап байланады. Екіншісі жіппен оралып, білекке тағылады. Сапты сақпан мал қайыруға, күзетуге пайдаланылады. Төл бағушыны кейде сақпаншы деп атаған.

(А. Құралұлы. Қазақ дәстүрлі мәдениетінің энциклопедиялық сөздігі)

САҚ ЕТЕР – Бос мойын шоқпар.

Сақ етер тиді саныма, Сақсырым толды қаныма.

(Бес ғасыр жырлайды)

САҚИНЕК – Пышақ, қылыш т.б. құралдардың сапқа жетесі сұғылатын жерін қысып тұру үшін мыс не күмістен жасалатын балдақ, мойнақ.

Сақинектің түрлері көп. Олар: сіркелі сақинек (бетіне ұсақ түйіршіктен, сірке өрнегін салған сақинек), тасты сақинек (тас, шыны орнатқан сақинек), темір сақинек (темірден жасалған сақинек).

САУЫТ – Садақ, қылыш, найза т.б. осы сияқты қару – жарақтардан қорғануға арналған киім.

Ол ұсақ темір, шығыршықтарды бір – бірімен өткізіп тоқылған тордан қысқа жеңді жейде түрінде жасалады.

Сауыттың, дулығаның бұған қосымша мойынды жабатын далбағай сауыт және қол сауыт, аяқ сауыт темір шығыршықтан жеке тоқылады.

(А. Құралұлы. Қазақ дәстүрлі мәдениетінің энциклопедиялық сөздігі)

САРЖА –(шағатай) – сары йай – сүйектен әшекейленген, сарыға боялған жақ. Сүйектен әшекейленген әдемі садақ, жақ.

Саржаның кірісі, тартуға келмей үзілді.

(Қыз Жібек)

ҚҰЯҚ – алтай, түрік, шағатай тілдерінде де сауыт мағынасына келеді.

Аламан жорық киімі аталатын құяқты жасау үшін 200-600 дейін темір кесінділер қажет болған. Құяқ сөзі эпостарда, тарихи көркем шығармаларда кездеседі.

Белдемше құяқ себілді, беліне тартып алды – дейді. Шарайна деген себілді, жүрек басына қойды – дейді. Дулыға деген себілді, сүйек басына киген дейді.

(Көкетай ертегісі. Манас жыры. Ә. Марғұлан)

Құяқ сөзі орыстарда да кездеседі. Орыс тілінде «куяк» деп барқыт, сукна тәрізді маталардан тігілген киімге темір кесінділерді мықты бекітіп жасаған сауытты атаған. Ресей аумағында «куяк» сөзі 1640 жылдан бастап ұшырасады.

(Ана тілі. №3. Т. Байжанов, С. Нұрымбетова)

СҮҢГІ – Бірнеше қырлы, ұшы үшкір, темірден, болаттан жасалған ағаш сапты қару.

Ерлер өтті қарасам, Көк сүңгіні өңгерген, Азды көпке теңгерген, Астана жұртын меңгерген.

(Нұрым Шыршығұлұлы, Ақберен. 66 б)

СЫНА – Былғарыдан жасалған шыны ыдыстарға арналған қап, үық қап тәріздес етіп пішіледі.

«Былғарыдан сына піштіріп, шыны аяқпен іштірген.

(Бес ғасыр жырлайды)

МАСАҚ – Садақ оғының ұшы.

Садақ толған сайкез оқ, масағынан өткізіп. Басын қолға жеткізіп, созып тартар күн қайда?

(Айныман)

МЫЛТЫҚ – Сүбесі, дүмі, затворы бар аң, құс атуға, соғыста қолдануға арналып жасалған жасалған дәрімен атылатын қару.

Мылтықтың алғашқы түрлері XV-XVII ғасырларда белгілі бола бастады. Оның шитті, бытыралы, білтелі, шүрпілі, опырмалы, қосауыз, жекеауыз, көкберен т.б. түрлері бар.

(А. Құралұлы. Қазақ дәстүрлі мәдениетінің энциклопедиялық сөздігі)

ШАРАЙНА – көбе, жүрек тұсына ұстайтын дөңгелек жарақ.

Шарайнаны шарболат деп те атайды. Оқ өтпеу үшін төсіне киетін метал қаптал.

Үстіне киген шарайна, Сыртында бар-ды сауыты.

ШЫЖЫМ – ұзын шылбыр.

Асау атты немесе құсты баулығанда үйретуга пайдаланған.

(Көкетайдың ертегісі. Манас жырынан Шоқан жазып алған бөлігі. Қырғыз тілінен аударған Ә. Марғұлан)

ШЕҢБЕР – Шашты шащыратпай ұстап тұру үшін киілетін зергерлік әшекей.

Байырғы сақтар мәдени мұрасында шеңбер көп ұшырасады. Бұл атаудың көне түркі тілінде осылай ұшырасуына қарағанда мұны ежелгі сақтардан келе жатқан ең бір көне сөз деп әбден ойлауымызға болады.

ШОҚПАР – Бір басы дөңкиіп жұмыр келген соғыс қаруы. Қатты ағаштан жасалған, басы қос жұдырық шамалас, сабы 90-110 см  соғыс қаруы.

Түркі халықтарында көне заманнан қолданылып келгенсоғыс қаруы. Сойылдан қысқа, бас жағы жұмыр болады. Мұны ырғай, тобылғы, қайың сияқты қатты ағаштардан жасайды. Ырғай, тобылғыдан шоқпар жасағанда түбірін қоса қазып алады да, бас жағын жұмырлайды. Кейде шоқпардың басына темір немесе қорғасын құяды.

(А. Құралұлы. Қазақ дәстүрлі мәдениетінің энциклопедиялық сөздігі)

ШЫЖЫМ – Ұзын шылбыр.

Асау атты немесе қыран құсты баулығанда үйреткенде пайдаланады.

ПЕРЕН – Қазақта сұр перен деген сөз бар. Перен немесе берен ирандықтардан тараған жалғыз оқты мылтық.

САНДЫҚ – (өзбек, тәжіктерде) — Өлікті жер қойнына беру салт – дәстүрінде орын алған сағана дегендерге өлікті салып қоятын жәшікті (саркофаг) жәшік деп атаған.

(Г. П. Снесаров. Религты до мусульманских верований и обрядов у узбеков Хорезма)

САУЫТ — Әр түрлі зат салып қоятын кішігірім құты ыдыс.

Ол сия сауытын төгіп алды.

(Ауыз екі тіл)

САҚПАН – Тас атуға арналған көне құрал, ежелгі замандағы қол қаруы.

Сақпан түркі халықтарында жаугершілік және аң аулауға, мал қайыруға пайдаланылған. Сақпан жылқының қылынан, жүнінен есіліп немесе таспадан өріліп жасалған.

Өрімнің тең ортасында жұмыр тас, қорғасын қоюға ыңғайланып алақан жасалған. Соған тас салып үйіріп, жіптің бір ұшын ағытқанда тас алысқа атылған. Қазақстанда сақпанның екі түрі бар: Алғашқысы бір жағына ағаш сап байланады. Екіншісі жіптен оралып, білекке тағылады. Сапты сақпан мал қайыруға, күзетуге пайдаланылды. Төл бағушыны кейде сақпаншы деп те айтылатыны осыдан.

(А. Құралұлы. Қазақ дәстүрлі мәдениетінің энциклопедиялық сөздігі)

САҚЕТЕР – Қылыш орнына да қолданылады. Бос мойын шоқпар.

Сақетер тиді саныма, сақсырым толды қаныма.

(Бес ғасыр жырлайды)

СЫНА – Былғарыдан жасалған шыны ыдыстардан жасалған қап, уыққап тәріздес етіп пішіледі.

«Былғарыдан сына піштіріп, шыны аяқпен іштірген».

(Бес ғасыр жырлайды)

ТАРАН – Тас лақтыратын, атпен айналдыратын құрал.

Шыңғыс хан қалалардың берік зор дарбаза, қақпаларын, қорғандарын таранмен бұзған.

ТАСПА — Өрерден бұрын бір жақ қырын пышақпен сыдырып алады, сонда бір өрім жағынан жұмырланып, сырты кедір – бұдырсыз жұмағайлау келеді.

ТЕГІЛДІРІК – Ер – тұрман жабдығы, ат терісіне етік не балақ былғанбас үшін тоқымға бекітілген, тіпті жапсырып тігілетін, былғарыдан істелген көлегей.

Бұрынырақ терліктің етегіне де жалғайтын болған. Бүгінгі заман тұрмысында ол салпылдап бөлек тұрады.

ТОЛҒАУ – орау мағынасында толғамалы найза, толғамалы мылтық, толғамалы балта.

Толғамалы ақ балта, Толғамалы ала балта қолға алып.

(Доспамбет)

ҮЙКЕК – Оттан түсірілген қазанды орнықтыру үшін астына қоюға дөңгелетіп жасалатын тұғыр.

Мұндай үйкекті қазақ қазан түбіне, көлеміне, (тайқазан, 9 қарыс т.б. бейімдеп жерді шұқырлатып та жасайды.

СОҒЫС УАҚЫТЫНДАҒЫ КЕЙБІР ДӘСТҮРЛЕР

Ақ үй аманаты – Соғысты бастаған жақ жеңілген жағдайда қарсы жаққа кепілдік ретінде ақ үй, қалыңсыз қыз беріп отырған.

(М. Есләмұлы. Әйтеке би, тарихи философиялық дилогия)

* Ертеректе қазақтың жосығына қарсы шыққан адамның екі иығын ағашпен қаусыра, қос жақтауын тұтқынның мойнына бекітіп тастап отырған.

(Қ. Манаш. Жауды шаптым ту байлап)

АРАН -  Арнайы қазылған терең ор.

Түбіне ұшын жоғары қаратып найза шаншиды да, бетін жеңіл жабады. Ежелде алып батырларды аттылар жан – жағынан қаумалап, аранға атымен жығатын болған. «Арандату» деген ұғым осыдан шыққан .

(Ұлы бақсы)

* Жекпе -  жек. Жекпе – жек көне замандағы батырлардың шайқасы. Шеп құрып тұрған екі жағы аралық майданына бір – бірден батыр шығып, жекпе – жек сайысқа түскен. Шарт бойынша олар аты жөндерін сұрасып, қалай соғысу тәсіліне (атыспақ, алыспақ, жұлыспақ, қылыштаспақ, тнайзаласпақ т.б.) келісіп алған және осы ұрыста кім жеңілсе, соның әскері тізе бүгетін болған.

Майдан даласының қатал дәстүрі бойынша қазақ – қалмақ қолдары бетпе – бет келіп, ортаға екі жақтан жекпе жекке батырлар шығады.

«Қалмақ батыры дес бермей, төртінші болып сайысқа шыққан Жәнібек ересен ерлік көрсетеді. Қалмақ батырының дес бермей құлаштай ұрған айбалтасын денесіне дарытпай, жұлып алып: «Олай шаппайды, былай шабады!» — деп алмасын жай түскендей жарқ еткізеді.

(Қазақ тарихының әліппесі. М. Мағауи. Алматы. Қазақстан. 1995, 208)

  • Ұрыссыз берілуді сұрау – Ұрыс алдында Өз – Темір Тайшықтың елшісі Әбілхайыр ханға: «Көбеден қан шықпасын, көйлектен тер шықпасын! « — депті. Бұл: «Ұрыспай бітісейік» — деген сөз емес, «Ұрыспай беріліңдер!» — деген сөз.
  • Қызыл шықсын, көк кірсін! – Ежелгі түркі батырлары серттескенде қарама – қарсы жүгініп отырып, осылай анттасқан. «Көк семсер кірсін, қызыл қан шықсын! мағынасында.
  • Тұқырту – жазаның түрі. Үш найзаны жерге қадап, басын біріктіріп, астына қылмысты адамды отырғызып, төбесін адам сияр сыймас етіп біріктіріп байлап тастау мағынасында.
  • Қара тікті – дегені ұзын найзаның басына тігілетін ту. Халқымызда өлген кісінің жасын сынық найзамен, жалаудың түсімен естіртіп отырған.

- Жас кісі өлсе туы қызыл болған.

-  Орта жастағы кісі өлсе туының бір жағы ақ, бір жағы қызыл болған. Қара деген тек қана найза ұшындағы ту ғана емес, өліктің киім – кешегін, басқа да дүние мүлігін жағалай тізіп, іліп тастау үшін тігілетін арнаулы киіз үйдің үстіне сынған найзаны шаншып, соған да байлайды.

(Абай жолы эпопеясының тілі)

«Жүсіптің  баласы Барақтың қолында тұрып қайтыс болады. Енді осы жерге оның киім кешектерін алып келді. Қазақтар оны алдынан шығып қарсы алды. Басына қаралы жалау байланған. Сынық найза төбесіне шаншылды. Ал, үйдің ішіндегі әйелдердің жоқтауы айдалаға естіліп жатты» — делінген.

(Адольф Янушкеевич. Қазақ даласының сапары ту)

  • Жылқымен әскер қарасын көбейту – Көне заманда жылқымен әскер қарасын көбейтуде алдын көп мал санын айдап шығарған. Қорғандар көп әскер келе жатыр деп арқаға шегінген. Ақсақ Темір, Шыңғыс хан, бертін келе А. Иманов та осы әскери айла тәсілін қолданған.
  • Оң қолды қолдану – Жаугершілік заманында адамның оң қолы бос болу керек. Себебі: барлық қаруды оң қолмен ұстау керек. Сол жақтан атқа мінгенде сол қол қаруға ыңғайсыз болады. (Қазақ қауымы)
  • Қырық құнан атан берсін  – қырық мықты жауынгер берсін деген сөз.
  • Шолан ұру – Майдан ортасында не көп ішінде еркіндеп әрі – бері жүру. Әсіресе батырлар не палуандар өзінің қарсыласын жеңіп, екіншісі шыға алмай жатқандағы жағдай.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1.  Ж. Дәуренбеков., Үкілім ай: Арулар жайлы алпыс ән — Алматы, Өнер, 1991-64б

2.  М. Қозыбаев., Жауды шаптым ту байлап., — Алматы: Қазақстан, 1994,192 б

3.  Ж. Дәуренбеков., Беташар, Той – томалақ кітабы, Алматы, Өнер, 1991-256 б

4.  М. Мағауин., Қазақ тарихының әліппесі, Алматы, Қазақстан, 1995-208 б

5.  Абылай хан (1711-1781) – Алматы: МП «Айқап», 1992-32 б

6.  Ақ орда. Әдеби – көркем журнал, 02.12.92 ж., Кенесары – Наурызбай (Нысанбай ақын дастаны) 17 б

7.  Ж. Дәуренбеков., Үкілім ай: Арулар жайлы алпыс ән, Әдемі қыз– Алматы, Өнер, 1991-20 б

8.  Адольф Янушкеевич. Қазақ даласының сапары туралы жазбалар. Ғ. Зұлхаров (аударған(, Астана, Аударма, 2003-264 б

9.  Фирдоуси. Кей – Хосроу, Шахнама эпопеясынан дастандар. Аударған:Б. Алдамжаров, — Алматы, Жазушы. 1976-184 б

10.  А. Құралов, Қазақ дәстүрлі мәдениетінің анықтамалығы. – Алматы: Сөздік, Словарь, 1998-128

11.  А.Қожабеков,Тарихи зерттеулер, Шежірелік деректер, — Алматы, Жалын,1994-144 б

12.  Ш. Жиенқұлова, Өмірім менің — өнерім, Өмірбаяндық повесть, Алматы, Жазушы. 1992-192 бет

13.  Рабиға Сыздық, Сөздер сөйлейді, толықтырылған 3 басылым, — Алматы: Арыс баспасы, 2004-232 бет

14.  Материалы по истории казахских ханств, XV –XVIII, Алма – ата, 1969, 493

15.  Дала бекзаттарының үйінде. (XIX ғасырда орыс жазушылары қазақтар туралы), Ә. Жұмабаев. Астана: Аударма, 2003 – 520 б

16.  Қазақтың ата заңдары: Құжаттар, деректер және зерттеулер. – 10 томдық. – Бағдарлама жетекшісі С. З. Зиманов. – Алматы: Жеті жарғы, 2003, Қазақ академиялық университеті, ISNH 8865 -11-012-3

17.  Қазақ дәстүрлі мәдениетінің энциклопедиялық сөздігі. А. Құралұлы, Алматы, Сөздік – словарь. 1997

18.  Залесский Бронислав. «Қазақ даласының өмірі». 2003. 136 б.

19.  Шара Жиенқұлова. Өмірім менің — өнерім. Өмірбаяндық повесть. Алматы. Жазушы. 1992. -192 б.

20.  Махамбет.Ереуіл атқа ер салмай.Өлеңдер.Алматы. Жазушы.2002-132 б.

21.  Байбота Серікбайұлы Қошым – ноғай. Тіл ұшындағы тарих.

22.  Қабиболла Сыдиықұлы. Мұрын жырау және Қырымның қырық батыры.

23.  Нәбижан Мұқаметқанұлы. Тарихи зерттеулер. Шежірелік деректер. А. Қожабеков. Алматы. Жалын. 1994, 114 б

24.   Р. Сыздық. Сөздер сөйлейді. 2- басылым. Алматы. Санат. 1994-272 б.

25.  Абайдың сөз өрнегі. Монография. Алматы. Санат. 1995-208 б.

26.  Мұқадес Есламғалиұлы. Әйтеке би. (тарихи философиялық дилогия), Алматы. Арыс баспасы. 2003. 376 б.

27.  С. Мұқанов. Қазақ қауымы. Тарихи және этнографиялық шолу. Алматы. Ана тіті. 1995 ж.

28.   Г.П.Снесаров. Религты до мусульманских верований и обрядов у узбеков Хорезма. 1969, 148-149 б

29.  Әбілова. З. Ә. Қалиева К. М. Этнопедагогика оқулығы. Алматы. Абылайхан атындағы мемлекеттік қарым – қатынастар және әлем тілдері университеті. 1999, 394 б

30.  Залесский Бронислав. Қазақ даласының өмірі. Астана. Аударма. 2003. 136 б

31.   Қазақша түсіндірме сөздік. Алматы. Білім. 2003, 320 б

32.   Қ. Манаш. Жауды шаптым ту байлап. Алматы. Қазақстан. 1994, 84 б

33.  Мұқадес Есламғалиұлы. Әйтеке би. (тарихи философиялық дилогия), Алматы. Арыс баспасы. 2003. 370 б

34.  Көкетайдың ертегісі. Манас жырының Шоқан жазып алған бөлігі. Қырғыз тілінен аударған Ә. Марғұлан. Алматы. Жазушы. 1972, 112 б)

35.  Нарқыз. Нүрпейіс Байғанин. Дастандар мен өлеңдер. Құрастырған І.Мәмбетов. Жазушы. Алматы. 1974, 352 б

36.  Абайдың әліппесі. Ұлықман Әбілдаұлы. Төменгі сынып оқушыларына ұлы ақынды таныстыру. Алматы. Рауан. 1994, 88 б.

37.  Билер сөзі. Құрастырған:Т. Кәкішев. – Алматы, Қазақ университеті. 1992, 160 б

38.   Қазақ. Жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы. Білім. 1994, 176 б

39.   Аманшин Берқайыр. Махамбеттің тағдыры. Роман және әдеби зерттеулер. Алматы. Жазушы. 1991-400 б

40.   Қыдырбек Балғабек. Түгел сөздің түбі бір. (Оқу құралы) – Алматы. Қазақ университеті. 1993, 176 б.

41.   Нарқыз. Дастандар мен өлеңдер. Құрастырған І. Мәмбетов. Жазушы. Алматы. – 1974. 352 бет

42.  Джон Кэстль. 1736 жылы кіші жүз ханы Әбілхайырға барып қайтқан сапары туралы. Ә. Төреханов. Астана. Аударма. 2002 – 144 бет

43.   Ана тілі. Тамыз 6 1998, Т. Байжанов. С. Нұрымбетова

44.  Қазақ терминологиясы дамуының кезеңдік сипаты. Ш. Құрманбайұлы. Елорда. Астана – 2002.

45.  Парсыша – қазақша түсіндірме сөздік. Н. Оңдасынов. Алматы. Білім. 2003 ж.

46.  Ғ. Қалиев. Ш. Сарыбаев. Қазақ диалектологиясы.

47.  Қазақ дәстүрлі мәдениетінің энциклопедиялық сөздігі. А. Құралұлы. – Алматы. «Сөздік –словарь»,1977

48.  Б. Залесский. Қазақ даласының өмірі. Орыс тілінен аударған К. Сегізбаев. Астана. Аударма. 2003

49.  Қазақ лексикасындағы жаңа қолданыстар. Алматы. 1990, «Ғылым» баспасы.

50.  Бес жүз бес сөз. Ә. Нұрмағамбетов. Алматы. Рауан. 1994

51.  Ә. Болғанбаев. Қазақ тіліндегі синонимдер сөздігі. Алматы. 1962 ж.

52.  М. Әуезов. «Абай жолы» эпопеясының тілі. Е. Жанпейісов. Алматы. Қазақ ССР-нің ғылым баспасы, 1976 ж. 168 б. 124-б.

Гүлханыс МЕКЕНБАЙҚЫЗЫ АРЫСТАНОВА, ғылыми ізденуші

Гулфайруз ҒИНАЯТҚЫЗЫ ЕРКЕБАЕВА, академик, п.ғ.д., профессор

Лале АВШАР, доцент, доктор


Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?