Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

«Күлтегін» елге келген күн

2997
«Күлтегін» елге келген күн - e-history.kz

Осыдан 20 жыл бұрын, 2001 жылы 19 мамырда Астанадағы Л.Н.Гумилев атындағы Буразия ұлттық унниверситетінде ғасырлар тереңінен жеткен Күлтегін ескерткішінің ғылыми көшірмесі орнатылып, Қазақстан Рсспубликасы тәуелсіздігінің 10 жылтығына арналған «Байырғы түркі өркениеті: жазба ескерткіштер» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция болып өткен еді.

Сол кездегі «Егемен Қазақстан» газетінде шыққан «Күлтегінмен келген кие» деген мақалада авторлар Ж. Қуанышбекқызы мен С. Мәмбет елдегі атмосфера туралы: «Бүкіл еліміз тәуелсіздіктің 10 жылдығына әзірлікпен тыныстап отырған осынау күндері көкірегі ояу, көзі қарақты барша жұртшылык Күлтегін ескерткішінің Астана төріне келіп орналасуын асыға күткені анық. Еліміздің егемендігімен бірге санамыздың да тәуелсіз болып, тарихымызды түгендеп, тегімізге тереңдеп жатқан қазіргі тұста осындай киелі ұстынның оралуы рухымызды асқақтатып, ұлттық бірлігімізді нығайтатыны сөзсіз», – дейді.

Осы шара туралы мақалада: «Еуразия университеті бас ғимаратының орталық атриумына халықаралық конференцияға алыс және таяу шет елдерден келген 600-ден астам белгілі де беделді түркітанушы ғалымдар, қаламгерлер жиналды. Мұнда сыймағандар ғимараттың жоғарғы қабаттарынан орын алды. Жұрттың бәрінің жанары – бірінші атриумның ортасында жамылғымен көмкеріліп тұрған ескерткіште», – деп суреттейді.

Жиынның салтанатын Елбасы Күлтегін ескерткішін ашумен бастаған, жамылғы сырғып түскен кезде бабаларымыздың он бес ғасыр бұрын айтқан, елдік пен ерлікке шақыратын ұлы ұстыны бар болмысымен асқақтап тұрды, дейді куәгер жұрт.

Жиналғандардың алдында сол кездегі Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Күлтегін ескерткішінің келу мәнін өзек етіп сөз сөйледі.

Біз төл өркениетіміздің сілемі терең екеніне, өнегелі екеніне бұрын да қанық болатынбыз, бұрын да білетінбіз. Бүгін, міне, баршамыз болып көне тарихымыздың куәсімен жүздесіп, тағзым ету бақытына ие болып тұрмыз. Бұл «ел-жұртының қамын ойлау – асыл парызы болған» Күлтегін бабамыздың ісіне айғақ болатын тарихи жәдігер, – дей келіп Елбасы, – түркі өркениеті, осыдан тура мың жарым жылға жуық уақыт бұрын Еуразия құрлығының төсінде бедерленген көне жазбалар жалпы адамзат өркениетінің үлкен қазынасына айналғанын айтты. Күлтегін ескерткішіндегі қасиетті жазулар - байырғы түркі жазба мұраларының ішіндегі ең көрнектісі. Есік қорғанынан табылған, сақтар заманынан қалған күміс тостағандағы руникалық ойма жазуды айтпағанда, ғалымдарымыз Алтайда, Шығыс Түркістанда, Жетісуда, сонлай-ақ Хакасия мен Тувадан тапкан 200-ден астам ежелгі түркі жазуларының ішіндегі мазмұндысы осы саналып отыр.

Тарихта тұңғыш рет Күлтегін ескерткішінің ғылыми көшірмесі жасалып, Еуразияның кіндігіндегі Қазақстан Республикасының астанасында қойылуында үлкен нышаналық мән жатыр. Мұнда үлкен тағдырлық жазу жаткан сияқты. Арғы-бергі тарихтағы қайта дәуірлеу, өркендеу кезеңдері осындай оқиғалардан өрілетін, арна тартатын. Өмір сүріп отырған ұрпақтың өз өткенінің мәнді оқиғаларына байсалды көзкарасынаң кешегі мен қазіргінің шымыр құймасы сомдалып, келешектің кабырғасы қаланатын.

Бұдан кейін тарихтың мәні, тарих философиясы дамудың өтпелі кезеңдерінде айрықша маңызды рөл атқарады. Бұл біз куә болып отырған ғасырлар мен мыңжылдықтар тоғысқан кезеңде ешкімді де бейжай қалдырмасы анық. Өткенлі ой елегінен өткізу, қазіргі өмірге талдау жасау, сондай-ақ болашақты бағамдау – табиғи құбылыс. Тарих қазіргі уақыт үшін де, болашақ үшін де айрықша маңызды. Еуразиялық кеңістікте осы аумақты орта ғасырларда мекен еткен түркілерге тікелей қатысы бар 40-тан аса ұлыс өмір сүрелі. Бұл ұлыстардың тарихы әлемдік тарих пен өркениеттің құрамдас бөлігі болып саналады. Осы ескерткіштерді төл мұрасы ретінде исі түркі халықтарымен бірге қазақ халқы да орынды мақтан тұтады. Біздің ұлы бабаларымыз Бұмын, Естеми, Білге, Күлтегін сияқты ұлы есімдер әлемнің небір айтулы тұлғаларымен қатар тұра алады.

Жетекші оқу орындарының бірі – Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде халықаралык ғылыми-теориялық конференцияның өткізілуі ерекше маңызды еді. Ежелгі өркениеттерді жан-жақты зерттеу қазақстандықтарды, әсіресе, жас ұрпақты өзінің тарихын біліп қана қоймай, оларды мақтаныш сезіміне бөлеуге тиіс. Тарихты әділет тұрғысынан обьективтік таразылау, әрдайым осы қағидаттан айнымау – ғылыми үдерімнің биік мұраты болуға тиіс. Бүгінгі күнге дейін халқымыздың басынан кешірген тарихи шындықты ғылыми ақиқат биігінен саралап беруге түрлі обьективті және субьективті себептердің салдарынан мүмкіндік болмағаны да рас. Қазіргі ғаламдану үрдісі, халықаралық қарым-қатынастар өрісінің ашылуы, соның ішінде, ғылыми-ақпараттық кеңістіктің кеңеюі көптеген көкейкесті күрделі проблемаларды бірлесіп шешуді талап ететіні мәлім.

Бұл ретте түркі өркениетінің текті де терең тамырлы тарихы мен төлтума мәдениетін биік парасат үдесінен терең таразылаудың, оны кейінгі ұрпақтың сана-сезіміне сіңірудің, олардың бойына ешкімнен кем түспейтін тарихының барына, яғни кемел келешегінің барына деген сенімді дарытудың, сол арқылы отаншылдық рухта тәрбиелеудің біз үшін маңызы да, мәні де ерскше, деді Нұрсұлтан Назарбаев. Елбасы қалықаралық конференцияның жүмысына сәттілік тіледі. «Мен бұл конференция өзінің алдында тұрған парызы мен уәзипасын орындайды, түркология іліміне тың серпін беріп, тың түжырымдар түзеді деп сенемін», – деген еді сонда сөйлеген сөзінде.

Сосын мемлекет басшысы және конференцияға келушілер өткен тарихтан мол мағлұмат беретін көрмемен танысқан.

Халықаралық конференцияда сол кездегі Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Иманғали Тасмағамбетов шолу баяндама жасады. Ол төл тарихымыздың ең құнды ескерткіштерінің бірі, түркі жұртының ортақ мақтанышы, ұлы қолбасшы Күлтегіннің кұрметіне орнатылған тас ұстынның тұңғыш рет жасалған ғылыми көшірмесі Еуразия мемлекеттік университетінде қойылғанын, бұл ескерткіштің туған топыраққа оралуы, өшкеніміз жанып, өлгеніміз тірілгендей зор қуаныш екенін айта келіп, ескерткіштің мән-маңызын түсінуге еңбек сіңірген ғалымдар ізденісін де орынды атап өтті.

Расында да, бүкіл түркі жұртына ортақ асыл мұра, түркологияның өзекті саласы – жазба ескерткіштерге арналған халықаралық ғылыми-теориялық конференцияның Қазақстанда, оның ішінде Астанадағы Еуразия университетінде өтуінің де өзіндік мәні бар десек, Түрік қағанатынан (VІ-VIII ғ.ғ.) бастап, байырғы түркі мемлекеттерінің тарихы Қазақстан жерімен тікелей байланыста екені өз алдына болса, түркілік жазба мұралардың елеулі нұсқалары Қазақстан жерінен табылып, олар Талас жазуы, Іле жазуы, Ертіс жазуы деген атпен ғылыми тұрғыда негізделіп отыр. Әрине, өз жерімізден осыншалық құнды тарихи деректердің табылуына орай Қазақстанда түркі әлемін зерттейтін ғалымдар шоғыры да қалыптасты. Атап айтқанда, Ш.Уәлиханов, М.Әуезов, Қ.Жұбанов сынды алыптардан басталған бұл ғылыми мектепке Н.Сауранбаев, І.Кеңесбаев, С.Аманжолов, Ә.Марғұлан, Ғ.Айдаров, А.Құрысжанов, М.Жолдасбеков, А.Аманжолов, С.Қаржаубай, Қ.Салғараұлы да өздерінің айтулы үлестерін қосты. Бұған қоса Еуразия мемлекеттік университеті соңғы кездері түркологиялық ізденістерге ерекше мән беріп, осы тұрғыда арнайы ғылыми зерттеу орталықтарын, зертханалар ашып, оған бірқатар ғалымдар қатарын шоғырландыра түссе, түркі жазба ескерткіштерінің ішіндегі ең көрнектісі, 732 жылы Монғолиядағы Орхон өзенінің бойына орнатылған Күлтегін ескерткішінің тұңғыш рет жасалған ғылыми көшірмесі де осы университеттің бас ғимаратына қойылды. Демек, осы жиынның Еуразия университетінде өтуі де әбден заңды емес пе.

Санкт-Петербург қаласындағы Шығыстану институтынан арнайы осы жиынға келген тарих ғылымдарының докторы, түрколог ғалым С.Г.Кляшторный «Күлтегін және Білге қаған ескерткіштеріндегі кеңістік және уақыт ұғымы» деген тақырыпта баяндама жасады. Ол Орхон ескерткіштері ішінде мазмұны мен көлемі жағынан ерекше саналатын көне түркі жазбаларының бірі Күлтегін ескерткішінің Шығыс Түрік қағанаты мен оның құрамына енген көптеген түркі тайпаларының өте құнды тарихи мәдениеті екендігін айтты. Бұл тек түркі жұртшылығы үшін ғана емес, әлем мәдениетіне қосылған сүбелі үлес деген ол ескерткіштерді зерттеуді әлі де жалғастыру қажеттігін, бұл орайда Шығыстану институты ғалымдарының бірқатар ізденістері бар екендігін, әсіресе бұл ескерткіштің өзін ғылыми мән-маңызымен қызықтырып отырғанын әңгімеледі.

Осынау алқалы жиынға Қазақстан Республикасының Италиядағы Төтенше және өкілетті елшісі, ақын Олжас Сүлейменовтің өзі де арнайы келген екен. Ақынның түркі мәдениетін зерттеуге бұрыннан-ақ белсене араласып жүргенін білетін жұртшылық оның сөзін барынша ыждаһатпен тыңдады.

– Қазақ топырағына Күлтегін бабамызға арналған жазба ескерткішінің келуі бүкіл түркі жұрты үшін ұлы қуаныш, – деген ол өзінің бұл көне мұра жөнінде 80-ші жылдары Академияның хабаршысынан тұңғыш рет оқығанын, содан дереу Монғолияға ұшып барып, көне жазуды өзінің көзімен көргенін әңгімелей келіп, «Сол сапарымда көне жазудың біраз жерінің бүлінгенін байқадым. Сұрастырсам, оны нысана етіп атқылап жүрген өзіміздің кеңес солдаттары екен. Содан дереу Монғолияның мәдениет министріне кіріп, бұл ескерткіштерді ашық аспан астында қалдырмауды өтіндім. Бұл өтінішті Мәскеуге де, Алматыға да айттым. Енді міне, сол арманымыз іске асып отыр. Бабалар рухы өз елімізге оралды. Кейбіреулердің көшпелі халықта мұндай жазу қайдан болсын дейтін де ой айтқаны белгілі. Мұндайларға тойтарыс беру қажет. Шын мәнінде ешбір халықта жазу мәдениеті әлі қалыптаспаған кездің өзінде біздің бабаларымыз өз тарихын хатқа түсіріп кетті. Мұның өзі біздің тамырымыздың тым тереңнен бастау алатындығының айғағы», – деді.

– Осы ескерткіштегі:

Түн ұйықтамадым,

Күндіз отырмадым

Қара терімді төктім,

Қызыл қанымды жүгірттім,

Түркі халқы үшін, – деген жолдарды қарасаңыз, бүгінгі тілімізден еш айырмасын көре алмайсыз. Иә, мыңдаған жылдар бұрын жазылған осы сөздер әлі де еш мағынасын жойған жоқ. Оны оқығалы бері бұл жолдар менің девизім іспеттес. Бұл енді әрбір түркі тектес азаматтың жүрек үніне айналуға тиіс.

Төрткүл дүниеге аты мәшһүр Шыңғыс Айтматов өзінің Астанаға тұңғыш рет келіп отырғанын, қаланың ерекше үнағанын айта келе, бүкіл түркі жұртына ортақ мүраның елордадағы Еуразия университетіне қойылуы әбден орынды болған деген шкір білдірді. Тәуелсіз Қазақстан астанасы мұндай алқалы жиындарды алда да өткізуге ұйытқы болады, өз сөзін бұдан кейін де айта береді деген ойдамын. Тәубе, бабаларымыздан аманат болып қалған ұлы мұра өткен ғасырларды көктей өтіп, бізді тауып отыр. Ендеше, түбі бір түркі тектес халықтарды бұл киелі жәдігер береке-бірлікке бастай беретініне күмән жоқ. Ал бүгінгі жиын сондай ізгілікті ниеттің бастамасы ғана. Оны жалғастыру әрқайсымыз үшін азаматтық парыз деп білемін, деді ол.

Еуразия мемлекеттік университетінің ректоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Мырзатай Жолдасбеков өз сөзін аса құнды жәдігердің туған елге оралуымен жұртшылықты құттықтаудан бастады. Сондай-ақ ол дүние жүзінде дәл осыған ұқсас он бес мыңдай ескерткіштер бар екеніне, оларды оқып, бір жүйеге түсіру, транскрипциясын жасау қажеттігін де баса айтты. Ең бастысы, ескерткіштің көшірмесін алғанымызға мәз болмай, оның өзін сақтаудың жолдарын қарастыруымыз қажет. Тек Күлтегін ескерткішіндегі жазбалармен шектелмей, Тоныкөк, Білге қағанды да жаңғырту ең басты мәселелердің бірі, деді.

Сондай-ақ ол осы жиын үстінде Данияның білім министрі Маргрет Вестагердің конференцияға қатысушыларға жіберген құттықтау хатын оқып берді және оның жеке өз атынан университетке 1894 жылы шыққан Вильгельм Томсеннің төрт томдық «Орхон жазуларының құпиясы» атты таңдамалы еңбектерін сыйға жібергенін айтты. Бір бұл ғана емес, даниялықтар өздерімен бірге фин ғалымы А.Гейкельдің атласының түпнұсқасын, орыс академигі В.Радловтың «Ежелгі монғолдар атласы» атты еңбегін де ала келіпті. Еуразия университетінің ректоры осының бәрін айта келіп, жұртшылықты тағы да бір қуанышты жайтқа қанықтырды. Яғни, алдағы уақытта жыл сайын 25 қараша –түркі ескерткіштерінің күні болып белгіленіп отырғанын, ал осы конференция аяқтала сала арнайы жасақталған экспедиция Монғолияға аттанып, ондағы тарихи ескерткіштерді кешенді түрде зерттеп қайтатынын айтты. Сондай-ақ Орхон жазба ескерткіштерін тұңғыш рет толық қамтыған екі Томдық атласты жарыққа шығару көзделіп отырғаны және конференция материалдарының кітап болып басылатыны да жұртшылыққа хабардар етілді.

Бұдан кейін Копенгаген университетінің профессоры В.Шарлип «В.Томсен – түркітанушы және оның Орхон жазбаларын түсіндіру жөніндегі жұмыстары», Мәскеудегі Шығыстану институты тарих бөлімінің меңгерушісі, Ресей Ғылым академиясының Шығыстану қоғамының президенті, тарих ғылымдарының докторы Д.Васильев «Түркі руникалық ескерткіштерінің электронды каталогы», Әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дің кафедра меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы А.Аманжолов «Орхон-Енисей жазбаларын зерттеудің өзекті мәселелері» деген тақырыптарда сөз сөйледі.

Осыдан кейін бұл күнгі пленарлық мәжіліс аяқталып, конференцияға қатысушылар секцияларға бөлініп, өз жұмыстарын одан әрі жалғастырған. Алда қыруар еңбек, қызықты зерттеу жатқан болатын.

Күлтегін ескерткішінің көшірмесі елімізге келген сол күн туралы аталған мақала авторлары: «Бас корпустың орталық дәлізіне Күлтегін ескерткішін жақыннан көрсек деп қайта оралғанымызда бұл ойымыздың оңайлықпен іске аса қоймасын бірден түсіндік. Университеттің барша студенттері осында жиналған ба деп қалдық. Бәрі де бабалар аманатын қызықтауда екен. Күні ертең-ақ еліміздің барлық жерлерінен келушілердің аз болмасына сенім мол», – деп тәмамдапты. Шынымен де Л.Н.Гулмилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне барған жан Күлтегінді бір көрмей кетпейтіні анық.

Кешке қарай конференцияға қатысушылар және қала жұртшылығы үшін «Күлтегінмен келген күмбір» атты түркі халықтары дәстүрлі музыкасының концерті болды. Ертеңіне үмітпен, қайта түлеген асқақ рухпен қараған сол қауым осы бір сырлы әуендердің әсіріне ұзақ бөленгені анық.


Пайдаланған әдебиет:

Ж. Қуанышбекқызы, С. Мәмбет. «Күлтегінмен келген кие». «Егемен Қазақстан», 2001 жылы, 19 мамыр.

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?