Кеңес үкіметінің солақай саясатына ұлтшыл жастар шыдамай, көптеген жасырын ұйымдар құра бастады. Жеке дара наразылығымен қарсы шыққан талай қазақ ұлтшыл жастарының істері арнайы қызметтердің шаңды мұрағаттарында ұмытылып барады.
Актер Қасым Жақыбаев ағамыз ұлы өнер театрда 300-ге жуық рөлді шеберлікпен сомдап, кино әлеміне де бірнеше рет қадам басқан. Елімізге танымал «Перекресток» және «Дерсу узала» фильміне түскен. Ал Қасым ағамыздың тағдыры қайғы қасіретке толы екенін көбісі біле бермейді. Олай дейтініміз 1978 жылы Қ.Жақыбаевтың ұлы Азаматы кеңес үкіметіне қарсы насихат жүргізгені үшін қамауға алынып, сотта психиатриялық ауруханада мәжбүрлі түрде емделуге тығып, онда оны қасақана демі таусылғанша емдеп түбіне жеткен. КСРО кезінде психиатрия билікке қарсы шыққандарды жазалаушы орындардың бірі болған.
Азамат Қасымұлы қазақ ұлтының кемісткені туралы сезіп, әділетсіздікке шыдамай ұлттық бейнеміздің жоғалып кетпес үшін біраз істер атқарған. Ол уақыттарда диссиденттер туралы ешкім ашық біле бермеген. Азамат сияқты балаларға кеңестің тоталитарлық империясына қарсы шығудың өзіне қандай қайсарлық, асқан ерлік керек екендігін ойлап көріңізші.
Сол жылдары кеңес үкіметінің қанды қылышына дара наразылығымен де, құпия топ құрған жастар көп болды. Мысалы алып қарасақ, «Елін сүйген ерлер» партиясы Қарағанды да екінші дүниежүзілік соғыс жылдары жұмыс істеген. Осы жылдары Оралда "Қазақ халқының қорғаушылары одағы" − жасырын жастар ұйымы құрылған .
Оралда құрылған ұйымның құрамында үйлестірушісі Ғұбайдұлла Әнесов және жастары 14-тен 20-ға жетер жетпес жастар болған екен. Жасөспірімдердің басты мақсаты Қазақстанды КСРО-дан бөліп, тәуелсіз Қазақ Социалистік Республикасын құруды мақсат етті. Дәл осы мақсаттары үшін Ғұбайдұлла атылып, қалғандары ұзақ мерзімге темір торға қамалды.
1972 жылы «Жас қазақ» жасырын жастар ұйымы және құрылды. Мүмкін біз білмейтін басқа да ұйымдар болуы мүмкін. Мұрағат іштерін қопарып, құжаттарды қарап, тар заманның ұлтшыл ұлдарын дәріптеу қажет.
Естеріңізге сала кетсек, диссиденттерінің өмірлерін бұған дейін де дәріптеп, жазған болатынбыз. Олардың ішінде атап айтсақ, ақылға сыймас салықтармен озбырлыққа шыдамаған Құныскерей Қожахметұлы, өмірінің жартысынан көп бөлігін қуғын-сүргінде өткізген Махмет Құлмағамбетов тағы да басқалары.