Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

ҚАУІПСІЗДІК БЕЛДІГІ

2667
ҚАУІПСІЗДІК БЕЛДІГІ - e-history.kz
Орталық Азия республикалары шекараларын межелеу тарихы – бұл тәуелсіз мемлекетті құрудың маңызды кезеңдерінің бірі

Кеңес заманында көршілес елдер арасындағы шекаралар ішкі әкімшілік-аумақтық мәселе болып табылатын және тек карталарда ғана белгіленетін. 80-шы жылдардың аяғында 90-шы жылдардың басында қоғамның радикалды бөлігі аумақты бөлуде тарихи құжаттарды негізгі алу керек деген пікірлерді айта бастады. Мұндай қайта қараулар халықаралық қатынастардағы күрделі қиындықтарға алып келуі және посткеңестік кеңістікте шиеленістердің себебіне айналуы мүмкін еді. Парасатты мағына үстемдік етті және КСРО ыдырғаннан кейін одақтық республикалар шекаралардың өзгермейтіндігін мәлімдеді.

Алайда қауіпсіздік мәселелерін автоматты түрде шешу мүмкін емес еді. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев өзінің «Сындарлы он жыл» еңбегінде қауіптер мен қарсы келушіліктердің барлық азимуттары бойынша «қауіпсіздік белдігін» жасау қажеттілігін атап өткені кездейсоқтық емес. Қауіпсіздіктің бірыңғай тұжырымдамасы шеңберінде қабылдау керек шаралар кешені ішінде мемлекет басшысы барлық республикалар арасында шекараны межелеуді аяқтау қажеттілігін атады. Ашық қадағаланбайтын шекараларды шикізатты, түсті металдарды, энергия тасымалдаушыларды заңсыз кіргізу үшін белсенді пайдаланылуда, ал есірткіні, қару-жарақты заңсыз сату, заңсыз көші-қон ұлттық қауіпсіздігімізге нақты қауіп төндіріп отыр. ҚР Үкіметінің 1999 жылдың 1 қыркүйегіндегі қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Қырғызстанмен, Ресей Федерациясымен, Түркменістанмен және Өзбекстанмен мемлекеттік шекараны межелеу жөніндегі Қазақстан Репсубликасының үкіметтік комиссиясы құрылды.

ҚР Сыртқы істер министрлігі ҚР егемендігін, қауіпсіздігін, аумақтық тұтастығын және шекараның мызғымастығын қорғаудың дипломатиялық құралдарымен және тәсілдерімен қамтамасыз ету бойынша қойылған міндетке сәйкес барлық шекаралас мемлекеттерімен келіссөздер барысын үйлестіріп отырды.

Өзбекстан

Қазақ КСР және Өзбек КСР арасындағы әкімшілік шекара ең реттелген болды. Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы шекараның күрделілігі екі елді байланыстыратын 2351 шақырымнан 200 шақырымдық шекарасы Қазақстан жағынан да, Өзбекстан жағынан да тығыз халықты елді мекендерден өткендігінде болып отыр. Ол Оңтүстік Қазақстан облысындағы Сарыағаш және Мақтаарал аудандары, сонымен қатар Өзбекстанның Тәшкент және Жизақ облыстары болды. Бірқатар елді мекендер шекаралардың үйлердің арасынан өтетіндей орналасқан. Алайда, өзара аумақтық наразылықты болдырмау мақсатында, тараптар 1950-1960-шы жылдары белгіленген әкімшілік-аумақтық шекараларды негізге алды. 2000 жылдың ақпан айында Тәшкентте бірлескен шекараның өту шебін келісу жөніндегі екі елдің үкіметтік делегацияларының келіссөздері басталды. Келіссөздер барысында шекараны заңды рәсімдеудің құқықтық негіздеріне қатысты өзара түсіністікке қол жеткізілді. Бұрынғы КСРО-ның, Қазақ КСР-нің және Өзбек КСР-нің жоғары заң шығарушылық билігі органдарының ресми актілері негізге алынды, онда республикалар арасында әкімшілік шекаралардың өту шебі туралы сипаттама болды. Келіссөздердің екінші кезеңінде (Астана, 2000 жылдың 17–21 мамыры) Қазақстан Республикасы және Өзбекстан Республикасы арасындағы мемлекеттік шекараны межелеу жөніндегі келіссөздерді ұйымдастыру және жүргізу тәртібі туралы ереже пысықталды және бекітілді. Бұл іс-жүзінде шекараны межелеуге кірісуге мүмкіндік берді. Қазақстан-өзбекстан шекарасында қиындық туғызатын бірқатар учаскілер болды. Осы учаскілер бойынша шешімдер жоғары органдармен рұқсат етілмеген және бекітілмеген еді. Тағы бір мәселе – мемлекеттік шекара шебінен басып өтетін бірлесіп пайдаланылатын объектілер (теміржол магистральдары, автомобиль жолдары және т.б.). Осы және басқа мәселелерді тараптар шекараны межелеу жөніндегі келіссөздерде талқылады. Бағыс қыстағында «тәуелсіз Бағысстан» идеясы туындады. Сөйтіп Бағыс түгелімен Қазақстанға өтті. Ал Түркістан әскери өлкесіне арнап салынған Түркістандық қыстағы Өзбекстанға берілді. Өзбекстан Орталық Азия құрылымына кіреді және осы аймақтың басқа мемлекеттерімен тығыз байланысты. Оның сонымен қатар, «ауған мәселесіне» де ерекше ұстанымы бар. Ол жақтан келетін қаупті Қазақстан Республикасының Президенті бірнеше рет атап көрсеткен. Осының барлығы аймақтық қауіпсіздікке қатты ықпал етеді және Өзбекстанмен арадағы шекараны межелеу және орнтау мәселесін жаңа деңгейге көтереді.

Түркменістан

Уақыт бойынша ең жылдам болып есептелінген Түркменістанмен шекараны межелеу қиындықсыз өтті, өйткені шекара шөлді даладағы Үстірт шоқысының оңтүстік шеті бойынша 426 шақырым ғана өтеді. Шекараны межелеуге дайындық үшін негіз ретінде КСРО ОАК Президиумның 1932 жылғы 27 желтоқсандағы қаулысы және 1972 жылдың топографиялық карталарының парақ-құжаттары қыбалданды. 2000 жылдың қараша күні Ашхабадта келіссөздердің бірінші кезеңінде мемлекеттік шекара шебінің өтуін сипаттау әдістемесі келісілді. 2001 жылдың сәуір айында Ашхабадта өткен келіссөздердің екінші кезеңінде тараптар қазақстан-түркменістан мемлекеттік шекарасын межелеу және орнату жөніндегі шарт жобасын келісті. Қазақстан Республикасы мен Түркменістан Республикасы арасындағы қазақстан-түркменістан мемлекеттік шекарасы туралы келісімге мемлекет басшылары 2001 ж. 5 шілдесінде Астанада қол қойды. 2001 жылы қарашада Ашхабадта өткен үш жақты делегациялар кездесуінде Қазақстан, Түрікменстан және Өзбекстан Республикалары араларындағы шарт үш мемлекеттің шекарасының түйіскен аудандарын межелеу бабын келісіп, ортақ тұстары айқындалды. Қазақстан-түркменістан мемлекеттік шекарасының құрлықтағы учаскесінің ұзындығы 426,08 шақырым құрады.

Қырғызстан

Осыған ұқсас жағдай Қырғызстанмен шекарада да орын алды. Қазақстан-қырғызстан мемлекеттік шекарасын межелеу жөніндегі келіссөздер 1999 жылдың қараша айынан бастап 2001 жылдың желтоқсан айына дейін 1997 жылдың 8 сәуірдегі Мәңгілік достық туралы шарты және 1998 жылдың 17 шілдесіндегі Қазақстан Республикасы және Қырғызстан Республикасы арасындағы мемлекеттік шекараны межелеу жөніндегі меморандум негізінде жүргізілді. Жұмыс топтарының кездесуінде географиялық шекаралар және шекара сипаттамасы арасында айырмашылық болды. 2001 жылдың тамыз айынан бастап қараша айына дейін делегация бірнеше жұмыс кездесулерін ұйымдастырды, оның нәтижесінде қазақстан-қырғызстан мемлекеттік шекарасынің шебі оның барлық ұзындығы бойынша қандай да бір «терезелерсіз» келісілді. Қазақстан Республикасы және Қырғызстан Республикасы арасындағы қазақстан-қырғызстан мемлекеттік шекарасы туралы шартқа 2001 жылдың 15 желтоқсан күні Астанада қол қойылды және оны Қазақстан Республикасының Парламенті 2003 жылдың шілде айында бекітті. Бүгінгі күні Қырғыз Республикасымен, Түркменістанмен және Өзбек Республикасымен шекараны межелеу мәселесі толығымен реттелген. Қырғызстанмен шекара ұзындығы шамамен 1242 шақырымды құрады, Түркменістанмен – шамамен 426 шақырым, Өзбекстанмен – 2351 шақырым құрады.

Арман СҮЛЕЙМЕНОВ

Аударған: Гүлнұр Серікқызы

Суреттер «ҚР ҰҚК шекара қызметі» сайтынан пайдаланылды

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және National Digital History порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. kaz.ehistory@gmail.com 8(7172) 79 82 06 (ішкі – 111)

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?