Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Ашық қоғам аясындағы Қазақстанның бірегейлену мәселесі

29148
Ашық қоғам аясындағы Қазақстанның бірегейлену мәселесі - e-history.kz

Жаңғырулар мен жаһандық өзгерістерге толы жаңа тарихи дәуірде ашық қоғам туралы, яғни еркіндік пен прогресс, қазіргі әлем мен болашаққа ашық болатын қоғам туралы түсініктер өзектене түсуде. Ашық қоғам идеясының айқын жақтаушысы ретінде тарихта Карл Поппер танылады. Ол Платоннан ХХ ғасырдың ортасына дейінгі ең жақсы деген мемлекет идеясының теориядағы эволюциясын сыни талдаудан өткізеді. Платонның түсініктерінде жақсы мемлекетте билеушіден бастап қоғамның әрбір қарапайым өкілдерінің әрқайсысына дейін өздерін азаматтық міндеттерін орындай отырып бақытқа жететіндігі және ХХ ғасырдың демократиялық қоғамдарындағы бақыт туралы түсініктердің қандай болғандығы сұрыптаудан өткізіледі. К. Поппер кезінде өрнектелген Платонның мемлекет туралы идеяларын «тоталитарлы идеялар» деп есептейді. Өйткені Платон қоғамды сипаттау барысында жаһандық, уақыттан тыс деңгейдегі әділеттілік, даналық, ақиқат және сұлулық деген ұғымдарды қолданады, ал олар адамгершілік талаптары жүйесінде тоталитарлы сипат алады деген тұжырымға келеді. «Жабық» қоғамдар деп аталатын құрылымдардың ашық қоғамдар (бұл қоғамды қалыптастыратын әлеуметтік топтардың жасандылығына қарамастан) деңгейіне өтуі, К. Поппердің пайымдауынша, адамзат тарихындағы ұлы революциялардың қатарына жатады. Осы үлкен тарихи процестің адамзат тек бастапқы кезеңдерінде ғана екенін де атап өтеді. Яғни адамзат үшін, жер бетіндегі халықтар үшін нағыз, шынайы тарихтың негіздері енді ғана қалануда, ал осыған дейінгі жақсы қоғам жасаймыз деген қадамдардың барлығы да сәтсіз әрекеттердің қатарына жатқызылады. К. Поппердің «Ашық қоғам және оның жаулары» екі кітаптан тұратын еңбегінде ашық қоғам туралы өзіндік идеялары кейін әлемдік саяси ойлау тарихында әр қилы сипатта, әр қилы мағынада жалғасын тапты.

Өткен ғасырдың терең ойлы философтарының бірі Анри Бергсон оңтайлы қоғамдық құрылым туралы ойларды көтеретін жекелеген мәселелерден алыс көрінеді. Дегенмен оның бірнеше жұмыстарынан тіптен оған әдеттегідей емес мәселелермен айналысқанын байқаймыз. Мәселен, «Мораль мен діннің екі қайнары» деп аталатын шығармасында прогресс пен рухани даму қарым-қатынасын баяндау барысында сол «жабық» қоғамның сипаттамасын бергенін байқаймыз, ондай қоғамнан тұтынудың өсуі мен байлыққа деген құмарлыққа толы қоғамға қарай ұмтылыс болуға тиістілігін тұжырымдайды. Қазіргі қоғамның жоғарыда айтылған сипаттамаларын А. Бергсон ертерек байқайды және осы қасиеттер болашақта «өсіп жатқан адамзат ағзасына сәйкес келетін адамның жаңа үлкен жанының» әрі қарайғы дамуының алғышарты болуға тиіс деген ойды пайымдайды. Бұл тезисте А. Бергсон адамзаттың тарихи болашағы туралы терең ой-лардың өз замандастарымыздың арасында толық зерделене қоймағандығын көрегендікпен көрсете біледі. Оның ойынша материалдық даму арқылы рухани прогреске қол жеткізуге бола-ды. Біздің барлық кемшілігіміз - материалдық игілікті өміріміздегі басты мақсат етіп қарастыра бастадық. Сондықтан оны барынша дамытуды қоғамның басты міндетіне айналдырдық. Ал ол шын мәнінде «үлкен жанның даму» құралы ғана болатын. А. Бергсон материалды прогрестің таза күйіндегі дамуының қатаңдығын ескермеген іспетті және сондықтан оның тезистері идеалистік және романтикалық болып келді: шын мәнінде материалдық қажеттіктердің қанағаттанған дамуы нақты түрде адамды да, қоғамды да рухани өсуге жетелемейді және сондықтан жаһандық тұтынушылықтың мұраттарынан саналы түрде бас тарту прогрестің рухани құрамдас бөлігін жоғалтпауға негіз болатын маңызды қажеттік деп санауға болады. Ал, енді жоғарыда аталған мәселелер төңірегінде қазіргі саяси ойдың өзіндік үлгісіне айналған Збигнев Бжезинскийдің еңбектеріне келетін болсақ, онда олардың ішінен «Ұлы шахмат тақтасы» мен «Таңдау» деген шығармаларды атауға болады. Бұл екі еңбек те бір ғана мақсат қойған - ол кейбір жеке алғандағы кемшіліктеріне қарамастан қазіргі кезеңдегі АҚШ барлық жағынан алғанда ең өнегелі ел екенін дәлелдеу және сондықтан басқалардың үлгі тұтуға тиісті қоғамдық құрылымның мұратына айналуға тиістілігіне меңзейді. З. Бжезинскийдің пайымдауынша, барлық мәселе АҚШ-тың басқа әлемге қатысты қандай саясатты ұстануына тіреледі, қандай мақсатты алдына қойғанына байла-нысты болып келеді. Ол бірполярлы үстемдік болуы мүмкін бе, әлде көпполярлы жаһандық серіктестік кейпіндегі саясат па? Міне Американың «таңдауы» дегеніміз осы. З. Бжезинский дегенмен АҚШ-тың демократиялық формасы барлық әлемге абсолютті идеал, саяси мұрат бола алмайтындығын түсінеді. Өйткені, болмыстың жалпы заңдарын ешкім жоққа шығара алмайды және демократия типтерінің дүниедегі көптүрлілігі онтологиялық баршылық екені әлемге әйгілі. Бірақ З. Бжезинский өзінің зор қуатымен бүкіл әлемді шегендеп, оның қарсыласуға шамасын келтірмей, жекелеген елдердің прогреске қарай өзінің жолымен ұмтылуға деген қадамдарын қысқартуға Американың құдіреті жететіндігін біледі. Американдық жолдан басқа кез келген саяси, экономикалық, өркениеттік даму жолы қате деп түсініліп, ол күш пен уақыттың бостан босқа кетілуі деп түсініледі. Әлемнің қандай құрылымын қалыптастыруға бо-лады? Міне - З. Бжезинский үшін алға қойылған теориялық мін-деттердің негізгісі осы болып табылады. Сондықтан зерттеушінің бұл саладағы ізденістерін қалай бағаласақ та, оған мән беріп, оның негізгі принциптерімен танысуға тиістіміз. Себебі, қазіргі замандағы жаһандану процестерінің теориялық негіздері З. Бжезинскийдің ілімінде өрнектеледі, ол сондықтан жаһанданудың «сәулетшісі» деген атқа да ілінді. Ал, енді ашық қоғам тақырыбы бойынша шыныменде «АҚШ қоғамдық құрылымның қазіргі замандағы ең жетілген типіне жата ма?» деген сауал әлі күнге дейін көптеген зерттеушілердің көкейінен кетпейді. Ал, енді Эммануил Валлерстайн сияқты заманауи теоретик қоғам мен мемлекеттің дамуы мәселесін талдауды жүйелілік тұрғысынан қарастыруға ұмтылады. Мемлекет дамуының үлгісін танытатын капиталдың мүддесін, әсіресе ірі капиталдың мүддесін қарастыра отырып Э. Валлерстайн мемлекеттің тәртіпті сақтау, ішкі және сыртқы егемендік жәнет. б. сипаттамаларына көңіл бөледі. Капиталды қордалаудың максималды деңгейін көксеген трансұлтты компаниялардың жаһандану жағдайында мемлекет-тің жауапкершілігінен тайқып кетуге мүмкіндіктері бар, ал ол бол-са мемлекеттік егемендіктің деңгейін төмендетеді. Шын мәнінде Э. Валлерстайн мемлекеттің әлеуметтік топтардың өзара тепе-теңдігін ұстап тұратын құрылым ретіндегі мифті тарқатып беруге тырысады. Оның пайымдауынша, қазіргі «әлемдік жүйелік» байланыстар дәуірінде мемлекет капиталға тиімді қызметтерді мой-нына алады, ал олар өз кезегінде мемлекеттің осы мүдделерді жүзеге асыруда атқарған қызметтеріне төлемдер жасап отыра-ды. Міне, әлемдік деңгейдегі сыбайластық пен жемқорлықтың бастаулары қайда жатқанын осыдан байқауға болады. Қоғамдық күштер мемлекетке қарсы өзінің сыни көзқарастарын білдіре бастайды, өйткені, олар ірі капиталдың мемлекетке көрсеткен қыспағының арқасында оның көрсеткен қызметтеріне төлемдер жасап отыруға мәжбүр болады. Э. Валлерстайнның пайымдауынша, міне осындай жағдайларда қоғамның тікелей әлеуметтік полярлануы күшейе түседі (бір жағынан капиталдың жүйелі қордалануының нәтижесінде қоғамның бір полюсінде байи түсетіндер болса, екіші полюсінде барынша кедейле-не түсетіндер болады), сонымен қатар осындай жағдайларды қолдап отырған мемлекетке деген сыни көзқарастар күшейе береді. Бұл жүйедегі ашықтық ірі державалардың күші аздау елдердің ісіне араласуының заңдылығын айқындап отыруға жағдайлар жа-сау үшін керек. Міне осындай жағдайдағы әлсіз елдердің егемендігі барынша шартты екенін анық байқалады. Сөйтіп, Э. Валлерстайн-ның талдауларының нәтижелері бойынша күшті және әлсіз ел-дердің өзара қарым-қатынастарын түсіндіру үшін өркениет, «көп келбетті еуропаорталықтық» және «прогресс» деген ұғымдарды қолданады. Әлемнің прогрессивті дамуы мақсатындағы Батыстың соғыстан кейінгі «артта қалған елдерді дамытуға» бағытталған «гумандық» көмектері батыстық емес елдерді әлеуметтік және саяси қайта ұйымдастыру бойынша әрекеттерді ақтайтын ұранға айналғаны атап өтіледі. Осы саладағы зерттеушілер үшін бұл үлкен державаларды ақтап алатын бір кезде жақсы қалқанға айналған ұран болатын. Э. Валлерстайнның «Таныс әлемнің ақыры» деген еңбегінен жоғарыдағы дәуірлік процестерді айқындай түсетін тұжырымдарды кездестіреміз. Ойшыл өзінің пайымдауларын әрі қарай жалғастыра оты-рып зерттеушілер арасында прогресс ұғымы тек қана талданып қана қоймай ол дамушы елдерге жапсырылды, таңылды деп өтеді. Шын мәнінде прогресс идеясы еуропалық мағынада ғана тиімді нәтижелері беретіні ескерілмей, ол қалған әлемге де осы жолмен жүру тағдыры телінеді, бұл әлемдік тарихта басымдық таныта бастаған еуроорталықтық ойлаудың көрінісі болатын. Джордж Сорос К. Поппердің белгілі апологеті және әлемдік деңгейдегі қаржы иегері. Оның «Кеңес жүйесі: ашық қоғамға қадам» деген еңбегінде «ашық қоғам» құбылысын ашып көрсе-туге бірнеше көзқарастар тұрғысынан келеді. Органикалық қоғам-дарда ашық қоғамдармен салыстырғанда жекелеген мүдде-лер тұтастықтың мүдделеріне бағыну қатынасы үстемдік етеді, сондықтан тұлғаның еркіндігі болмайды. Ал ашық қоғам болса адамдарға нақты еркіндікті сыйлай алады, ол баламалықты, таңдау еркіндігін мүмкін етеді. Дәстүрлі құндылықтардан байла-нысты үзу арқылы адамдардың еркін шешім қабылдауы нағыз «тұлғалық шешімге» айналады, ал ол өз кезегінде қоғамдық реттеуді қажет етеді, яғни қоғамның өмір сүруінің алғышартына айналады. Бұл жерде Дж. Сорос француздың ойшылы Ж.Ж. Руссоның қоғамдық келісім теориясын қоғамның барлық саласы-на тарата отырып оның идеяларын жаңа тарихи жағдайда насихаттаушысына айналады. «Ашық қоғамдағы барлық қатынастар келісімдік сипатта болады» - деген тезисті Дж. Сорос өзінің тұжы-рымдары мен іс-әрекеттерінде дәйекті түрде жүргізіп отырады. Адамның құндылықтар жүйесіне келісімдік қатынастарды тарату идеясы мамандар үшін біршама қызықтырушылық әкелді. Дж. Соростың пайымдауынша, тұлғалар өзінің еркіндіктерін негізінен оған берілген экономикалық жағдайлардың көкжиегін-де жүзеге асыра алады. «Әрбір істің алдында таңдау әрекеті ал-дын алып тұрған жағдайда іс-әрекеттің барлық саласын эконо-микалық мінез-құлық сипаттайды» [1, 90] деген ойды Дж. Сорос зерделейді.Одан әрі қарай, оның пікірінше, осындай жағдайларда адамдар идеалды құндылықтармен (рухани, көркемдік неме-се адамгершілік) салыстырғанда материалдық құндылықтарға зор мағына беруге тиісті деген қорытынды туындамайды, тек «барлық құндылықтар ақшалық сипатқа көшуі мүмкін» де-ген мағынаға ие болады [1, 91]. Ал, енді бұл қадам нарықтық қатынастарды адам өмірінің барлық саласына таратады. Бұдан «сатылуға болмайтын нәрсенің барлығының құндылығы жоқ» деген сыңаржақты қорытынды туындайды. Сорос, сөйтіп, осы-дан өрбитін мүмкіндіктердің зор екендігіне мегзейді, бірақ ол қоғамда белгілі бір деңгейде «тұлға аралық қарым-қатынастың» еріксіз төмен қарай құлдырайтынын да ескертеді.Дж. Сорос прагматик ретінде еркіндік ұғымына сыңаржақты баға береді. Ол адамға берілетін мүмкіндіктердің ішінен бір бағытты ғана таңдау қажеттігін ұсынады, яғни ақша арқылы тұлғаның еркіндікке ұмтылуын күйттейді. Шын мәнінде жаңаны жасаумен айналысу, болмыстың көкжиектерін кеңейту, адамның жан дүниесі-не үңілу сияқты түсініктер оның назарынан тыс қалады. Міне, осы-дан оның пайымдауында адамның алдына қою үшін «мақсаттың жетіспеушілігі» туралы жалған тезис орын алады. Оның пікірінше, адам бағынышты тип ретінде тек өзінің белгілі бір мақсаттары бар әлеуметтік топтың қатарына ғана қосыла алады, бірақ әлеуметтік топ жекелеген адамдардың мақсаттары жалпымен сәйкес келе ме, келмей ме екеніне қарамайды, ол өзінің дегенімен өмір сүреді және дамиды. Бірақ, дегенмен, Дж. Сорос өзінің жеке басына келгенде мақсаттарына жету үшін әлеуметтік топтың мүдделеріне қараған емес, әрине, ол тек Ротшиль сияқты қалталылардың қаржылық топтарымен санасқаны белгілі. Тек ашық қоғам жағдайында жалғыз болып келетін еркіндіктің паш етілуі мәселесіне келгенде мақсат қарғыспен (Ж.П.Сартрдың еркіндік туралы айтқанындай) болмаса да кейбір қиындық туғызатын жағдайлармен жаңарып отырады. Адам үлкен байлық пен билікке жеткен сайын (олар Сорос үшін еркіндікті жүзеге асырудың көрсеткіштері болып келеді) оның проблемалары да күрделене түседі. Ең оңай және жеңіл өмір тіршілік үшін күрес-кен адамда және онда жоғарыдағыдай мәселелер туында-майды деген ойды тұжырымдайды. Дегенмен, Дж. Соростың дәстүрлі, догматикалық, жабық қоғамдар мен оған сәйкес келетін ойлау типтерін және рефлексияны сынау мәселесінде ол күшті екенін танытады, өйткені оның дәйектемелерінің дәлелденгенін байқауға болады. Ал, енді ашық қоғамды жақтап сөйлеген кез-де оның сыни талдауларынан туындаған тұжырымдар бұндай қоғамның шынайы сипаттамасын беруден көрі барынша түкке тұрмас қорытындылармен оның қадірін түсіруге алып келетінін байқамайды. Себебі, оның тізіп көрсеткен қазіргі замандағы ашық қоғамның құндылықтары оны жақсы жағынан толық көрсете алмайтыны байқалады.Келесі бір өзіндік құндылығы жағынан жоғары деңгейдегі ең-бекке Жак Атталидің «Жаңа мыңжылдықтың табалдырығында» шығармасы жатады. Ол адамзаттың болашағы туралы терең ғылыми тұжырымдар келтірген аздаған топтың көрнекті мүшесі болатыны көп адамға белгілі де емес. Ол болашақты ғаламдық деңгейде көре алатынын байқатады, оны жүзеге асыруға көмек-тесетін көптеген күштердің қолдайтындығы сезіледі. Сондықтан оның көзқарастарын жете түсінудің құндылығы зор. Ж. Аттали бірнеше дәйектелген болжамдарын әлеуметке ұсынады: адамзат жаңа полиаздардың қатарына қосылады (ол техникалық прогрестің арқасында, сонымен қатар сапалы өмірді іздеу мақсатында жап-пай көші-қонның артуы себебіне байланысты өзінше автономды өмір сүріп жатқан жеке адамдар барлық мәселелердің, немесе соған жақын мәселелердің шешімін табуға мүмкіндіктер алады); әлемнің конфигурациясы түбегейлі өзгереді: АҚШ бірнеше жаңа күштің орталықтарына орнын береді; нарықтық қатынастар жалған демократиямен емес, олар нағыз шынайы және нақты демокра-тиямен астасып отыруы керек. Егер Ж. Атталидің айтқан жетекші күштері басқаша шешімдер қабылдайтын жолға түсіп кетпесе, онда адамзаттың болашағы осындай болуы да мүмкін деген ойдамыз. Оскар Лафонтен өзінің социалистік риторикасына қарамастан әлемнің болашағын өрнектеуге тырысқан ойшылдардың қата-рына жатады. Оның пайымдауынша қазіргі демократия елдеріндегі күрделі мәселелерге біреулер кінәлі болса, екіншілер оған жауап беруге тиісті болып отыр. Бұл тезистің солқылдақтығы соншалық, ол бойынша қоғамдағы кез келген субъектіні жауапкершіліктен босатып жіберуге болады. Ал, егер О. Лафонтен саясаткерлердің (Лафонтен бойынша жалқау адамдар өздерінің тағдыры үшін барлық жауапкершілікті сайлауда дауыс беру арқылы саясаткер-лерге жүктеп қойған) барлығын ақтап алуға тырысатын болса, онда әлемде болып жатқандардың барлығына жауап беруге тиісті саясаткерлердің орнына кім жауап береді? О. Лафонтен барлық адамдардан болып жатқан нәрселер үшін жауапкершіліктің бір бөлігін өздеріне алуын сұрайды. Бірақ ол үшін адамдар «амал жоқтан болатын жағдайлардың» қабырғасының артына тығылып, жауапкершіліктен қашпауы керек. Ол үшін осы «амал жоқтан бола­тын жағдайлар» шыныменде амал жоқтықтан емес, жасанды түрде жасалатындығын көрсету керек, олардың пайда болуы қарапайым адамдар мен ірі саясаткерлердің мәселелерді шынайы және нақты шеше алмайтындақтарынан екендігін көрсетіп, мәселелерді шешуден қашқақтамау керек. Лафонтеннің пайымдауынша, саясат - адамның әлсіз сезінетіндей жағдайына қарсы күресе білуімен қатар, оған әдеттегі болып келетін мәселелерді ішке қарай ендіруіп жіберуге ұмтылу мен олардың шешімдерін іздеуден тайсақтаумен күресе түсуі керек [2, 15]. Жоғарыда айтылған қандай жағдайда жүзеге асады? О. Лафонтеннің жауабы - ол үшін «ескі» моральдан бас тарту керек. «Біз соған сәйкес өмір сүргіміз келетін моралдық құндылықтарды қайтадан анықтауымыз керек және біздің болашақ дамуымызды соған сәйкес қалыптар мен принциптерге сүйене отырып саяси негізде, яғни қоғамдық және демократиялық мүд-делерді есепке ала отырып қалыптастыру тырысуымыз керек» [2, 15]. Басқа сөздермен айтқанда, О. Лафонтеннің ойынша барын-ша технологияланған әлемдегі адамның жаңа жағдайына сәйкес келетін жаңа құндылықтар жүйесін қалыптастыру керек. Дегенмен, ол бұл құндылықтар жүйесі техникалық және экономикалық міндеттерден туындамауы қажеттігін айтып өтеді, бірақ оның бұл құндылықтар жүйесі жаңа қажеттіктерге сәйкес келуі керек де-ген талабына қайшы келетінін де ескерте кеткен жөн. Жаңа мо-раль бұл жаңа әлемдік тәртіптің сәулетшілерінің өкіліне адамды «амал жоқтан болатын жағдайлар» қыспағынан босату үшін емес. ол адамды кез келген моральдан, адамгершілік қалыптарынан, адамның өмір алдындағы мідеттерінен босату үшін керек еді; ақыр аяғында оның адамды өмір мәнінен және оның өзінен босатуға ұмтылатыны байқалады. Ашық қоғам ол үшін соған барынша сәйкес келетін саланы, бағытты қалыптастырады. Жан Бодрийяр өзінің «Үндемес көпшіліктің көлеңкесінде» деген еңбегінде ашықтықтың талабына сәйкес келетіндей, жау-ап бере алатындай қоғамның қандай болатындығын барын-ша кеңінен баяндап береді. Қазіргі кезеңнің қоғамы дегеніміз жай ған қоғам емес және ол бұқаралардың жиынтығы да емес. «Бұқаралар» өздерін алдамшы кейіпте көрсетуге бейімдік таныта-ды және олар үнемі сол ұстанымда тұрады деп тұжырымдалады. Ол өздерін абсолютті «ойындық» кейіпте танытады, олар өздері туралы не айтса да үндемейді, бәіне көндгуге дайын. Олардың ең жақсы байқалатын көрінісі - ешкім болмау, бірақ олар дегенмен қоғамда бәрін де қамтиды - мәселе соларға қандай түсініктеме берілуіне байланысты. Бұл әлемдік тарихтағы постмодернизмнің логикалық аяқталуы. Әлеуметтіліктің барынша ыдырауы, қазіргі кезеңдегі әлеуметтің тек рефлексияда ғана сақталуы - міне Ж. Бодрийярдың қазіргі қоғамға берген диагнозы болып табылады. Фрэнсис Фукуяманың «Тарихтың ақыры және соңғы адам» атты еңбегі ашық қоғамға арналған топтаманың өзіндік қорытындысын жасайды. Ол аталған шығармада әлемдік ауқымдағы либералды демократияның ХХ ғасырдағы өрбуі мен дағдарыстарына біршама талдаулар жасайды. Оның пайымдауынша, тоталитар-лық жүйелер ашық қоғамның принциптерін қабылдамағандықтан көптеген жылдар бойы либерализмнің құндылықтарынан алыста болып келді. Сондықтан тарихи процестің бір ғана оңтайлы жолы бар деп есептейді - ол либералдық құндылықтарды әлеуметік кеңістікте барынша тарата түсу, әрбір қоғамда оны тереңдете түсу деп саналады. Тарихтағы дағдарыстың барлығы адамдардың қарым-қатынасынан туындайтынын айтқан ойшылдың көптеген идеялары қазіргі батыстық қоғамтанушылар үшін теориялық бағдарға айналды. Дегенмен, жаңа сипаттағы қоғамның қалып-тасуы ашық қоғам теориясын жақтаушылардың көзқарастарымен шектелмейді және маңыздылығы жағынан алдымен адамның дүниетанымы жаңа құндылықтар жүйесімен астасып жатуымен тікелей байланысты екенін айта кетуге болады. Сонымен, қазіргі Қазақстан Республикасының саяси және әлеуметтік кеңістігінде бекіген бірегейленудің сипаты жоғарыда аталған өлшемдерге сәйкес келе ме, әлде біршама қайшылықтар кез-десе ме? Қазақстандағы әлеуметтік шындықтағы саяси, мәдени және рухани жаңғыру үрдістері Батыстың тікелей көшірмесі бола алмайды. Сонымен қатар демократиялану процестері мен ұлттық идея құрылымы мен мазмұны әрбір елдің ділі мен тіліне, салты мен дәстүріне де қарап қалыптасуы тиіс деген ойдамыз [3]. Сондықтан этноәлеуметтік кеңістікті дамытудың қазақстандық моделі жөнінде айтылған пайымдаулардың негізі жеткілікті, болашағы бар деген пікірді құптауға болады. Себебі, Қазақстандағы азаматтық біре-гейлену мәселесі этникалық шектеулер шеңберінен асып жалпы-қазақстандық деңгейіне көтерілу жолында.

Әдебиеттер

1.Сорос Дж.Советская система: к открытому обществу. -М.: Политиздат, 1991. - 346с. - С. 90-91

2.Лафонтен О.Общество будущего. Политика реформ в из-меняющемся мире. - М.: Межд. отношения, 1991. - 245с. - С. 15.

3. Ұлттық идея және қазақ философиясы. (Нұрмұратов
С.Е., Әлжан Қ.Ұ. және т.б.). Алматы: ФСИ, 2010. - 256 б.


Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?