Мақалада отандық тарихнамада қазан төңкерісіне дейін өмір сүрген шығыстанушының зерттелінбеген, Қазақстанның, сонымен қатар Орта Азияның тарихы, шығыстану, тарихи өлкетану мен этнологиясы бойынша көптеген басылымдардың авторы, генерал-лейтенант М.А. Терентьевтің (1837-1909) еңбектері талданады. Ол 1869 жылы генерал-губернатор К.П. Кауфманның тапсырмасымен Түркістан өлкесінің әскери-статистикасын жазумен айналысып, нәтижесінде 1872-1909 жылдар аралығында журналдық және монографиялық сипаттағы ғылыми басылымдар топтамасын шығарды.
Автор құнды мұрағаттық және құжаттық материалдарға сүйеніп, оған қолда бар әртүрлі деректерді тарта және тарихи, арнаулы әдебиеттерді, сонымен қатар өзінің тікелей пайымдауын қоса отырып, Сырдария және Жетісу облыстарын отарлаудың жүйелі статистикалық сипаттамасын берген. Бұл бірінші кезекте қоныс аударушылардың қонысын қайта көтеру бойынша, заттай мәдениеттің жекелеген элементтері, жергілікті тұрғындардың саудасы және т.б. бойынша жергілікті халықтардың сандық және ұлттық құрамына қатысты. Оған сонымен бірге Кіші, Орта және Ұлы жүз қазақтарының әртүрлі руларынан шыққан – Ташкент уезіндегі құрамашылардың зерттелуін жатқызуға болады.
М.А. Терентьев Қазақстан туралы қазақтың үш жүзі бойынша, олардың орналасуы, ішінара ру-тайпалық құрамы, көрші халықтармен және мемлекеттермен, бірінші кезекте Ресей патшалығы, Хиуа, Бұқара мен Қоқан хандықтары, қытай билеушілері, башқұрттар, қалмақтар және тағы басқалармен өзара қарым-қатынасы жөнінде айтарлықтай мәліметтер келтірген. Дәстүрлі қазақ қоғамының әлеуметтік жіктелу жағы да тыс қалмаған: «ақсүйек» (сұлтандар мен хандар), «қара сүйек» (қарапайым халық, старшиналарды қосқанда) және т.б.
Ә.И. ИСАЕВА
(доцент КазГосЖенПУ, к.и.н.)