Киіз – ежелгі малшылардың үстіңгі киімдерінің
дәстүрлі материалы. Махмұт Қашғари жұқа киізден жасалған киім жайында жазған.
Павел Йовия Новокомскийдің (16 ғасыр) бақылаулары бойынша дала тұрғындары «ат
және жіптен тоқылмаған, жүннен жабағыланған, көпшілікке танымал ақ матаны ғана
жеткізген, олардан фельтрия жеңсіз қаптал шапандарды жасайды, ол жаңбырдан және
де суықтан қорғайды, сонымен қоса айтарлықтай әдемі».
Жұқа киізден жасалған, жібекпен кестеленген бір ежелгі заманғы шапан Эрмитажда сақталған. Ол жеңсіз, ескі әскери жамылғы сияқты, біраз ұзартылған, жіңішке шәлілі жағасы бар. Етегі, жағасы, жең ойындысы қара баумен көмкеріліп, жіңішке жолмен кестеленген. Үстіңгі бөлігін қоспағанда, шапан күн бейнесін белгілейтін, тұтас ірі шоғырлас бойтұмарлармен тігілген. Ортасында ақ жұлдыз орналасқан, үстіңгі және астыңғы жағында бейнесі самғаған бүркітке – билік нышанына ұқсайтын пішін кестеленген. Бұл жұқа ақ киізден жасалған шапан – «қаттау» сияқты үстіңгі киімнің көне түрі. Қаттау шығыстанушылардың үшінші конгресінің көрмесіне Атбасардан әкелінген. Сол көрменің экспонаттары қатарында күміс пластинамен, үлкен түймелермен, алтын тігіспен әшекейленген, Мейрам Жанайдаровқа тиесілі былғары шекпендер де болған. Қой жүнінен басқа, қазақ халқының киімінде түйенің жүнінен жасалған киімдер кеңінен пайдаланылған. Тіпті Клавдий Элиан Каспий маңындағы елде «түйелер өте көп... Олардың жүні де тамаша: олардың жүні жұмсақ, жұмсақтығы бойынша тіпті милет жүнінен кем емес. Одан жасалған көйлекті абыздар мен каспийлер арасындағы ең бай да атақты адамдар киеді» деп жазған. Марко Полоның деректері бойынша, қарлұқтар жер бетінде түйе жүнінен ең керемет шұғаларды тігіп, көптеген әдемі төзімді ақ шұғаны жасап, әлемнің басқа елдеріне сатқан.
Киімнің көне түрі – шекпен – жаңбыр, боран, суық кезінде қорғаныш болған түйе жүнінен басылған кең және де айтарлықтай ұзын шапан. Шекпендер боялмаған жүннен (сары, ақ) және де көк, қызыл күрең және да басқа түстерден жасалған. Салтанатты жағдайларда киетін шекпендер әдетте боялған жүннен жасалып, олардың тігісі оқамен кестеленген. Салтанатты жағдайларда киетін көк шекпен Мәскеу университеті жанындағы көрмеде экспонат ретінде болған...