«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек»
Н. Ә. Назарбаев

Көкпар спорты қалай пайда болды?

2722 0
Көкпар спорты қалай пайда болды?
Көкпар тарту ойындары тек қазақта емес, Орталық Азия елдерінің кейбір елдері: ауған, қырғыз, өзбек, тәжік сияқты өзге де халықтарында бар

Кейбір зерттеушілердің ақпаратына сәйкес мұхиттың ар жағында орналасқан Аргентина елінде ұқсас ойынды дәлелдеп келтіреді. Сондықтан 2 мыңжылдық тарихы бар бұл ойынды тек қазақ халқына тиесілі ойын деуге келмес. Бұл спорттың шығу тарихын қаншалықты білеміз?

Әуелден, бұл спорттық ойынның қай уақыттан бергі келе жатқанына назар аударсақ. Түркі дәуірінде бұл ойын жауынгерлердің әскери машығын шыңдау әдісі мен құралының бірі болған екен. Соның арқасында жауынгер аттарының соғыс барысындағы шапшаңдығы байқалған. Жігіттердің күш-жігерін, төзімділігін, батылдығы мен ептілігін, ат үстінде мығым отыруын қалыптастырады. Содан бері біршама ғасырда бұл спорттың мақсаты мен міндеті біршама өзгеріске ұшыраған. 1958 жылдан бастап командалық спорт түрінде өткізілетін ойын, мәре көкпардан өзге түрлері жоғала бастады.

Этнографтардың айтуынша, «көкпар» сөзінің әуелгі атауы «көк бөрі» сөзінен шыққан. Мал баққан көшпелілер көк бөріні соғып алып, оны ат үстінде жүріп бір-бірінен ала қашып, мәз-мейрам болған. Кейін ол ұлттық ойынға айналады.

«Көкпар» деген сөз «көк» және «бөрі» деген екі есім сөздің кірігуінен пайда болды деген ойды А. Қалиұлы айтып өтеді: «Көкпар тарту – әскери жаттығулардың бір түрі. Түрік қағанатындағы «Дербес бөрі жасақ» дегеніміз осындай жаттығудан өтіп сайланған батырлар тобы еді», – деп тұжырымдайды.

Ал, академик Ә.Х. Марғұлан: «Сырдария мен Арал бойын мекендеген Сақ тайпалары жылсайын қасқыр тотемінің құрметіне арнап, қатысушылары қасқыр терісін жамылып, маска киетін атты-спорттық мейрам ұйымдастыратын. Бұл дәстүр түрік-моңғол тайпаларында күні бүгінге дейін сақталды. Қазақ, түрікмен, қырғыз елдерінде бұл ойын «көкпар – көк бөрі» деген атаумен сақталған. «Көкпар» атты ойынның қазақ халқындағы бір варианты «Қыз бөрі» – қасқыр терісі мен қасқыр маскасын киетін дәстүрлі сақ ойынының модификациясы болып табылады»- деп ойынға ғұрыптық мән береді.

Жазушы Қайрат Жанабаев:

­­­­­­­ – Бірақ шын мәнінде, бұл қасқыр немесе қасқырларға табынумен байланысты ежелгі тотемисттік идеялардың көрінісі. Табиғаттағы қасқырлар қасқырларды қалай жыртып, екіншісін жұлып алғанын еске түсірейік (мысалы, көкпарда - баланың ешкі үшін шайқасатын екі команданың ойыншылары, оны қарсыластан алып тастайды). Бұл сондай-ақ білім беру факторларының бірі болып табылады: ерік-жігер, ептілік, жауынгердің тапқырлығы. Қиындық пен күресте өмір сүру жағдайында көшпенділер күшті болу керек болды. Сондықтан, еркектер мен ересектердің барлығы әйелдерден басқа, көкпарға қатысты.

Тарих ғылымдарының докторы Бибизия Қалшабаева:

Әйелдерге ойындар болған жерлерге баруға рұқсат берілмеді. Көкпарға әйелдер келген жағдай да бір жамандық болатынын айтады. Менің әлі күнге дейін есімде, кішкентай болып жүрдік. Бір көкпар тартысы барысында бір адам қайтыс болды. Сондағы халықтың айтуы бойынша, сол ойында бір әйел болған.

Көкпарды ат спорты ретінде, қайта жаңғырту бағытында, халықаралық «Көкбөрі» федерациясы біршама игі бастамалар бастаған. Мысалы, 2013 жылы Астана қаласында тұңғыш Азия чемпионаты өткізілді.

Қазақстанда 1949 жылы бекітілген ереже бойынша,  көкпар арнаулы алаңдар да өткізіледі.   Алаң көлемі қатысушылар санына байланысты. Егер әр команда 5 адамнан болса, ұзындығы 300 м, ені 100 м, 10 адам болса – 500х200 м, 15 адамнан болса – 700х300 м, 20 адамнан болса – 1000х500 м болады. Алаңның әр бұрышына қызыл жалаушалар ілініп, ал оның екі жағында диаметрі 10 м-лік шеңбер («отау») сызылады. Алаң ортасында диаметрі 6 метрлік шеңбердің дәл ортасына Көкпар қойылады. Жарыс басталар сәтте командалар орталық шеңбердің сыртында тұрады. Жарыс алаңындағы төрешінің хабары бойынша басталады. Көкпар тарту қатысушылардың санына байланысты 8-15 минут аралығында өтеді. Көкпаршылардың мақсаты – орталық шеңберде жатқан Көкпарды өз командасының «отауына» жеткізу. Көкпар «отауға» жеткізілгеннен кейін, ойын алаң ортасынан қайта басталады. Белгіленген уақыт ішінде қай команда Көкпарды өз “отауына” көп жеткізсе, сол жеңіске жетеді.

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз
Бас редакторға сұрақ +7 707 686 75 81
Қазақша Русский English