Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Қожанасыр қазаққа қайдан келген

2588
Қожанасыр қазаққа қайдан келген - e-history.kz

Сурет: almaty-akshamy.kz

Қожанасыр әзілдері бала кезден бәрімізге таныс болса да, алайда Қожекеңнің қайдан шыққан, кім екенін біле бермейміз. Өйткені, оның өмірінен гөрі, әзілі жанымызға жақын. Дегенмен түркі дүниесіне ортақ тұлғаларды зерттеген ғұлама Мұхтар Әуезов Қожанасыр әңгімелері қазақта кең тарағанымен, өз басы қазақ емес екенін айтады. Сонда Қожанасыр қазаққа қалай келді? 

Қожанасыр қайда туған?

Қожанасыр аты күллі түркі даласына тараған есім. Тек түркі әлемі ғана емес, Қожекең әзілдері еуропаға да жеткен. Содан болар, түркі халықтарының арасында бұл тұлғаға деген талас жүріп жатады. Біреулер Қожекеңнің әзілдерін өз ұлтымен байланыстырса, енді бірі Қожанасырға тиесілі мазарларды алға тартады. Қалай болса да, Қожанасыр - бір ұлттың  арнасынан асып, аты күллі әлемге мәшһүр болған әзіл-оспақшы, философ, ғалым.  Бүгінде Қожанасырдың ғалым болғандығы туралы зерттеу еңбектерін Еуропадан табуға болады.

 Дегенмен уақыт өте келе Қожанасырдың болмысы да өзгерді. Оны өзгерткен мына біз бен сіз. Өйткені, қазір  көпшілік арасында мән-мағынасы жоқ анекдоттарды да «Қожанасыр айтыпты деп тели салатын» әдет пайда болған. Кімнен естігенімізді ұмытсақ та, кімнің айтқанына сенімдіміз. Әрине, Қожекең айтты. Содан да болар бұл күнде Қожанасыр әзілдерінің қатары 2000-нан асып кеткен-мыс. Тіпті одан да көп болуы мүмкін. Мәселен, «әзербайжандықтардың Қожанасыр туралы жазған кітабындағы әзілдерін оқып бітіре алмайсың» дейді Түркияның Кония қаласында тұратын профессор, ғалым Сайым Сакаолы (Saim Sakaoğlı).

Түркиялық профессор Сайым Сакаолыны мұнда «Қожанасырдың заңгері» деп қалжыңдайды. Бұл қалжыңның астарында үлкен мән бар.  Ғалым Қожанасыр әзілдерін 45 жыл бойы зерттеген. Ежелгі деректерде  Қожекеңнің әулие, ғалым екені анық жазылған дейді. Сондықтан тұлғаның қағытпа сөздері, әзіл аралас философиялық әңгімелері түркі халықтарының бәрінде кездеседі. Бүгінде  Қожекеңді түркі дүниесі ғана емес, тіпті түркиялықтар өзі  ішінен  бөлісе алмай таласып, жататын да айтып қалды. 

Мәселен, Түркияның Ақшехир деген жерінде Қожанасырдың мазары бар. Бұл мазарды алға тартқан ақшеһирліктер, Қожанасырды өз аумақтарынан алысқа жібергілері келмейтін көрінеді.  Кей мағлұматтарда  Қожанасыр 1208 жылы Түркиядағы Сиврихисар жанындағы Хорту ауылында туғаны жазылған. Кейін Конияға өтіп, білімін жетілдірген. 1237 жылы Ақшехирде әйгілі сопы ғалымдардан, соның ішінде сол кездегі ең танымал ұстаз  Сейіт Махмуд Хайраниден сабақ алған екен. Бүгінде Ақшехирде Қожанасырмен бірге ұстазының да мазары бар. Профессор Сайым Сакаолының айтуынша, Қожекең расында  Сиврихсарда туып, сол жерде молдалардан білім алып, кейін әкесінің жолымен балаларға білім берген. Сол жерде үйленеді. Сол жерде үлкен қызы тұрмысқа шыққанға дейін тұрған екен.

 Қазір Сивихсарда Қожекеңнің үйі бар-мыс. Ол үйдің осы уақытқа дейін қалай сақталғаны және ол расында Қожекеңе тиесілі ме, ол жағынан жазба деректер әрине жоқ. Дегенмен сивихсарлықтар жыл сайын Қожанасырдың туған күнінде фестиваль ұйымдастырады. Туристерді тарту үшін осы алға тартады, оның ішіне Қожекеңе тиеселі деген бірнеше жазба кітаптар мен суреттер қойлыған. Ал бұл ауылдың маңындағы Есхишеһірліктер соңғы жылдары тағы ғалымның мазар тасын тапқандарын айтып жар салған. Бұл Түркиядағы басылымдар жарық көрген ақпарат. Алайда, Сайым Сакаолы Қожекеңе қатысты әрбір мағұлмат мұқият тексерілемесе, өтірік болуы да мүмкін дейді. 

Сонымен сивихсарлықтар мен ескішеһірліктер де Қожекеңді осылай еншілеп алса керек. Кейін Кайсериде Қожанасырдың қызының мазар тасын  тапқандар Қожекең Кайсериде туған деген ақпарат таратқан. Сайым Сакаолы мұның бәрінің сыры Түркиядағы туризммен байланысты дейді. Туристерді тарту үшін бүгінде Қожакеңнің образы ғана емес, өмірін де өзгертіп, әртүрлі ақпараттар  таратып жатыр екен. Сондықтан ғалым жалған ақпарат тарту бұл тарихқа жасалған қиянатпен бірдей дейді. Бұл тұрғыда Қожекең Сивихсардағы Хортуда туғаны туралы нақты мәлімет барын, кейін Ақшеһірде өлгені рас екенін нақтылады. Ал Конияда танымал дін адамдары өмір сүргендіктен ол жерге білім алуға барған екен. 

Қожанасыр жазбалары

 неге жылдан жылға көбейіп барады?

Бүгінде Қожанасырға тиесілі 2 мыңнан астам әзіл оспаққа құрылған,  астарлы оймен жеткізілген  шағын әңгімелер бар екен. Алайда, бұның 200-ден астамы Қожанасырдікі емес дейді ғалым. Оның біразы сырттан ғалымның шығармашылығына қосылған жазбалар дейді. Жалпы Қожекеңнің өмірін бейнелейтін нақты жазба әдебиет тапшы. Сдан да болар ғалымның өмірі мен жазбаларын түбегейлі зерттеу  мүмкін болмай отыр. 

Мысалы Қожанасырға байланысты есегіне теріс мінгені туралы әзіл әңгіме барлық түркі халықтарында бар. Алайда оны әркім әртүрлі айтып жүр. Соның ішінде ең көп тарағаны «Қожанасыр есегіне теріс мініп, балаларға сабақ үйретіп келе жатыр» жазылғаны екен. «Бұл - өтірік. Қожанасыр есегіне теріс  мініп, сабақ үйрететіндей ақымақ адам болған емес. Ғалымнан 100 жыл  соң өмір сүрген алмандық бір тапқыр болыпты. Оны түркия зерттеушілер жақсы біледі. Ол да есегіне теріс мінген екен. Яғни, ерте заманда тапқыр адамдар есегіне теріс мініп, адамдардың оларға деген ойын, тапқырлығын, көзқарасын білгісі келген. Бұл бір ертедегі ел арасында жүрген тапқыр адамдардың өздері ойлап тапқан дәстүрі ғана болуы мүмкін» дейді Сайы Сакаолы.

Егер жол түсіп Ақшехирге барсаңыз, Қожекеңнен қалған алып қазанды көресіз. «Қазанның туу туралы  әзіл Қожекеңнің дүниежүзіне ең көп тараған  әзілдерінің бірі. Алайда, Сайым профессордың айтуынша, дәл осындай танымал әңгімелерінің біразы өзге тұлғалардың еңбектерінде де кездесіп қалады екен.  

Сайым Сакаолы Қожанасыр мен Тимур туралы әңгімелердің қиынға жанаспайтынын айтады. Олардың араларында 200 жылға жуық уақыт айырмашылығы бар. Мәселен, Мәулананың 6 томдық жинағында «KEDİ İSE ET NEREDE?» атты бір хикая бар. Оның нұсқасы қазақтар арасында Қожанасыр әйелінің ұрлығын ашу үшін «Мынау үш қадақ ет болса, мысық қайда? Ал, үш қадақ тартып тұрған мысықтың өзі болса, ет қайда?» деп тараған. Мұны көбіміз Қожанасыр айтыпты деп кесек те, оның түрікше нұсқасы Мәулананың (Жалаладдин Руми) жазбаларында да кездеседі екен. 

Тіпті Еуропада дәл осындай түркі халықтарына ортақ әзіл әңгімелер бар. Алайда, ол жақта нақты авторы айтылмаған соң оны Қады Қаракуш (Kadı Karakuş) жазды ма, әлде Қожанасыр жазды ма немесе тағы бір басқа адам жазды біле алмаймыз. Мәселен Қожанасырдікі дейтін «Бұл аспаптың даусы ертең шығады» дейтін бір аспапқа қатысты әзілі бар. Алайда бұл жерде аспаптың даусын айтып тұрған жоқ. Яғни, «бұл аспаптың даусы ертең шығады» деген әзіл шын мәнінде ұрлықшы бүгін ұрлық жасағанымен, оның аты ертең белгілі болады деген философиялық ойды білдіреді. 

Қожанасыр түркі халықтары сатирасының сардары. Әдебиеттегі ирония, сарказм, орынды келемеждеу мен кекету, тауып айтып ұялту мен мұқату, шындықты әзілмен шымбайына батырып жеткізу, қисынын келтіріп сөзбен қағыту жанрының негізі Қожекеңнен басталған десек те болады. Бабамыз ойды әзілмен жеткізген. Содан да болар бүтін түркі әлемі бүгінде Қожанасырдың нақты қайда жерде туғанын, ұлтының кім екенін қандай да бір дәлелмен өзіне тиесілі етуге барын салады. 

Бір еңбектерде «Насреддин Хожа, Молла Насреттин, Молла Насреддин, Насреддин Әпенді, Нәсірдін Әпенді, Насірдін Хожо, Насридин, Қожа Насреттин, Нусреддин Қожа, Насрадин, Насыр Хожа, Насируддин Хожа, Насредиин Хужа, Әпенді, Хожанасриддин, Насриддин Апанди, Жуха аттарымен танылған Қожанасыр – Орта Азияны мекен еткен түркі халықтарына ортақ бейне. Нақ туған жері мен ұлты жайын дөп басып айту қиын. Сірә, түркі халықтары біртұтас ел болып, еншісін алмаған тұста өмір сүрген жан болса керек. Тіпті ол туралы «ойдан шығарылған бейне» деген пікір де айтылды. Алайда, сөз саңлағының өмірде нақты болғанына  түркітанушылар зерттеген еңбектер айғақ. 

Қожанасыр Есхишеһірден кейін Конияға да білім іздеп кеткен. Осы жерде діни ғұламалардан дәріс алған. Біз ол туралы жоғарыда айттық. Бұл жердегі әйгілі ұстаздарының бірі білім адамы -  Ахмет Факи ( Ahmet FAKI). Бұдан кейін білім алу жолында Ақшехирге аттанған. Ахшехитрде Барда Билдир хожа бар. Сайым профессордың айтуынша, ол кезде қазіргідей университетке кетіп, білім ала салу оңай болмаған. Аты шыққан ұстаздардың қасына барып, ұзақ уақыт күтіп жүрген. Сол сияқты Қожекеңнің Ақшехирде қалып қоюының бірден бір себебі осы болса керек.  Бүгінде Түркияның Ақшехир қаласында Қожанасырдың да және ұстазы Сейіт Махмут Хайрани дың да мазары бар екен. 

Серіккүл Сұлтанқажы, Анкара 

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?