Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Түріктер туралы Қытай деректемелерінде 5-бөлім

2279
Түріктер туралы Қытай деректемелерінде 5-бөлім - e-history.kz

Қытай деректемелеріндегі түріктер туралы жазылымдардың бұл бөлігінде біз Батыс Түрік қағанатының жойылуы, Шығыс Түрік қағанатының өмір сүру кезеңі мен оның ішкі-сыртқы саясаты мен қарым-қатынастары туралы сөз болады.

Батыс түріктің жойылуы

Бұл тұста Сымаға қарасты үлыстардан Сарыөзеннен өткендер жүз мың. Cоғысқа жарамды адамы Қырық мың еді. Сыма өз елін орнықты билей алмады. Халкы да оған бағынбады. 17 жылы (643 жылы) олар бірінен соң бірі бүлік шығарды да Сарыөзеннің оңтүстігіне өтіп, Шянжоу дуандарының арасынан қоныс сурады. (Патшам) жарлық шығарып талаптарын мақұлдады. Сыма салт атпен сарайға келіп қол тапсырды. Көп ұзамай оған Оң қол қаһарлы тоқсауыл санғұн деген шен берілді. Ляудүң жорығында оған қаңғырған оқ тиіп жараланғанда Тәйзүң оның жарасының қанын өз аузымен сорды. Бұдан (патшамның) оны қаншалық қастерлейтіндігін аңғаруға болады. Сонан ОЛ Жылға толмай астанада қайтыс болды. Оған Жасақ бөлім санаты, Шяжоу тұтығы деген шендер берілді. Сүйегі Жаулиң кесенесіне жерленді. Қабірі Ақбелдеу тауына ұқсатып тұрғызылды, Хуажоудан мәңгітас орнату Жөнінде де жарлық шықты.

Жынгуан жылдарында (627-649 жылдар) Ашина милaтынан Қабы деген біреу Түріктің басқа бір ұлысын биледі. Ол кіші қаған ретінде ордасын Алтынтаудың теріскейіне тікті. Ілігі қаған құлаған соң, теріскей иен даладағы ұлыстар оны тай қаған етіп көтермек болды. Сол тұста Сірендада қаған бар еді. Сондықтан Қабы қаған болудан бас тартып, ұлысын бастап Cipeндaға кірімтал болды.

Ол ержүрек, өжет, айлалығымен халқына жақты. Ендалықтар оны күндеп құртпақ болды. Қабы мұны сезіп, байырғы мекеніне қашып кетті. Оның ордасы астанадан он мың ли қашықта, соғысқа жарамды адамы он мың. Ол өзін Едіге Қабы қаған де жариялады. Батыстағы Қарлық, солтүстіктегі Керғурлар түгел оған бағынды. Сіренда қойылған соң ол өз ұлы Ышбара тегінді ергілікті өнімдерімен сарайға қол тапсыруға кіберді орі өзім де сарайға зияраттасам деген сәлемін айтты. Тайзұң оны шақыруға сангүн Го Гуанжинды жіберді. Ол келмей қойды. Бүған Тайзұң катты ашуланды. (Таң Тайзұң заманы) Жынгуанның 23 жылы (649 жылы) оң қол адуын тоқсауыл кіші нөкер сардар Гау Кән Құйғыр, Бүркіттердің қолын бастап оларға қарсы жорыққа жіберілді. Оның адамдарынан Қарлық Низек Күл елтебер мен Барысбек Шөмекен Бағадүр іркіндер бірінен соң бірі Қабыдан бет бұрып, үлыстарымен сарайға кірімтал болды. (Таң Гаузұң заманы) юнхүйдың 1 жылы (650) Гау Кәнның қосыны Асық тауына келді. Қабы Хон ләшкерінің келіп қалғанын естіп, әр ұлыстан әскер жиды. Олар әскер бермеді. Осылайша әйелін алып бірнеше жүз атты әскерімен қашып кетті. Елі түгел бағынды. (Гау) Кон Қабыны iребдел атты әскермен қуып, түтқынға алды да астанаға жөнелтті. Ол Шах бабалар ғибадатханасы мен жаулин кесенесіне тарту етілді. Гаузүң оның қылмыстарын бірден атап отырып, кешірімділік жасады, оған сол қол каһарлы тоқсауыл санғүн деген атақ және Чаң-Әннан коражай берді. Оның қалған ел жұрты Өтүкен тауына орнықты. Оларды басқаруға Бөрілі тау тұтықтығы құрылды. Кабының үлкен үлы Керманда алғаш Басмыл ұлысын биледі. Билігі талқандалмас бұрын Кабы Емшік деген үлын сарайға қол тапсыруға жіберген болатын. Қатты қуанған Тайзұң оған сол қол түрғауыл санғұн деген шен берді. Кейін Сенле дуаны қүрылды да оның елін сол басқарды.

Қабы талқандалғаннан кейін Түріктер шекара өңірдегі бұқарамызға айналды. Тәңірқұт, Қаңғай деген екі басқақтық құрылды. Тәңірқұт басқақтығына Бөрілі тау, Юнжүң, Самған деген үш тұтықтық пен Сүнон сияқты он төрт дуан, ал Қаңғай басқақтығына Қаңғай, Жин-уй, Сенле сияқты жеті тұтықтық, Селенгi, Ғaлaн секілді сегіз дуан қарады. Әрқайсысына өз ұлыс басылары тұтық, дуанбасы болды. Гаузүңның шығыстағы Тәйшән тауына тәуап сапарына Бөрiлi тау тұтығы Қарлық жал сияқты ұлыс басыларынан отыздай адам атқосшы болып барды. Олардың есімі тасаттық құлпытасына ойылды.

Юңхүй жылдарынан (651-655 жылдар) кейін теріскей өлкедегілер баракат өмір кешті. (Таң Гаузүң заманы) тяулудың 1 жылы (679) Тәңіркүт (басқақтығындағы) Түріктің үлыс басыларынан Ашнатек Үнбі, Мұнчақтардың екі ұлысы бүлік бастап Низек бекті қаған көтерді, жиырма төрт дуан түгел сарайға опасыздық жасап, оларға үн қосты. Гаузүң мәмілегер уәзір Шяу Сы йе, оң қол Қылышкер санғүн Ли ЖиҢжяларды жазалау жорығына аттандырды. Олар Үнбіден жеңіліп он неше мың әскерден айырылды. Сонан Жөрелгі бөлім санаты Пей Шинжянды Диң яң бағытының аға жорық төбенайы етіп тағайындау жөнінде жарлық шықты. Ол көлiк кiшi уәзірі Ли Сыуын, Иыңжоу тұтығы Жоу Дау-улардың үш жүз неше мың әскерін бастап Үнбіге тұтқиыл шабуыл жасап, оны ойсырата жеңді. Низек бекті оның өз қол астындағылары өлтірді, (жорықшылар) Мүнчақты түтқын етіп қайтты. (Таң Гаузүң заманы) юүлүңның 1 жылы (680) Түріктер тағы да Ілігтің немере ағасының үлы Ашна Бүнемді Шяжоу дуанынан алдырып, Сарыөзеннен өткен соң оны қаған көтерді. Барлық үлыстар оған үн қосты. Пей Шинжянға санғүн Цау Жишу, Чың Утиң, Ли Чүнжы, Ли Уынжандарға қолбасылық етіп жазалау жорығын жасау жөнінде жарлық шықты. Бүнем қыспақта қорыққанынан Шинжянға тізе бүкті. Шинжян Бүнемді түтқындап астанаға жеткізді. Дүңшыда оның басы алынды. (Таң Гаузұң заманы) Юнчүнның 2 жылы (682 жылы) (Қазақстан тарихы туралы қытай деректері. 4- том. 150-194- беттер)

Құтлық қайта бүлік шығарды. Соңғы Түрік қағанатының құрылуы

Құтлық - Ілігтің жамағайыны, әулет есімі – Ашна. Оның үлы әкесі Тәңіркүт (басқақтығының) батысындағы Юнжүңның түтығы Шал батырдың қол астындағы ұлысбасы еді. Ол мұрагерлік жолмен түдын чор болды. Бүнем талқандалған соң, Құтлық бытырап кеткен елінен бес мыңнан астам адам топтап Шүғай тауына бекініп қарақшылық істеді. Ол Тоғыз арыстың (Телектің) қой, жылқыларын тонап, біртебірте күшейген соң өзін қаған, інілері Бөгі чорды шад, Түсебекті ябғү көтерді. Ол кезде Ашнатек Асыл Тәңірқұт (басқақтығындағы) бағынған түтіндердің тектеушісі еді. Ол істі болғандықтан Тәңірқұт зүрғаны Уаң Были тарапынан түтқындалды. Құтлық шабуыл жасаған түста Асыл бұрынғыдай үлыстарға тектеуші болуды сұранды. Были бүған көнді. Ол сол орайда Құтлыкка өтіп кетті. Бүған қатты қуанған Құтлық оны аба тарқан етіп көтеріп, жасағын соған басқартты.

Юңчүнның 2 жылы Уйжоу шапқыншылыкка үшырады. Фыңжоу түтығы Цүй Жыбян шапқыншыларға қарсы соғысты, сонан ол қарақшылардың қолынан қаза тапты. (Таң Pүйзүң заманы) уынминның 1 жылы (684) олар тағы да Шожоуға шабуыл жасап бүқаралар мен үлықтарды өлтірді және айдап әкетті.

У Зытян сол қол қаһарлы тоқсауыл тай санғүн Чың Утинды Тәңірқұт бағытына аға жебеуіл етіп жіберіп қорғанысты күшейтті. (У Зытян заманы) Чүйгүңның 2 жылы (686 жылы) Құтлық шожоу, Дәйжоу дуандарына тағы да арандату жүргізді. Сол қол ұлан нөкер сардар Чүнюй Чупиң Яңчүй бағытының төбенайы болып тағайындалып, кеми қолаға нөкер сардар Пу Иыңжемен бірге қол бастап көмекке аттанды. Олар Шинжоуға іліне бере қарақшыларға жолығып, ойсырай жеңілді, бес мыңдай адам өлді. 3 жылы (687 жыл) Құтлық пен Асыл Чаңиңге шабуылдады. Сол қыран тоқсауыл тай санғұн Хичы Чаңжы жарлық бойынша соғысқа кіріп оларды шегіндірді. Сол жылы тамызда олар Шожоуды тағы шапты. Хичы Чаңжы Өнен бағытының аға төбенайы болып тағайындалды да қарақШыларды Хуаңхуадүйде күйрете талқандап, оларды қырық неше лиге дейін қуып салды. Қарақшылар шөлдің теріскейiне бытырап кетті. Оң қол сақтауыл нөкер сардар Цуан Бауби қорғаннан он үш мың iребдел әскермен аттанып оларды өкшелей қуды. Бірақ Құтлықтан жеңіліп, бүкіл әскерінен айырылды. (Цуан) Бауби салт атпен қашып келді. Кезінде Чаңжының қарақшыларды талқандағанын көрген Бауби олардың қалған топтарын жоюды өтініп, сарайға датнама ұсынған болатын. У Зытян Чаңжыға Баубимен кеңесуге, оған алыстан медет беруге жарлық шығарды. Қарақшыларды оп-оңай құрта саламын деп ойлаған Бауби еңбек сіңіруге асығып алдын ала аттанды. Ол адамдарына қорғаннан екі мың лиден арғы өңірді шолғызды. Олар Асылдардың ұлысының жайбарақат жатқанын көріп, басып алуға аттанды. Таяп барған соң, қарақшыларға кісі шаптырып, соғысқа қамданыңдар деп хабар берді. Сөйтіп қарақшылардан жеңілді. Бауби осы іске байланысты өлтірілді. Қатты кәрленген Зытян Құтлықтың есімін ит жанды — Лық деп өзгертті. Асыл көп ұзамай Түргештерге қарсы аттанған жорықта қаза тапты. Құтлық (У Зытян заманы) Тяншоу жылдары (690-691 жылдар) аурудан қайтыс болды. Бөгі чор - Құтлықтың інісі. Құтлық олгенде артында қалған ұлы жас болды да, Бөгі чор тақты тартып алып, өзін қаған деп жариялады. (У Зытян заманы) чаңшоудын 5 жылы (693 жылы) ол қол бастап Лиң Cжоуға шапқын. шылық жасап, бүкаралар мен ұлықтарды өлтірді және айдап әкетті. Зытян Бойма бүтханасының шыраманасы Шө Хуай-иды Дәйбей бағытының аға жорық төбенайы етіп тағайындап, он сегіз санғұнды бастап жазалау жорығын жасауға аттандырды. Олар қарақшыларды кезіктіре алмай, қайтып келді. Бөгі чор іле-шала сарайға елшісін жіберді. Зытян бүған қатты қуанып, оған сол қол тоқсауыл тай санғүн, елін тапқан сұлтан деген шен, бес мың топ торғын-торқа берді. Келесі жылы сарайға тағы да елші жіберіп бітімге келуді өтінді. Оған Ізгілікке көшкен қаған деген атақ берілді.

(У Зытян заманы) Уәнсүй түңтянның 1 жылы (696) Қытанның ұлыс басы Ли Жинжүн, Сүн Уәнрүңдар бүлік шығарып Йыңжоу түтықтығын басып алды. Бөгі чор сарайға елші салып: "Хышидағы бағынған түтіндерді қайтарсаңыз, мен колмакол әскерімді бастап барып мемлекетіңіз Уін Қытанға жазалау жорығын жасаймын" пеген дат айтты. (Патшайым) разылық беріп жарлық шығарды. Сонан Бөгі чор Қытанды басып алды да, ұлысын быт-шыт кылып, адамдарын түгел тұтқынға алды. Осыдан былай Бөгі чордың әскері бірте-бірте күшейді. Көп ұзамай Зытян елші жіберіп Бөгі чорға ардагер, Елтеріс тай тәңірқұт, еңбегімен ақталған қаған деген нәмдер берді. (У Зытян заманы) Шыңлидың 1 жылы (698 жыл) Бөгі чор сарайға датнама үсынып Зытянға ұл болсам әрі қыз беріп құда-анда болсақ деп өтінді. Кезінде шянхың жылдарында (670-673) Түріктің бағынған ұлыстарының көбі Фыңжоу, Шыңжоу, ЛиҢжоу, Шяңжоу, Шожоу, Дәйжоу сияқты алты дуанға қоныстандырылып, бағынған түтіндер деп аталған еді. Бөгі чор осы бағынған түтіндер мен Тәңірқұт басқақтығының жерін сүрады. әрі егіс сайманы мен тұқым беруді талап етті. Зытян әуел баста бұған көнбеді. Бөгі чор қатты ашуланды да такапарлана сөйлеп, еліміздің даягерлік уәзірі Тян Гүйдауды қайтармай ұстап қалып, өлтірмек болды. Бұл кезде сарай оның әскери әлуетінен жасканатын еді. Аға жандар Яy Шу, нөкер жанауыл Яң Зәйсылар олардың құда-андалық талаб кабылдайық деп кеңес берді. Осылайша ал дуандағы бағынған түтіндерден мында Отбасы қуып тасталды, сондай-ақ Қырық мың даннан астам түқым, үш мың Мың егіс сайманы берілді. Бөгі чордың біртіндеп күшеюі осымен де байланысты.

Сол жылы Зытян Уй ханы УЧыңсының улы Хуайяң ханы (У) Яншюға оның (Бөгі чордың) ҚЫЗЫН xанымдыққа алуды бұйырды, оң қол бабыр тоқсауыл тай санғүн Ян Жыуйды уақытша Жөрелгі бөлім санаты, оң қол қаһарлы тоқсауыл кіші нөкер сардар Яң Чижуаңды уақытша даягерлік уәзірі етіп тағайындап Қыруар алтын, торғын-торқамен Лулардың ордасына аттандырды. Олар Қарақұмдағы күнгей ордаға келді. Бөгі чор (Ян) Жы уйлерге: “Мен қызымды Ли шаңырағының патшазадасына ұзатам дегенмін. Сен бүгін у шаңырағының ұлын ертіп келіпсің. Ол патшазада есептеле ме? Біз Түріктер ата-бабамыздан Ли шаңырағына бодан болып келеміз. Қазір естуімше Ли шаңырағынан шыққан Көктің ұлының тұқымы үзілмепті, Әлі екі ұл бар дейді. Мен әскер бастап барып олардың тағына отыруына көмектесемін" деді. Сөйтті де У Ян Шюларды ұстап, басқа бір жерге қаматтырды, Ян Жы-уйге қаған деген атақ беріп, онымен бірге жүз неше мың әскерді бастап біздің Жиңнән және Пиңди, Чиң-и сияқты алайларымызға шабуылдады. Жиң Нәнның алайбасы сол қол ұлан санғұны Муруң Шюанзы бес мың әскерімен оларға тізе бүкті. Олар іле-шала Гүйжоу, Таңжоу Дуандарына басып кірді. Зытян хан жамағат уәзірі У Жүңгүйды көктің қосыны орталық бағытының аға төбенайы, оң қол каһарлы айбынды тоқсауыл санғүн Чача Адалды көктің қосыны батыс бағытының Жізек төбенайы, Южоу түтығы Жаң Рынданды көктің қосыны Шығыс бағытының төбенайы етіп тағайындап, үш жүз мың қолмен оған шабуыл жасауға бұйырды. Оң қол ұлан тоқсауыл тай санғұн Ян Жиңрүң көктің қосыны батыс бағытының шығдауыл төбенайы болды да, бір жүз елу мың адамдық жетiт құрамасын басқарды. Бөгі чор тағы да Хыңюе бағытынан аттанып, Уйжоуға шабуыл жасап, Фиху ауданын басып алды. Көп үзамай Диңжоуды шауып, дуанбасы Сүн Яңгауды өлтірді, бұқараның үйлерін өртеді, ер-әйелдерді айдап әкетіп, кәрі-жас демей Қырып салды. Қатты ашуланған Зытян Бегі чордың басын әкелген кісіге хан лауазымын беремін деді, Бөгі чорды мүрдем кеткір - Чор деп атады.

Түріктер көп ұзамай Жанжоуды қоршап алды. Зүрған Таң Боро қамалдан шығып Оларға тізе бүкті. Дуанбасы Гаy Pүй арын сақтап тізе бүкпегендіктен өлтірілді. Зытян Лулиң ханын (Ли Шянды) мұрагер патшазада етіп көтеріп, оны Хыбей бұлығына жорық, бас сардары болуға бұйырды. Қосын аттанбай жатып Бөгі чор Жаужоу, ДиҢжоу дуандарында талан-тараж жүргізіп сексен-тоқсан Мың адамды айдап Ухүй бүлығы арқылы сытылып шығып кетті. Олар жол бойы қисапсыз көп адамды өлтірді. Чача Адал мен шығдауыл төбенайы Ли Дозолар қарақшыларға таяп келсе де, соғысуға жүрегі дуаламады. Хыбей бүлығы бас сардарының аға жандары Ди Рынже жүз мың әскермен өкшелей қуып жете алмады.

Шыңлидың 2 жылы (699) Бөгі чор інісі Түсе бекті сол қол шад, Құтлықтың ұлы Бөкені оң қол шад етіп көтеріп, олардың әрқайсысна жиырма мыңнан астам жасақ басқартты. Тағы өз ұлы Бекуді кіші қаған етіп көтерді. Оның мәртебесі екі шадтан да жоғары болды. Оған Шөмекен сияқты Он оқ будұнның қырық неше мың әскерін басқартты әрі Батысқа ірге кеңейткен қаған деген атақ берді. Содан бастап шекарамызға әр жылы арандату жүргізді. (У Зытян заманы) Жю Шының 1 жылы (700) Лүң Юдағы Әкiмшелерді шауып шахналық түліктен он Мыңдаған жылқы айдап кетті. Оң қол бақылауыл төреші абыз Уй Юанжүңға Лину бағытының аға жорық тобeнайы ретінде олардан қорғану бұйырылды. Бұдан сырт Әнбей аға басқағы Шяң ханы Ли Донға көктің қосыны бағытына бас сардар болып, алайларды бастап жазалау жорығына аттану жөнінде жарлық шықты. Бірақ қосын аттанғанша, қарақшылар шегініп кетті.

(У Зытян заманы) Чаң-Энның 3 жылы (703) Бөгі чор Баға тарқанды елші етіп жіберіп қызын мұрагер патшазаданың ұлына атастыруды өтінді. Зытян мұрагер патшазаданың ұлдары Пиң-ын ханы (Ли) Чүнжүн, Ишиң ханы Ли Чұңминдерді* сарайға түрғызып қойып (елшіге) көрсетті. Бөгі чор бөліні Елік Тамғанды мың жылқы және жергілікті өнімдерімен сарайға қол тапсыруға жіберіп қүда-андалыққа рұқсат бергені үшін рақмет айтты. У Зытян Суюйтиңде (елшіге арнап) қонақасы берді. Оған мұрагер патшазада, Шяң ханы және сарай ұлықтарынан 3дәрежеліден жоғарғылар қатысты. (Елші) мол тарту таралғымен еліне қайтарылды. (Таң) Жүңзүң таққа отырған соң Бөгі чор Лиңжоу дуанының Миңша ауданын шапты, Лину алайының аға төбенайы Чача Адал олармен ұзақ соғысты. Нәтижеде шахналық қосын жеңіліп, алты мыңнан астам адамынан айырылды. Қарақшылар Юанжоу, Хүйжоу дуандарына шабуыл жасап, Лүңюдағы шахналық түліктен он неше мың жылқыны айдап кетті. Чача Адал өлімге бұйырылып, кешіріммен босатылды.

Жүңзүң қүда-андалықты үзу туралы жарлық шығарды. Бөгі чордың басын алған немесе оны ұстағандарға хан шенін беретіндігін жарлады. Тоқсауыл тай санғүндарға екі мың топ торғын берді және қалам-қару төрелеріне Түрікті талқандаудың шарасын табуды бұйырды. Оң қол машураткер Лу Фу былайша дат айтты: "Пақырыңыздың естуінше қой үстіне боз торғай жұмыртқалаған Юй заманында Мяулар жарлыққа бойсұнбапты, ізгілікке үйрету дәріптелген Иын әулеті тұсында да Гүрлер (25) бағынбапты, Нүм тиектермен арадағы атыс-шабыс елауадан жалғасып келеді. Хан Гаузу патша Лоу Жиңның кеңесін қабылдап Ғұнға патша әулетінің ханшасын ұзатып құда-анда болғанымен әрі оларға қисапсыз мол тарту-таралғы бергенімен, әспенсіген Бақтүғ шекараны арандатуын тоқтатпапты. Міне мүнан қиыр жайлап, шет қонған жаугер халықты мейір-шапағатпен орнықтыруға болмайтынын, тек қарудың күшімен тізгіндеуге болатынын байқауға болады.

Алайда үш әулеттен бері үтымды шара табылмады. Қазір Fүндар бағынбай, шекара бекіністерімізді мазалауда. Патшам қаһарын төгіп, қалың қол аттандырғалы отыр. Пақырыңыздың білуінше Фан Шудың жүлдызды жорығы Жоу хандығының "Жырнама" парасында айрықша мадақталған, Хо Чүйбиңның сыпайшылдық ерен ерлігі Қарлығаштауда тасқа ойылған. Қиырдағы жауға шеру тартып оны жоюдың кілті – қолбасыны таңдай білуде. “Жылнамада" бас сардарды таңдауда оның “Жосыннама” мен "Әуезнаманы” білуіне, “Жырнама” мен “Арғы тарихты” игеруіне қарау керек делінген. Жин әулетінің уәзірі Ду Юй садақты келістіріп ата алмағанымен, У әулетін жоюдай ерен еңбек сіңірген. Мұнан (бас сардардың) жеке батырлықтың емес, жалпы шайқасты игере алатын парасаттың адамы болуға тиіс екенін білуге болады.

Бажақ сардар Чача Адалдар батырлықтан кенде болмағанымен, толғамы тойпаң, асылында биік мансаптың емес, шабандоз сардардың ғана адамы еді. Жорықшыларда қатаң тәртіп болғанда ғана санкүндар жан аямай соғысады. Чин (хандығы) Чаңпинды басып алғанда Жау Ко өлтірілді. Ғулар Ма-ида түзақ баспап еді, Уан Хуй өлімге үкім етілді. Әскерді (қолбасыны) жазалау бұрыннан бар заң, жуырда Миңа шайқасында бас сардар алдымен зытып мемлекетіміздің айбынын муқалтты. Олар мемлекет заңының жазасын тартылуға тиіс. Алайда шайқаста қосынымыз жеңіліп, шеп бүзылып, оқ тақа таусылғанымен ержүрек жауынгерлер жаумен ақтық деміне дейін алысты. Олардың еңбегі естелікке алынуы лағзым. Сонда ғана әскерді жігерлендіруге болады. Сыйлау мен жазалау анық болса сардар да, сарбаз да аянбайды. Міне бұл – жауды жоюдың тамаша тәсілі. Пақырыңыздың білуінше, Мән-рейлерді Мән-рейлерге қайрап салу – Кіндік қағанаттың ежелгі тәсілі. Сондықтан Чын Таң батыс өңірліктерді бастап Тезек (тәңірқұтты) жойды. Чаң Хүй Үйсін арқылы Fүндарды женді. Бан (Чау), Фy (Жезы) сияқты шешен, батыр қайраткерлерді мол ақы беріп жүмысқа шақыру, бажақ елдермен кең көлемде одақ жасап, олармен күш біріктіре шабуыл жасап (Түрікті) жан-жақтан қыспаққа алу керек. Пақырыңыздың естуінше бүрын Шинчинде тың көтеріліп, шекара бекіністер бекемделген екен. Сол жолға сай атпал азаматтарды шекара өңірге қоныстандыру керек. Олардың арасынан соғысқа жарамдыларын тандап, салықтан босатып, омақтар мен бестіктерге айырайық. Оларға (әскери) бүйрықтарды үғындырайық, әскери өнерге машықтандырайық. Рейлердің қатерлі екенін барынша үғындырайық, соғыс олжасын өздеріне қалдырайық.

Сонда олар жақын манда соғыс бола қалса отбасын қорғау үшін жанын салатын, ал қиырға шеру тартса, байлық үшін жанталаса соғысатын болады. Қан майдан олар үшін үлкен мектеп. Олар таң сәріде “Яң Люды” айтып аттанса, кешке “Дидуды" шырқап оралады. Сөйтіп он жылдан соң (шекара өңірде) мәңгілік бейбітшілік орнайды. Пақырыңыздың естуінше Хән әулеті Жы Дуға шен берген соң Ғұндар шекараға жуымапты. Жау әулеті Ли Муды тағайындаған соң Лымғулар шет қиырға қашыпты. Теріскей өлкенің орнықтылығы мен орнықсыздығы, шекара қамалындағы жеңіс пен жеңіліс, ұлан-ғайыр дала данышпан қолбасының бар-жоқтығына қатысты. Сондықтан шекара өңірдің дуанбасыларын салмақтылықпен саралаған жөн. Кісісі табылса тағайындау керек. Аң аулату тәсілімен әскер Ді машықтандырайық. Тың көтеру арқылы камбаларды дәнге толтырайық. Тұр жасап қару жарак соқтырайық. Жау шапса қорғана соққы берейік те, шегінсе берік бекініп қорғаанысты күшейтейік. Бұл – ежелгі тамаша тәсіл. Былтыр қуаңшылық ауыр болып астықтың түсімі кеміді. Сондықтан шекараны бекемдеуге ден қойып, әскерді жорыққа аттандырмау біз үшін тиімді. Ішкергі аймақтардағы бұқараға өз харекетімен алаңсыз айналысуға мүмкіндік жарату улықтарды саралау, салықты азайту, құрылыс ісінде үнемшілікті дәріптеу, лауазым ісінде жең ұшынан жалғасудың алдын алу керек. Бұқараның мал-мүлкін аялау, міндетті еңбекті азайту керек. Халық күшін сәулетті сарайларды іргелендіру үшін ысырап етпеу, жер жағдайы мен күн райын бақылап егін салдыру, күз бен қыста аң аулату арқылы соғыс өнеріне машықтандыру лағзым. Сонда неше жылда-ақ, (әскерлеріміз) батыр да, парасатты болып жетіледі. Қамбамыз дәнге Толады, қару-жарағымыз сайланады. Сонан соң алты алайды реттеп Дешті құмнан көктей өтіп, түмен шақырымдық жорық жасап екі ордасының да күлін көкке ұшырамыз, Шоқтеректегі ағамандарын өлтіріп, бастарын Гауже көшесіндегі бажақтардың сарайына ілеміз. Осылайша Мәндерді қалтыратамыз, соғысты аяқтап, әскерді тынықтырамыз. Бұл тәңір жолына үйлеседі, адамдардың тілегіне де сай келеді. Алдымен iштi, онан соң сыртты оңау, алдымен жақынды, онан соң жырақты орнықтыру Кіндік қағанатқа тиімді әрі төңіректің төрт бұрышын тыныштандыруға пайдалы. Пақырыңыз жастайынан қаламмен айнадысты, қару өнерін үйренген емеспін. Бұл арада бұрынғы игі жақсылардың шеп қүрып шабуыл жасау өнері жөніндегі тағылымдарын айтып отырмын. Шолақ толғамым бойынша ойыма келгенін құзырыңызға мантырағанымды айыпқа бұйыра көрмеңіз”.

Патшам датнаманы ұнатты. Бөгі чор елшіміз өкіл мәмілегер уәзір Саң Сы-янды өлтірді. (Саң) Сы-ян қарақшыларға тізе бүкпей ерлік жасағаны үшін мәмілегер уәзір деп танылды. Сонымен қатар сол қол түрғауыл тай санғұн Жаң Рын Дәнның уақытша оң қол бақылауыл төреші абыз және Шофаң бағытының аға төбенайы болып тағайындалып қорғанысты күшейтуге жауаптанғаны туралы жарлық шықты. Жаң Індон Сарыөзеннің солтүстігінен бағынандарды қабылдайтын үш қамал салып, "рдың оңтүстікке шабуыл жасайтын жолын (Таң) Pүйзүң патша таққа отырған соң, Бөгі чор тағы елші салып қүда-анда болуды өтінді. Сүң ханы Ли Чыңжидың қызын Алтынтаулық ханша деген атақпен ұзатуға келісім берілді. Осылайша Бөгі чор ұлы Янаш тегінді сарайға қол тапсыруға жіберді. Оған оң қол адуын тоқсауыл қосалқы тай санғүн деген шен берілді. Көп ұзамай Pүйзүң тақтан тайдырылды да, куда-андалық іске аспады.

Бұрын (Таң Pүйзүң заманы) Жиңюн жылдарында (710-711 жылдар) Бегі зор әскерімен батыстағы Сағаға шабуыл жасап, оны жойған болатын. Түріктер (У Зытян заманы) Шынгүн жылынан (697) кейін Қытан, Ғилардан үнемі көпшір және әскер алып тұрды. Сөйтіп олардың жері шығыстан батысқа – он мыңдаған лиге созылды, оқшыларының саны төрт жүз мыңға жетті. Бүл Ілiг құлағаннан кейінгі олардың ең күшейген тұсы еді. Ол әскеріне арқаланып халқын жәбірледі. Бөгі чор қартайған соң ұлыстары бірте-бірте іргелерін аулаққа сала бастады. (Таң Шюанзүң заманы) кәЙжанның 2 жылы (714) Ол үлы Iнел қаған, Тоңа тегін, қарындасының күйеуі Қобүт елтебер Засібірлерді сайлауыт қосынмен Бесбалықты қоршауға аттандырды. Оң қол аду тоқсауыл санғүн Го Чянгуан қаланы берік сақтады. Ол күтпеген жерден әскер шығарып Тоңа тегінді кала түбінде тұтқындап басын алды. Лулар шегініп кетті. Еліне қайтуға жүрегі дауаламаған Кобүт қатынымен бірге сарайға паналады. Оған сол қол тоқсауыл сангүн деген шен, Янбей арда ханы, қатынына Алтынтаулық ханша деген лауазым лайықталды және бір қоражай мен он құл-күң, он жылқы, мың топ торғын берілді. Келесі жылы Он оқ үлысының сол қанат Бес түрік чорлары мен оң қанат Бес нүшбенің бес іркіні және қыз күйеу Корей Маглеш Гаумүнкен, Едіз түтығы Едіз Сетейлер өз ұлыстарымен келіп бірінен соң бірі тізе бүкті. Олар он мыңдаған шаңыраққа жетті. Оларды Сарыөзеннің оңтүстігіндегі байырғы жерлеріне қоныстандыру, Гаумүнкеннің сол қол тоқсауыл қосалқы тай санғүн, Ляуши арда ханы, Едіз Сетейдiң ардагер, оң қол тоқсауыл қосалқы тай санғүн, Едіз түтығы, Лоуфән арда сұлтаны болып тағайындалғаны жөнінде жарлық шықты. Басқа ұлыс басыларына да шен және дәрежелеріне қарай торғын-торқа сыйға берілді.

Көп үзамай Бөгі чордың күйеу баласы Ашнатек Күлік те сарайға кірімтал болып ардагер лауазымын алды. Сол жылы күзде Бөгі чор Тоғыз арыстың ұлыс басы Абүстармен шөлдің теріскейінде шайқасты. Тоғыз арыс күйреп, мал-жанының көбі қырылды. Абүс елін бастап келіп сарайға тізе бүкті.

4 жылы (716) Бөгі чор теріскейдегі Тоғыз арыстың бірі санатындағы Байырқыларға жазалау жорығын жасады. Соғыс Тоғла өзені бойында өтті. Байырқылар ойсырай жеңілді. Жеңісіне масаттанған Бөгі чор аз әскерімен қаннен қаперсіз қайтып келе жатқанда тал арасына жасырынған Байырқының қалған күші Қышлақтың тобына ұшырасты. Олар түтқиыл шабуыл жасап Бөгі чордың басын алды да, сарайдың бажақ елдерге жіберген елшісі Xay Лиңчюаннан астанаға жіберіп берді. Құтлықтың ұлы Күлтегін ескі ұлыстарының басын құрап Бөгі чордың ұлы кіші қаған мен інілерін және жақтастарын түгел қырып салып өз ағасы сол білге хан Бегленді Білге қаған деген лауазыммен таққа отырғызды. Білге қаған таққа (Таң Шюанзүң заманы) Койюанның 4 жылы (716 жылы) отырды.

Ол асылында Кіші шад болатын. Ол қайырымы мол, жұртқа сүйкімді жан еді. Билікті алуда Күлтегіннің еңбегі зор болған соң, тақты соған бермек болды. Күлтегін одан бас тартты. Осылайша оны сол білге хан етіп тағайындап әскери билікті соған тапсырды. Бүл Ғи, Қытандар бірінен соң бірі шекара бекінісімізге келіп бас үрын бағынған, Түргеш Сүлік өзін өз алдына қаған көтерген, Түрік үлыстарының көбі толқи бастаған кез еді. Осылайша Бөгі чор заманындағы орда улығы Тонйұқүқ бас ақылшылыққа шақырылды. Кезінде Күлтегін Бөгі чордың қол астындағы ұлықтардың бәрін қырып салғанда, Тонйұқүқ қана қызы Кіші шадтың қатүны болғандықтан олімнен қалып, мансабынан алынып өз ұлысына қайтарылған болатын. Енді қайта мансапқа тағайындалды. Ол жасы жетпісті еңсерген еді. Бажақтар оны айрықша құрметтейтін.

Көп ұзамай Хычүйдағы бағынған түтіндер Арсылан, Едіз Сетейлердің басшылығында сарайдан бет бұрып (Түрікке) қосылды. Кезінде бағынған түтіндер Тәңіркүт (басқақтығының оңтүстігіне келгенде сол қол тоқсауыл тай санғұн, Тәңірқұттың кеми басқағы Жаң Жыюн олардың қару-жарағын қи сыпырып, Сарыөзеннің оңтүстігіне көшуді бұйырды. Бажақтар бүған қатты наразы болды. Төреші шобы Жян Хүй желмебасы болып келген соң бажақтар кару-жарақсыз қу жан болып аң аулай алмадық деп шағым түсірді. (Жаң) Хүй оларға (қару-жарақтарын) түгел қайтарып берді Сөйтіп олар жауласатын қару жаракты қолдарына түсірді. Жаң ЖыЮн дайындыксы жағдайда бағынған түтіндермен Көкқадала шайқасып жеңілді. Жыюн майданда қолға түсті. Олар оны Түрiкке айдап апармак болды. Шофаңның төбенайы Шоны ләшкер тартып, оларға қарсы аттанды. Қарақшылар Дабиң ауданына іліне санғұн Го Жыюнның түтқиыл шабуылына жолықты. Қарақшылар ауыр шығындалып Қаратау, Қаған аңғарына бытырай сіңіп кетті де, Жаң Жыюнды босатып қоя берді. Патшам қосыннан айырылғаны үшін Жаң Жыюнды жұрт алдында өлтіртті. Бағынған түтіндер қол астына қараған соң Кіші шад оңтүстікке шабуыл жасамақ болды. Тонйұқұқ: “Таң әміршісі жауынгер адам, халқы да берекелі, биыл астықтан мол өнім алды. Қазір орайлы кез емес. Тырп етпейік. Біздің еліміз енді ғана жиналып жатыр, Әлі дәрменсіз. Үш-төрт жыл тыныққан соң, жағдайдың өзгерісіне қарай іс көрейік" деді. Кіші шад қала, қамал, ғибадатханалар салдыруды көксеген еді, Тонйұқұқ: "Болмайды. Түріктің халық саны аз, Таңдықтардың жүзден біріне жетпейді. Біз судың тұнығын, шөптің сонысын қуып, бір жерде түрақтап отырмағандықтан, аң аулауды кәсіп етіп, барлығымыз кару өнерін игергеніміздің арқасында олармен әлі тіресіп келеміз. Күшейсек әскер аттандырып бұлап-талаймыз да, әлсіресек тау-тас, орман-тоғайды паналаймыз. Бүған келгенде Таңның әскері көп болғанымен мысы қүрып қалады. Егер де қала салып отырықты түрмысқа көшіп, ескі салт-дәстүрімізді өзгертер болсақ, бір жолғы жеңілісте-ақ таңдықтар басып алады. Ғибадатхана адамды ізгілік пен момындыққа баулиды, ол батыршылықтың жолы емес. Салуға болмайды” деді. Кіші шадтар оның саясатына мейілінше тәнті болды.

8 жылы (720 жылы) қыста төреші абыз Уаң Жүн Шофаңның аға төбенайы болды. Ол келер жылы күз басында батыстағы Басмыл, Шығыстағы ғи, Қытан секілді екі бажақпен біріге Шофаңдағы әскерлерді бірнеше бағыттан қаптатып Герлак өзені бойындағы Түрік ордасын басайық деп датнама үсынды. Мұны естіп Кіші шад Шошып кетті. Тонйүкүк: "Басмылдар қазір Бесбалықта, олар шығыстағы екі бажақтан оқшау жатыр Бүлардың күш біріктіруі мүмкін емес. Жүн қолының да келе қоюды нағай Келген күнде де біз ордамызды солтүстікке он күншілік жерге көшіреміз. Таң әскерлері астықтан тарыққан соң, сөзсіз шегінеді. Басмыл үрыншақ, пайдакос. Бүйрықты естіген соң қалайда алдымен жетеді. Уан Жүн Жан Жяжынмен араз, талабы орындалмаса, аттануға батылы бармайды. Егер Уаң Жүн қолы келмесе, жалғыз Басмылды тарпа бас салсақ, қүрту оңай" деді. 9 жылы (721 жылы) күзде Басмылдар Түрік ордасына ләшкер тартып келді. Уаң Жүн мен екі бажақ келмеді. Қатты үрейленген Басмыл әскерін кері қайтарды. Түріктер шабуыл жасамақ еді, Тонйұқүқ: “Олар елінен мың ли шалғайда жүр. Сөзсіз Өліспей беріспейді. Оларға қазір шабуылдауға болмайды. Онан да соңынан әскер салайық” деді. Бесбалыққа екі жүз ли қалғанда Тонйүқүқ әскерін бөліп жан жолмен барып Бесбалықты басып алды. Сонан әскерімен келіп Басмылдың еліне қайтқан қосынын шапты. Қашқан Басмылдар Бесбалықты паналамақ еді, қала басып алынғандықтан, кіре алмады да түгелімен Түрiкке түтқын болды. (Түріктер) олардың ер-әйелдерін тұтқындап қайтты. Әскерiн Чіктам жолымен шегіндірген Тонйұқұқ жол жөнекей Ляңжоу дуанын шауып, қой, жылқыларды олжалап кетті. Ол кездегі Лянжоудың түтығы Яң Жиншу еді. Ол кеми сардар Лу Гүнли, өкіл улык Юан Чындарды әскер бастап шабуыл жасауға аттандырды. Тонйүқұқ: "Егер Жиңшу қамалды берік сақтаса, онымен бітімге келейік; әскер шығарса, тәуекел деп соғысайық. Біз қазір жеңімпаз қосынбыз, сөзсіз табысқа жетеміз” деді. Гүң Лилердің әскері Шондонда қарақшылармен кезікті. Юан Чың әскерлерге білекті сыбанып, садақты шірей тартуға бұйырды. Әскерлер жеңін түрінді. Қарлы боранда қатты жаураған әскерлердің оғы дарымады. Шахналық Қосын ойсырай жеңілді. Юан Чың қашып кетті. Жиңшу шенінен айырылып жай бұқара есебінде Ляңжоуға тектеуші болды. Осыдан кейін Кіші шад құлашын кең сермеп, Бөгі чор тұсындағы елін қалпына келтірді. Арада көп ұзамай сарайға елдесуге елші салды әрі Шюанзүңға үл болсам деп өтінді. Патшам мүны мақұлдады. Ол ханша айттыру тілегін білдірді. Патшам елшіні мол сыйлық беріп аттандырды.

13 жылы (725) Шюанзүң шығысты көзімен көріп қайту қамына кірісті. Ішкі жарлауыл Жаң Юе әскерді көбейтіп Түріктен Корғанудың есебін жасады. Жасақ бөлім басқауылы Пей Гуантин: "Тасаттық беру - кок Тәңіріне жеңісімізді баяндайтын ұлағатты іс. Осындай шақта карулы күштерді топтасак, аты затына сай болмай қалмас па?" деді. (Жаң) Юe: "Түріктер бітімге келгенімен, олардың арам ниетін болжау қиын. Оның үстіне Кіші шад қайырымды, адамға сүйіспеншілігі мол. Халқы әмірінен шықпайды. Күлтегін ержүрек, соғыс өнеріне шебер, теңдессіз жан. Тонйұқүқ көпті көрген көсем, ақылға кенен жасамал, Ли Жиң, Шүй Жилер золітті қайраткер. Үш Лу бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарса, жорықта әсте қапы қалмайды. Олар біздің түп қотарыла шығысқа аттанғымыздан хабар алып, алда-жалда шекарамызға басып кірсе немен қорғанамыз?" деді. Гуаңтиң олардың үлкен дегдарыHың бірін нөкерлікке шақыртып елші жіберсек Түрік көнбеуге шарасыз қалады әрі шабуыл жасауы да қиын деп кеңес берді. (Жаң) Юе оның кеңесін құптады. Осылайша ішкі әкiмдар Юан Жын уақытша мәмілегер уәзір болып тағайындалып осы жұмысты айту үшін Түрiкке жіберілді. Кіші шад ордасында жүбайы, Күлтегін, Тонйүқүқтармен бірге алқа-қотан отырып оған қонақасы берді. Ол (Юан) Жынға: “Түбіттер иттен жаралған. Таң елі олармен қүда-анда болып отыр. Ғи мен Қытан тегінде Түріктің қүлы еді. Олар да Таң әулетінен ханша айттырды. Берекеге келіп іркес-тіркес қүдаанда болуды өтінсек те, тек Түрiкке мақүл болмай отырсыңдар. Бүл неліктен?" деді.

Юан Жын: "Каған, сіз патшамның үлысыз. Әке мен бала құда-анда болушы ма еді?" деді. Кіші шадтар: "Екі бажаққа да Ли деген әулет есімі сыйланған. Олар да ханша алып отыр. Осыған қарағанда неге болмасқа? Оның үстіне бажақ елдерге ұзатылып келген ханшалардың бәрі Көктің ұлының өз қыздары емес деп естігемін. Қазір шын-өтірігіне көз жеткізу үшін сұрап отырмын. Қайта-қайта қыз айттыру тілегін қойғаныммен, онымнан нәтиже шықпаған соң бажақтар алдында бетіммен жер басқандай боламын" деді. (Юан) Жын құда андалық жөнінде (патшаға) датнама ұсынуға уәде берді. Кіші шад үлкен дегдары Ашнатек елтеберді шығысты көріп қайтуға нөкер болып бару үшін тартутаралғымен сарайға қол тапсыруға жіберді.

Шюанзүң астанадан аттанып Жяхүйдүнға келген соң елтебер мен басқа да бажақтардың ұлыс бектерін күзетшілер қатарына қабылдап, оларға садақ, оқ таратып берді. Бір жолы бір қоян патшаның атының алдынан шыға келді.

Патшам садағын шірей тартып бір атқанда қоянға дәл тигізді. Атынан түсе калып, қоянды басына көтере алакайлап биге басқан елтебер: "Әулие затты ағызам, айбарыңыз асып-ақ түр екен. Коктi ғой білмеймін. Жер бетінде (сізге үзеңгі қағыстырар) ешкім жоқ" деді. Патшам ашықтың ба, жоқ па деп сұраған еді, ол: “Сіздің айбыныңызға көзайым бола берсем, он күн нәр татпасам да ашықпаймын" деді. Осыдан соң Түріктерге үнемі күзетшілер қатарында аң аулауы жөнінде жарлық шықты. Күнделікші! жанайдар Лүй Шяң датнама үсынып былай деді: "Пақырыңыздың білуінше үкі шақырмағанмен, бақыт құсы есептелмейді. Азулы жолбарыс жуасығанмен, қоңыр аң саналмайды. Өйткені жыртқыштық олардың бойына сүтпен біткен. Қазір мына Түріктер де құдды сондай, тәубесін үйірген жауыз қарақшы іспетті. Олар патшамның мархабатымен әсте санаспайды. Тақсыр, оларды қарумен билеңіз, ізгілікпен тәрбиелеңіз. Олар біздің даңқымызды естіп қалтырайтын әрі беделіміз бен тәрбиемізден игіліктенетін болсын. Сөйтіп олар мейлі қарудың күшінен жасқансын, немесе қазына-мүлкімізге Қызықсын, әйтеуір сарайға тарту тартады, бас қойып тағзым жасап, бодандығын әйгілейді. жарлықты екі етпей елшілерін жібереді. Тақсыр, сіздің оларға сеніп, оларды топты ұлықтарыңызбен бірге көк тәңіріне берілетін салтанатты тауап рәсіміне қатыстыруыңыздың өзі тілмен айтып жеткізуге келмейтін үлкен шапағат.

Оларға сапарыңызға нокер болып аттануға рұқсат беріп жарлық шығардыңыз, аң аулағаныңызда күзетші есебінде бірге жүруіне жәзет бердіңіз. Олар сіздің шар тарапқа жайылған батырлығыңызды, құралайды көзге атқан мергендігіңізді көріп тәнті болды. Оларға осы шапағатыңыз да жетіп асады, риясыздықтың да шегі бар. Оларды өзіңізбен бірге ат ойнатып, қасыңызда садақ тарттырып, аң аулаудың ләззатына ортақтастыруыңыз тым артық.

(Пақырыңыздың) мүны құптауға батылы жетпейді. Әулие затты кең пейіл ағызам әрқандай заттан күдіктенбегенімен, пақырыңыздың көңілі күптiгей, кейде тіпті қарадай түршігемін. Бұлардың қабаған иттей адамды жазым ету ниеті болып, бірін-бірі қайрап салса, араларынан Жиң Кы, Хы Ло сияқты жендеттер шығып, патшама жақындаған бір сәтте орайын тауып қорғаушыларды қапы қалтырып, оқыс қимылға батылдық етсе, нөкерлер оларды табанда жер күштырғанымен, тәңіркүттарын кескілеп, күмбез үйлерін күл-талқан еткенімізбен қорғаушылардың ол ағаттығының орны толар ма? Тақсыр, оларды ендігәрі өзіңізге жақындатпаңыз. Олар өлшем мен шекті білсін. Тым аздектеп кетпей оларға қалыпты мәміле жасаңыз. Ғалам жарықтарының нүраты баянды болып адамзат алаңнан арылса, мұнан үлкен бақыт бар ма?!

Патшам онын бул үсынысын қабылдап, бажақтарға алдын ала аттану жөнінде жарлық шығарды. Тауап ақырласқан соң, патшам елте берді қонақасы беріп, мол тартутаралғымен еліне қайтарды. Алайда құдаандалық ісіне көнбеді. 15 жылы (727 жылы) Кіші шад бөліні Бұйрық чорды сарайға қол тапсыру үшін елші етіп жіберіп, тартуға жиырма сайгүлік айдатты. Бұл тұста Түбіт Кіші шадқа хат жолдап (Таң патшалығына қарсы) бір мезгілде көтерілейік деп кеңес салған екен. Кіші шад бүл хатты да сарайға табыс етті. Патша оның адалдығына қатты сүйінді, Бұйрық чорға ЗыЧындян сарайында қонақасы беріп, мол тарту усынды. Сөйтіп Шофаң алайына қарасты батыстағы бағынғандарды қабылдау қамалынан кезек базар ашуға, әр жылы неше жүз мың топ жібек, торғын-торканы сол орыннан оларға өткізіп тұруға рұқсат берді. 20 жылы (732 жылы) Күлтегін қайтыс болды.

(Жалғасы бар...)

Пайдаланған әдебиет: «Қытай жылнамаларындағы қазаққа қатысты деректер» 2-том

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?