Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Тіл жанашырлары марапатталған күн

2505
Тіл жанашырлары марапатталған күн  - e-history.kz
Мемлекеттік тілдің жоғын жоқтап, еліміздің көркеюіне және дамуына үлес қосып жүрген тіл майталмандары «Тіл жанашыры» Құрмет белгісімен марапатталды

ҚР Тұңғыш Президентінің Музейінде өткен осынау айтулы жиын Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойы қарсаңында өткізіліп отыр. 

«Тіл жанашыры» қоғамдық бірлестігінің аталған құрмет белгісі – қазақ халқының тілін, мәдениеті мен ұлттық құндылықтарын насихаттауда ерекше еңбек сіңірген азаматтарға тапсырылады. Үміткерлерді белгілі қоғам қайраткерлері, ғалымдар мен меценаттардан тұратын арнайы комиссия іріктеді. Оған «Тіл жанашыры» қоғамдық бірлестігінің құрметті төрағасы, Қазақстан Республикасының Президенті Кеңсесінің бастығы, «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» ММ директорының міндетін атқарушы Махмұт Базарқұлұлы Қасымбеков төрағалық етті. 

6ed3c99165aec590a573bf1e82c8ddea.jpg

Одан кейінгі кезекте аталмыш белгіге ұсынылған 100-ге жуық адамның арасынан 21 номинантқа «Тіл жанашыры» Құрмет белігісі табысталды. Олардың қатарында Қазақстанның Астана мен Алматы қалаларынан және елдің түкпір-түкпірінен жиналған тіл жанашырлары бар. Сондай-ақ Мәскеу мен Орынбор қалаларының өкілдері жоғары марапатқа ие болады. 

Жүлдегерлердің қатарында белгілі журналист, «Айтуға оңай» бағдарламасының жүргізушісі және авторы Бейсен Құранбек, журналист-өлкетанушы Зарқын Тайшыбайұлы, Қазақстан Жазушылар одағының Павлодар облыстық филалының төрағасы, журналист Арман Қани, ҚР Бас Прокурорының орынбасары Жақып Асанов, Атырау облысы әкімінің орынбасары Шыңғыс Мұқан, Ғасыр адамы, физика ғылымының майталманы, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Қарағанды облыстық филиалының төрағасы Темірғали Көкетай, «ZHERSU» корпорациясының төрағасы, меценант Бауыржан Оспановтар және басқа да әр саланың озық майталмандары жоғарыдағы Құрмет белгісімен марапатталды. 

d516fab536fe2ac7aa1c7c374120eec2.jpg

Темірғали Көкетай, «Тіл жанашыры-2015» Құрмет белгісінің иегері (Қарағанды облысы): «Бүгінгі алқалы жиында «Тіл жанашыры» белгісімен марапатталған құрметті азаматтарды шын жүректен құттықтаймын. Менің зерттеу салам физика, бірақ ана тіліміздің күйін күйттеп, мәртебесін өсіретін кез-келген саланың маманы бола алады деп білемін. Осыдан бес-алты жыл бұрын мен «Қазақ тілі» Халықаралық қоғамының Қарағанды облысындағы бөлімшесінің төрағасы болып сайландым. Содан бері мемлекеттік тілдің мәртебесі үшін, ұзақ жыл еңбек еттік. Енді міне соның жемісін көріп, Құрмет белгісімен марапатталып отырмыз». 

6f8a8b147d616815f2f85b6b8ab0b17e.jpg

«Тіл жанашыры» құрмет белгісі екі жылда бір рет табысталады. Биыл бесінші мәрте өткізіліп отыр. Алғашқы жылы құрмет белгісіне қазақ тілін зерттеп жүрген шетелдік ғалымдар Түркия профессоры Абдуахап Қара, Еуропа Қыпшақтар қауымдастығының президенті Вад Ласло, Оңтүстік Корея Ханкук университетінің профессоры Йун Си Нэ, Мюнхен университетінің профессоры Қайум Кесижи, Индиана университетінің профессоры Уильям Фиерман ие болды. Кейінгі жылдары мемлекеттік тілге шынайы жанашырлық танытып, тіл мен мәдениеттің дамуына нақты ісімен үлес қосқан ғалымдар мен жазушылар, мемлекеттік қызметшілер мен қоғам қайраткерлері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен меценаттар марапатталды. 

 Алтынбек Құмырзақұлы

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?