Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Қазақ даласындағы қауымдық және үй басылық жер иелігі. 2-бөлім

1277
Қазақ даласындағы қауымдық және үй басылық жер иелігі. 2-бөлім - e-history.kz

Ресей империясының қоныс аудару саясатын зерттеу әсіресе қызықты және маңызды, өйткені қоныс аударушылар арасында империяның барлық дерлік ұлттарының өкілдері, әртүрлі тілдердің тасымалдаушылары, әртүрлі әдет-ғұрыптар мен дәстүрлердің жалғастырушылары болған. Бұл жерге келгеннен кейін олар араласып кетті, бір кентте империяның түрлі түкпірінің жиырма-отыз губерниясының өкілдері тұрған жағдайлар да болған.

1908 жылдың соңында "Сибирские вопросы" журналының беттерінде Л.Чермактың «Землепользование в переселенческих поселках Степного края» атты мақаласы пайда болды. Онда автор бір жарым миллион халқы бар үш облыстың сегіз ауданының 208 қоныс аударушылар кентін қамтыған зерттеулерімен бөліскен. Qazaqstan Tarihy порталы осы материалмен танысып, Ресей империясының еуропалық бөлігінен Қазақстанға қоныс аударушылардың жер қатынастары қалай қалыптасқанын, атап айтқанда, олардың жерді пайдаланудың қауымдық және үй басылық нысанына қатынасы туралы баяндайды.
Көптеген ауылдарда қоныс аударушылар үй басылық иелікке жанашырлықпен қарады, дегенмен, негізінен жерді сапалы теңестіруге мүмкіндік бермейтін жердің шұбарлығына байланысты одан бас тартты. Мысалы, Омбы уезінің немістері бұл учаскелер біртектес емес, кейбіреулер үшін орманды жер көп бөлініп (қайың «шоқтары»), жыртатын жер қалмайтындығын айтса; басқалары судың аздығын, сол себепті терең құдықтар қазу керектігін, ал ол екінің бірінің қолынан келе бермейтінін және т.б. айтқан. Петропавл уезінің Рясское селосындағылар жерді «мәңгілікке» бөлуге болмайтындығын айтқан; «такие мелкие паюшки придутся, что на них и крутиться. Вот если бы сменили земли (прирезкой удобной), тогда и подворно поделить никому обиды не было бы». Тіпті орловтық четвертниктерде (Михайловское ауылы, Ақмола уезі): «не сообразишь здесь этак (т.е. подворно) разделить: земля разная, к одному месту чего бы лучше работать, да никак нельзя...» деген.
Бірақ қоныс аударушылар үй басылық иеліктен үнемі бас тартып отырған жоқ. Кей жағдайларда азшылықтың наразылығына қарамастан, үй басылық бөлініс туралы үкімдер шығарылып тұрған. Алайда бұл ретте үй басылық учаскелер үш егісте болуы керек деп шешілген. Осылайша, мысалы, Петропавл уезінің Дмитриевка кентінде: 
«От губернатора был сделан предлог «разделить всю необходимую под пашню площадь: «по хуторскому, т. е. 12 дес. на душу к одному месту на все души; либо пополосно, с переделами через сроки; либо подворно». Крестьяне ответили приговором, что желают подворно, т.е. «чтобы земля была разбита на 3 поля, и чтобы в каждом поле на все души дана была к одному месту навечно», без всяких, потом, переделов. «Тогда каждый на своем участке свое заведение заведет: и колодезь и амбары; тогда сосед с соседом и землю будет иметь рядом, и легче столкуется насчет общего колодца, например. Сосед за соседом углядит все равно, что свой семьянин». 
Үй басылық бөлініс туралы үкімдерге қол қоя отырып, көпшілік істің мән-жайын түсінбеді. Бұған Петропавл уезінің Полтавка кентінде былай деген: «шынын айтқанда, осы үй басылық иелік дегеннің не екенін түсінген жоқпыз». Петропавл уезінің Архангельское кентінде:  
«Приговором 26 сентября 1900 года общество изъявило согласие «разделить землю на подворные участки». Поселок населен исключительно великороссами. Из 199 зарегистрированных семей лишь у 7-ми на родине земля была подворная (четвертная). Неудивительно, поэтому что, давши указанный приговор крестьяне, ни мало не смущаясь, заявляют, что «хотя и подворно, а переделять будем». Никто не понял дела»... замечают другие. «У кого душ много, тот молчал, да у кого такая земля в России была... А больше, не разображши дела... Как мы в России жили, - выплодилися, на 5 сынов землю терзай?». «Кто привык к этому (подворному владению), те согласны; да привычка то это плохая». «Из хитрости иной промолчал... Кому достанется одна глина, тому без хлеба сидеть!». «Богачи засилят, душ позакупят! Не кончено дело еще, приговор послали только». Возражая на такие доводы, один из согласных поделить пашню подворно говорит, что «земля у меня в кучке будет тогда, можно и колодезь выкопать на ней, и никто у меня ее не отберет». 
Кейде, бөлу туралы үкімге қарамастан, кейбіреулер наразылық білдірген: Петропавл уезінің Благовещенский ауылында «жер қайта бөлініп отыруы керек» деп мәлімдеген.
Богдановский кентінде үй басылық бөлініске келіскен шаруалар абдырап қалды. Олар «12 жылдан кейін өлгендерден алып, жаңа туғандарға береді деп ойлаған. Қайта бөлу жақсы болар еді. Сенде енді 5 жан, ал менде біреу ғана. Ұлдары көптер жерді мәңгілікке бөлуге солар жанталасып жүр».  
Новопокровка кентіндегілер Полтавкалықтардың ықпалына еріп, үй басылық бөлініске келіскендеріне өкініш білдірген.  
«Их и ошибка, замечают пензенцы, а мы и знатом не знали, что такое за подворно». Теперь мы сами себя связали, сами себе худо сделали», единогласно высказываются как полтавцы, так и пензенцы. «Теперь иные навек нищие. Иному упала в двух полях мягкая, в одном твердая; другому во всех трех полях твердая; иных худой земли иного упало. Сами когда делим, худую выкидываем».
Жалпы, жерге орналсудың қандай-да бір нысаны туралы мәселе қоныс аударушылар арасында көптеген келіспеушіліктер тудырды. Бәлкім, егер кенттердің құрамы біртекті болып таңдалса, мұндай келіспеушіліктер болмас па еді, қауімдықтар қауымдық жер иелігін жақтаса, үй басылықтар үй басылық жер иелігін жақтады, содан да келіп қақтығыстар мен түсінбеушіліктер туып жатты.
Қонысаударушылар қалай болғанда да жерге тәртіп орнату керектігін, себебі дәл қазіргідей түсінбеушілік кезінде шаруашылықты ұстау мүмкін еместігін анық түсінді. Осы мәселеге нүкте қою үшін олар өздеріне жат формалармен келісуге де мәжбүр болды. Бірде-бір жағдайда хуторлық қолданысқа көшуге келісім болмағанын атап өткен жөн. Үй басылық бөлініс те әр үй иесіне жыртылатын жердің бәрін бірдей емес, тек белгілі бір бөлігін ғана мәңгіге беретін.
Қорытындылай келе, Ресей провинцияларынан Қазақстанға келген қоныс аударушылар жер тәртібі туралы көп жылдар бойы түрлі және толық қалыптасқан көзқарастары бола отырып, мұнда жер оларға меншікке емес, оброк үшін қолданысқа берілгендігіне тез-ақ көндіккен. Бәрінің жерге деген құқықтары тең болған және көпшілік бұны наразылықсыз қабылдаған.
Тек бір жағдайда ғана «бастықтардың» теріс көзқарасы байқалды, ол Өскемен уездік бастығының 1893 жылдың 1 ақпанындағы губернаторға жолдаған хабарламасынан көрінеді:  
«на участке первые 56 семей «под влиянием известного своими большей частью кляузными, просьбами Пономарева, конечно, не зная, сами, просили о предоставлении им земли в подворное пользование. Хотя по §9 закона 13-го июня 1889 года это и предоставляется переселенцам, но имея ввиду, что подобного рода пользование землей, никогда не практиковавшееся в Сибири, представит впоследствии не мало забот администрации не только при взыскании оброчных денег, но и при разрешении всякого рода споров и пререканий между самими крестьянами, неизбежных при подворном владении, - то я полагал бы отклонить это ходатайство переселенцев, за несоблюдением правил, требуемых §9-м закона 1889 года».
Бұл осыдан он бес жыл бұрын болған, және қазір, бәлкім, сол уездік бастық «Үкіметтің көзқарастарын қолдап», қазір үй басылық иелікті енгізбекші болып жүрген де шығар.

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?