Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Қазақстан теміржолының тарихы 2-бөлім

1415
Қазақстан теміржолының тарихы  2-бөлім - e-history.kz
1898 жылы Павел Гурдэнің «Записка о Среднеазиатской железной дороге» деген очеркі жарық көрді. Бұл құжат Ташкент пен Орынборды жалғайтын болашақ теміржолға арналған еді. Qazaqstan Tarihy порталы оқырмандарын ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы теміржол құрылысының тарихымен таныстыруын жалғастырады.

Әскери аспект 

Бастапқыда Закаспий жолы тек әскери мақсатта ғана салынды және бұл жағынан алғанда ол бұл мақсатты орындады. Ол Түркістан өлкесінің сауда және өнеркәсіптік қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін ұйымдастырылған болатын. Алайда бір жағынан Ташкентке дейін жалғасу және екінші жағынан мақта шаруашылығы орталығына дейін жалғастыру мүмкіндігі туғаннан кейін, ол үшін жаңа жағдай туындады. Ол осы жаңа жағдайға бейімделіп, жүк өткіздік қабылетін түркістандық жүк аттандырушылар талап етуге құқылы көлемге дейін арттыруға міндетті болды. 


Қалай болғанда да Закаспий жолы Түркістан өлкесіне үлкен еңбек етті, соңғы он бес жылдағы экономикалық жылдам дамуына бұл өлке теміржолға қарыздар еді. 


Орынбор жазбаларының авторы парсы мен ауған шекараларына жақын жерден өтетін Закаспий жолының стратегиялық маңызын да мойындамады. Бұл жерде Орынбор жолы қажет болған жағдайда шет мекендерді қорғау үшін қажетті әскери күшті Ресейден Түркістанға жылдам жеткізу мүмкіндігіне ие еді. Ал Поль Гурдэ бұл позициямен келіспеді. 


Орынбор жолы Закаспийден гөрі Ресейден Ташкентке үлкен әскери күш жіберуге мүмкіндік беретініне күмән жоқ, бірақ жоғарыда айтылғандай, Ташкент бүкіл орыс Орта Азиясын қамтымаған еді. Егер де бір жағынан Ауған немесе Парсы шекараларына, екінші жағынан Қытай жағына, Ташкенттен 1000 шақырымнан астам қашықтықта шабуыл жасалған жағдайда, соңғы жерде шоғырланған күштер қауіпті жерге тым кеш келуі мүмкін. Осы кезде Орынбор жазбасының авторы Закаспий теміржолының стратегиялық маңыздылығына көз жеткізген болар еді. 


Жолдың шекарадан он шақырым жерде өтуі, сондықтан жол дұшпандық шабуылдарға ашық болуы соғыс жағдайында кемшілік болып саналуы мүмкін емес, өйткені жолдың өзі әскерлерді басып кіру мүмкін болған шекараның ашық жерлерін қоршау үшін шоғырландыруға мүмкіндік берді. Шекарадан немесе шекара бойынан 1000 шақырымдай жерден, кейде тіпті шекарадан әрі қарай, бөтен территория бойынша 500 шақырымдай бойлай өтетін Ұлы Сібір жолы стратегиялық және саяси маңызынан айырылған жоқ деп болжау керек. 


Бұл жолдың Закаспийден гөрі дұшпандық шабуылдарға одан да ашық болуы мүмкін екендігіне күмән жоқ, ал соғыс жағдайында ол соғысты бөтен территорияда жүргізуге мүмкіндік берер еді, ал бұл соғысты өз аумағында жүргізгеннен гөрі әлдеқайда тиімдірек. Бұл жағдайда Закаспий жолының стратегиялық жағынан бірден-бір кемшілігі-ол парсы шекарасына тым жақын орналасқан және оны осы шекарадан мүмкіндігінше алыстату керек еді, бірақ, әрине, солтүстікке емес, оңтүстікке, мысалы, Чикишлярдан Хорасан арқылы Гератқа, Балхқа және одан әрі Самарқандқа. Бұнымен келісуге болады, бірақ техникалық қиындықтардан басқа, түзетілуі оңай емес басқа да қиыншылықтар кездесуі әбден мүмкін еді. 


Поль Гурдэнің айтуынша, Ташкент-Орынбор теміржолын жақтаушылардың көз алдында бұл жол саяси, стратегиялық, экономикалық және техникалық жағынан алғанда барлық артықшылықтарға ие болған:   


«…Ее будущность вполне обеспечена огромнейшим транзитом, размеры которого могут увеличиваться с каждым днем. Она оживит до сего мертвые обширные пространства и чуть ли даже не обратит пустынные Кара-Кумы и безводные степи в плодородные оазисы. Картина безусловно прекрасна и в высшей степени заманчива, но все ли так на самом деле и не вкралось ли здесь некоторое преувеличение, вполне естественное при известном увлечении?..»
 Ақ алтын 


Орынбор бағыты барлық қажеттіліктерді қанағаттандырып, Түркістан өлкесінің барлық сауда-өнеркәсіптік талаптарына сай болуы керек еді, дегенмен оның экономикалық дамуын ол бөтен көмексіз қамтамасыз ете алмаушы еді. Екінші жағынан, жолдың өзінің тіршілігі оның бүкіл өн бойында жүктің жеткілікті мөлшерімен, толассыз және жол бойындағы жүкпен қамтамасыз етілуі керек еді. 


Орынбор жазбасын негізге ала отырып, болжамдағы жолдың барлық талаптарға сай келетінін мойындау керек. Шын мәнінде, Ресей үшін жүздеген миллион рубльді шетелдіктерге жыл сайын төлеуден босататын құнды мақтаның осындай мөлшерін өндіру Түркістан өлкесінің міндеті болды. Тапсырма шынында зор әрі кей мағынасында патриоттық та еді. Бірақ осы мақсатқа қолжеткізу үшін түркістандық мақта плантацияларының көлемі 5 немесе 6 есе өсу керек болды, ал бұл ретте тіпті Түркістанның өзінде мақта өндірісінің табиғи шектеулері болуы мүмкіндігін айта кету керек. Дақыл қарқынды өсуімен және суару желілерінің артуымен Түркістанның Орынбор жолына көмегі болар еді деп болжауға болады: уақыт өте келе ол Ресейге 15 миллион пұт мақта жеткізе алар еді. Алайда бұндай нәтижеге қолжеткізу үшін Түркістанды қажетті астықпен қамтамасыз ету керек болатын. Орынбор жазбасының авторы бұл көлемді 36 миллион пұт деп белгілепті, дәл осы көлемді теміржол Самара мен Орынбордан әкеледі. Осылайша, болашақ Орынбор теміржолы небәрі екі-ақ өнім – мақта мен астықтың ғана тұрақты 50 миллион пұт жүк тасымалымен қамтамасыз етілді. Бұған қосымша ретінде тағы да 5 миллион пұт түркістандық тауарды: жібек, жүн, елтірі, жүзім, жеміс, жүзім шарабы, азиаттық өнімдер және т.б. тауарларды және Ресейден келетін 5 миллион пұтқа дейінгі түрлі тауарларды қосу қажет. 


Жергілікті жол бойындағы жүктер де жоғарыда көрсетілген толассыз жүктерге демеу болар еді, егер оларға әскери ведомствоның жүктері мен әскери командалардың тасымалы қосылса, осының барлығы 65 миллион пұттың қомақты көлемін көрсетер еді. 


Әлбетте, мұндай жағдайда Үкімет түркістандықтардың қастерлі тілегін орындауға және Ташкентті Мәскеумен ең қысқа және үздіксіз жолмен қосып, Ташкент пен Орынбор арасында 1698 ½ шақырым бойы салыстырмалы түрде арзан жол салып, қараөзек арқылы дамба салынған жағдайда бұл жолды 1658 шақырымға дейін қысқартуға болар еді. Бірақ, өкінішке орай, осы көрсетілген сандарға толық сенім артуға болмайды, өйткені олар пікірталас кезінде және істің пайдасына жаңа дәлелдер қажет болған жағдайда үнемі өзгеріп отырды.   


Азық-түлік қажеттіліктері 


Орта Азия жолын Ташкенттен Орынборға бағыттаудың артықшылықтары туралы жазба ешқандай бөтен көмекке сүйенбей-ақ, бұл жолдың Түркістан өлкесінің барлық қатынастарындағы қажеттіліктері мен талаптарын толық қанағаттандыру үшін барлық деректерді ұсынатындығын дәлелдеуге тырысты. Осы арада магистралдық жолдан басқа Ордан Челябинскіге және Шымкенттен Верныйға баратын тағы да екі тармақ керектігі туралы айтылған болатын. Демек, осы екі тармақсыз Орынбор жолы өзіне жүктелген міндетке толық жауап бере алмас еді. Ол үшін 1700 шақырым емес, 2900 шақырымға жуық жаңа жол салу керек еді. Болжанған мақта шаруашылығы қарқынды дамыған кезде Түркістан өлкесіне қажетті әкелінетін астықтың мөлшеріне қатысты Орынбор жазбасында көрсетілген цифр одан да үлкен өзгерістерге ұшырады. Мысалы, ташкенттік «Окраина» газетінің есебі бойынша Түркістанға жылына 120 миллион пұтқа дейінгі көлемде шеттен келетін астық қажет болар еді. Самара мен Орынбор губерниялары бұл көлемдегі сұранысты орындай алмайтындықтан, сібір астығын әкелу керек болады, ал ол үшін Ордан Челябинскіге дейінгі теміржол тармағы қажет болады. Ал «Туркестанские ведомости» газеті Түркістан үшін сырттан келетін астықта еш қажеттілік көрмеді. 


Орынбор жазбаларының авторы Юдин «Туркестанские ведомости» газетінің дәлелдерімен келіспей, мақта шаруашылығы дамитын болса, «Окраина» көрсеткен көлемдегідей болмаса да, Түркістан өлкесі үнемі шеттен келетін астыққа зәру болады деп уәж айтып, 12 миллион пұт деген көлемді келтіреді. Автордың айтуынша, бұндай көлемдегі астық Жетісу мен Түркістанның солтүстік уездерінен табылар еді, ал ол үшін Ташкент-Шымкент-Верный теміржол тармағына қажеттілік туады. 


Егер Түркістан Ресейді шетел мақтасынан босатуға шын мәнінде ұмтылған болса – ал бұл оның экономикалық міндеті, онда Юдин мырзаның айтуынша, Түркістан сырттан келетін 12 тіпті 20 миллион пұт астыққа үнемі зәру болады. Бұл үшін оған Самараға немесе Орынборға емес, өзінің көршісі Жетісуға жүгінері сөзсіз, бұл жағынан ол ыңғайлы және арзан болатын. Астықтан басқа, егер мақта шаруашылығының дамуы Түркістан өнімін мал шаруашылығ бағытында шектесе, Жетісу өзінің мал шаруашылығының тамаша және арзан өнімдерімен қамтамасыз ете алады. Алайда бұл жағдайда Ташкент-Орынбор жолы көлемді, тұрақты жүгінен айырылып қалар еді де, енді бұл цифр 65 миллион пұтты емес, одан әлдеқайда аз – 29 миллионды көрсетер еді, дегенмен бұның өзі де әлі де болса көлемді сан.

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?