Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы
Бүгін тарихта

Мемлекет тарихы институты халықаралық конференцияға қатысуға шақырады

1384
Мемлекет тарихы институты халықаралық конференцияға қатысуға шақырады - e-history.kz
2014 жылдың 26 қыркүйекте ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институтында «Н.Ә.НАзарбаевтың «Мәңгілік ел» идеясы негізінде Қазақстан тарихын зерттеудің мәселелері» атты халықаралық конференция өтеді

Конеференция мемлекеттің даму факторына қатысты тарихи үдерістің шешуші тұстарын және Отан тарихының іргелі мәселелерін талқылау, Қазақстанның саяси және мәдени дамуын, әлеуметтік-экономикалық жағдайына болжамдар жасау, қоғамда көрініс берген үдерістерді зерттеуде қоғамтанушы-ғалымдардың күш-қуатын, белсенділігін арттыру мақсатында өткізіледі.

Конференция аясынла келесі мәселелер талқыланады:
• Қазақстанның әлемдік үдерістегі орны және мемлекет стратегиясының басымдықтары;
• Тарихи үдеріс теориясының мәселелері;
• Қазақ мемлекеттілігінің теориялық-методологиялық мәселелері;
• Отан тарихын кезеңдеу мәселелері;
• Саяси институттардың қалыптасуы мен қызметіндегі ерекшеліктер;
• Билік пен қоғам арасындағы өзара қарым-қатынас;
• Әлеуметтік трансформация тәжірибесін жинақтау;
• Тәуелсіз Қазақстанның экономикалық тарихы;
• Экономиканы мемлекеттік реттеу;
• Сыртқы саясат тарихы;
• Қазақстан өңірлік интеграцияда;
• Қоғам бірлігі мен тұрақтылығының қазақстандық жолы
• Мәдениеттер мен діндер тарихы;
• Еуразиядағы этномәдениеттердің өзара әрекеттестігі;
• «Мәңгілік Ел»-Қазақстанның ұлттық идеясы;
• Қазақстанның рухани құндылықтары және тарихи-мәдени мұралар;
• Тарихтағы адам және күнделікті өмір тарихы;

Конференцияға қатысушылар ұйымдастыру комитетіне 2014 жылдың 25 қыркүйегіне дейін aia-sk18@mail. ru электронды мекен-жайына жіберуге тиісті құжаттары:
1. Ұсынылған үлгідегі қатысу өтініші.
2. Баяндама мәтіні.

«Н.Ә. Назарбаевтың „Мәңгілік ел“ идеясы негізінде Қазақстан тарихын зерттеудің мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысу үшін: Аты-жөні, тегі (толық), Баяндама тақырыбы, Жұмыс орны (мемлекеті, мекеменің толық атауы, кафедрасы), Лауазымы, Ғылыми дәрежесі, атағы, Телефон: жұмыс/үй, E-mail, Пошта мекен-жайын көрсету қажет.

Жіберілетін мақалалар төмендегі талаптарға сәйкес болу керек: Мәтіннің көлемі 6 беттен аспауы тиіс; MS Word (*.doc или rtf) форматында терілген, файл автордың атымен аталуы керек. Таблицалар, кестелер, суреттерге файл атауы беріліп, олар Windows форматтарында терілуі қажет. Формат беті — А4. Барлық шектері — 2 см. Шрифт: Times New Roman, кегль — 14. Жоларалық интервал — бірлік. Абзац — 1 см. Баяндаманың тақырыбы: үстіңгі қатарға ортаға қарамен белгіленген бас әріптермен теріледі. Соның астына автордың аты-жөні жазылады. Төменгі жаққа ғылыми атағы, лауазымы, автор қызмет ететін мекеме атауы (толық), мемлекеті, е-mail. жазылады. 1 интервал қалдырып, әрі қарай баяндама мәтіні теріледі. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі баяндама соңында беріледі. Көрсетілген сілтемелер тік жақшамен берілуі керек. Мысалы былай: [5, 3].
Конференция қазақ, орыс және ағылшын тілінде өтеді. Өткізілетін орны: ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институты, Астана қ., Орынбор көшесі, 8, 14-ші кіреберіс, Тел.: +7 (7172) 74-06-45, 74-10-20. Конференция сағат 15:00-де басталады.


Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?