Адамзат қару-жарақты жасағаннан бастап, күні бүгінге дейін дамытып, жетілдіріп келеді. Қарудың түрлерімен қатар қолдану ерекшеліктері мен мүмкіндіктеріне қарай бөлінеді. Соғыс кезінде елдің басты қорғанысы әскерімен мен қаруының жетіктігіне байланысты.
Орғасырларда қару-жарақ жасауда Шығыс пен батыстың өзіндік ерекшеліктері мен түрлері болды.
Эрмитаждан арнайы әкелінген қару-жарақтардың ішінде әр елден, әр уақытта жасалғанын байқалады, қолдану аумағы да әртүрлі.
Ресейдің Эрмитаж қорындағы қару-жарақ шеберлігінің жауһарымен таныса отырып, Батыс пен Шығыс елдерінің қару-жарақ істерінің кұпияларына батып шығуға; Батыста және Шығыста өнердің дамуы мен тарихы, қару-жарақ түрлері, оның өндіріс орталықтары туралы білуге және атақты қару-жарақ шеберлерімен танысуға көмектеседі.
Бәрімізге белгілі Эрмитаж Ресейдің Санкт-Петербург қаласында орналасқан әлемдік музей. Санкт-Петербург қаласы мен Астана қаласының арасында ұқсастықтар өте көп. Мысалы, Санкт-Петербург елдің астанасы болу үшін мемлекет басшысының арнайы тапсырысымен салынған. Астана да солай.
Екі қала да өзеннің бойында орналасқан. Және ең бастысы екі қалада да екі мемлекеттің ең үздік музейлері орналасқан. Біздің елдің ең керемет музейінен сіздердің Ұлттық музейлеріңізге бүгінгі әкелінген көрме үлкен қызығушылық тудырады.
Өйткені, бұл екі елдің ғана емес, Шығыс пен Батыс деп аталатын екі өркениеттің тарихы және мәдениеті көрініс тапқан көрме болмақ».
Көрменің хронологиялық шеңбері қару-жарақ қолөнерінің ауқымды тарихи кезеңін, XV ғасырдан бастап XIX ғасырдың соңына дейінгі аралықты, яғни 400 жылдан астам уақытты қамтиды.
Көрмеде 70-ке жуық қару-жарақ өнерінің туындылары қойылған. Олардың ішінде Түркия, Иран, Үндістан, Жапония, Франция, Италия, Германия, Испания және т.б. елдердің соғыс, аңшылық және салтанатты қарулары бар. Көрме экспонаттары қару-жарақ шеберлерінің сәндік-қолданбалы өнердің дамуына қосқан үлесіне баға беруге, сол сияқты қару-жарақтың үздік үлгілері арқылы олардың іскерлігі мен сұлулығының үйлесу жарасымдылығын көрсетеді. Қару-жарақ зерінде техникалық жабдықтарының дамуы мен жоғары мәдени деңгейі музейге келушілерді таң қалдырады.
Көрсетілген бұйымдар өзінің практикалық маңыздылығын жоғалтып алса да, оларды безендірудің жоғары мәдени деңгейі қару-жарақтың тарихы мен дамуы және бұрынғы қару-жарақ ұсталарының таланты мен шеберлігі туралы айтып береді.
Фото: Артем Чурсинов