Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Елбасы жолдауындағы ұлттық құндылықтарды қалыптастырудағы ұрпақ тəрбиесінің рөлі

3615
Ұлттық тəрбие қазір елімізде орын алып отырған көптеген оңтайсыз мəселелерді бірте-бірте жоюдың жəне олардың алдын алып, болдырмаудың негізгі жолы.

Бүгінгі таңда ХХІ ғасыр табалдырығын еркін аттаған азат ұрпаққа тəлім-тəрбие мен адамгершілік құндылықтарға тəрбиелеуде білім берудің айқын жолдарын жетілдірудегі басым бағыттарын айқындауда, ұлттық санамен адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру көкейтесті мəселелердің бірі болып отырғанық. Сондықтан келешек ұрпақты ұлттық, халықтық тұрғыдан тəрбиелеу қажет. Жас ұрпаққа ұлттық тəрбие берудің негізгі бағдарлы идеялары еліміздің Президенті Н.Ə. Назарбаев «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ" атты Жолдауында: „Толық өркениетті ел болу үшін алдымен өз мəдениетімізді, өз тарихымызды бойымызға сіңіріп, содан кейін өзге дүниені игеруге ұмтылғанымыз жөн“, — деген талапты білдіреді. Олай болса, басты мақсат — жас ұрпақты ұлттық игіліктер мен адамзаттық құндылықтар, рухани-мəдени мұралар сабақтастығын сақтай отырып, тəрбиелеу керектігі күн өткен сайын маңызды болып отыр. Ұлттық құндылықтарымызды əлемдік-деңгейге адамзат өркениетіне ұлттық тарихымызбен, рухани-мəдени мұралар сабақтастығын сақтай отырып, жас ұрпақты ұлттық игіліктер мен адамзаттық құндылықтар негізінде қабілетті тұлға тəрбиелеу керек. Сонымен қатар, ұлттық құндылықтарымызды əлемдік-деңгейге шығару үшін: ана тілі мен дінін, тарихын, салт-дəстүрін, жас ұрпақ бойында жанашырлық, сенімділік, намысшылдық тəрізді ұлттық мінездерін қалыптастыру бағытында ғана басты мақсатқа жетеміз. Ұлттық тəрбие қазір елімізде орын алып отырған көптеген оңтайсыз мəселелерді бірте-бірте жоюдың жəне олардың алдын алып, болдырмаудың негізгі жолы. Ұлттық тəрбие алған ұрпақ білімді, ақылды, ұлтжанды, еңбекқор, сыпайы, кішіпейіл болып өседі. Сондықтан да ұлттық тəрбие — ел болашағы. Қазақ халқының ғасырлар тұңғиығынан бері біте қайнасып келе жатқан ұрпақ тəрбиелеудегі тəжірибелері бізге сол рухани мəдениет, этикалық, эстетикалық құндылықтарын құрайтын ұлттық əдет-ғұрып, салт-дəстүрлер, əдеби, музыкалық, кəсіби, тұрмыстық фольклорлар мазмұны арқылы жетіп отыр.

Сонымен бірге ұрпақ тəрбиесіне, жалпы халықтың рухани дамуына байланысты тəлім-тəрбиелік ой-пікірлерді: Қорқыт Ата, əл-Фараби, Қожа Ахмет Яссауи, Мұхамед Хайдар Дулати, Жүсіп Баласағұн, Махмұд Қашқари, Асанқайғы, Шəкəрім жəне т.б., қазақ ақын-жырауларының мұраларынан, билер мен шешендердің тəлімдік сөздерінен көреміз. Əр адам өзінің ұлттық тамырын, əдет-ғұрпын, мəдениетін түсіне алады. Өз халқына деген сүйіспеншілігі, өзінің туған жеріне, өз халқы өмір сүретін ортаға деген сезіммен ұласып жатуы керек. Халықтық əдет-ғұрып, салт-санасының байлығы, патриоттық сезім Отанға деген сүйіспеншілігін қалыптастырады. Міне, осы бағытта жас жеткіншектерді адамгершілік дүниетанымдық құндылықтар тұрғысында тəрбиелеудің маңыздылығы туындайды. Өз елінің болашағынан мол үміт күткен даналарымыздың бірі емес бірегей тұлғасы, ұлт жандылықтың биік үлгісін көрсете білген, дана Шəкəрім мынадай өсиетін қалдырғандай:

Анық бақ деп айтарлық үш нəрсе бар,
Кірсіз, ақыл, мінсіз сөз, адал еңбек»,
«Адал еңбек, ақ жүрек берер шешіп.
Бүгінгі күні, аға буын ұрпақтар дəстүрінің көк жиегінен үлгі алған жастарымыз тəуелсіз еліміздің киелі тұғырын жасампаздықпен, ұлт-жандылықпен қырандай көздің қарашығындай сақтауда. Бүгінгі күні бұрынғы өткен көне тарихымыздың, өлең-жыр дастандары, жасаған аудармалары, еліміздің ертеңі жас жеткіншектерге таптырмайтын рухани қазына. Сондықтан да бүгінгі күнде жырау мен, ақындардың шығармаларына ерекше көңіл бөлген жөн. Өйткені, əр тарихи шығарманың табиғатында, ақиқаттың сəулесі жарқырап тұрады. Сол тұлғаларымыздың шығармалары арқылы ұлттық құндылықтарымыздың идеялық ерекшеліктерінің мазмұнды тəрбиесінің ұлтжандылық тұғырын орнықтырамыз. Ерліктің биік шыңы болған батырлардың мұрасын, елін сүйген парасаттылық адамгершіліктерін, ұлы қасиеттерін жас ұрпаққа үлгі ретінде көрсету бүгінгі күннің парызы. Мұның өзі, бүгінгі жас ұрпақтың санасына ұлтжандылық пен ұлтаралық ынтымақтастық, діни үйлесімділік, ар-ұждан, əділдік, мейірімділік сияқты тəрбиелік мəні бар ең өзекті дүниетанымдық құндылықтарды қалыптастыруға жол ашады. Ұрпақ тəрбиесіндегі ұлттық құндылықтар мəселесі негізінде қай ғасыр болсын ойшылдар мен ғұламалардың өзекті мəселелері алдыңғы орында болуы керек.

Қазақ елінің бірлігінің қалыптасуы мен өркендеуі өз заманындағы дəстүрлі тəрбиелік мəні бар рухани құндылықтардың тарихи сабақтастығы мен өркендеп, қанат жаюда. Жастарымыздың бойында қазақи құндылықтарды тəрбиелеуде, əсіресе қазіргі жаһандық даму жағдайында қарқынды дамып келе жатқан батыс мəдениетінің негізінен аластатып, өзіміздің рухани бай мұрамыздың құндылықтары тұрғысынан тəрбиелеуге міндеттіміз. Қазіргі жаңа тарихи кезеңде халқымыздың алдында жаңа тарихи парыз тұр. Қазақстан тағдыры үшін, өткен ата-бабалар мен болашақ ұрпақ алдында ең бағалы құндылығымыз — егемен тəуелсіз Қазақстанды көзіміздің қарашығындай сақтау біздің борышымыз.

Осы мақсатта тұлғаның бойында патриоттық құндылықтарды дамыту арқылы қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға үлкен мəн беруімiзге, өмірдің өзі талап етуде. Ұлттық патриотизмнің негіздері Қа зақ стан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасы «Бiлiм туралы» Заңында, Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк «Бiлiм» бағдарламасында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң республика халқына жолдауларында, Қазақстан Республикасының тарихи сананы қалыптастыруға арналған құжаттарында қарастырылған. Қазiргi қоғамдық-əлеуметтiк жағдайда жеке тұлғаның бойындағы Қазақстандық патриотизмдi қалыптастыру тəрбиенiң күре тамыры: Күлтегiн, Тоныкөк, ХVI-ХVIII ғасырларда елi мен жерi үшiн жан аямай күрескен Жалаңтөс, Қарасай, Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай т.б. батырлар ісінен бастау алады. Ел қорғаны болған батырлардың ерен ерліктері, ұрпақ бойындағы ерлiк сезiмдерiн оятуға, туған жерге деген сүйiспеншiлiгiн қалыптастыруға негіз болады. Сонымен қатар, жастарға патриоттық тəрбие беруде «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рəміздері арқылы жас жеткіншектердің патриоттық құндылықтарын қалыптастыру», Мемлекет басшысы Н.Ə. Назарбаев Қазақстан халқына əр жылғы жолдаулары арқылы жеке тұлғаның бойындағы патриоттық құндылықтарды қалыптастыруға игi ықпал етедi. Ел басының Қазақстан халқына əр жылдарғы жолдауларын зерделей келе, Қазақстандағы əлеуметтік жағдайларының жылдан-жылға дамып отырғаны еліміздің ұлттық білім беру жүйесінің əлемдік білім жүйесімен кіріктірілуі, экономикалық өсу, денсаулық мəселесі, Қазақстанның əлемдегі бəсекеге барынша қабілетті 30 елдің қатарына кіру стратегиясы, қа зақ халқының моральдық жəне рухани құндылықтарын, ұлтжандылығын қалыптастыруға игі əсер ететіні сөзсіз. Сонымен қатар, «патриотизм», «ұлттық патриотизм», «қазақ патриотизмi» жəне «қазақстандық патриотизм» ұғымдары жаңа санатқа ие болып, қайта қолданысқа енуі ұлттық тəрбиенің маңыздылығын арттыратындығы дау туғызбайды.

Қазақстандық патриотизмді əлемдiк тыныштық пен бейбiтшiлiктi сақтаудың негiзгi бiр тұғыры деп те айтуға болады. Осыған орай, патриотизмнің мəні мен патриоттық тəрбиенің мазмұны «мəдениет, тарих, білім» деп аталатын ұғым қоғам дамуының негізгі үрдістері арқылы дамиды. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының мемлекеттік идеологиясының негізгі ұстанымы — Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру. Ұлттық идея мен мемлекеттік идеология тұрғысынан қазақстандық патриотизмді қалыптастырудың негізгі өзегі ұлттық патриотизм болып табылады.

Яғни, ұлттық құндылықтарымызды ұрпақтарымыздың бойына сіңіре білу — уақыт талабы демекпіз.

Пайдаланылған əдебиеттер мен деректер тізімі:

1. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Халқына Жолдауынан. 17 қаңтар. 2014 жыл // Егемен Қазақстан. 18.01.2014 ж. 2–3 бб.
2. Əбішқызы, Сарманов Ж. «Ұлттық тəрбие — құндылығы мол дүние». 12 мамыр 2012 ж. Алматы, «Қазақстан мектебі», № 3, 2007.
3. Құдайбердиев Ш. Үш анық. Алматы, 1996. 44–45 бб.
4. Керімбаева М.С. Ұлттық құндылықтарды қалыптастырудағы мектептің рөлі. Астана, 2007.

Зауре Арынова
ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институтының кіші ғылыми қызметкері, Астана қ.

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?