Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бүгін тарихта

141 жыл бұрын Біржан мен Сара арасындағы айтыс өтті.

2005 жылы Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауылында мешіт ашылды.

2007 жылы Павлодар облысы Жертұмсық ауылында Солдаттар даңқы ескерткіші құрылды.

- = -

1783-1797 жылдары Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс болды.

25832
1783-1797 жылдары Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс болды. - e-history.kz
Кіші жүздегі патшалық Ресейдің отаршылдық саясатына қарсы бағытталған азаттық күрес. 18 ғасырдың 80-жылдарының басына қарай Кіші жүздегі жағдай қиындай түсті.
Ресей өкіметі тарапынан отаршылдық режім күшейтілді. Саяси шектеулер мен көпе-көрінеу тонау арқылы жүргізіліп отырған саясатпен қатар, Ресейдің өкімет орындары көшпенділердің дәстүрлі шаруашылық құрылысын жоюға барынша күш салды. Бұл Жайықтың арғы бетіндегі ішкі жаққа қазақтардың өтуіне тыйым салынып, көші-қон өрістерінің күштеп бұзылуынан көрінді. Оның үстіне хан билігі енді патша үкіметінің іс-шараларына қарсы әрекет ете алмады. Саяси сахнада билердің, батырлардың салмағы арта түсті. 1783 жылы Жайықтың арғы бетіне өткен қазақтардың 4 мың жылқысын орыс-қазактар айдап әкетті. Осындай жағдайда Кіші жүзде халық толкуы стихиялы түрде басталды. Көтерілісшілер бұқарасының басшысы Сырым Датұлы болды. Ол Верхнеуральск бекінісі мен Елек қалашығы арасындағы шепке шабуыл жасады. Осы шабуыл барысында Сырым батыр Орал казактарының түтқынына түсті. Оны Нұралы хан 70 жылқы және 350 сом толеп босатып алды. Нұралы ханның мұндай қадамға баруына Сырым батырдың халық арасындағы беделі ықпал етті. 1784 жылғы қарашаға қарай Сырым батыр Сағыз өзінде 1000 адамнан тұратын ірі жасақ жинады. Сырымның өз бетімен әрекет етуі Нұралы ханмен алшақтасуды туғызды. Сырым батыр Кіші жүздегі қазақ руларының денін өз жағына тарта білді. 1785 жылдың басында Сырымды қолдаған Барақ батырдың жасағында 2000, Тіленші батырдың жасағында 1500 адам болды. Осы жылдың көктемінен бастап Кіші жүздің барлық рулары тарапынан өкімет орындарына қарсы қимыл оріс алды, ал байбақты, табын және тама рулары қоныстанған жер қарсыласу орт-на айналды. Патшалық Ресейдің Әскери коллегиясының төрағасы Г. А. Потемкиннің Кіші жүз қазақтарының көтерілісін басу туралы бұйрығымен 1785 жылы, ақпанда ген. Смирнов әскерлерімен Орынбордан Елек бағытына аттанды. Олармен бірге бір мөз гілде Оралдан Жемге қарай екі зеңбірегі, 1250 казағы бар әскер старшиналары Колпаков пен Пономаревтің отрядтары шықты. Бірақ патша әскерлері қөзғалысты баса алмады, өйткені котерілісші ауылдар Жемнен шалғай көшіп кеткен еді. Смирнов пен Колпаковтың отрядтары көтерілісшілердің шогырланған жерін іздеп жүрген көз де Сырым батыр 500 жігітімен олардың тылына өтіп кетті. 1785 жылдың наурызында ол Антонов форпосына, содан ке- йін Жайықтың том. бойында орналасқан Сахарная қамалына шабуыл жасады. Бекіністердің гарнизондары шабуылды тойтаруға дайын еді. Котерілісшілердің түтқиылдан тиісуі, ақталмай, олар шегінуге мэжбүр болды. Бірақ Сырым батыр басқа форпостар мен бекіністерге шабуыл жасап, патша жазалаушыларын кері оралуға мәжбүр етті. 1785 жылы 3 наурызда Нұралы хан Орал әскерінің атаманы Донсковқа табын руының кейбір ауылдары өзіне дұшпандықпен қарайтынын хабарлап, оларды жазалауын отінді. Сахарная бекінісінің Каршинск форпосты ауданында көшіп жүрген ауылдарға ханның өтініші бойынша м-р Назаров бастаған эскери команда жіберілді. Жазалаушылардың көрсеткен жәбірі халықтьщ ашу-ызасын күшейтті. Сол көзге дейін көтеріліске қатыспаған көптеген ауылдар көтерілісшілерге қосылып, Нұралы ханнан халық сырт айналып кетті. 1785 жылдың көктемінен бастап қөзғалыс кеңейе түсті және шын мәнінде бүкіл Кіші жүзді қамтыды. Сол көз-де-ақ танымал басшы болған Сырым батырға шекті, табын, шеркеш, таз рулары белсене қолдау көрсетті. Генерал-губернаторО. А. Игельстром көтерілісшілерге өзінің өкілі ахун Құсайыновты жіберді. Ол ру- басыларына егер күресті тоқтатса, көтеріліске қатысушыларға кешірім беруге уәде еткен хат әкелді. 1785 жылдың жазында котерілісшілердің кеңінен қатысуымен болған рубасыларының съезі патша өкіметі орындарының үндеуін талқылап, генерал-губернаторға өз өкілдері арқылы жауап қайтарды. Рубасылары қазақтарға Жайық пен Еділ арасындағы қоныстарды беруді, Жайық казак әскерінің «әскери әрекеттерін» тоқтатуды талап етті. Котерілісшілердің басты талаптарының бірі Нұралы ханды тақтан тайдыру болды. Бұл шешімге елуден астам ру басшылары қол қойды. Мұндай талаптан кейін патша өкіметі 1786 жылы Кіші жүзді басқарудың жобасын жасап, оны жүзеге асыра бастады. Бірақ бұл реформа Кіші жүзге «тыныштық" әкеле қоймады. Патша өкіметінің Нұралы ханды биліктен шеттетіп, Уфаға жөнелтуіне туыстары наразы болды. Соның нәтижесінде 1786 жылдың тамыз айында Ералы сұлтан өзіне бірігуге келген Сырым батыр мен оның 106 серігін тұткынға алды. Ералы Сырымды Нұралы ханға айырбастағысы келді. Бірақ Игельстромның араласуымен Сырым батыр тұтқыннан босатылды. 1786 жылдың күзінде қазақтардың Еділ-Жайық ортасына көшуіне рұқсат берілді. Патша өкіметі мұндай шара Кіші жүзде «тыныштык» орнатуға ықпал етеді деп үміттенді. Алайда өкімет ойластырған «тыныштық" орнамады, қазақтар өз қимылдарында дербестікті нығайтуға және Орынбор әкімшілігінен тәуелсіз болуға ұмтылды. Сырым батыр мен оның жақтастары Кіші жүздің бүкіл аумағында рулық құрылымның күшті бірлестігін құру жолында әрекеттенді. Ол Орынбор әкімшілігіне қарсы іс-қимылдарын қолдау туралы Хиуамен келіссөз жүргізе бастады. Мұндай келісімді Осман сұлтандығымен жасауға да талпыныс білдірді. Ал Орынбор әкімш. отарлау саясатын бұрынғысынан да күшейте түсті. 1790 жылы қыркүйекте Сырым батыр Екатерина ІІ-ге казак атаманы Донсковтың 1500 әскерімен қазақтарға шабуыл жасап, 150 адамды өлтіріп, сан- сыз көп малды айдап кеткені жайлы мәлімдеме жолдады. Бұған жауап болмағаннан кейін қазақтар Орал шебінің жекелеген учаскелеріне шабуыл жасай бастады. Орынбор экімшілігінің жаңа басшы- сы А.Пейтлинг халықты тыныштандыру үшін Кіші жүзде жаңа хан сайлау қажет деп тапты. Оның таңдауы Нұралының інісі Ералыға түсті. Сырым Ералының хан сайлануына наразы болып, Бұхар әмірімен келіссөз жүргізді. 1792 жылдың қыркүйегіне қарай Сырым тікелей карулы күрес жолына түсіп, Ресейге соғыс жариялады. Қарулы күрес Сырым батырдың Елек қорғанына шабуыл жасауымен басталды, бірақ көтерілісшілерге тойтарыс берілді. Сонан соң Сырым Красногор бекінісіне шабуыл жасауға әрекеттенді, бірак бұдан да ешнәрсе шықпады, оның үстіне Сырым Бүхар әмірінен уәде етілген қолдауды ала алмады. Ресейге соғыс жариялағанға дейін Сырым өзімен келіспеген, ақсақалдарды жазалауға әрекет жасаған еді. Енді олар патша әскерлерімен бірлесіп, біріккен күштермен Сырымға қарсы шыға бастады. 1794 жылы Ералы хан қайтыс болып, Орынбор әкімшілігі Нұралының баласы Есімді хан етіп тағайындады. Сырым бір көзде белгілі бір дәрежеде оны өзінің одақтасы деп санаған еді, ал өзіне Есімнің қолдау көрсетпейтіні аныкталған көз-де ымырасыз күрес жүргізді. Бұл көтерілісшілердің Есім ханды өлтіруіне әкеліп соқты. Орынбор әкімшілігі жаңа хан сайламай, Кіші жүзді Хан кеңесіне тапсыруға әрекет жасады. 1797 жылдың тамызында Хан кеңесі жұмысын бастады, оның төрағасы болып Айшуақ сұлтан тағайындалды. Алайда сұлтандар өз бетімен, халық өкілдерін қатыстырмай Қаратай сұлтанды хан етіп сайлады, бұл қайтадан наразылық туғызды. Осы көз де Сырым, ақсақалдармен татуласуға ыңғай танытып, Сырдарияның төм. ағысына көшіп барды. Кейіннен бұл арадан оны Қаратай сұлтан жасақтарымен ығыстырып, Хиуа жеріне өтуге мәжбүр етті. Осылайша бұл қөзғалыс жеңіліспен аяқталды. Дегенмен Сырым датұлы бастаған ұлт-азаттық қөзғалыс ұлттық сана-сезімнің артуында өзіндік терең із қалдырды.[1]