Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

ЕЫҚҰ VII саммиті - Қазақстан мемлекетінің халықаралық беделінің айғағы

29144
ЕЫҚҰ VII саммиті - Қазақстан мемлекетінің халықаралық беделінің айғағы - e-history.kz

Астанада өткен Европадағы ынтымақтастық пен қауіпсіздік ұйымының VII саммиті Қазақстан тарихындағы аса маңызды оқиға. Қазақ тарихында өз жеріне осыншама мемлекетің өкілін жинаған емес.  Астана саммитіне әлемнің 73 мемлекеттері өз делегацияларын жіберіпті. Соны-мен бірге элемдік беделді ұйымдар Б¥¥, Евроодақ, ТМД, ЕврАЗ Еропадағы, ШЫҰ, ОДКД сияқты ұйымдардың өкілдері мен бас-шылары қатысты. Соның ішінде 28 мемлекеттің бірінші басшы-лары, 10 мемлекеттің үкімет басшылары, 7 мемлекеттің вице премьерлері, 14 мемлекеттің сыртқы істер министрлері өз деле-гацияларын бастап келді. Саммитке жалпы 33 халықаралық және аймақтық ұйымдар өкілдері келді. ОБСЕ-нің Астана саммитіне 2500 адам қатысушылар ретінде, 1200 адам БАҚ өкілдері және 600-дей үкіметтік емес ұйымдар өкілдері қатысты.Саммитке кеткен тікелей шығындар көлемі 11 миллион евроны құраған. Оның 2,7 миллионы мүше-мемлекеттер тарапынан бөлінген. ЕЫҚҰ саммитінің Астанадағы жұмысы туралы ақпаратты әлем жылдам түрде баспасөз орталығы арқылы біліп отырды. 1200 журналистің 500-дейі шетелдік журналистер болды. Оларға арнап 400-дей компьютерлер интернетпен жабдықталды. Ин-тернет жүйесінің жылдамдығына бірде-бір шетелдік журналист реніш білдірген жоқ. Теле, радиожурналистерге арналған мон-таждау орындары даярланды. Онлайн тәртібінде журналистер саммиттегі болып жатқан оқиғаларды және сөздерді тікелей ес-тіп көріп отырды. Оларға арналған брифингтер Тәуелсіздік сарайынан беріліп отырды.Саммит қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету шара-ларына 7600-ден астам полиция, ішкі істер және ұлттық қауіп-сіздік комитетінің қызметкерлері жұмылдырылды. Астанада бірде-бір тәртіп бұзу, заңсыз митинглер откізу болған жоқ. Осын-дай дайындық жұмыстарының нәтижелі болғанын бағалай келе Елбасы Н.Ә. Назарбаев: «Әзірлік жұмыстарына көптеген адам тартылды. Барлық техникалық қызметтер - аэронавигациядан Астананың коммуналдық қызметтеріне дейін үйлесімді жұмыс істеді. Бәрі минут-минутында секунд-секундында нақты ұйымдастырылды. Барлық міндеттер атқарылды, барлық мақсат-тарға қол жеткізілді» дей отыра Астана қаласының әкімшілігіне үлкен ризашылығын білдірді [1, 16.].

Әлем халқы Астана саммитінен кейін Елорданы жер шары-ның маңызды қалалары: Хельсинки, Париж, Будапешт, Лисса-бон, Ыстамбұл сияқты қалаларының қатарына қоятын болды. Астана саммиті әлемдік қауымдастыққа жаңа қосылған Қазақ-станды ғалам жұртшылығына жаңа қырынан танытты. ЕЫҚҰ-ның көптеген мүшелері өткізе алмаған, шамалары келмеген Қазақстан жас, әлі де қалыптасып болмаған мемлекет болса да ойдағыдай өткізе алды. Саясаттанушылар халқы 50-60 миллион болатын көптеген мемлекеттердің осындай саммит өткізуге шамасы келмейтіндігін жақсы біледі. Мысалы, Бангладеште 160 миллион халық бар. Бірақ, бұл елде бірде-бір әлемдік шара ұйымдастырылмапты. 1971 жылдан бері қарай әлемдегі қайыршы және кедей мемле-кеттер саны 25-тен 49-ға өскен [2, 56]. Бұл кедей мемлекеттердің экономикалық даму моделдері қате. Демек, ол моделдер қайта қаралмаса дамудың жолы ашылмайды. Көлемі шағын Сингапур, Катар, Араб эмираттығы, Бруней, Кувейт, Израиль, Бахрейн сияқты мемлекеттер әлемдік саясат тақтасында белгілі ойыншыларға ай-налып отыр. Осы кішігірім мемлекеттер жан басына шаққандағы ішкі жиынтық өнім көлемі деңгейінде БРИК-Бразилия, Ресей, Үнді және Қытай сияқты аса ірі мемлекеттерді артқа қалдырып отыр [3, 56.]. Қазақстан Президенті орта көлемдегі мемлекеттер әлемде шешуші рөл ойнауы керек деп есептейді. Себебі, олардың саны көп. Сондықтан орта көлемді елдер консенсустық негізде ғаламдық стратегиялық шешімдерді қабылдатуға ықпал ете алады деген пікір айтты. Орта көлемдегі мемлекеттер қатарына енетін Қазақстан тәуелсіздік ала салысымен әлемдік өркениетті қауымдастыққа кіру үшін ашық қоғам орнатты. Ашық қоғамның кемшіліктері мен зиянынан қарағында артықшылықтары мол екендігін Қазақстан басшылығы жақсы ұқты. Осындай белсенділіктің объективті ба-засы Қазақстанның мол табиғи ресурстары және геосаяси орна-ласуы болды. Елдің геосаяси жағдайы оны Батыс пен Шығысты жалғастырушы көпірге айналдыруға бастады. 1955 жылы Вена қаласында Қазақстан ЕЫҚҰ жанындағы өзінің тұрақты өкілдігін ашса, 1999 жылғы қаңтарда Алматыдағы ЕЫҚҰ орталығы ашыл-ды. 2007 жылы Мадридте өткен ЕЫҚҰ-ке мүше елдердің сыртқы істер министрлерінің жиынында Қазақстан 2010 жылыЕЫҚұтөраға болады деп шешілді [4, 26.]. Астана саммитінде ЕЫҚҰ 57 мүше мемлекеті 10 сағаттан астам талқылаудан кейін «Астана декларациясын» қабылдай алды. Көптеген мәселеге қатысты мүлдем жанаспайтын, қарама-қарсы позициялар болғаны ақиқат. Мысалы, Ресей-Грузия, Әзербайжан-Армения қайшылықты позицияларын бір арнаға иліктіру өте қиын болды. Сағат 13.00-де қабылдануы тиіс Аста-на декларациясын қабылдау түн ортасында бірақ аяқталды. Рәсімдеу ережелеріне сәйкес Астана Декларациясы «Сам. ДІ-10» номерімен белгіленді. Астана Декларациясы Хельсинки Де-кларациясына жаңа үн қосты. «Хельсинки рухы Астана рухына ұласты», - деп жазды сарапшылар.Астана Декларациясы 1975 жылғы Хельсинки Деклара-циясы қабылданғаннан кейінгі әлемдік тәртіптер мен қатынас-тарға түбегейлі өзгерістерді есепке алады. Мұндағы жаңа идея «Мұхиттан мұхитқа дейін» идеясы. Бүл идеяның мәні Евроатлантикалық және Евразиялық кеңістікте қауіпсіздіктің, бейбітшіліктің, халықаралық түсіністік пен келісімнің қоғамдас-тығын құруға бастау болу. Осы арқылы жаңа тарихи кезеңде Хель-синки рухын жаңарту. Астана Декларациясының келесі идеясы алғашқысынан туындайды. Ол қағида қазіргі дүние Батыс пен Шығыс, немесе түстік пен теріскей деген кереғар түсініктермен емес, ендіктен мен бойлықтар үндескен тұтас әлем ретінде қарым-қатынастар жасау. Демек, жаһандық адамзаттық тағдыр ортақтастығы мәселесі.Астана саммитінің қорытынды құжаты «Жалпыға ортақ қауіпсіздік» деп аталынды. Бұл құжатта әлемдік қауіптердің сақталып отырғандығы айтылады. «Әскери-саяси, экономика, қоршаған ортаны қорғау, адам құқы және сөз бостандығы ісінде қол жеткізілген маңызды келісімдер мен қағидаларды орындау және сыйлау үшін оларды әрі қарай жылжыту қажет. ЕЫҚҰ әрбір 56 мүшесі Ванкуверден Владивостокқа дейін созылып жатқан евроатлантикалық және евразиялық кеңістікте қауіпсіздік жөніндегі тең дәрежелік құқықты пайдалануды, олар басқа бір елдермен қауіпсіздік саласында одақ құру, немесе бейтараптылықты сақтау құқығына ие. Ешбір мемлекет өз қауіп-сіздігін басқа мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіре отырып қорғау қауіпсіздігіне ие емес», - деп көрсетілген қорытынды құжатта [5, 46.]. Қазіргі кезеңде ЕЫҚҰ-ның назарындағы басты қайшылықтар мәселесі ТМД-ға кіретін елдер арасындағы даулы мәселелер болып отыр. Молдова, мысалы Приднестровье өңірінен Ресей әскерлері-нің тез әкетілуін көтерді. Орталық Азия мемлекеттері арасындағы су мәселесі үнемі даулар туғызуда. Өзбекстан Тәжікстанға сауда, жүк тасымалы салаларында қысым көрсетуде. Таудағы Қарабақ армян-әзірбайжан қайшылығын, теке тіресін тереңдете түсуде. Екі ел жанжалдан 30 мыңдай адамынан айрылды. Қазір Әзірбайжан құрамынан шыққан Таулы Қарабақ тәуелсізбін деп есептейді. Бірақ оның тәуелсіздігінің әлемнің 1 елі таныған емес. Қығызстандағы әлеуметтік тірестер де ЕЫҚҰ толғандырды.

Әлемдік тәртіптер мен қатынастар үнемі өзгерісте. Әрбір мемлекет осы жүйеден өз орнын алуға тырысады. Адамзаттың жалпы дамуы барлық мемлекеттер еріксіз есептесетін ортақ заңдылықтарды және даму тенденңияларын тудырады. Әлемдік тәртіптерге жаһандық экологиялық өзгерістер, соғыстар қаупі, ядролық қауіпсіздік, азық-түлік тапшылығы, әлемдік ортақ ақпа-раттану, түрлі індет аурулары, индустриалдық-техникалық ортақ-тану, техногендік катастрофалар, халықаралық терроризм, нар-котрафик, халықаралық заңсыз қару сату, халықаралық қылмыс-керлік, адамдарды құлдыққа сату, діни экстремизм т.б. әлемдік қауіптер мен қайшылықтар үздіксіз өз ықпалдарын тигізіп отырды. Ашық, ақпараттық, технологиялық қоғамдар құру жағдайын-да аталған қауіптер әрбір халыққа, әрбір мемлекетке және олардың азаматтарына өздерінің әсерін тікелей, немесе жана-ма түрде тигізеді. Әлемдік қауіптердің шиеленісуі әлемдік эконо-микалық, қаржылық дағдарыстарға себеп болуда. Жаһандық дағдарыстардан әрбір мемлекет зардап шегеді. Сондықтан әрбір мемлекет әлемдік дамудың ортақ мәселелерін шешуге мүдделі. Бірақта, қандай қуатты болмасын жеке бір мемлекет әлемдік мәселелерді шешуге қауқарсыз. Жаһандық қауіптер мен қайшылықтарға қарсы барлық мемлекеттердің бірлескен әрекеттері мен ортақ шаралары қажет. Әлемдік саясат мәні осындай зәруліктен туындайды. Әлемдік саясат-халықаралық қатынастар субъектілерінің, саяси факторлардың әлемдік мәселелерді, қауіптерді және қайшылықтарды бірлесіп шешуін ұйымдастырудың жолдары, бағыттары және әдістері болып та-былады. Әлемдік саясат жаһандық мазмұндағы саясат. Себебі ол барлық халықтар мен мемлекеттерге ортақ саяси шындыққа тікелей қатысты.Әлемдік саясат көпқабатты және көпжақты құбылыс. Себебі оның қызметі жаһандық өзгерістердің және жаңа құбылыстардың тууына байланысты. Мысалы, ғаламшардың жаһандық жылы-нуы әлем халықтарына түрлі табиғи апаттар әкелуде. Сондықтан өндірістің зиянды қалдықтарын азайтуға эрбір мемлекет мүдделі деп есептеледі. Алайда көпшілік мемлекеттер өздерінің, капитал мүдделеріне әлі де болса басымдылық беруде. Өндіріс дамуда, зиянды қалдықтар өсе түсуде. Ал, әлемдік саясат адамзатты сақтау үшін әр ел өзінің эгоистік, үлттық мүдделеріне тиым салу қажеттілігін талап етуде. Әлемдік саясат мақсаты мемлекеттерді ғаламшарлық ортақ мәселелерді үжымдық шешуге ұйымдастыру, олардың арасында бейбітшілік пен татулықты сақтау. Басым державалардың және трансұлттық компаниялардың ғаламдық мәселелерді шешуге бағытталған іс-әрекеттерін ортақ арнаға бұру. Әлемдік саясаттың түпкілікті, көкейтесті міндеті - адамзаттың өмір сүруіне жағдай жасау арқылы, оның тіршілігін қамтамасыз ету. Қазіргі кезеңде әлемдік басым державалардың саяси элиталары әлемдік саясат міндеттерін шешпейінше ешбір мемлекетте келешек болмайтындығын түсінуде. Демек саясат мәнін ұғыну үшін халықаралық саясат бағыт-тарын, оның қалыптасуы мен дамуының заңдылықтарын білу маңызды. Сондықтан саясаттану пәні студенттердің әлемдік сая-сат туралы кең көлемде түсінігін қалыптастыру зәрулік деп біледі. Себебі, халықтар мен мемлекеттердің тарихи тағдырлары бір-біріне байланысты және тәуелді. Олардың өзара қатынастары мемлекетаралық деңгейде, халықаралық ұйымдар арқылы, трансұлттық корпорациялар, халықаралық үкіметтік емес ұйым-дар т.б. әлемдік саяси процесс субъектілері арқылы өтеді. Әлемдік саясат факторлары қызметтері адамзаттың сақталуы мен өмір сүруін қамтамасыз етуді көздейді. Әсіресе ядролық және жаппай қыру қаруларының басқа түрлерін қолдануға, сынауға тиым салу, оларды таратпау, сат-пау мәселесін әлем мемлекеттері бірлесіп шешу қажеттілігін түсініп, ортақ шаралар жасай бастады. Әлемдік саясат соғыс қаупіне қарсы халықтардың және мемлекеттердің бірлесіп күресуі қажеттілігін сезінуден басталады десек қателеспейміз. XX ғасырдың екінші жартысынан бастап әлемдік жақындасу, бірлесу, ортақтасу, мүдделердің тэуелділігі сияқты үдерістердің күшеюі тереңдей берді. Ортақ экономикалық, сауда, транс-порт пен коммуникация ғылым мен ақпарат байланыстары халықтар мен мемлекеттерді өзара тәуелді ете түсті. Өзара келісіп, ортақ мәселелерді бірлесіп шешу міндеттері зэрулікке айналды. Әлемдік жаһандану үдерісі тек объективті ғана емес, түрлі субъективті факторлар ықпалымен жылдамдай берді. Әлемдік деңгейдегі ортақ мәселелер жүйесінің қалыптасуы XX ғасырдың 70-80 жылдарында нақты нәтижелерін беріп жаһандық жаңа тәртіптер қалыптасты. Адамзат өркениетті бір сапалық деңгейден, екінші мүлдем жаңа сапалық деңгейге ауысты. Жаһандану үдерісі XXI ғасырдың бастапқы кезеңінде бұрынғыдан да әлеуетті бола түсті. Жер шары халқының саны 2010 жылғы 6,8 миллиард болса 2025 жылы 11 млрд. адамға өсуі болжануда. Өкініштісі халық өсуі тіршілік ортаның ласта-нуымен қатарласа жүруде. Адамзаттың осылайша өсуі міндетті түрде экологиялық катастрофаға әкеледі деп есептейді сарапшылар. Адамзаттың дамуы демографиялық дағдарыс, экологиялық қыспақ, азық-түлік тапшылығы сияқты дәстүрлі қауіптер мен қай-шылықтарға қосарласқан жаңа қауіптерге душар болуда. Олар ядролық қарулардың және басқа да жаппай қыру қаруларының бақылаусыз таралуы, халықаралық терроризм, түрлі індет ауруларының жаңа түрлерінің қауіптері, адамдарды қүлдыққа сату, жасырын миграңия, аштық (әлем халқының 1 млрд. ада-мы қазір ашығуда), экстремизм, наркотрафик т.б. қауіптер мен қайшылықтар. Әлемдегі бейбітшілік пен тыныштықтың сақта-луына зардаптарын тигізетін осы қауіп-қатерлерден келетін шығындарды азайтуға бағытталған тиімді де күшті саясатты басқа мемлекеттермен үйлестіре отырып жүргізуге әлемнің әрбір мемлекеті мүдделі. Әлемдік тәртіптер мен мемлекетаралық қатынастардың өзара тәуелділік пен ортақтасу принципіне бейімделе түскендігі нақты байқалады. Әлем халықтары мен мемлекеттері жаһандық қауіптер мен мәселелерді бірлескен күшпен өзара келісім са-ясатымен ғана шешуге болатындығын ұғынып отыр. Әлем мемлекеттерінің жаһандық мәселелерді шешуге қатынасуы жолдары Б¥¥, ЕЫҚҰ, ШЫҰ, БСҰ сияқты халықаралық ұйымдар арқылы жүргізілсе, әлем халықтары жаһандық қауіптерге қарсы халықаралық азаматтық ұйымдар Гринпис, Халықаралық Қызыл Крест, Шекарасыз дәрігерлер, феминистік, гендерлік ұйымдар қызметтері арқылы жүргізілуде. Мемлекеттер мен халықтар жаһандық мәселелерді бірлесіп шешу мақсатында әлемдік қауымдастық құрып отыр. «Әлемдік қауымдастығы» ұғымын алғаш рет ресми түрде 1969 жылы Б¥¥ Бас Ассамблеясында сөйлеген сөзінде АҚШ Президенті Ричард Никсон қолдаған. Ол, - «Бүкіл тарихи ғұмырымызды біз бірінші рет әлемдік қауымдастық болып отырмыз», - деп көрсетті [6, 856.]. Әлемдік қауымдастықтың мақсаты - әлемдік тәртіптерге әсер ете отыра әлемдік бейбітшілік пен адамзатты сақтау бо-лып табылады. Негізгі мақсатты орындау үшін барлық мемле-кеттер әлемдік қауымдастықты нығайта беруге мүдделі болуға тиісті. Бұл ретте әлемдік және аймақтық басым державалардың бейбітшілік пен татулық үлгілерінің маңызы үлкен. АҚШ, Қытай, Ресей, Индия, Бразилия, Жапония, Германия, Ұлыбритания, Пәкістан сияқты қуатты мемлекеттердің агрессияға бармауы, әлемдік тәртіптерде бейбітшілік пен қауымдастығының жаһандық мәселелері мен қауіптерді тиімді шешу саясатын жүргізуге жағдай туғызатыны анық. Әлемдік тәртіптерде, әлемдік геосая-си құрылымда бейбітшілік әлемінің басым болуына жағдай жа-сайтын мемлекеттерді нағыз бейбітшілікті сүйетін мемлекеттер ретінде бағалауға болады. Аз ғана 1 жылдық мерзімде Қазақстан барлық мүмкіндіктерді пайдаланып осы қайшылықтарды шешуге ұмтылды. Әрине барлық қордаланған қайшылықтар мен қауіптерді Қазақстан өзі шешіп тастай алмайды. Біз оларға бейбітшілік үлгісін көрсеттік. Төзімділік, сенім, толеранттылық пен консенсус арқылы ғана да-уларды дұрыс шешуге болатындығын көрсеттік. Қазақстанның ЕЫҚҰ төрағалығының ең маңызды қорытындысы Астана саммиті болды. Бейбітшілік үшін белсенді күресімен Астана саммиті тарихта маңызды орын алады деген сенім күшті. Астана Де-кларациясы әлем мемлекеттерін бейбіт келісімге, ақылдасуға, кеңесуге, сарапқа салуға шақырды. Қазақстанда әлемдік шараларды ойдағыдай іске асыруға бастаған, саммит идеясын көтерген және оны іске асыруға тікелей басшылық жасаған Ұлт Көшбасшысы Н.Ә. Назарбаев еді.

Әдебиеттер

1. Назарбаев Н.Ә.Астана саммитін өткізу бүкіл Қазақстан халқының салтанаты // Егемен Қазақстан. - 2010. - 4 желтоқсан.

2. Кагакһзіап Іоёау. Жертвы глобального развития. // Вечер-ний Алматы. - 2010. - 4 декабря. с. 5.

3. Солозобов Ю.Смелый синтез инноваций и традиций // Казахстанская правда. - 2010. - 3 декабря.

4. ТілеубайТ.ЕЫҚҰ-ның екінші тынысы // Жас Қазақ. -2010. - 3 желтоқсан.

5. Әліпбай С.Әлем БАҚ-тары Астана саммиті туралы // Еге-мен Қазақстан. - 2010. - 4 желтоқсан.

6. Саяси түсіндірме сөздік. - Алматы: ИСИ, 2007, 616 6. - 85.


Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?