Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Моңғолияның жаңа үкіметінде қазақ министр

4126
Моңғолияның жаңа үкіметінде қазақ министр - e-history.kz

Моңғолияның жаңадан жасақталған Үкіметінің министрлер кабинетіне Баян-Өлгий аймағынан Парламентке сайланған депутат Әубәкір Тілеуханұлы еніп отыр, деп хабарлайды e-history.kz порталы Дербес телевиз арнасына сілтеме жасап. 

Дереккөз мәліметінше Әубәкір Тілеуханұлы жаңа жасақталған Үкіметте Отбасы, еңбек және әлеуметтік қорғау министрі лауазымына тағайындалмақ.

Әубәкір Тілеуханұлы - Моңғолия Мемлекеттік Ұлы Хуралының (Парламентінің) депутаты. 1976 жылы Моңғолияның Селенге аймағында дүниеге келген. 1992 жылы Селенге аймағы, Цагааннуур сомонының орта мектебін бітірген. 2000 жылы ел астанасы Ұланбатор қаласындағы  Отгонтэнгэр университеті тәмамдап, халықаралық құқық бакалавры дәрежесін алған. Еңбек жолын Селенге аймағы, «Селенге тария» ЖШС-нің директордың орынбасары қызметінен бастаған. 2015-2019 жылдары кеден басқармасында ішкі аудит және бақылау бөлімінің басшысы, кеден бөлімі басшысының орынбасары қызметтерін атқарған. 2008–2015 жылдары Баян-Өлгий аймағы, Әлеуметтік демократия – Моңғолия жастар одағының төрағасы, 2020 жылдан қазіргі уақытқа дейін – Моңғолия Мемлекеттік Ұлы Хуралының мүшесі. 

Бұған дейін Моңғолияда 3 маусымда сол уақыттағы Премьер-министр Лувсаннамсрайн Оюун-Эрдене доғарысқа (отставка) кетіп, оның орнына 13 маусымда Гомбожав Занданшатар жаңа премьер-министр болып тағайындалған. Сондай-ақ бүгін жаңа министр Гомбожав Занданшатар Үкіметтің жаңа мүшелерін Ұлы Құрылтай мүшелеріне таныстырды. 

 

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?