Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Жаһандану жағдайындағы тәуелсіз Қазақстан мен Түркия республикасының өзара байланысы және оның болашағы

29135
Жаһандану жағдайындағы тәуелсіз Қазақстан мен Түркия республикасының өзара байланысы және оның болашағы - e-history.kz

Түркия мен Қазақстан арасындағы ресми байланыс 1990 жылдың желтоқсанында орнатылды. Мәдениет министрі Намык Кемал Зейбек пен Қазақ мемлекеттік мәдениет комитеті арасында екі ел арасында білім беру жүйесінде, ғылыми жобалар жасау, мамандар мен ғалымдармен тәжірибе алмасу, ортақ мәдени шаралар жүргізу ісі жөнінде келісімге қол қойылды. Бұл келісім ұзақ уақыт бойы үзіліп қалған мәдени байланысты қайта жандандырды. 1991 жылдың 31 қаңтарында Қазақ мемлекеттік мәдениет комитетінің басшысының Түркияға келуі және осы жылдың 14 ақпанында Денсаулық министрінің ынтымақтастық келісімге қол қоюы екі ел арасындағы мәдени қатынастарды нығайта түсті. Қазақстан тәуелсіздік алмастан бұрын Түркияның мемлекет басшысы Тұрғыт Өзалдың 15 наурызда Қазақстанға ресми сапары және "Қазақ Совет Социалистік Республикасы мен Түркия Республикасының қарым-қатынасы туралы" келісімшартқа отыруы қазақ-түрік қарым-қатынастарының достық бағытта одан әрі дамуына, нығая түсуіне алып келді. Бұл келісімшарт екі ел арасындағы мәдени байланыстардың кеңеюіне және елшіліктер ашуына жол ашты. Тұрғыт Өзалдың бұл сапары түрік қоғамына Қазақстанды жаңа қырынан танытуға жол ашты. Түркияның мерзімді басылым-дары Қазақстан мен Түркияның арасындағы болашақтағы байла-ныстар туралы ашық жазып, Қазақстан президенті Н.Ә. Назар-баевтың Түркияға ресми түрде шақырылғандығы басылды. Негізінде бұл кездесуде Тұрғыт Өзал Нұрсұлтан Назарбаевпен Түркияның нарықтық экономикаға өтудегі тәжірибелері, тұрақты валюта курсын бекітудегі ұсыныстарымен бөлісіп, болашақтағы түрік кәсіпкерлері үшін Қазақстанның лайықты инвестиция шарттарын қамтамасыз ету мәселелері жөнінде сұхбаттасты. Тұрғыт Өзал журналистерге берген сұхбатында Түркия мен Қазақстан арасындағы байланыстар одан әрі нығая түсетіндігін айтты. (Мііііуәі; Ситһигіуәі, 16 Магі 1991)"Тержуман" газеті Тұрғыт Өзалдың Қазақстан мен Әзірбайжанға келесі сапарға барудағы ниеті осы екі мемлекет халықтары мен Түркия арасында тарихи қатынастардан туындаған тілек деп тұжырымдады. Газеттің былай тұжырымдауы Қазақстан Сыртқы істер министрі Ақмарал Арыстанбекованың "Өзалдың бұл сапарының Қазақстан мен Түркия халықтары арасындағы қаты-настардың дамуы тұрғысынан тарихи мәні бар және екі жақты қатынастар барлық салада дамитын кезеңге аяқ бастық" деуі мен Қазақстан Мәдениет министрі Қанат Саудабаевтың "Тіліміз, дініміз, мәдениетіміз, тарихымыз бір. Біраз уақыт олардан ажырап қалдық, енді қайтадан қауышамыз" деген сөздеріне назар аударғандықтан болды (Тәгсйтап 16 Магі 1991). Президент сапарына қатысқан тілшілер де алған әсерлерін оқырмандармен бөлісті. Бұл турада Хасан Жемалдың "Қазақтар бізді ыстық құшақпен қарсы алды. Түркияның оларға көмек қолын созуы екі жақ үшін де пайдалы бо-лады. Зайырлы, жаңашыл және демократиялық Түркия үлгісінің олар үшін Иранға, Ауғаныстанға қарағанда тартымдырақ бо-латыны айқын" деп жазуын атап өткен жөн (Назап СәтаІ, "Аііау ОадіагіпоІап Нагаг Кіуізіпа", Ситһигіуәі, 16 Магі, 1991). Хасан Же-мал «Жумхуриет» газетіне жариялаған келесі бір мақалаларында: "Қырғи қабақ соғыстың аяқталуы Түркияны Кеңес Одағына алыс көрші болудан сақтайды. Сонымен қатар, Орта Азия түрікшілдігі арқылы Әзербайжан мен Түркияны жақындастырады. Барлық жақ үшін де жаңа көкжиектер ашқан бұл шарттарды саналы түрде пайдалануымыз керек", - деп келтірілді (Назап СәтаІ, "Вакй'сІәп Эозііик Тәііәгі", Ситһигіуәі, 17 Магі 1991). Түркия мен Қазақстан арасындағы байланыстың берік бо-луы үшін газеттерге түрлі пікірлер мен ұсыныстар да жариялана бастады. Мәселен, «Миллиет» газетіне Алтан Өйменнің екі елдің экономикалық және мәдени байланысын жақсарту жолдарын көрсеткен ұсыныстары жарияланды. Бұл ұсыныстар мынаған сая-ды: 1. Экономикалық және мәдени байланыстарымызды дамытуға лайықты шарттар жасасу керек; 2. Экономикалық қатынастарды жетілдіру үшін оларға несие беруіміз керек; 3. Қазақ-түрік байла-нысын дамытуда әсіресе сыртқы істер, сыртқы сауда ұйымдары үшін білікті мамандар қажет (Аііап Оутәп, "Үәпі ІЛикіаг", Мііііуәі, 16 Магі 1991). 1991 жылы 19 тамыздағы жасалған төңкерістен кейін Кеңес Одағы ыдырай бастады. Балтық республикаларынан бастап одақтас республикалар бірінен соң бірі тәуелсіздіктерін жария-лап, егеменді мемлекеттермен жаңа одақ құрудың жолдарын қарастыра бастады. Орта Азия мемлекеттерінің ішінде 1991 жылдың 30 тамызын-да Әзербайжан, ал 31 тамызында Өзбекстан мен Қырғызстан рес­публикалары өз тәуелсіздіктерін жариялады. Бұл мемлекеттердің егемендігін өз жариялауын Түркия үкіметі тағатсыздана күткен еді. 1991 жылы қыркүйек айында Түркия үкіметі Кеңес Одағындағы жағдайларды нақтылау үшін екі зерттеу кеңесін жіберуге шешім қабылдады. 8 қыркүйекте сыртқы істер министрі Сафа Гирайдың бұл мәселе жөнінде мерзімді басылымға "Кеңес Одағын жақын-нан бақылау", "Кеңес Одағындағы өзгерістерді көреміз" деген екі бірдей мақаласын жариялады. Кеңестің мақсаты жөнінде сыртқы істер министрі Сафа Гирай 1991 жылы 11 қыркүйектегі баспасөз хабарламасында: "...Түркия Кеңес Одағындағы болып жатқан шұғыл өзгерістерді жақыннан және мұқият бақылап отыр. Осы мақсатта құрылған екі кеңес екі бөлек кеңестік республикаға баруы және болып жатқан өзгерістерді сол орында бақылауына шешім қабылданды", - деп келтірді. Бірінші кеңесті тәжірибелі дипломат Билал Шимшир басқарып, қызмет ету аймағы ретінде Әзірбайжаннан бастап Кавказға және Орта Азиядағы алты кеңестік республикаларды (бұның ішінде Қазақстан да бар) алса, ал елші Исмет Бирсел басқарған екінші кеңес Еуропадағы кеңестік республикаларды бақылайтын болды. Бірінші кеңес 12-27 қыркүйек аралығында Әзербайжаннан бастап Түрікменстан, Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстанда табысты кездесулер өткізді. Негізінде Қазақстаннан басқа республи-калар ол кезде тәуелсіздіктерін жариялаған болатын. Қазақстан тәуелсіздігін жарияламаса да тәуелсіздік идеясы жақтаған еді. Кеңес Алматыға жеткен кезде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Түркияға ресми сапарына соңғы дайындықтаржасалып жатқан болатын (Вііаі Ы.§іт§іг, "Үәпі Тйгк Ситһигіуәііәп Тйгкіуә, 1991 уіііпСакі Сәіізтәіәг", Әәді§әп ӘйпуаСа ТйгкіуәТйгк Әйпуазі Зәтрогуити, Н.О.АІаШгк Іікәіәгі уә Іпкііар Тагіһі ЕпзііШзй, Апкага 13 Ыізап 1992, з.58-98). Түркия тәуелсіздік жолына түскен мемлекеттер жөнінде ха-лық арасында қоғамдық пікірлер дұрыс қалыптасу үшін ғылы-ми жиналыстар мен конференциялар өткізуді қолға алды. 1991 жылы 16 қыркүйекте "Түркия үлгісі және Кеңес Одағының бұрынғы түркі халықтары" деген тақырыппен ғылыми симпозиум өткізіліп, онда егемендік жолына түскен және түсетін түрік республикала-рымен саяси, әлеуметтік, экономикалық байланыс орнату және Түркияның осы республикалармен болашақта тәжірибе алмасу мәселелері қарастырылды. Түркия және Қазақстан басшыларының ресми кездесулері өте нәтижелі түрде өтіп, сауда, экономика, достық және тасы-мал саласында ынтымақтастық келісімдерге қол қойылды. 1991 жылы 25 қыркүйегінде Н. Назарбаев Түркияға ресми сапармен келді. Оның бұл сапарын Түркия халқы қуанышпен қарсы алды.Түркия президенті Тұрғыт Өзал Қазақстан президентін әуежайдан тікелей өзі қарсы алуы екі елдің арасындағы достықтың нышаны болды. Түркияда болған Н. Назарбаевтың екі күндік сапарының нәтижелері мен тілшілермен болған сұхбатының барысы "Тер-жуман" газетіне жарияланды. Газетке жарияланған мына бір сұхбатында Н. Назарбаев былай деген еді: "Тарихи және мәдени байланыстарымыз бар елдердің тәжірибелері біздер үшін қызығу-шылық тудырады. Сондықтан да саяси және экономикалық са-лада қатынастарымызды нығайтуға ден қоямын. Тасымал және коммуникация мәселелері өте маңызды. Теледидар және радио байланыстарының құрылуы, әуе тасымалының қамтамасыз етілуі байланыстарымызды одан әрі нығайта түседі" (Тәгсйтап, 26 Еуійі 1991) десе, ал келесі бір сұхбатында: "Түркияның нарықтық экономикаға өту жолындағы істері біздің көңілімізден шыққанын және осы тәжірибелерін пайдаланғымыз келетінін білдіргім келе-ді" деген ойын білдірді (Тәгсйтап, 27 Еуійі 1991). Соңғы жылдар аралығында да Қазақстан мен Түркия ара-сындағы саяси және сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық қарым-қатынас жоғары деңгейде дамып келеді. ҚР Президенті Н. Назарбаевтың 2009 жылғы 21-23 қазандағы Түркияға ресми сапары барысында Қазақстан мен Түркия арасындағы Стра-тегиялық әріптестік туралы шартқа қол қойылды. Мәжіліс Төр-ағасы Қазақстан-түрік қатынастары сапалық жаңа мазмұнға ие болғандығын және Қазақстан мен Түркия арасындағы Стра-тегиялық әріптестік туралы шарттың жасалуы екі жақты ынты-мақтастықты дамытуда жаңа кезең болып табылатынын атап өтті. Қазақстан мен Түркияның халықаралық мәселелерде де көзқарастары бір жерден шығып келеді. Екі елдің стратегиялық ынтымақтастығы жаңадан құрылған Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық Кеңесі (Түркі Кеңесі), АӨСШК, ТМЫК, ЕҚЫҰ, Б¥¥, ЭЫҰ, ИКҰ шеңберлеріндегі белсенді ыіқпалдастық елдеріміз арасындағы қарым-қатынастар ауқымын кеңейтуге негіз бо-лып отыр. Бұл біздің халықтарымыздың тарихи, мәдени, діни-этникалық жақындығымен қатар, мемлекеттеріміздің мұсылман және түркі әлемдеріндегі жоғары беделі, аймақтық және әлемдік саясат үрдістеріндегі атқарып отырған маңызды рөлдеріне бай-ланысты. Соның дәлелі - өткен жылы Қазақстанның АӨСШК төрағалығын Түркияға тапсыруы. 2010 жылы Қазақстан түркі тілдес және мұсылман елдері арасында бірінші болып ЕҚЫҰ-ға төрағалық етті және осы беделді ұйымның Саммитін өткізді. Өткен жылы Түркия Президенті Астанаға келген сапарын-да Түркі Академиясы ашылды. Қазақстан Мемлекет Басшысы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы бойынша 2010 жылы Астана қаласында Түркі Академиясы - түркі өркениетінің тарихы мен мәдениетін зерттеумен айналысатын халықаралық ғылыми-зерттеу орталығы ашылғаны мәлім. Жұмысының алғашқы жы-лын тәмәмдайын деп отырған Академия, келешекте, халықтары-мыздың интеллектуалды тұрғыда жақындасуына, тарих са-ласындағы тәжірибемен және мамандармен алмасу үрдістерін үйлестіруге бағытталған. Осы орайда, Қазақстан, барлық тарап-тарды түркология саласындағы туындылар, ғылыми еңбектер және басқа да материалдардан тұратын Академия қорын жасақтауда белсенді қадамдарға шақырады. Мәжіліс Төрағасы: «2010 жылғы 7 желтоқсанда Елордамыз-да Түркітілдес мемлекеттер Ақсақалдар Кеңесінің бірінші отыры-сы өтті. 2012 жылы Астана Түркі әлемінің елордасы деп белгіленіп отыр. Мұның бәрі осыдан 20 жыл бұрын үш ұйықтасақ та түсімізге кірмейтін жайт еді. Бұл - Кеңес одағы құрамындағы түркі тілдес республикалардың егемендік алуының нәтижесі. Және де біздің бауырларымыз Түрік мемлекетінің КСРО құрамынан шығып, тәуелсіздігін алған түркі тілдес мемлекеттерге достық, бауыр-ластық қол ұшын беруінің нәтижесі»,- деп ойын қорытты. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы экономикалық дағ-дарыс кезінде де түрік іскерлер Қазақстан экономикасының аяқтан тік тұрып кетуіне елеулі үлес қосты. Бүгінде Қазақстанда мыңнан астам түрік компаниялары жұмыс істейді. Сонымен бірге, Түркия Республикасы Қазақстанға инвестиция салған ел-дердің алғашқы бестігіне кіреді. Қазба байлықтарға ғана инвес-тиция салушы өзге мемлекеттерге қарағанда түрік инвесторла-ры экономиканың барлық салаларына инвестиция салуымен ерекшеленеді. Соңғы жылдары қазақ кәсіпкерлері де қарап қалмай Түркия экономикасына инвестиция құя бастады. Өткен жылғы екі елдің жылдық тауар айналымы 4 млрд астам АҚШ долларын құрады. Мемлекет басшылары алдағы уақытта бұл көрсеткішті еселей түсуді жоспарлап отыр. Қазақстан басшысы елдің тәуелсіздікті ала салысымен Түркістан қаласынан Университет ашуға жарлыққа қол қойған еді. 1991 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев пен Түркия Республикасының Премьер министрі С. Демирелдің екі жақты келісімінің арқасында Түркістан Университетінің аты Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университеті болып өзгертіліп, қайта құрылды. Бұндағы мақсат күллі түркі әлемінің темірқазығы саналатын Түркістаннан университет ашу арқылы түркі халықтарының интеграциясын арттыру болатын. Бүгінде аталмыш оқу орнында 30-ға тарта түркі тектес елдердің ұл-қыздары оқып білім алады. Бұйыртса, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік Университеті түрік халықтарының бірлігін арттыра түседі деген сенім мол. Сонымен бірге, 1992 жылдан бері елімізде қазақ-түрік лицейлері жұмыс істеп келеді. Бұл лицейлер орта оқу орындарына білім берудің соңғы жетілген технологиясымен жұмыс істеуімен ерекшеленеді. Бүгінге дейін еліміздегі халықаралық олимпиада жүлдегерлері санының 70 пайызы осы лицей түлектерінің еншісінде. Бұдан басқа Алма-тыда Сүлеймен Демирел атындағы университет және Шет тілі және іскерлік карьерасы университеті жұмыс істейді. Түркі халықтарының мәдени ықпалдастығын арттыру мақса-тында 1993 жылы Алматыда алты бірдей түрік мемлекетінің басшы-лары (Түрік Республикасы, Қазақстан, Қырғызстан, Түркіменстан, Әзірбайжан және Өзбекстанның) «ТҮРКСОЙ» ұйымын құруға шешім қабылдаған болатын. Алайда, сол жылдардағы саяси, экономикалық себептерге байланысты бұл ұйым көздеген мақсатқа сай жұмыс істей алмады. Дегенмен, біртіндеп ТҮРКСОЙ-дың аясы кеңіп, бұл ұйымға Татарстан, Башкұртстан, Солтүстік Кипр, Хака-сия, Гагауз, Тыва мемлекеттері мүше болды. Әсіресе, соңғы екі-үш жылда ТҮРКСОЙ-дың бойына қан жүгіріп, көптеген мәдени игі шаралардың ойдағыдай атқарылуына мұрындық болды. Штаб-пәтері Анкарада орналасқан аталмыш ұйымның жұмысын одан ары қарай жетілдіруде Қазақстан мен Түркия мемлекеттерінің ала-тын орны ерекше.


Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?