Герменевтика — бұл мәтінді түсіндіру теориясы және қазіргі батыс әдебиеттануда кең өрістеуді алған мағынаны түсіну туралы ғылымы. Жаңа әдебиет теориясының құрылуы герменевтика қағидасында негізделеді. Гуманитарлық ғылымдар саласындағы жан-жақты әдіс туралы ұғымы дәстүрлі түрде герменевтикамен байланысты. Филологиялық деректер негізінде тарихи факторларды ұғындыру әдісі ретінде герменевтика әдеби ескерткіштерін түсіндірудің жан-жақты қағидасы болып саналды. Абсолюттік көркем құндылықтарына сәйкес өнер туындысын дұрыс ұғыну түсіндіруің функциясы болып табылады. Тұлғаның туындысын қабылдайтын сана түсінудің құралы болып саналады, яғни түсіндіру әдеби туындыны қабылдаудан туынды ретінде қарастырылады. Неміс ғалымы, (1768–1834), «Герменевтика» трактатының авторы Фридрих Шлейермахер қазіргі герменевтиканың негізін қалаушы деп есептелінеді. Шлейермахер әдісінің ерекшелігі — бұл логика және риторикалық категорияларды ғана емес, сонымен бірге «ішкі логика» жолы арқылы туындының «санасыз» ұғыну түсйсіктерін қосу. Басқа неміс ғалымы В. Дильтей «Герменевтиканың пайда болуы» кітабын жазды, сол кітапта суретшінің рухани өмірі «ішкі шынайылығын» ұғынуға шақырған. Әдеби герменевтикада өнер туындысын шығармашылық қызметтің бірыңғай өнімі ретінде түсуніге болмайтыны туралы қорытындысы беріледі. Өнер туындысы мәдени тәжірибе дәстүрінің материалды объективациясы болып табылады, сондықтан мәдени дәстүрдің үздіксіздігіне шығуды көздегенде ғана оны түсіндірудің мәні болады (Гадамер). Көркем туынды мәдениет факторы болып табылады, сонымен бірге оны түсіндіргенде адамзаттың рухани тарихындағы орнын қайта құру қажет.
Герменевтикалық анализ — бұл мәтінді қайта құрастыру. Туындының түсіндірілуі автор құндылығының жүйесі, этикалық таңдаумен анықталу керек. Егер Хирш қорғайтын мәтінді құрастыру процесінде оның еркін және өзіндік түсіндірулері құрылса, барлық құрылған түсіндірулер авторлық түпкі ойына тиісті болу керек. Көптеген түсіндіру парагдигмасында шығарма маңыздылығының бірыңғай жүйесін ұйымдастыратын Хирш үшін авторлық ниет «орталық», «бірегей ядро» болып табылады. Түсіндірудің анықтығы мен анық еместігі туралы жорамалдау арқасында Хирш авторлық беделдік қағидаттарын негіз ретінде енгізеді. Герменевтикалық түсіндіруде әдеби мәтіннің тарихи қайта құрылуы және тарихи шығарманың контекстімен бірге біздің тарихи контекстісін дәйекті түрде отаршалауы ғана емес, сонымен қатар оқырмандардың хабардарлығын кеңейту, өзін терең түсінудегі көмегі бастысы болып келеді. Әсер ету эстетикасы аталған қағидаттарды әлеуметтік-тарихи ұғымдармен толтыратыны герменевтикамен байланысты. Герменевтиканың негізгі ұғымдары. Герменевтикалық шеңбер — логикалық қайшылықсыз алгоритміне түсінудің үйлеспеушілік оғаштығы және мәтінді түсіндіру. Көптеген ғалымдар герменевтиканың дәстүрлік шығыс қиыншылығын Гаданер қағидасында, яғни «бөлік және толық шеңбер» түсінігінде көреді. Осы көрініс В.Дильтей тұжырымдамасында жазылған, белгілі-белгісіз бөліктерді қабылдаудан толықтың мағынасын жаулап алу талпынысына ауысатыны әрбір түсіндіру үшін осындай алға жылжушылық тән, яғни осы толықтан шығып, бөліктердің өздерін анықтау. Бөлек бөліктер түсінікті болмаған жағдайда осы әдістің сәтсіздігі анықталады. Қос код — герменевтика түсінігі, көркем модернистік мәтіндердің арнайы табиғатын түсіндіру керек. Француз ғалымы Р.Барт — постструктурализм теоретигі және постмодернизм бастамашысы ретінде әрбір көркем шығармада бес кодты бөліп көрсеткен (мәдени, герменевтикалық, символдық, семикалық, проайретикалық немесе суреттелген). «Код» сөзі терминнің қатал, ғылыми мағынасында қабылданбау керек. Қарапайым ассоциациялық жолдарды, мағыналардың мәтіндік ұйымын код деп атаймыз, олар белгілі құрылым туралы ұғымды байланыстырады; код біздің түсінік бойынша мәдениет аясына жатады; кодтар — бұл көрілген, оқылған, жасалғанның белгілі түрлері; код «ендінің" нақты формасы. Барт бойынша әрбір баяндауы әр түрлі кодтардың шиеленісінде, бір-бірімен қалыпты қиысуында өмір сүреді, бұл мағынаның мәңгі тайғақ өзгешелігіне жету талпынысында «оқырмандық шыдасыздығын» туғызады. Голландия ғалымы Д.Фоккема мәтін шығармашылығын реттейтін көптеген кодтардың бірі постмодернизм коды болып табылатынын атап өтті. Жазушылар сүйенетін басқа кодтар — бұл ең алдымен байланыста болатын жоғары кезеңі бар әдеби мәтіндерді оқырмандарға оқуға шақыратын лингвистикалық код (табиғи тіл — ағылшын, француз және т.б.), жалпы әдеби код, таңдалған жанрмен байланысты реципиентінде белгілі күтулерді белсендіретін жанрлық код және реккурентті белгілер негізінде жазушының идиолекті ерекше код бола алады. Ф. Джеймсон «қос кодтау» түсінігін шығарды. Оның ұғымы бойынша Барт шығарған бір жағынан барлық кодтар және екінші жағынан әр түрлі әдеби стильдердің кекесін салыстыруында постмодернистік стилисткасының, жанрлық формалар мен көркем, ағымдардың саналы орнығуы — екі үлкен кодтық жүйе ретінде постмодернизмнің көркем практикасында шығады. Интерпретация (түсіндіру) — сананы әлем объектісі ретінде қарастыратын Кант идеясында негізделген герменевтиканың негізгі термині. Әлем әр түрлі субъективті-объективті қатынастарға алдын ала болуы сияқты түсіндіріледі. Нағыз өнер әлемді қайтадан көре алуда жатыр. Герменевтика үшін түсініктің феномені ғана емес, түсінгеннің дұрыс мазмұндау мәселесі маңызды болып келеді. Тіл мен әлемнің түбегейлі байланысы түсінік пен интерпретацияның онтологиялық мәні мен бағытн білдіреді. Тек тілде ғана адамның жеке күйзелісі аса толық, жеткілікті және объективті көрінісін табантындықтан, интерпретация «адам рухының жазба ескерткіштерін» түсіндіру айналасының басымдылығы бойынша дамиды (Дильтей). Осы ескерткіштердің интепретациясы уақыт өте келе филология үшін шығатын жер болды. Герменевтика үшін интерпретация ғылыми түсінікке ұмтылатын білімнің белгілі типін көрсетеді. Ф.Шлейермахер бойынша интерпретация өнері «өзін объективті және субъективті жағынан авторға жақындатуда» жатыр. Объективті жағынана бұл автор тілінің түсінігі арқылы іске асады, субъективті жағынан оның ішкі және сыртқы өмір факторлары арқыоы іске асады. Мәтіндерді түсіндіру арқылы ғана автордың сөздік қорын, оның мінезін, өмірінің жағдайын анықтауға болады. Автор дәуірінің сөздік қоры мен тарихи-мәдени қабаты бір тұтастықты құрайды, оның негізінде мәтіндер элемент ретінде, бір тұтастығы солардан бастап түсіндіріледі. Осылай интерпретация өнері герменевтикалық шеңбердің концепциясымен байланысты, ал ол барлық ерекшеліктер жалпыдан ғана түсінікті болатынын дәлелдейді. Шлейермахер өзінің «Герменевтикасында» түсіндіруші үшін жалпы әдістемелік ережені шығарады: «а) тұтас туралы жалпы ұғынудан бастау керек;
б) грамматикалық және психологиялық — екі бағытта бір уақытта алға жылжу керек; в)
егер әрбір бөлек орны үшін екі түрі бірдей болып, бір нәтиже берсе, алға жылжу керек; г) бірдей болмаса, кері қайтып, қатені табу қажет».
Әдебиетті зерттеудің қазіргі әдістері әр түрлілігінде екі негізгі бағытты бөліп көрсетуге болады
Бірінші бағыт — сциентистикалық — туыстас ететін әдістерді құрайды, ең алдымен қатал ғылыми зерттеудің әдістемесін құруға олардың ұмтылуы, өз қағидаттарына нақты ғылымның нысанын беру, қарастыру аясынан дүниетанымдық, әлеуметтік және идеологиялық мәселелерді алып тастауға ұмытылуы (формалды, құрылымдық, интер мәтіндік, деконструктивтік әдістер).