Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Алтын тарихы

4659
Алтын тарихы - e-history.kz
Ғасырлар бойы көз жауын алып, байлық пен дәулеттің белгісіне айналған бұл металдың шығу тарихы мен Қазақстандағы табылған орындарын сөз етеміз

Адам баласына алтын қола дәуірінен белгілі. Алтын алуды Месопотамия мен ежелгі Мысырда игерген. Алтын елдер арасындағы жанжалдарға дейін алып келді. Мысалы, б.з.д. 344 жылы атақты Македонскийдың Парсы жерінде орналасқан алтын қоры үшін соғысқан.

Алтын табылған орындарда сол елдің экономикасы күрт өзгеріп, дамып кеткен. Мысалы, 1700 жылы Бразилияда алтынды игере бастады.  Бірнеше жылдың ішінде мемлекет экономикасы бірден көтеріліп, жылына 15 мың тонна алтын  игерген.

Қазақстан өңірінде алғаш алтынның белгілері біздің дәуірімізге дейін III мыңжылдықта бастаған. Алғашында 20 метрлік ұсақ шұңқырлардан қазылып алынған. Осындай шұңқырлардың іздері Сібір, Солтүстік Қазақстан мен Алтай, Оралдан табылған.

Сақ тайпасының шеберлері алтынан түрлі жануарлардың бейнесіндегі бұйымдар жасайтын болған. Зерттеушілердің айтуы бойынша, сақтар ол металдарды Оңтүстік, Шығыс Қазақстанда өндіріп алған.

Нағыз таза алтын алу Қазақстанда XVIII-XIX ғасырларда басталды. Ресейдің жан-жағынан жұмысшылар Сібір мен Кенді Алтайға алтын іздеуге ағылды. Кейіннен бұл алтынды алқаптар мен шахталар патшалардың еншісіне енді. Алтынды алқаптың картасы мен шығу орындарын зерттеумен  атақты орыс геологтары айналысты.

Жиырмасыншы жылдардың соңы мен отызыншы жылдардың басында Қазақстан геологтары жаңа алтын шығатын орындар іздеді. 1932 жылы ашылған «Қазалтын»  тресті ел экономикасының өрлеуіне үлкен үлес қосты.

1970-80 жылдары «Қазалтын» тресті «Степняк» шахтасынан жылына 6-7 тонна алтын өндіріп тұратын. 85 жылдық тарихы бар бұл компания Қазақстанның 8 облысынан 20 шахта ашқан. Ең үлкен шахталар Ақмола облысында: Бестөбек, Ақсу, Жолымбет. Жалпы 85 жыл ішінде 400 тонна алтын өндірген.

Қазақстан алтын кені бар ежелгі өлкелердің бірі саналады. Қазақстандағы ең ірі алтын кен орны – Варваринск кеніші. 1979 жылдан бері өндіріле бастаған. Ол алтынның нақтыланған қоры бойынша әлем елдерінің алғашқы ондығына, ал өндірісі бойынша үшінші ондығына кіреді. Жалпы елімізде 190-ға жуық алтын кен орны бар.

Елімізде ең алғаш таза алтын құймасы 1992 жылы Өскемен шахтасында өндірілді. Оның салмағы 10,5 кг.

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?