Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Американы ашқан африкалық мұсылмандар ма?

1224
Американы ашқан африкалық мұсылмандар ма? - e-history.kz

Әлемге танымал Гарвард университетінің бұрынғы профессоры, АҚШ Білім және өнер академиясының мүшесі Барри Фелл ертеректе «Sada America» (Аңыз Америка) атты кітап жазыпты. Онда ол хазіреті Әли мен хазіреті Осман заманында-ақ мұсылмандардың Америкаға барғандығын дәлелдеп берді. Мұсылмандар Америкада теңізшілік мектептерін ашқанын жария етті.

Осындай көзқарастың пайда болуына себеп: «Лә-иләхә илаллаһ, Мұхаммадун Расулаллаһ» деген жазуы бар IX ғасырға тән Самарқанд дирхамдарының Бостон қаласындағы жол жұмыстары кезінде табылуы (7 сурет). 

                  

      8-сурет

Жоғарыдағы пікірге қатысты тағы бір дәлел: монах Таддеус Масон Харрис 1787 жылы Массачусетс штатында Малденнен Кэмбриджге бара жатып, «16 жол» деп аталатын аймақта жер қазып жүрген жұмысшылардың ежелгі ақшаларды тапқанына куә болады. Жұмысшылар әлгі темір ақшалардың бір уысын монахтың қолына ұстатады. Ол алған ақшаларын Гарвард колледжіне (Бүгінгі Гарвард университеті) зерттеуге жібереді.

Мұқият зерттеу нәтижесінде (8-сурет) бұл ақшалар IX-X ғасырдағы Самарқанд дирхамы екендігі анықталған. Дирхамның бетінде «Лә-иләхә илаллаһ, Мұхаммадун Расулаллаһ және бисмиллаһ» деп жазылған. Осы сияқты мәліметтерді негізге ала отырып, зерттеуші ғалым Салих Южел: «Сахабалар немесе табиғиндардан (сахабалардан кейінгі буын) арнайы адамдар Америкаға келуі мүмкін» деуде. 

Археологиялық қазбадан табылған деректерге сүйенген профессор Б.Фелл АҚШ-тың Невада, Колорадо, Нью-Мехико мен Индиана штаттарында VII-VIII ғасырларда мұсылман мектептері болғандығы жөнінде пікір айтуда. Батыс Американың елсіз аймақтарындағы жартастардан табылған жазулар, сызбалар мен көріністер сол кезеңдердегі алғашқы және орта деңгейдегі мұсылман білім беру жүйесінің қалдықтары іспетті. 

Тастағы жазулар Солтүстік Африкаға тән көне куфи араб әріптерімен жазылған. Бұл жазбалар оқу-жазу, арифметика, дін, тарих, география, математика, астрономия және теңізшілік тақырыптарын қамтыған. Қазба жұмыстары кезінде Невададан табылған «Мұхаммад Набиуллаһ» яғни «Мұхаммед (с.а.у.) Аллаһтың елшісі» деген тас жазулары (1-сурет), VII ғасырда қолданылған куфи жазуының бір түрі екені анықталды

 

      

Жоғарыдағы Б.Феллдің зерттеулері бойынша, Невада жерінде VII- VIII ғасырларда арабтар тұрған. Сондай-ақ, Калифорния университетінің профессорлары Хейзер мен Баумхофтың Невададағы «WA 25 sit» алаңында жүргізген қазба жұмыстарының нәтижесінде бұл жерлерде ислами теңізшілік білімін оқытатын мектептер болғаны дәлелденді. 

Мұндағы қазбалардан табылған жазулар Наски арабша және куфи әдісі бойынша жазылған жазулар екені дәлелденді (2-сурет). Бұл суретте «5 алмас – 1 әліпке тең» делінетін математикалық формула қолданылған. АҚШ-та өмір сүрген бұл мұсылмандардың ұрпақтары әлі де бар. Олар Iroguois, Algongion, Anasazi, Hohokam және Olmec сияқты жергілікті тайпалар арасында сақталған. XII ғасырда жергілікті тайпалар мұсылмандар тұратын аймақты жаулап алған. Арабтар не қашуға, не оңтүстікке аууға мәжбүр болады. Алайда, оқу-жазу білмеген бұл жергіліктілер арабтар ашқан мектепке таңқалып, өздері де еліктей бастайды.

1951 жылы Невада шекарасындағы Бенто ауылына жақын Ақ таулардан (Whait mountains) куфи жазулары табылды (3-сурет). Онда, «Шейтан маха мауан» яғни «Шайтан – күллі өтіріктің бастауы» деген жазу бар. Бұл VII ғасырға тән. Сол сияқты От аңғарынан да (faire Valley) осындай жазу табылып отыр. Сальвадордың Ла Грута де Каринто аймағында орналасқан үңгірдегі тастың бетінен «Малаках хажи ми Малая» (4-сурет) деген жазу табылған. Бұл ХІІІ ғасырға тән. 

 

Жоғарыдағы деректер мұсылмандардың Индонезия тарапынан Оңтүстік Америкаға келгенін аңғартуда. Христофор Колумб Америкаға екінші барғанда Еспанолодағы (Гаити) жергілікті адамдар оған одан бұрын аралға қара нәсілді адамдардың келгендігі жайлы әңгімелеген. Сөздеріне дәлел ретінде Колумбқа африкалық мұсылмандардың тастап кеткен найзаларын көрсетеді. Бұл найзалардың ұштарында жергілікті адамдар гуанин (алтын қорытпа) деп айтатын сары темір бар еді. Тағы бір назар аударарлық дүние гуанин сөзінің арабша «ғина» (байлық) сөзіне қатысты болуы. Колумб бірер гуанинді Испанияға әкеліп оның 56,25 пайызы алтын, 18,75 пайызы күміс, 25 пайызы мыстан құралғанын анықтаған. Бұл өлшем Африка гинасында металл өңдеудің стандарты екені әлмисақтан белгілі еді. 

1498 жылғы үшінші сапарында Колумб Трининдадқа барады. Сол жердегі жергілікті тұрғындардың симметриялы дәлдікпен өрілген мақталы және түсті орамалдарын көреді. Оны жергілікті тұрғындар «Аламейзар» дейді екен. Колумб кейін бұл орамалдардың Африка гинасындағы бас орамалдарға қатты ұқсайтынын байқаған. «Аламайзер» сөзі арабша «орамал», «байлауыш», «алжапқыш», «белдемше» деген мағыналарды білдіреді. Бұл солтүстік Африка халқының жергілікті киімі ретінде белгілі. Колумб жергілікті әйелдердің мақталы киімдер кигенін көріп, таңқалғанын жазған.

Зерттеуші ғалым Салих Южел осы табылған жайттарға қатысты мынаны айтады: «Колумб Кубаның солтүстік Шығыс жағалауындағы Кибара маңында желкендетіп кетіп бара жатып, әдемі бір таудың үстінен бір мешіт көргені туралы 1492 жылдың 21 қазанында күнделік дәптеріне жазған». Тіпті Куба, Мексика, Техас және Невада жерлерінде мұнараларына Құран аяттары жазылған мешіт қалдықтары табылып жатыр. Гарвардтық танымал тарихшы және тіл білімі маманы Лео Вейнердің «Африка мен Американың ашылуы» атты кітабында Колумб жаңа дүниеде мандинкалардың бар екендігінен хабары болғандығын жазады. Осы кітапта батыс Африка мұсылмандарының орта Америкада, Оңтүстік Америкада, Канадада, Солтүстік Америкада, Карайплерде де өмір сүргені жайында Колумбтың білгендігін айтады.

Салих Южелдің зерттеуінше, Америкада 484, Канадада 565 топонимдік атаулар араб сөздің түбірінен келеді екен. Бұлар Колумб Америкаға келмей тұрып-ақ жергілікті халық берген атаулар. Тіпті бұл атаулардың кейбіреуі мұсылман дүниесіне белгілі атаулардан көрінеді. Мысалы, Индиана штатында 720 адам тұратын Мекке атты елді-мекен болса, Айдахода 2100 тұрғыны бар жер Мәдина деп аталады екен. Осындай «Мәдина» аттас өлкелер Нью-Иоркта, Солтүстік Дакотада, Огаяда, Теннесиде, Техаста, Онтариода бар.

     

Солтүстік Америка мен Солтүстік Африкада жүргізілген археологиялық қазбалардан табылған IX ғасырға тән ғимараттар арасында үлкен ұқсастықтар бары анықталған. Мәселен, Фастағы Атлас тауларында варварларға тән үй жасау (5-сурет) мен Нью-Мехикодағы ғимарат түрі (6-сурет) бір-біріне өте ұқсас. Оған қоса Аризонадағы қазбалардан табылған Монтезумен қорғаны мен Колорадоның Меса Верде аймағында табылған варварлардың ғимарат жасауы арасында ұқсастық көп. Смитониан институтының проф. Кипас Томастың жүргізген зерттеулері бойынша Нью-Йорк, Елленвили өлкесіндегі тас үйінділерінен жасалған кішкене күрке мен оңтүстік Арабстандағы Ахаба аймағындағы тас үйінділерінен жасалған күркелер бір-бірінен аумайтын көрінеді. Бұлардың барлығы VIII ғасырға тән дүниелер.

Колумб Америкаға бармай тұрып-ақ мұсылмандардың бар екендігін білген. Олардың ұрпағын өз көзімен көрген. Алайда, батыстықтар мұны біле тұрып тарихты бұрмалаумен келеді. Мұсылмандардың Америка құрлығына VII ғасырда барғандығын зерттеуші С.Южел ашық айтып жүр. Англияда туып, Гарвард университетінің теңіз биологиясы саласында үлкен құрметке ие профессорлардың бірі Барри Фелл Америкаға алғаш мұсылмандардың барғандығын көрсеткен жоғарыдағы кітабын университеттен зейнетке шыққан соң жазып бітіріпті. 

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?