Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Қарқаралы уезіндегі қоныс аударушылар туралы

3968
Қарқаралы уезіндегі қоныс аударушылар туралы - e-history.kz

1907 жылдың наурызынан бастап Қарқаралы уезінде қарашекпенділер пайда бола бастады. Олар үшін жергілікті қоныс аудару басқармасы қазақтар өте жоғары бағалаған уездің солтүстік бөлігіндегі ең жақсы жерлерді бөліп беру мүмкіндігін жобалаған еді. Онда қыстап, егіншілікпен айналысуға тырысқан жергілікті тұрғындар арасында алаңдаушылық пайда болды.

Әсіресе қоныс аудару басқармасының Ботов жәрмеңкесі аумағына көршілес орналасқан Балықты көл маңынан қарашекпенділерге жер телімін бөлу әрекетін сәтті деп айтуға бола қоймас. Бұл осы учаске арқылы бірнеше болыстықтардың көш жолының өтуімен және жәрмеңкеге әкелінген мал Талды өзеніндегі суатқа осы жол арқылы баратын. Жетісудан мал айдап өтетін жолға жақын жердегі Бүркітті учаскесінен жер бөлу де мал өнеркәсібінің мүддесін шындап қозғады. Бұндай шешімдерден қарашекпенділер үшін де, қазақтар үшінде, жалпы мал өнеркәсібі үшін де еш жақсылық күтуге болмас еді. Омбы, Петропавл және Орал уездерінде қоныс аударушылар мен көшпелілер арасында күрделі қақтығыстар болғанын, бұл текетірестердің арты белсенді күреске дейін жеткенінен хабардар қазақтарды қоныс аударушылардың пайда болуы алаңдатпай қоймады.

Далаға қоныс аударуды тоқтата тұру туралы өтініш білдірген қазақ депутаттарына егіншілік және жерге орналастыру басбасқармасы князь Васильчиковтың қазақтардың көшпелілігін отырықшылық пайдасына қарай тоқтату қажет дегенін газеттер хабарлағаннан кейін дала одан сайын алаңдай түсті.

Бірнеше миллион қазақтардың және олардың аумақтарының мүдделерін қозғайтын осындай шешімге келу үшін қазақтар мен қоныс аударушылардың есебінен тәуекелге бару мүмкіндігін жоятын салмақты және беделді деректер қажет болды. Сондықтан Васильчиковта олардың болғаны күмәнді, оның үстіне даланы білетін адамдар оның табиғаты, топырағы мен климаты тек көшпелі мал шаруашылығына ғана мейлінше сай келетініне сенімді болды. Васильчиковтың жобасы өзінің жүзеге асыруы кезінде мал шаруашылығын жойып, үлкен аудандарды шөлге айналдырып, отырықшы өмірге көшуі қиын қазақтардың жойылуына ықпал етуі мүмкін еді. Оның егіншілікті де құруы мүмкін емес еді, өйткені далада бұл туралы мәліметтер аз болатын.

Сондықтан да баспасөз егінші-орыс шаруасына далада үміт еткен ізгілікті таба алмайтынын айтып-жеткізуге тырысты. Оның үстіне, сол кездегі баспасөз дала қазақтарының көпшілігі жаулап алынған жоқ, олар белгілі жағдайларда орыс бодандығын өз еркімен қабылдады деп санады. Сондықтан да ол самодержавиелік бюрократияның еш қымсынбастан, өлке мен халықты мүлдем білмеуінен келіп шығатын, дала халқының табиғатына қайшы тәжірибелер жасауын әділетсіздік деп санады.

Осыны, және отарлаудың бұрынғы тәжірибелерін де ескере отырып, бюрократияның Думаның шешімін күтпестен және мәжбүрлеу бойынша әрекет ете отырып, жергілікті халыққа да, қарашекпенділерге де зиянды етіп дала өмірін бұза бастауы мүмкіндігінен қауіптену керек болды. Осының нәтижесінде текжергілікті ғана емес, сонымен қатар жалпымемлекеттік маңызға ие далалық малшаруашылығы жойылып кетуі мүмкін еді.

Бұл ретте «Сибирские вопросы» газетінің бетінде осы мәселе былайша талқыланды:

«Енді міне қырғыздарға ештеңеге жарамсыз жерлерді қалдырып, қоныс аударушылар үшін Қарқаралы даласынан онсыз да аз жақсы жерлерді бөліп бермекші. Егер осылай болатын болса, онда осы уездің оңтүстігі толығымен дерлік босап қалады, өйткені жазда бұл шөлейт жерлерден су мен шөп үшін солтүстікке қарай жылжу қажет. Қазір уездегі қырғыздар зор кеңістікте бағасы жүйелі түрде өсіп отырған мал басын көптеп өсіріп отыр. Қоныс аударушыларда малшаруашылығымен айналысады деулері мүмкін. Алайда бұл оңай шаруа емес, ол орасан зор дағдыны қажет етеді»


Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?