Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

НЕСВИЖ – ӘЛЕМ МӘДЕНИЕТІНІҢ ИГІЛІГІ

1309
НЕСВИЖ – ӘЛЕМ МӘДЕНИЕТІНІҢ ИГІЛІГІ  - e-history.kz
21 қарашада Елбасы кітапханасының Музейі ғимаратында «Несвиж сарай-саябақ кешені – әлем мәдениетінің игілігі» фотокөрмесінің ашылу рәсімі өтті

Көрме кітапхананың «Мәдениет арқылы үн қатысу» халықаралық жобасының аясында Қазақстан Республикасындағы Беларусь Республикасының Елшілігімен бірлесіп ұйымдастырылды. Көрме Қазақстан және Беларусь арасында орнатылған дипломатиялық қатынастардың 25 жылдығына арналған іс-шаралар қатары осы оқиғамен басталмақ. Көрменің негізгі идеясы екі елдің тарихи-мәдени мұрасын сақтау және насихаттаудағы мемлекеттік саясат болып табылады.

Несвиж қорғанының тарихы терең. Бекініс бірнеше рет қайта салынып, нәтижесінде ренессанс, барокко, рококо, классика, неоготика, жаңғырту сынды көптеген сәулет стильдері үйлескен сарай атағына ие болған. XIX ғасырдың соңында Несвиж сарайының маңына Еуропадағы ең ірі ландшафтылы саябақтардың бірі іргесін қалады. 1993 жылы құрамына бекініс енетін Несвиж ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы құрылды. 2005 жылы Несвиж сарай-саябақ кешені ЮНЕСКО-нің Бүкіләлемдік мәдени мұралар тізіміне енді. Алғашқы сөз кезегі «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы» ММ директорының орынбасары Әмірхан Мұратпекұлы Рахимжановқа берілді:

- Бүгінгі кездесу Қазақстан мен Беларусь арасындағы мемлекетаралық қатынастардың елеулі датасына арналады. Қазақстан және Беларусь елдері арасында орнаған дипломатиялық қатынастардың 25 жылы ішінде орнаған екі жақты қатынастар бүгін тіпті нығая түсті деп айта аламыз. Бүгінде олар жаңа сипаттарға және жаңа бағыттарға ие болды. Біз бауырлас халықтың мәдени құндылықтарын білеміз және құрметтейміз. Ұмыт бола бастаған тарихымыздың беттерін, мәдени символдарын қайтаруға апаратын жол екі ел үшін де бірдей күрделі болды. Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылған «Мәдени мұра» бағдарламасы еліміздің маңызды тарихи құндылықтарын қалпына келтіруге мүмкіндік берді. Жақында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында орналасқан Назарбаев орталығы ғимаратында Франциск Скориннің 500 жылдығына арналған іс-шара өткізуді жоспарлап отырмыз. Директордың орынбасары Қазақстандағы Беларусь елшісі Анатолий Иванович Ничкасовқа жемісті диалог үшін алғысын білдіріп, барлық халықтарға бейбітшілік пен гүлдену тіледі. Фотокөрмеде Қазақстандағы Беларусь елшісі Анатолий Иванович Ничкасов өз сөйледі:

- 500 жылдан аса тарихы бар Несвиж сарай-саябақ кешені – әлемдік маңызы бар тарихи-мәдени құндылық. Бұл ортағасырлық Еуропа объектісі. Бұл қамал Ұлы Литва князьдығының еуропалық корольдері саналған беларустық магнаттар Радзивилловтардың өмірінің жылнамасы іспетті. Радзивиллов әулетінен тараған тұлғалар туралы аңыздар әлі күнге дейін ел аузында сақталған. Солардың көпшілігі сәулет өнерінің осы бір жауһарын салуға өз үлестерін қосқан. Қазіргі уақытта Несвиж қамалы ренессанс, бароккодан бастап модерн мен неоклассицизм сынды көптеген сәулет стильдері үйлескен сарай атағына ие болған. Келушілер үшін сарай, арсенал, оңтүстік, шығыс галереяларында Беларусия музейлерінің түрлі көрмелері қойылған.

Бұнда отыздан астам көрме залдары жұмыс жасайды. 2005 жылы Несвиж сарай-саябақ кешені ЮНЕСКО-нің Бүкіләлемдік мәдени мұралар тізіміне енуі де кездейсоқ емес. Мен сіздерді бүгінгі көрмені ғана емес, сонымен қатар Несвиж сарайын, Несвиж қаласын, музейлерін, қорықтарын көзбен көріп тамашалауға, тарих тыныс ғана емес, қазіргі Беларусия тынысын да сезінуге шақырар едім. Биыл біздің мемлекетіміз елеулі датаны – бүкіләлемге танымал жерлесіміз Франциск Скоринаның атымен тығыз байланысты белорустық кітап бастырушылықтың 500 жылдығын атап өтеді. Белорус тілі – славян тілдері ішіндегі ең көне тілдердің бірі. XIV ғасырдың аяғында көне белорус тілі іскери және құқықтық жазбашылықтың ресми тіліне айналды. Ол XVI ғасырдың аяғына дейін Балтикадан бастап Қара теңізге дейінгі атыраптағы халықтардың ұлтаралық тілі ретінде басым рөл ойнаған. Беларусь елшілігі қазақстандық серіктестерімен, белорус диаспорасымен және поляк ұжымдарымен мәдениет саласындағы түрлі жобаларды жүзеге асыру бойынша белсенді ықпалдастық орнатылғанын атап өту қажет. «Несвиж сарай-саябақ кешені көрмесі – әлем мәдениетінің игілігі.

Бұл Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында белорустық серіктестермен жүзеге асырылып отырған екінші жоба. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында белгілі белорустық фотосуретші Лев Дашкевичтің фотосуреттер көрмесі өткен еді. Қазақстандағы Беларусия елшісі NDH порталы тілшісінің де сұрағына жауап берді:

- Биыл Беларусия мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қатынастарға 25 жыл толып отыр. Қазіргі сәтте қандай нәтижелер, қандай қорытындылар бар?

- Беларусь пен Қазақстан өз мемлекеттілігін құрудың қиын жолын бірге өтті. Совет Одағы ыдырағаннан кейін үзіліп қалған шаруашылық аралық байланыстарды қалпына келтіру керек болды, бұл ретте екі мемлекет те өз даму жолын іздеу үстінде болды. Осы жолда Қазақстан мен Беларусь бірін-бірі қолдап, жаңалықтарымен бөлісіп отырды. Бүгін Беларусь та, Қазақстан дабүкіл адамзат үшін маңызды: ядролық қарусыз әлем, қарусыздану сияқты бастамаларының арқасында әлемдік аренаға шығуда.

- Жақын болашақта дамудың қандай перспективалары байқалады?

- Біздің президенттеріміз үкімет алдына Қазақстан мен Беларусияның сауда-экономика саласындағы ынтымақтастығын жаңа деңгейге шығару тапсырмасын қойды. Бұл ретте біз біршама жетістіктерге қол жеткіздік – біздің бірлескен кәсіпорындарымыз бар, біз бірлескен өнім шығарамыз. Бүгінге қойылған тапсырма: жаңа тың жобаларды табу – инновациялар, ІТ технологиялар, ғарыш саласындағы жобалар.

- Көрмеге неге дәл осы Несвиж сарайына арналған?

- Несвиж сарайы – біздің мақтанышымыз. Бұл біз қалпына келтіріп, жаңғыртқан тарихи-мәдени мұра объектісі. Қазақстан өз тарихын, сәулет ескерткіштеріне бағытталған өзінің түпнұсқалығын жаңғыртуға, археологиялық ізденістерге қаншалықты көңіл бөлетіндігін жақсы білемін. Дәл осындай жұмыс Беларусияда да жүргізілуде. Беларусияның тарихи-мәдени мұрасының көптеген ескерткіштері сансыз соғыстардың салдарынан жойылып кетті немесе құрып кетудің аз-ақ алдында тұрды. Беларусь соңғы 20-25 жылда осы объектілерді қалпына келтіруде. Бұл көрмеде Несвиж сарайының интерьерінде түрлі бұйымдар бар. Мысалы, слуцк белдіктері. Орта ғасырда Еуропаның барлық магнаттары таққан. Бұл магнаттардың киімдеріндегі ең қымбат элемент. Бұл сол кездің өзінде Беларусияның бренді болатын. Біздің музейде бұдан басқа да ұлттық құндылықтар орналастырылып, ұлттық салт-дәстүріміз көрсетіледі. Сондықтан да Несвиж қорығы жер бүкіл дүниежүзінен келетін туристердің тәу ететін орны, әрине, біз, белорустар үшін де бұл жер аса қасиетті. Сарайдың өзі эклектиканың осындай бір объектісі.

Сарай ЮНЕСКО-ның тарихи-мәдени мұра объектілері құрамына енгізілген. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы директорының орынбасары Ақтаева Күлайша Қабдуәлиқызы NDH порталына фотокөрме туралы, оның мақсаттары мен міндеттері туралы айтып берді:

- Фотокөрмеден алған әсеріңіз қандай?

- Біз биыл Қазақстан және Беларусь арасында орнатылған дипломатиялық қатынастардың 25 жылдығына арналған бірқатар іс-шаралар топтамасын жоспарладық. Фотокөрме бірнеше контексте қызықты: бірінші контекст – Қазақстан мен Беларусь арасында қалыптасқан серіктестік. Бұл 25 жыл әсерлер мен оқиғаларға толы болды. Қазір біз Еуразиялық одақтың белсенді қатысушыларымыз. Екінші контекст – мәдени. Екі ел де Совет Одағы ыдырағаннан кейін тарихи және мәдени жадыны жаңғыртудың маңызды мәселелерін шешті және шешіп жатыр.

Егер Қазақстанда біз сакралды географияны және «Мәдени мұра» бағдарламасын сөз етсек, Беларусь Республикасында тарихи жадыны жаңғырту бойынша шаралар қабылданып жатыр. Осы көрмеге келушілерден қамалдарға, сарайларға деген қызығушылықты көруге үміттіміз, бірақ оған утилитарлы көзқараспен қарамау керек. Яғни, сәулет өнерінің әсем объектісін ғана емес, сонымен қатар оның мәдени мәнін де көре білу керек. Фотокөрме сол кездегі тұрмыс-тіршілік, элита, билік иелері туралы және рухани және материалдық мәдениет ерекшеліктері жайлы мол ақпарат береді.

- Яғни, мәдени құндылықтарды қалпына келтіруде қазір Қазақстан мен Беларусияның алдына қойған мақсаттары ұқсас па? - Ия, біз кей жерлерде параллель жүреміз десек те болады, өйткені біз тоталитарлық қоғамнан ашық демократиялық қоғамға өту мәселелерін шешудеміз. Біз мәдени туризм мен ашық қоғамды дамыту тапсырмаларын шешудеміз – екі елдің де алдында бірдей тапсырмалар тұр. Бірақ біздің өркениеттеріміз екі басқа. Егер Беларусь – қала мәдениеті, отырықшы-егіншілік өркениеті болса, Қазақстан – ұлы номадтық өркениет, дала мәдениеті. Әрине, еліміздің оңтүстігінде урбанистік өркениеттің тамаша ошақтары, ал солтүстікте шаруашылық дамуының қандай да бір ерекшеліктері бар.

- Ал қандай қазақстандық объектілер Беларусияда біздің елімізді көрсету үшін қойылады?

- Біз қазір Назарбаевтың тұтастай көру моделін ілгерілетумен айналысып жатырмыз. Назарбаев моделі тарихты дербестеу тұрғысынан емес, Қазақстанның қазіргі мемлекеттік даму кезеңі тұрғысынан. Сондықтан алғашқы қадамымызды «Нұрсұлтан Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» атты үлкен жылжымалы жобадан бастадық. Осыған ұқсас жобаны таяу шетелде де алға бастырсақ дейміз. Елімізді Алтын адам мен сақтардың алтындары арқылы ғана емес, сонымен қатар заманауи Қазақстан арқылы да көрсетуіміз керек, өйткені еліміздің тарихындағы 25 жыл түрлі оқиғалармен бай, соларды шетелге таныстыруға асықпыз. Несвиж – Беларусияның туристерді қызықтыратын ең сұлу сарай-саябақ кешені. Фотокөрме Астана тұрғындары мен қонақтарына Беларусияның тарихи-мәдени мұрасы, оның сәулет өнері мен көркемдік дәстүрі туралы мол мағлұмат алуларына мүмкіндік береді. «Несвиж сарай-саябақ кешені – әлем мәдениетінің игілігі» фотокөрмесі 2017 жылғы 4 желтоқсанға дейін жалғасады.

Фото: Артем Чурсинов

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?