Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Интеллигенция мен зиялы қауымның тарихи жауапкершілігі

1872
Қоғамтану білімінде пəнаралық (междисциплинарный), көп пəнділік-полидисциплинарный деп те жатады, байланыстар бүгін біраз дамыған.

Қоғамтану білімінде пəнаралық (междисциплинарный), көпəнділік-полидисциплинарный деп те жатады, байланыстар бүгін біраз дамыған. Тарих ғылымы бүгінгі əлемдік қоғамтанудан, əсіресе мəдениеттану, əлеуметтану, саяси ғылымдары, антропологияның мəліметтеріне жиі сүйенеді. Сонымен бірге, тарих ғылымы да қоғамтану іліміне зор ықпал етуде.

Əлеуметтану əлеуметтік стратификация тұрғысынан интеллигенцияның қоғамдағы орнын, анықтай келе, оның тарихтағы рөлінде айшық тайды.

Əлеуметтану ғылыми əдебиетінде интеллигенцияға əртүрлі сипат, анық тама беріледі, терең, жан-жақты білімді, жоғары адамгершілік, мəдениеттілік, жанқиярлық, құштарлық, зиялылық, азаматтық сезім, ұлттық мəдениетті сақтаушы, тағы басқалар.

Қазақ ғылымында интеллигенциядан гөрі «зиялы» ұғымы пайдалынады. М.Шоқай: «Ұлттық зиялы деп кiмдердi айтамыз? Бiр қарағанда, же ңiл көрiнгенiмен, шын мəнiнде бұл сауалға дұрыс жауап қайыру оңай емес. Оқыған, тəрбие көрген адамның бəрiн „зиялы“ деп атап, оны сол адам өзi тəн болған ұлттың „ұлттық зиялысы“ қатарына қоса беруге болады деп ойласақ, сөзсiз қателесемiз. Бiздiңше, белгiлi бiр мұрат мақсаттардың соңында жүрген жəне сол белгiлi мұрат-мақсаттар төңiрегiне жиналған оқымыстыларды ғана зиялы деп айтуға болады. Ұлттық зиялылар қатарына тек өз халқының саяси, экономикалық жəне əлеуметтiк дамуына қалтқысыз қызмет ете алатын адамдар ғана кiре алады. Зиялылардың мiндетi ұлы да қасиеттi болуы себептi өте ауыр.

Халықты ұлт-деңгейiне көтеру, яғни жерi, суы, қазынасы, тiлi мен дiнi бар болған халық бұқарасын бiрлестiрiп, олардың санасын бiр тұтас саяси, əлеуметтiк, ұлттық санаға жеткiзуде ұлы тарихи мiндеттiң маңызды бiр бөлiгi зиялылардың үстiне жүктеледi». Міне, Алаштың ардақты ұлы Мұстафаның зиялылыққа берген анықтамасы осындай.

«Зия» деген сөз жарық деген мағына береді, ол жарық — ар-ожданның, иманның нұры. «Зиялы» деген ұғым қазақ дүниетанымында білім ді, мəдениеттілік, азаматтық сезіммен қатар имандылық, ар-ождан, мейірімділік, рақымдылық қасиеттерімен ерекшеленеді.

Зиялылықтың бүгінгі қазақ қоғамына байланысты анықтамалары бар: ана тілін терең меңгеру, ол тілде сөйлеу, жазу, ойлау; халқының арғы-бергі тарихын білу: ұлттық дəстүр, құндылықтарын бойына сіңіру, осы қасиеттер тəн адам білімді, алғыр болады. Осы өлшеммен келгенде, қазақтың бірқатар білімді адамдары зиялы қауымға ене алмайды.

Демек «интеллигенция» мен «зиялы»қауым ұғымдарының мəні бірдей емес. Зиялы қауым мен интеллигенцияның тарихтағы орны жəне жауапкершілігі-де əртүрлі.

Екінші бір мəселе зиялы қауым интеллигенцияға кімдер жатады? Əлеуметтануда билік басындағылардың қоғамдағы рөлі туралы пікірталас жалғасуда. Оларды элита деп те жатады.

Қазіргі мемлекеттік қызметкерлердің құрамы жаңарып келеді, бұрын ғы партия, кеңес қызметкерлері олардың қатарында бірте-бірте азаюда. Бірақ партия, кеңес қызметкерлерімен салыстырғанда олар өздеріне жеңілдіктер алудан, еңбекақы жөнінен, бюрократиялық аппарат қызметкерлерінің саны-деңгейінен, жемқорлық жағынан асып түсті. Кресло капиталға айналды. Олардың тарихтағы рөлін жағымды деу қате. Сондықтан, шенеунік пен интеллигенция, зиялы қауым арасын ажырату керек.

Шотландық жазушы Н.Дуглас «шенеунікке сенімсіздік білдіру — əр
адамның азаматтық борышы», — дейді.

Қалған ой еңбегі адамдарын əлеуметтану екі топқа бөледі: ғылыми техникалық мамандар, (инженер, менеджер т.б.) жəне гуманитарлық интеллигенция (мұғалім, дəрігер, мəдениет қызметкерлері, ғалымдар). Бұ лар дың көбі саяси құқық жағынан сауатсыз, аңқау, сенгіш, билікке көнгіш. Əлі-де көп мəселені түсіне бермейді. Бірақ олардың қатарында зиялы, иманды, парасаттылар да жоқ емес.

Білім, мəдениет, денсаулық, ғылым саласында интеллигенция, зиялы қауым қоғамның ең білікті тобы ретінде өз парызын өтеуде. Олардың бір тобы ұлт намысын қолдан бермейтін мінез танытып келеді.

Əлеуметтану ілімінде интеллигенцияның жауапкершілігі туралы сөз болғанда азаматтық жауапкершілік, саяси жауапкершілік жəне тарихи жауапкершілік деп ажыратып жатады. Тарихи жауапкершілік деп біріншіден, елдің бағыт бағдарын көрсете алу, екіншіден, халықты қоғамды жаңартуға бастау, үшіншіден, демократиялық өзгерістер жолында ғы қауіп-қатерлердің алдын алуды айтады.
Осы тұрғыдан алғанда интеллигенция, зиялы қауым өзінің тарихи жəне кісілік парызын толық орындай алды ма? — деген сауал туады. Осыдан келіп интеллигенция, зиялы қауым туралы екі пікір айтылуда.

Бірқатар əлеуметтанушылар билік əр кезде-де интеллигенцияға қысым жасайтынын, өзіне қызмет жасауға мəжбүрлейтінін, сондық тан интеллигенцияның бір тобы зиялық қасиеттерінен айырылатынын, — ар-ұяттан аттап, биліктің барлық əрекетін, ақтайтынын айтады. Осыдан келіп сарай, ақыны, сарай тарихшысы, сарай əншісі дегендер пайда болды. Сарай мұндай интеллигенттерге мұқтаж.

Ал биліктегі интеллигенция болса, білімімізге, қабілетімізге сұраныс болмағандықтан (қоғамтанушылар, жазушылар) билікке барып, биліктің интеллектуалдық деңгейін көтердік, тəуелсіздігіне өз үлесімізді қостық дейді.

Елдің бағыт-бағдары туралы əңгіме қозғағанда, біздер, қоғамтанушы ғалымдар, социализм-капитализм ұғымдарынан əлі жоғары тұра алмай жүрміз.

Бүгін батыс қоғамы бұрынғы классикалық капитализмнен посткапиталист кезеңге, постиндустриалдық, ақпараттық қоғамға өтті, халық тың басым көпшілігі орта тапқа жатады, орта жəне жоғары білімді, өндірісте еңбекке жарамды халықтың төрттен бірі ғана қамтылған.

Сонда біз бүгін қандай қоғамда өмір сүріп жатырмыз?

Алыпсатарлық (спекулятивный) капитализм тұсында, болмаса монополиялық квазикапитализм, олигархиялық, қылмыстық жолмен байығандар қоғамында өмір сүріп жатырмыз ба?

Жоқ болмаса, біз өзіндік, ұлттық, қазақстандық үлгімен, модельмен, өз тарихи үрдісімізбен дамып келеміз бе? Онда ол қандай жол? Мəңгілік Ел идеясы тұрғысынан осы проблемаға қалай қарар едік? «Платон менің досым, бірақ ақиқат бəрінен қымбат» деп өз пікірімізді айта алдық па? Елде төрелік айтатын, жол көрсететін тұлғалар көрінбеді. Рулықтың дерті-де байқалады.

Тарихшылар қауымдастығы туралы бірер сөз. Тарихшы қауым Отан тарихын ғылыми плюрализм тұрғысынан тарихи, ақиқатқа біраз қадам жасады. Сөз жоқ, билік тарихшы қауымға өткен мен бүгін туралы өз пікірін таңғысы келеді. Ағылшын жазушысы Дж. Оруэлл айт қан дай: «кто управляет прошлым, тот управляет будущим».

Əлеуметтану, нақтырақ айтсақ, тарихи əлеуметтану, тарихи танымды үш мəдениетке (үш субкультураға) бөледі.

Бірінші субмəдениет — халықтық тарихи сана, халықтың тарихты өткен мен бүгінді қабылдауы, бізде бұл мəселе зерттелмейді.

Екінші субмəдениет — мемлекеттік-саяси сана. Билік тарих ғылымын өзіне жұмыс жасатқызы келеді. Кеңес заманында партияның позициясы — ақиқат болды. Бүгін В.Путиннен кейін Қазақстанда да би лік тарихшыларға канондық (канонический) оқулық дайындау жөнінде тапсырыс берді.

Үшінші субмəдениет — тарихшылар қауымы, ғалымдар, академиялық орта. Олар идеологиялық тəуелділіктен түгелдей арыла алмайды. Дегенмен бір кезде мемлекеттік хатшының ұсыныстарын серый кардинал Сусловтың ұсыныстарындай қабылдадық.

Соңғы кезде саяси əдептілік деп (политкорректность) ресейлік тарихшыларымен бірлесіп Қазақстан тарихын жазу деген пікірлер айтылды.

Тарихты саяси əдептілік тұрғысынан талдау ол, ақиқатты бұрмалауға, отарлау саясатын, ақтауға алып келеді. Ол белгілі қағида — «история, политика опрокинутая в прошлое». Тарихшының өмірінің мəнісі — тарихи факторларға қайшы келетін идеологиядан жоғары болу.

Посткеңестік елдерде əртүрлі теориялық-идеологиялық бағыттар белгілі: Формациялық, либералдық, өркениеттік, этникалық историзм. Бар лық тəуелсіз республикалар тарихшыларын ресей тарихшылары тарихты ұлттық фактор тұрғысынан ғана зерттейді деп сынайды. Мысалы, И. Б. Орлованың «Этнизация исторического знания в постсоветских государствах» деген мақаласы («Социологические исследования» журналында жарияланды. (№ 10, 2009 г.) соған дəлел.

Көріп отырғанымыздай, бүгінгі теориялық плюрализм ғылыми бəсекелестікке, тарих ғылымын жаңа тұжырымдармен байытатынына сенім мол. Бүгін ешкім-де тарихи, ақиқатты меншіктей алмайды, акаде мия лық еркіндік оны жоққа шығарады. Бірақ бұл тарихи, ақиқат саласында консенсус мүмкін емес дегенді білдірмейді. Пікірталастар ымыраға келмейтін айтыстарға емес, диалогқа, бірлесіп, ақиқатқа жету жолын іздестіру жолына жетелеуге тиісті.

Ал біздер, бүгінгі интеллигенция, ат төбеліндей зиялы топ, жағдайды түсіндіруге бармыз, өзгертуге жоқпыз. Интеллигенция бүгін өзін қорғай алмай отыр. Кейбір деректер бойынша, он жұмыссыздың бірі жо ғары, не аяқталмаған жоғары білімділер. Халық болса, биліктің, бюрократияның ықпалында.

Бүгін интеллигенция демократиялық ағарту, демократиялық тəрбие жұмысын жалғастыра береді. Халықпен бірге билікке қысым жасау, билікті мəжбүрлеу интеллигенцияның парызы. Бірақ ол оппозиционер болу дегенді білдірмейді. Шынайы зиялы, интеллигент өз болмысымен билікке үйлесе бермейді.

Элита теориясының негізін салушы итальян əлеуметтанушысы В.Па рето айтқандай, бір билік жүйесі алмасқанда элита да ауысады, бел сенді ұйымдасқан азшылық топ, өзінің құндылықтарына сəйкес көпшіліктің бағыт-бағдарын икемдейді. Бүгін біздің қоғамда жаңа жас интеллигенция, зиялы қауым қалыптасу үстінде.

Амангелді Айталы
Қ.Жұбанов атындағы, Ақтөбе мемлекеттік университетінің профессоры, ф.ғ.д., Ақтөбе қ.

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?