Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытудың әлеуметтік экономикалық жағдайы

3228

Қазақстан Республикасындағы мемлекет басшылығының адам капиталын дамытудың маңыздылығы мен қажеттілігін және білім беру жүйесін реформалауды бастау мен жүргізуге жан-жақты қолдау көрсетуінің нәтижесінде  білім беруді прогрессивті дамыту мен модернизациялау мүмкін болып отыр.  

  Білім беру ұзақ мерзімді «Қазақстан – 2050» Стратегиясының негізгі приоритеттерінің  бірі болып отыр. Қазақстандағы білім беру реформаларының ортақ мақсаты білім беру жүйесінің жаңа әлеуметтік-экономикалық ортаға бейімделуі болып табылады. Қазақстан Президенті әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына республиканы кіргізу туралы мақсат қойған болатын. Осы мақсатты жүзеге асыруда білім беру жүйесін дамыту маңызды роль атқарады [1]. 

  Қазақстанның азаматтарына тегін орта білім алуға кепілдік беріледі жəне ол міндетті болып  табылады.  Сондай-ақ  олардың  конкурстық  негізде  жоғары  білім  алуларына  да (Қазақстанда да, шетелде де) құқықтары бар. 

  Азаматтардың білім алу құқығы жалпы білім беру жүйесінің дамуы арқылы жүзеге асырылады. Сапалы  білім  мен  оған  қол  жеткізуге  жағдай  жасау,  оқу  орындарының  желісін кеңейтіп,  олардың  ресурстық  базаларын  жақсарту  мақсатында  мемлекет  білім  беру жүйесін қаржыландыруды жыл сайын арттырып, тиімді саясат жүргізуде. Білім  беру  саласының  жалпы  ауқымы: 2011  жылы 5  жастан 24  жасқа  дейінгі халықтың  85%-ы  оқумен  қамтылса,  азаматтардың 30%-ы  білім  жəне  ғылым  жүйесіне тартылды,  оның  ішінде:  білім  алып жатқандар – 4,314 млн.  Адам,  білім  беру  саласында қызмет ететіндер – 403,3 мыңнан астам педагогтар мен ғалымдар [2].

  Мектепке дейінгі білім беру уақыты бала дамуының анағұрлым белсенді кезеңі болып табылады. Бұл кезеңде мектепке дейінгі жастағы балалардың ұлттық рухани-мәдени құндылықтар негізінде дене, нерв-психикалық, ой-өрісі сияқты өмірлік дағдылары қалыптасады.

  Қазіргі кезде Қазақстанда  мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен балалардың  тек қана 38,7% ғана қамтылған, ал дамыған елдерде бұл көрсеткіш 90-100% (1-сурет).

 

Ескерту  – статистикалық мәліметтер негізінде автордың құрастыруы

Сурет 1 – Мектепке дейінгі ұйымдардың желісінің динамикасы

  Туу деңгейінің артуына байланысты балабақшалардағы орын тапшылығы елімізде орта есеппен жыл сайын 5-7 %-ды құрайды. Одан басқа 5 өңірде (Оңтүстік Қазақстан (8,1%), Қызылорда (11,8%), Жамбыл (10,7%) облыстарында, Алматы (11,3%), Астана (13,6%) қалаларында) туу көрсеткіші мен миграция әсерінен бұл көрсеткіш 11,1%-ды құрайды [3].

  Балабақшаларда орта есеппен 100 орынға  111 баладан келеді, қалалық жерлерде – 120. Қалалық жерлерде әрбір үшінші бала, ауылдық жерлерде 100 баланың ішінен 5-і ғана балабақшаға барады. Елімізде, жекеменшік балабақшалардың желісі дамымаған, олардың үлесі балабақшалардың жалпы  санының  4,8%-ын ғана құрайды (4972-нің 237-сі).

  Мектепке дейінгі тәрбиеге кететін және оқытуға кететін мемлекеттік бюджет шығынының үлесі соңғы жылдарда ішкі жалпы өнімнің  шамамен 0,1% құрайды.  ЭЫДҰ  елдерінде  бұл шығын ЖІӨ-нің 1-ден 2%-ға дейін құрайды [4].

  Орта білім сапасына қойылатын қазіргі заманғы талаптар білім берудің қазіргі заманғы ұлттық үлгісін қалыптастыру мен оны әлемдік білім беру кеңістігіне кірігуін қажет етеді.

  Дарынды балаларға арналған 107 білім беру ұйымдары әртүрлі бағыттағы арнайы бағдарламалар: жаратылыстану-математика, қоғамдық-гуманитарлық, көп бейінді, музыкалық-эстетикалық,  әскери және спорттық бағыттар бойынша элитарлы білім береді.

  Қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жарыстардан табыспен оралып жүр. Олар халықаралық олимпиадаларда салмақты бәсекелеске айналуда. Жеңімпаздардың саны тұрақты түрде дамуда.

  Елбасы тапсырмасын орындау шеңберінде жаратылыстану-математика бағытындағы оқыту бағдарламаларын жүзеге асыратын, оқушы қызығушылығын, бейімділігі мен қабілетін толық ескеру үшін жағдайлар жасайтын «Назарбаев Интеллектуалды мектептері» желісін құру басталды. Қазіргі уақытта физика-математика бағытындағы 3 мектеп Астана, Семей және Көкшетау қалаларында жұмыс істейді.

  Сонымен қатар орта білім беру жүйесінде материалдық-техникалық, оқу-әдістемелік базалардың нашар жабдықталуына, білім берудің мазмұны мен әдістемесін жаңартуға байланысты маңызды проблемалар орын алуда.

  Қазіргі уақытта республикада 7576 күндізгі мемлекеттік жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді. Мектептердің жалпы санының 64%-ы үлгілік, 35,4%-ы – ыңғайластырылған ғимараттарда орналасқан, 201 мектеп апатты жағдайда. Мектептердің 37,4%-ы тасымалды суды қолданады. 70 мектеп 3 ауысымда, 1 мектеп – 4 ауысымда жұмыс істейді. Күрделі жөндеуді мектептердің 25,1%-ы қажет етеді. Республиканың бастауыш және орта мектептерінің 47,4 % -ында жаңа үлгідегі физика кабинеттерімен, 13,2 %-ы химия, 16,3%-ы биология, 46,7%-ы лингафондық кабинеттермен  жабдықталған. Әрбір бесінші мектепте асхана мен буфет жоқ.  80 % мектептік асхананың құрылғылары мен жабдықтары ескірген. 26,4 % (1999) мектепте спорт залдары  жоқ.

  Қазақстан  Республикасы Статистика  агенттігінің мəліметтері  бойынша 2011 жылы жоғары  білім  беретін  ұйымдардың  саны 149  оқу  орнын  құрады. Меншік  түріне  қарай саралайтын  болсақ:  мемлекеттік  оқу  орындарының  саны – 53,  мемлекеттік  емес ұйымдардың саны – 94 болды. 2011 жылғы мəлімет бойынша жоғары оқу орындарын түріне қарай бөлетін болсақ: университеттер – 93, академиялар – 24, институттар мен оларға теңестірілгендер саны -31 болды. ҚР  Статистика  агенттігінің  мəліметі  бойынша 2010  жылы  ҚР  жоғары  оқу орындарында 610264 студент білім алды. Бұл 2010 жылмен салыстырғанда 97733 адамға кем. Студенттердің  ең  көп  бөлігі Алматы  қаласында (187176) жəне Оңтүстік Қазақстан облысында (73911)  оқиды,  ал  ең  аз  саны  Маңғыстау (7906),  Алматы (10494)  жəне Солтүстік Қазақстан облыстарында (10969).

  2011  жылғы  БҒИ  мəліметтері 2009  жылмен  салыстырғанда 11  білім  беру индикаторынан 6 индикаторының жақсарғанын көрсетеді (2-сурет). 

Ескерту  – [4] әдебиет негізінде автордың құрастыруы

Сурет 2 – Қазақстандық білім берудің бəсекеге қабілеттілігі

(бəсекеге қабілеттіліктің Ғаламдық индексі көрсеткіштері)

1.  «Бастауыш  білім  беру  сапасы»  көрсеткіші 1  орынға  алға жылжыды (Қазақстан 68-орыннан 67-орынға ауысты);

2.  «Білім беру жүйесінің сапасы» – 2 орынға (68 ден 66-ға);

3.  «Математикалық жəне ғылыми білім беру сапасы» 8 орынға (80-нен 72-ге);

4.  «Басқару мектептерінің сапасы» 1 орынға (98-ден 97-ге);

5.  «Зерттеу  жүргізу  жəне  тренинг  қызметі  орындарына  қолжетімділігі» 14  орынға (82-ден 68-ге);

6.  «Қызметкерлерді оқыту» 9 орынға (92-ден 83-ке);

7.  «Инженер  ғалымдар  санының  жеткілікті  болуы» 9  орынға (83-тен 74-ке) жақсарған.

  Республиканың жалпы білім беретін мектептерінде 274914 педагог еңбек етеді. Олардың  236271-і (86%) жоғары білімді, 34882-сі (12,7%)- орта кәсіптік, 2831-і (1%) – аяқталмаған жоғары, 930-ы (0,3 %) – жалпы орта білімді. Жоғары санатты – 39111 (14,2 %), бірінші – 80978 (29,5 %), екінші – 81348 (29,6%) санатты, санаты жоқтар – 73477 (26,7%).

  Республиканың  жоғары  оқу  орындарында  оқитын  шетелдік  студенттер контингенті  2005  жылы 10916  адам  болса, 2011  жылы 11974  адамға  дейін  жеткен. Қазақстанның  жоғары  оқу  орындарында  білім  алып  жатқан  шетелдік  студенттер  саны артып, 2010  жылы  жалпы  студенттер  санына  пайыздық  қатынасы 2 %-ды  құрады.

  Студенттердің академиялық ұтқырлығы өсуде. Республикадағы жоғары оқу орындарында 10 мыңнан астам шетел азаматтары оқуда, шетелдерде 20 мыңнан астам қазақстандықтар білім алуда. 3000-ға жуық «Болашақ» стипендиаттары  әлемнің 27 елінде оқуда [48].

  Қазіргі кезде білім беру қызметін қаржыландырудың қолданыстағы мемлекеттік қолдау механизмі жеткіліксіз.

  Осыған байланысты несиелік білім беру жүйесі жоғары білім алуға мүмкіндіктің және одан әрі жетілдіруді қажет етеді.

  Ғылымды басқару жүйесін одан әрі жетілдіру қажет. Ғылымның ең басты мәселелерінің бірі қаржыландыру деңгейінің төмендігі. Ғылымға жеке секторын тарту ЖІӨ-нің 0,22% құраса (бюджеттің қаржыландыру үлесі ЖІӨ-нің 0,13% құрайды), ал сәйкесінше АҚШ – 2,84%, Финляндияда - 4,0%, Ресейде - 1,2%

  Ғалымның мәртебесі төмен болып қалуда, ал бұл талантты жастарды ғылымға тартуға кері әсерін тигізуде.

  Қазіргі кезде жоғары оқу орындары зерттеулер жүргізуге қарағанда білім беру қызметіне қарай ұйымдастырылған. Зерттеу қызметтеріне қатысу бойынша университеттер үшін мыналар мүмкін болып табылады: университеттер жаныннан зерттеу зертханаларын ашу, зерттеу қызметтері нәтижелерін коммерциализациялау, гранттар негізінде зерттеу жобаларын қаржыландыру.

Айкупешева Д.М Қорқыт Ата атындағы  ҚМУ

Пайдаланылған әдебиеттер

1.  Тайжанова, Ж.А. Новое измерение социально-экономического прогресса // Материалы III традиционной научно-теоретической конференции молодых ученых и студентов «Стратегия экономического и социального развития Казахстана: теория и практика». – Алматы, 2009. -61с.

2.  Шаукенова З. Качество образования - в носителях знаний. Казахстанская правда. 2007. 15 ноября. -6с.

3.  3.Статистические показатели социально-экономического развития Республики Казахстан и ее регионов. -Астана, 2011. -144 с

4.  Қазақстандағы кедейшіліктің себептері мен оларды шешу жолдары. Қазақстандағы БҰҰДБ басылымдар сериясы. -Алматы, 2011. -140 б.

5.  1.Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050 Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы//Егемен Қазақстан.- 2012 ж.- 15 желтоқсан

6.  А.Құсайынов Әлемдегі және Қазақстандағы білім берудің сапасы

7. 3.Г.Бельгер Білім беру көкжиектері //Айқын .,2013ж.-12.12,№229.

8.Шаукенова З. Качество образования - в носителях знаний. Казахстанская правда. 2007. 15 ноября. -6с.

9. Статистические показатели социально-экономического развития Республики Казахстан и ее регионов. -Астана, 2011. -144 с


Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?