Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Кадр мәселесі және оны артқы Орал аймағының кеңестік халық шаруашылықтарында шешу жолдары (ХХ ғ.50-60 жж.)

2487
Кадр мәселесі және оны артқы Орал аймағының кеңестік халық шаруашылықтарында шешу жолдары (ХХ ғ.50-60 жж.) - e-history.kz
ХХ ғасырдың екінші жартысының басында елдің экономикасын дамыту және азаматтардың өмір деңгейін жақсарту маңызды экономикалық және әлеуметтік мәселе болып табылды.

Кеңес мемлекетінде ХХ ғасырдың 50-шы жылдардың соңы– 60-шы жылдардың басында экономикалық және басқарушылық реформаларды аша отырып, Н.С.Хрущевтің жетекшілігі мен партиялық көшбасшылар, үкімет, аймақ жетекшілері оның көмегімен көптеген мерзімі жеткен мәселелерді шешуге үміттенді. «Партия басшыларының» пікірі бойынша  сол уақыта министрлердің озбырлығы, бюрократиялығы, өнеркәсіптік және құрылыс объектілерінің көптеген орындарында нақты басқарушылықтың болмауы және шаруашылық қызметтің жолы бақылаусыз қалуы, көптеген бірқалыпты жабдықтау ісін жүргізуші және өткізетін ұйымдар, маңызды тиімсіз кездесетін тасымалдау мәселелері ерекше өткір болды. Өнеркәсіпті басқару және ел құрылысын осылай ұйымдастырудың жағымсыз нәтижелер құрамында басқарушылық кадрларды «әлсіреуге» әкелетін Мәскеуге және басқа ірі қалаларға үздік мамандарды жіберу болды.

Мамандардың жетіспеушілігі, әсіресе жоғары және орта білімі бар мамандардың аздығы переферияда қатты сезілді. 1950-1960 жылдарда орта және толық емес орта білімі бар идара қызметкерлері мен мамандары елдегі көптеген жетекшілік қызметтерге ие болды.  Өткір жетіспеушілікті құрылысшылар кадрлары құрды. Осылай Түмен облисполком сессиясының  отырысында (1957 ж.) үздік құрылысты жүргізу үшін келесі мәселені шешу керек екені атап өтілді «…құрылысшылардың тұрақты кадрларын құру бойынша [- А.Ч.], орташа есептеу бойынша, таяудағы айға қабылданатын, құрылыстың барлық бағдарламасына 80 мың адам қажет» [1].

Сол уақытта Оралдың ар жақ аймағына кіретін, Түмен және Қорған кеңестік халық шаруашылығындағы жағдайды талдай отырып, Кеңес мемлекетінде болған, процестердің жалпы арқауына кіретін «бейнені» көре аламыз. Қорған және Түмен халком жетекшілік құрамы бір орталыққа толымдады (КХШ әр төрағасы және төрағаның орынбасарына Мәскеуден үкіметтің бөлек бұйрығы), ал келешектегі қосымша жасақтау орындарда, ең алдымен оны  «Кадр бөлімдері мен оқу орындары» өткізді.

Қызмет етудің негізгі міндеттеріне сәйкес, кадр бөліміне КХШ аппаратын толымдау, оны басқару, кадрларға жетекшілік ететін тресттер мен мекемелерді басқару;  жұмысшылар, қызметкерлер мен ИТЖ-дің біліктілігін дайындау және арттыру бойынша жоспарлар мен іс-шараларды әзірлеу; халком бойынша жоғары және орта арнайы білімі бар мамандардың қажеттілік жоспарын құрастыру; кадрлардың тұрақтамау себептерін зерттеу және оларды жою үшін шараларды қолдану және т.б.[2]

Халком отырыстарында мүшелер арасында міндеттер таратылды. Мысалы, «Қорған экономикалық әкімшілік ауданының Кеңес халық шаруашылық жетекшілігінің міндеттерін тарату туралы» 1957 ж. 27 шілдеде Қорған КХШ отырысында халком жетекшілері арасында міндеттерді таратуы бекітілді, төраға және оның орынбасарлары жетекшілік еткен аялар анықталды [3].

Халком аймақтарының басқарушылық және техникалық кадрларын толымдау барысында өнеркәсіптік орталықтардан келген мамандардың жіберілуі кең машықтанды (Мәскеу, Новосибирск және т.б.). КХШ жойылған министірліктер мен ведомстволардың кейбір басты мамандары Оралдың ар жағына жіберілді. Мысалы, Қорған халком металл өңдеу өнеркәсіп басқармасының бастығы Н.Я.Цветов, бұған дейін КСРО полиграфиялық өнеркәсіп басқармасының бастығы болып жұмыс істеді,  материалдық-техникалық жабдықтау және өткізу басқармасының бастығы С.А.Бондарчук, бұған дейін құрылыс және жол машиналар Министрлігі басшысының орынбасары болып жұмыс істеді. КХШ жоспарлық-экономикалық бөлімнің бастығы А.С. Фастовский ҒЗИ-да жетекшілік жұмысымен Қорғанға келді [4, 28]. Министрліктер мен ведомстволардың бұрынғы жұмысшылары Оралдың ар жағына баяу және немқұрайды келіп отырды. Түмен КХШ-ға бағытталған 71 адамның ішінен (жалпы санынан 19 % ), бірнеше ай өткен соң 21-і ғана [5] (около 6 % жуық) келді . Көбінесе халком басқарушылық аппараты осы уақытқа Новосибирск (9 адам) және Мәскеуден(8 адам) келген мамандардың арқасында нығайды. Экономикалық әкімшілік ауданды құру туралы РКФСР Министрліктер Кеңесінің қаулысын қабылдаған уақытынан бастап, бір жарым жыл немесе одан көп ай өткен соң Түмен халком толымдау анализі аймақтағы кадрлық саясаты туралы көрнекті ұғымды береді.

380 адамның жалпы штаттық саны кезінде 1957 ж. 16 шілдеге толық тиімді жинақталуы 272 адамды құрады, яғни 71,6  %. Түмен халкомы екі бөлімшеге ғана толық жинақталған: балық өнеркәсібі мен геологиялық барлау тресін басқару. РКФСР министрліктер Кеңесінің 1957 ж. 20 шілдесінен кеш емес халком штатын жинақтау нұсқауына қарамай, халком аппараты нақты тапсыру мерзімінен бір айға кеш 58,8, % (47 адам) жинақталды. Азық-түлік өнеркәсіп Басқармасындағы жағдай ең нашар болды – штат бойынша 25 адамның жетеуі ғана (28 %). Көп уақыт бойы осы басқармаға басшылықты да іріктеп ала алмады, сондықтан халком төрағасының орынбасары Н.А.Петров оның міндеттерін уақытша атқарды [6]. Кейін осы осы лауазымға С.И.Сидоровты тағайындады. Материалдық-техникалық  жабдықтау мен өткізу Басқармасы жартысынан аз штаттық жұмысшыларымен толтырылды (38 адамнан 13-і, немесе 34,2 %). Сол жерде, сонымен қатар азық-түлік өнеркәсібінің Басқармасы және Құрылыс тресінде жоғары оқу білімі бар мамандардың аз саны – барлығы екі адамнан ғана жұмыс істеді.

Мамандардың білім деңгейі сапасы әлі де көп оқытуды талап етті. Мысалы, Құрылыс тресінде 24 адамның ішінен 19-да ғана (79 %)  жалпы орта, толық емес орта білімі және көрсеткіштерде байқалғандай «төмен» білімі болы. Жеңіл өнеркәсіп Тресінің іріктелген «мамандарының» 18-нің 9-да (50 %) білімнің сәйкес деңгейі болды. Егер 50 жыл бұрын білімнің орташа деңгейі айтарлықтай төмен болғанына шегерім жасасақ, онда мұндай сандар сол кезде сақтандыра алмады. Идара қызметкерлері мен техникалық мамандардың төмен білім деңгейі, төмен өндірістік мәдениеті, нұсқау бойынша өмір сүру әдеті көп жағдайда 1950-1960-шы жж. басқарушылық реформалардың жеткіліксіз тиімділігін түсіндіреді. Тек халком аппаратында (53,2 %) және азық-түлік өнеркәсібінің Басқармасында (57,1 %) ғана жоғары және толық емес жоғары білімі бар жұмысшылардың штаты жартысына дейін жинақталды, яғни екі бөлімше де жоғары білікті кадрлардың толық болуын қажетсінді [7].

1957 ж. 20 қыркүйегіне Түмен халкомында бір басқарма бастығы, екі орынбасары, үш басты инженер, үш функционалдық бөлімдердің бастығы, тоғыз аға экономисті және экономистер жеткіліксіз болды. Жетпеген санынан 9 маманды Мәскеуден және 20 маманды орында таңдап алуға жоспарланды. Сол уақытта бұрынғы министрлер мен ведомстволардан 32 адам келді (КХШ жалпы номенклатурасынан 9,1 % ) [8].

Төрт жарым ай өткен соң 1957 ж. 18 қазанға кадрлармен қамсыздандырудың жалпы пайызы төмендеді ( 92,4 % -дан  91,7 %-ға дейін). Халком аппараты сол кезде жұмысшылардың керек саны  78,8 % орналастырды. Жеті бөлімше, сонымен бірге үш салалық басқарма және екі функционалдық бөлім толығымен штат кестесіне сәйкес болды.Орталық бухгалтерия сол сәтте 50 % қажетті штат жұмысшыларымен жұмыс істеді, бас есепшінің орынбасары, аға экономист-методолог және аға тексеруші-есепшісі болған жоқ [9]. Үш функционалды бөлімдері (өндірістік-техникалық, жоспарлы-экономикалық және қаржылық)  қажетті адам санының 80 % орналастырды [10]. Кадрлардың жинақталмағаны және олардың төмен білім деңгейі Түмен КХШ даму жолында кедергі болады. Бұл оның барлық қызметінінің соңғы тиімділігінде әжептәуір деңгейде көрінді.

Жолданама бойынша келген жетекші жұмысшылар мен мамандарға (бұдан былай олардың отбасыларына да) қызмет тұрғын үйлер беріліп отырды. Сонымен бірге кей кездері отбасылар өз пәтерлерін қалдырғысы келмегеніне байланысты, мысалы, Мәскеуден елдің аймақтарына көшу мәселелері пайда болып отырды.

Осылай 1959 ж. 10 ақпанда партияның Түмен обком бюросы «Халком жетекші жұмысшылары Суслонов, Петров және Николаевтың орынсыз тәртібі туралы» сұрақты қарастырды [11]. 1957 ж. Түмен экономикалық әкімшілік ауданы Халық Кеңесінің шаруашылық төрағасының орынбасары және мүшесімен бекітілген И.А. Суслоновқа  жолд. Түмен қ. 3 бөлмелі тұрмысқа жайлы пәтер берілгенімен, ол отбасыз уақытша тіркелу бойынша тұрады [12].

Ары қарай оның өндірістік, басқарушылық қызметінің талдауы берілді. «Жолдас Суслонов өзін уақытша адам ретінде санап, қажет күш салусыз жұмыс істейді, орман және ағаш өндеу өнеркәсібінің даму мәселелерін үстірт орындайды, соның нәтижесінде көп жылдың ішінде алғаш рет ағаш өндеу мекемесі шикізатсыз қалды. Ол жетекші кадрларын жинақтау және орналастыру істерін қадағалау бойынша жүктелген міндеттерін қанағатсыз орындайды, КХШ партиялық ұйымдардың жиналыстарында, КҮКП облыстық комитетінің пленумында және VIII облыстық партиялық конференциясында өткір сынға ұшырады, бірақ сыннан қажетті нәтижелерге келген жоқ, Мәскеуден Түмен қ. тұрақты тұру үшін көшіп келуден бас тартты» [13].

Сол кезде бұл маңызды қате болып саналды, сондықтан партия обком бюросы келесі қаулыны қабылдады: «И.А.Суслонов жолдасқа теріс тәртібі үшін қатал сөгіс жариялау, оны есеп карточкасына енгізіп, халком төрағасының орынбасары және халық шаруашылық Кеңесінің мүшесі міндеттерінен босату, облыстың орман өнеркәсібіне төменгі жұмысына жіберу» [14].

КХШ төрағасының орынбасары Н.А.Петров те осындай сынға ұшырады. Ол туралы да былай айтқан болатын: «уақытша тіркелу бойынша тұрады, қажетті күш салусыз және бастамасыз жұмыс істейді, ет-сүт, әсіресе балық өнеркәсібінің қызметін жақсартуымен нашар айналысады, өнеркәсіпорындардың өндірістік базасын кеңейту туралы мәселелерін шешпейді. Бір жарым жыл ішінде Петров жолдас халком кәсіпорындарында  іссапарларға 29 күн ғана болды, ал Мәскеуде 165 күн, сонымен бірге сонда өз пәтерінде тұрып, алғым төлемдік есеп беру бойынша 1450 сом пәтерлік алды» [15]. Осы партиялық және мемлекеттік тәртіпті бұзғаны үшін Н.А.Петровқа қатал сөгіс жарияланды, оны есеп карточкасына енгізді, бірақ ол жұмыстың кемшіліктерін жойып, алдағы уақытта өз отбасын Түмен қ. көшіріп әкелетінін ескертті [16]. Партия обкомының бюросында жоспарлы-экономикалық бөлімнің бастығы П.А.Николаев сондай тексерушілікке және сол «күнәға» ұшырады, оған «қатал сөгіс жариялады...» және оны халық шаруашылық Кеңесінің құрамынан алып тастады [17].

Осыған байланысты Н.С.Хрущевтің естеліктеріндегі сөздері қазіргі уақытта да орынды және өзекті: «Бізде әрбір мемлекеттік шенеунік істің идеялық түсінігіне ие бола алмайды және жиі тоғышарлық бейжарлықты көрсетеді, тек ыңғайлыққа ғана ұмтылады, ал бұдан социализм зардап шегеді» [18, 88].

Сонымен қатар, адал және ақ ниетті жұмысшылар көп болды, шаруашылықтың тиімді жоғарылауы үшін олар көптеген күштерін салды. Қорған халком қызметінің бастапқы кезеңінде кадрлардың жалпы номенклатурасы 439 адамды құрады [19]. Шын мәнінде жарты мыңдай адамдар аса маңызды қызметтер мен мамандардың тізіміне енгізілді және олар бойынша қызмет пен мамандық өсуге ерекше бақылауды жүзеге асырды.

Халком жұмысы кезеңінде өткізілген мемлекеттің кадрлық саясатың нәтижесіне келетін болсақ, орында білікті, жоғары білімді идара қызметкерлер және мамандардың жетіспеушілігімен байланысты үлкен қиыншылықтардың атап өту қажет. Аймақтың кадрлық әлеуеті негізінен жергілікті шаруашылық кәсіпорын мен мекемелерден қалыптастырылды. Халкомның жинақталуы аяқталғанымен, мамандардың білім деңгейі төмен болды.

Жоғары деңгейдің мамандары барлық ел ауқымында алмастыру және оларды қысқартылған министрліктер мен ведомстволардан, басқа қалалардан жіберу жолымен осындай мәселелерін қатарын шешуге тырысты. 10-12 % жуық Оралдың ар жағындағы КХШ штат кестесі бұрынғы министрліктер мен ведомстволармен жинақталды. Орындарда жас кадрлардың белсенді таңдауы мен «жетілдіруі» өткізілді. Сонымен бірге бұрынғы халком жетекшілерінің қиянат етушілік және отбасы мүшелерінің тұратын жерлерін ауыстырғысы келмегені, өнекәсіптік және әкімшілік орталықтарда қолайлы пәтерлерден айырып қалу қорқыныш жағдайлары болды. Келгендердің кейбіреулері психологиялық жағынан өзін уақытша адам ретінде санады, Мәскеуден отбасын әкеліп, пәтерлерін тапсыруға асыққан жоқ. Сонымен қатар мамандардың көбі адал ниетпен жұмыс істеді.

Сол жылдардағы оқиғалар туралы Ф.М.Бурлацкий былай жазған: «Оның ең мықты реформалары – халкомды құру, көптеген министрліктер мен ведомстволарды жою - үстірт сипатты болды. Олар басқарманы оңтайлы түрде жасап, кәсіпорын, колхоз, совхоз, ғылыми мекемелерге жақындатуға тырысты. Бірақ олар осы реформаларға, өндірістік қатынастардың мәніне тиіскен жоқ, еңбектің жаңа талаптарына жұмысшы, шаруа, зиялыны – өндірушінің өзін қоюға ұмтылған жоқ: оған бастаманы, дербестікті, таңдаушылықты, тұтынушымен тікелей байланыстың мүмкіншілігін беру. Сонымен қатар экономиканы басыбайлықтан босату, әлсірету, содан кейін мемлекеттік қамқорлықтың тұңшықтыратын қысымнан толық шешіп тастау» [20, 192-193].

Бұрынғы жылдардың оқиғалары қызметкерлердің сәтті психологиялық орнатуын және олардың жұмыстары мен өмірінің  лайықты талаптарын құрастыру маңыздылығына назар салуға мәжбүр етті, сонымен қатар толық бастамасы мен орындарда еңбекші ұжымның өзіндік шынайы дербестігін ұсынуды мәжбүр етті, солай ғана біздің ақиқатымыздағы барлық аспектілердің шынайы және терең реформалауын жасауға мүмкін болады.

Қысқартулар: ҚОММ ММ – «Қорған облысының мемлекеттік мұрағаты» Мемлекеттік мекемесі;

ТОММ ТОММ– «Түмен облысының мемлекеттік мұрағаты» Түмен облысының мемлекеттік мекемесі.

ТОӘСТММ ТОММ  – «Түмен облысының әлеуметтік-саяси тарихтың мемлекеттік мұрағаты» Түмен облысының мемлекеттік мекемесі

Чухно А.В.

(М.Қозыбаев ат. СҚМУ)

Әдебиет

1.  ГУТО ГАТО Ф. 814. Оп. 1. Д. 2983. Л. 41.

2.  ГУТО ГАТО. Ф. Р.- 1724. Оп. 1. Д. 856. Л. 3-4.

3.  ГУ ГАКО. Ф. Р-1621. Оп. 1. Д. 9. Л. 14 -14 (об.).

4.  Блокнот агитатора. Курган, 1957. № 15. С. 28.

5.  ГУТО ГАТО. Ф. Р-1724. Оп. 1. Д. 859. Л. 49.

6.  ГУТО ГАТО. Ф. Р-1724. Оп. 1. Д. 4. Л. 1.

7.  ГУТО ГАТО. Ф. Р-1724. Оп. 1. Д. 859. Л. 32.

8.  ГУТО ГАТО. Ф. Р-1724. Оп. 1. Д. 859. Л. 37.

9.  ГУТО ГАТО. Ф. Р-1724. Оп. 1. Д. 859. Л. 17.

10.  ГУТО ГАТО. Ф. Р-1724. Оп. 1. Д. 859. Л.16-19.

11.  ГУТО ГАСПИТО. Ф. 124. Оп. 134. Д. 20. К. 485. Л. 9.

12.  ГУТО ГАСПИТО. Ф. 124. Оп. 134. Д. 22. Л. 16.

13.  ГУТО ГАСПИТО. Ф. 124. Оп. 134. Д. 22. Л. 16.

14.  ГУТО ГАСПИТО. Ф. 124. Оп. 134. Д. 22. Л. 17.

15.  ГУТО ГАСПИТО. Ф. 124. Оп. 134. Д. 22. Л. 17.

16.  ГУТО ГАСПИТО. Ф. 124. Оп. 134. Д. 22. Л. 17.

17.  ГУТО ГАСПИТО. Ф. 124. Оп. 134. Д. 22. Л. 17-18.

18.  Мемуары Никиты Сергеевича Хрущева: Воспоминания // Вопросы истории. 1993. № 5. С. 88.

19.  ГУ ГАКО Ф.Р-1621. Оп. 1. Д. 9. Л. 177.

20.  Бурлацкий Ф.М. Вожди и советники: о Хрущеве, Андропове и не только о них… М., 1990.С. 192-193.


Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?