Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Ботай керамикасының шығу тегі туралы мәселеге қатысты

4188
Ботай керамикасының шығу тегі туралы мәселеге қатысты - e-history.kz
В.Ф.Зайберттің басшылық етуімен СҚАЭ археологиялық зерттеулерінің арқасында көбіне дала өркениеті бастау алатын, дала жылқы өсурішілерінің ботай мәдениеті ашылды.

 

М.К.Қозыбаев  ежелгі түрік халықтарының, қазақ халқының тарихын түсіндіруге  Қазақстанның көне тарихын зерттеуге зор маңыз берді. «Тарихи алаңда бір тайпалық бірлестікті басқалармен алмастыру біріншісінің толық жоқ болып кетуін білдірмейді -  ежелгі тайпалар қайта пайда болған этникалық және саяси құрылымдарда жиі басқа атаулармен аталып  және жаңа  халықты қалыптастырды...» (1; с. 52-53) деп айта отырып, Еуразия даласындағы тарих пен мәдениеттің бірлігі мен сабақтастығын  атап өтті. Ол үшін Еуразиялық кеңістіктегі жалпытарихи үдерістер айналасында дәл сондай Қазақстан тарихын қарастыру талпынысы тән. Біздің еліміздің тарихын зерттеу барысында М.К.Қозыбаев археологияға да едәуір рөл бөлді. «Қазақ халқының  шығу тегі мәселелерінің қатарын шешуге және ежелгі тарихты кезеңдерге бөлу археологиялық зерттеулерде орын алды, - деп жазып зор мағына берді».

В.Ф.Зайберттің басшылық етуімен СҚАЭ археологиялық зерттеулерінің арқасында көбіне дала өркениеті бастау алатын, дала жылқы өсурішілерінің ботай мәдениеті ашылды. Өзекті мәселе ботай мәдениетінің шығу тегі болып табылады. Мақалада біз ботай керамикасының морфологиялық белгілерінің шығу тегі мәселелерін қозғаймыз.

Ботай мәдениеті келесі белгілермен ерекшелінеді: 1) түбінің жұмырлығы; 2) дене пішінінің тік қабырғалылығы мен көлденеңінен дұрыс түсуі; 3) тік және түрулі гүл тәжі; 4) сауытты ашу және жабу; 5) қабырғаларды түзету салдарынан сауыттың ішкі бөлігіндегі ирек тісті қалыптың іздері; 6) ұсақ тас пен басқада пішінді пайдаланудың артықшылықтары.

Түбі дөңгелек керамика абсаттар мәдениетінің ескерткіштеріне тән, бірақ оның саны өте аз және қалдықтары ғана бар. Сауыт әлсіз қалыпқа келтіріліп түбі дөңгелек болып келіп шығу тегі байырғы болуы мүмкін. Бұған жанама дәлел ретінде Павлодар облысындағы Железинск неолитті зираттында табылған сауыт түрлері болып табылады (7; с. 7, р. 1). Барлық үш сауыттың түбі дөңгелек, ал олардың екеуі ботай сауыттарына сай болып келеді. Үшінші сауыт ботай мәдениетіне аласалылығымен өзгеше болып ерекшелінеді.

Түбінің дөңгелек болуы Батыс Сібір неолиті үшін де тән. Бұл жерде түбінің дөңгелек болуы, ығы шұңқыр және ирек тісті шұңқырымен әшекейленген екінші хронологиялық пластта керамикада кездеседі. (8; 41 бет; 2 сурет). Тік үйлесімділіктегі түбі дөңгелек сауыт ІІ қарағай аралының кешенінде Андреев көлінде «VIII пункт» елді мекенінде табылды. Бұл кешен үшін ирек тісті қалпының болуы әшекейленуге тән, құм мен саздан жасалған отқа төзімді бұйымда, тік жазықты гүл тәжі, дөңгелек және толқынды кесілуі, ішкі жағынан кесіп алуынан болуы мүмкін (9;  125 бет, 5, 13 сурет). Ирек тісті әшекейнелуден басқа сауыттағы гүл тәжінен астында бірнеше қатар ор салынған.

Түбінің дөңгелек болуы орта энеолиттен ерте қола дәуіріне қосып алғанға дейін батыс аймақтардағы керамикаға тән (10; 124 бет, 39, 6-11, 27, 32, 33 кесте). Түбі дөңгелек ыдыс Төменгі Повольжье керамикалық кешеніне тән  Латошинка; Алтата; Царица I; Қошалак; Шонай; Исекей (10; 114 бет; 29 кесте). Бұл жерде ботай керамикасы сияқты, сауыттың шағын диаметрі тұлғасының орташа биіктігінде келеді. Түбінің дөңгелек болуы Хвалын зиратының керамикасына тән (10; 104 бет; 19, 2, 3 кесте).Түбі дөңгелек керамика Повольже-Бережновка к.п,п 22 және Политоотдельское 12, п. 15 бірінші қорғанасты зираттарында табылды (10; 115 бет,  30, 1, 3 кесте). Бірақ, ыдыстың  бетін әшекейлеу неолит кезеңіндегі жергілікті салттарға сәйкес – сауыттардың аузы тартылған, соның есебінен дененің кенеттен пішінделуі пайда болады. Бұл төменгіволга керамикасын ботай керамикасынан ерекшелендіріп, бірақ тұбінің пішіні және дененің төменгі бөлігі жазық аймақта денесін қалыптастырудың керамикалық салты, солтүстік аймақтарға қарағанда (Приуралье және Зауралье) ол конусты қоңырау тәрізді пішінде болған.

Көлденеңінен дұрыс тартылған түбі дөңгелек сауыт сыртқа түрулі гүлдің тәжімен өзінің үйлесімділігімен неолит ыдысына тек ғана балахнинді мәдениет керамикасының арасында кездесіп, ол жерасты неолиттегі шығыс және оңтүстік аумақтарға әсерін тигізеді (11;б. 102; б. 97, . 25, 3-6 сурет; 103 б,  27 сурет; . 111б;  97б, . 25, 7-9 сурет). Көлденеңінен дұрыс тартылған түбі дөңгелек сауыт сыртқа түрулі гүлдің тәжімен пайда болуы,  Зауралье энеолитінде дәл осы үдеріспен байланысты, аталған аймақ үшінде де маңызды болды, Приуралье үшін неолиттің барлық ұзына бойынша түбі өткін және тік гүл тәжі бар пішінді сауыттарға тән болып, ішкі жағына қапталды. Энеолитті пішіннің жабық болуы жоқ болып кетпейді, бірақ гүл тәжі ішке қарай майысып жұқа пішінінде болуы тыйылады. Аталған даму ирек тісті таңбасы бар зауралье керамикасының әшекейленуінің ролі арттырылумен тепе –тең жүретіндігі қызық.

Ботай керамикасы үшін  тік пропорциялы сауыттар тән. Атбасар керамикасы үшін тік және көлденең көлемдегі сауыттардың өзара ара қатынасы материалдың фрагменттілігі нәтижесінде өткізу қиын  (12; 117б, 115 сур). Волга-кам  және Зауралье мәдениетінің сауыттарында көлемдері әлде ұқсас, әлде көлденеңі тігінен басымырақ  (13, 48 б. 1 сур, 56 б,  4 сур; 11,  69 б, 19, 15 бет, 77 б, 20, 1-4 сур). Тік үйлесімділік кельтиминарлы керамикаға тән болып келеді. Бірақ, тік – тартылған пропорцияның сауыттары тағы кельтиминарлы мәдениетте кездесетін және ботай мәдениетіне ұқсастығы жоқ мәдениеті бар, олар: қабырғалы сауыттар, тостағандар, қайықтәрізді сауыттар. Ыдыс аяқ әсіресе жабық пішінде болып келеді. Қоспалары да ерекше. Кельтиминарлар негізінен құм мен сазды пайдаланған. Керамикамен бейнелеу стилі өзгеше – қарайтылған және түйретілген (14; 66, 70, 81, 88, 92 бет). Сөйтіп, кельтиминарлы керамика өте ерекше және ботай керамикасының құрылуына негіздеме болмайтын еді, бірақ оның тікбұрыштылығы неолиттің ерте кезеңдерінде кельтеминарлы тұрғындардың көшуі кезінде көршілес аумаққа таралуы мүмкін еді. Бұл ұсыныс Торғай аумағының қойналуларында (Бестамақ, Ливановка, Евгеньевка II) солтүстік ескерткіштерінде энеолит керамикасының сауыт көрсеткіштерінің арттырылуы байқалып, үлкенінен оңтүстігіне қарай (Кожай I, Кумкешу I) (15; 79 б, сур. 20: б. 81, сур. 21, б. 83, сур. 22).

Керамиканың тік үйлесімділігі біз жоғарыда атап өткен Поволжье және Солтүстік Каспий энеологиялық ескерткіштеріне тән.

Бұл қатынаста  өз назарын Волга-Ока өзенаралық неолит керамикасы тартады. Ол үшін ең басынан тік үйлесімділік тән, тік мойны жазық немесе сыртынан сәл шабылған (шабылып-үшкірленген) гүлдің тәжімен, ол сыртына қарай сәс майысқан (Малоокуловск станциясы) (16; 11, б. 95, б. 97,  25, 1,2 сур). Сондай-ақ оған балшық сазын илеуге майда тасты жалғыз жонығыш ретінде пайдаланады. Балахин мәдениетінің керамикасын әшекейлеуге арқандалған таңбасы кеңінен таралып, ботай керамикасын әшекейлеудің өзгеше ерекшелігі болып табылады.

Керамиканың ең маңызды технологиялық ерекшелігі болып саз балшығының құрамы болып табылады. Ботай керамикасы балшық сазын илеуге майда тасты жалғыз жонығыш ретінде пайдалануы өзіндік ерекшелігі болып табылады. Атбасар керамикасында жоныңыш материал ретін әртүрлі қоспалардың түрі пайдаланылған: құм, ұсақ тас, өсімдік, бұл ескерткіш мәдениетінің тұрғындарының бір текті еместігін растайды. Зауралье керамикасы үшін саз балшығында тальк пен құмды пайдалану тән  (17, 11, 127; 6 б). Волга-кам мәдениетінде құм мен саздан жасалынған лай пайдаланылған (11, 62-63 б). Ерте және ортаэнеолитті Самаралық Поволжье мен Солтүстік Каспий тұрғындарына саз балшыққа ұсақталған қабыршықтарын, шөптер мен ұсақ тастарын араластыру (18, 218, 222, 228 б), кельтеминарлы мәдениет үшін – өсімдік қоспалары, сирек ұсақ тастар мен құм пайдаланылған (14 , 66, 93, 105 б). Және тек ғана балахнин мәдениетіндегі керамикада Волго-Ока  өзенарасында біз ботай мәдениеті сияқты, шонығыш ретінде ұсақ тастың рөлін кездестіреміз. (19, 57 б). Ағаш қоспалары Волга – Ока өзенарасында біздің дәуірімізге IX-X ғасырға дейін неолиттен бастап пайдаланылған. 

Сөйтіп, ботай керамикасы пішіндерінің түптұлғасын табу, оның құрылу көзін табуға қатысты мәселелерге бір мағынада жауап беруге өте қиын екендігін көрсетеді. Түбінің дөңгелек пішінде болуы Қазақстанның неолитті ескерткіштері үшін тән (Железинск зираты және, шамамен атбасар керамикасы).  Керамиканың түбі дөңгелек болу салты батыс далалығы мен орманды дала аумақтарындағы ерте және ортанеолитті керамика үшін (Поволжье және Солтүстік Каспий), Орманды Орал керамикасы үшін қарағай аралындағы кезеңде және Волго-камды неолитте тән болады. 

Ботай сауыт үлесінің тік сипаты келтеминарлы ыдыс бөлшегі үшін тән, Ерте және ортаэнеолитті ыдыстар Самаралық Поволжье мен Солтүстік Каспийға балахнин мәдениетінің неолитті ыдыстары мен одан батысырақ аудандары үшін тән.

Үйлестірілген ботай сауыттары сыртқа қарай майыстырылған гүл тәжімен балахнин мәдениетінің керамикасында және кейінгі неолит ыдыс аяғындағы Волго-Камья керамикасында кездесіп,  оның әсерімен пайда болғандығын көрсетеді.

Пішінінің массасы да, ең бастысы балахнин керамикасының рецептімен де ұқсас. Бірақ ұсақ тастарды жону ретінде атбасар тұрғындарымен де пайдаланылған.

Анықталған ұқсастықтар бізді ботай керамикасы пішінінің қалыптасуының нақты көзін анықтауда қиын таңау жасауға әкеледі. Бір жағынан, жергілікті неолит керамикасында ботай мәдениетінің морфологиялық себептерінің қатарының болуы туралы куәлар бар – түбінің дөңгелек болуы, сауыттардың тік үйлесімділігі, ұсақ тас қосындылары. Бірақ бұл себептердің болуы дерекнама мүмкіншілігінің шектеулі болуына қарай ықтималдылық сипатта болып отыр. Басқа жағынан неолит Солтүстік Қазақстан аумақтарымен аралас ұқсас болып келеді. Ботай керамикасының қандайда бір морфологиялық себептерінің құрастырылу дерекнамасын немесе қандай да бір орталығын іздеу дұрыс емес болуы мүмкін.  Солтүстік Қазақстан аумағындағы неолит және энеолит кезеңдері, біз бөлек біле бермейтін,  көптеген көші қон және этникалық үдерістерге ұшырауы мүмкін еді. Ботай керамикасының пішіні жергілікті тұрғындардың көршілес тайпалармен байланысу қорытындысында пайда болып, оның барысында сол және басқа керамикалық салттар қалыптасып, әлде өзінікін тарату сияқты саллтар ұстанылды.

Осымен біз неолит дәуіріндегі ботай керамикасымен Волго-Ока керамикалық салттарын біріктіретін күрделі ерекшеліктерге назар қоя алмаймыз. В.Н. Логвин, С.С. Калиева, В.С. Мосин (15, с. 136-139; 20) Солтүстік Қазақстан энеолит ескерткіштері пайда болғаннан кейінгі артықшылықтары жіп техникасымен әшекейлендіруіне жатады. Осыған байланысты, В.С.Мосин аймақтың энеологиялық мәдениетін құру үдерісін анықтауда ботай керамикасының әшекейлеу техникикасының шығу тегі мәселелеріне маңызды мағына береді.

Дәл осы балахин мәдениетінің керамикасында әшекейлеудің жіп техникасы себептері бар, ол ұсақ тас, түбінің дөңгелек болуы, сыртқы жағына қайырылған гүл тәжі, ішкі жағында  тісті таңбасын тегістеу,ол ботай ыдыс аяқ бөлігіне тән. Бірақ балахнин тайпалары оңтүстіктен шығысқа жылуын бақылауға қарамастан (11; 113 б), Солтүстік Қазақстан мен Орта Поволжье арасындағы кеңістікті толтыра алатын ескерткіштер ашылған жоқ. Екінші жағынан өз негізінде жәп әшекейінің кең таралуына қарамастан, балахнин керамикасы ор-ирек тісті болып келіп, жіп-орына айналу үдерісін түсіндіруде белгілі бір қиындықтарды құрайды. 

Әдебиеттер:

1.  М.К.Козыбаев Дала өркениеті және оның сабақтары. М.К.Қозыбаев  Қазақстан ғасырлар аралығында: ойлар мен ізденістер. 2 кітап. 1 Кітап: Ғылым, 2000, 47-57 бет.

2.  М.К.Козыбаев Л.Н.Гумилев және дала өркениетінің мәселелері. М.К.Қозыбаев Қазақстан ғасырлар аралығында: ойлар мен ізденістер. 2 кітап. 1 Кітап: Ғылым, 2000, 367-374 бет.

3.  М.К.Қозыбаев. Елдің өткенін біле тұра оның болашағын көресін. М.К.Қозыбаев  Қазақстан ғасырлар аралығында: ойлар мен ізденістер. 2 кітап. 1 Кітап: Ғылым, 2000, 11-17 бет.

4.  В.Ф.Зайберт. Орал-Ертіс өзенаралығындағы энеолит. – Петропавл қ. 1993

5.  О.И.Мартынюк. Ботай ауылының керамикасы// Орал-Ертіс өзенаралығының энеолиті мен қола дәуірі – Челябинск, 1985, 59-72 б.

6.  В.С.Мосин. Солтүстік Қазақстан мен Оңтүстік Оралдың энеолитті керамикасы. Автореф. Ғылым кандидатының диссертациясы. Санкт-Петербург. 1993ж.

7.  В.К.Мерц. Ертіс жанындағы Павлодар археологиялық ескерткіштерінің кейбір қорытындылары мен зерттеу болашағы// Ертіс жанындағы Павлодар археологиялық ескерткіштер зерттеу – Павлодар, 2002, 5-20 бет.

8.  В.А. Зах. Батыс сібір неолиттегі шегінгіш- ирек-шұңқыры // Батыс Сібір неолитін зерттеу мәселелері –Тюмень: ИПОС СО, РҒА баспасы. 2001 37-45 бет.

9.  И.В.Усачева. Андреев көліндегі «VIII бекет» елді мекеніндегі керамика типтеріндегі неолиттік стратиграфиялық ұстанымдары және Оралдың ар жағындағы неолитінің кейбір жалпы мәселелері // Батыс Сібір неолитін зерттеу мәселелері –Тюмень: ИПОС СО, РҒА баспасы. 2001 11-133 бет.

10.  И.Б.Васильев Повольже энеолиті. Далалық және орманды дала. Куйбышев, 1981ж.

11.  А.Х.Халиков. Орта Повольженің ежелгі тарихы. М.: «Наука» баспа үйі. 1969.

12.  В.Ф.Зайберт Атбасар мәдениеті. Екатеринбург, 1992.

13.  В.Т.Ковалева., Н.М.Чаиркина. Тас ғасырының соңындағы – қола дәуірінің басындағы Орта Зауралье этномәдениеті мен этногенетикалық үдерістері: зерттеу қорытындылары мен мәселелері // Орал археологиясының мәселелері. Ғылым еңбектерінің жиынтығы. - Екатеринбург, 1991.

14.  А.В.Виноградов. Орта Азия өзенаралығының ежелгі аңшылары мен балық аулаушылары. – М.: «Наука» баспа үйі, 1981.

15.  С.С.Қалиев. В.Н.Логвин. Біздің ғасырымызға дейінгі үшінші мыңжылдақтағы Торғау мал өсірушілері. – Қостанай 1997ж.

16.  М.В.Воеводский., А.В.Збруев. Малоокулов неолит тұрағы.  КСИИМК,XXXI шығарылған, 1950.

17.  В.Ф.Старков. Орманды Оралдың ар жағындағы мезолит пен неолит. – М.: «Наука» баспа үйі., 1980 ж.

18.  И.Б.Васильев., Н.В.Овчинникова энеолит// Ежелгі уақыттан біздің күнімізге дейін Самаралық Повольже тарихы. Тас дәуірі. Ресей ғылым академиясы, Самара ғылыми орталығының баспа үйі;  2000.

19.  И.К.Цветкова. Ока өзенінің төмен ағысы бойынша балахнин мәдениетінің тұрағы// Горький археология экспедициясының еңбектері (Жоғарғы және орта Повольженің археологиялық ескерткіштері)  МИА № 110. – М.-Л.: АН КСРО баспасы, 1963.

20.  «Орал халықтарының этногенезі». Оңтүстік Орал ежелгі тарихы. 1 том. Тас дәуірі. Қола кезеңі. – Челябинск: ЮУрГУ баспа үйі, 2000.

Захаров С.В.

(М.Қозыбаев атындағы СҚМУ)

 

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?