Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бұл күн тарих бетінде

1845 жылы 6 маусым күні Атбасар қаласының негізі қаланды

1951 жылы 6 маусым күні грек-рим күресі бойынша Мәскеу олимпиадасының жеңімпазы әлем чемпионы Үшкемпіров Жақсылық дүниеге келді.

- = -

1995 жылы ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қазақ жеріндегі атом қаруының жойылғаны жөніндегі үндеуі баспасөз бетінде жарық көрді.

26434
1995 жылы ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қазақ жеріндегі атом қаруының жойылғаны жөніндегі үндеуі баспасөз бетінде жарық көрді. - e-history.kz
Семей полигонының аумағында соңғы ядролық заряд жойылды.
Ұзақ жылдар бойы көп қасірет шеккен Қазақстан халқы халықаралық атом зардабының бүкіл ауыртпалығын көтеріп келді. 45 жыл бойына дерлік Семей даласында 459 ядролық жарылыс, соның ішінде ауада 113 жарылыс жасалды. Радиоактивтік сәуле алған жарты миллионнан астам қазақстандықтардың денсаулығы ядролық жанталаса қаруланудың құрбандығына шалынды.