Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бүгін тарихта

Қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі, жазушы Сәбит Мұқановтың дүниеге келген күні.

Қазақстан мен Қытай Халық Республикасы арасында Қазақстан-Қытай шекарасы туралы келісімге қол қойылды.

- = -

Бірінші қазақ консерваториясының ашылуы

26319
Бірінші қазақ консерваториясының ашылуы - e-history.kz
Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясы - Қазақстан республикасында жетекші музыкалық жоғары білім алатын орын, консерватория алты онжылдық бойы Қазақстанда да, оның тысқары жерлерінде де мамандардың кәсіби даярлығының жоғары деңгейін қамтамасыз етуде. Консерватория – Қазақстандағы алғашқы музыкалық жоғары білім алатын орны. 1944 жылғы 24 шілдеде Қазақ ССР-інің Халық Комиссарларының Кенесі сол жылдың 1 қазанынан бастап Алматы қаласында Мемлекеттік өнер институтын ұйымдастыруға қаулы етті. Кейіннен ол Мәскеу және Ленинград үлгілерімен Алматы консерваториясына қайта құрылған. 1945 жылы жоғары оқу орны XIX ғасырдың атақты күйшісі Құрманғазы Сағырбаевтың атына ие болды. Сол кезден бастап консерваторияның құрылымы бес факультеттен құралған: тарихи- теория,-композитор, вокал, фортепиано, оркестр, дирижер-хор, ұлттық аспаптар бөлімі, сонымен бірге опера студиясы және қазақ халық музыкалық аспаптарды дайындайтын және жетілдіретін ғылыми-эксперименттік шеберханасы. 1938 жылы салынған бірінші ғимаратта консерваторияға дейін музыкалық-хореографиялық комбинат орналасқан. Содан кейін 60 жылдардың басында, тағы бір корпус және 120 тұрғын үй бөлмесімен жатақхана салынып, 42 репетиторий, оқу және спорт залдары және кең холлы болды. Бүгінгі күнде онда студенттер, стажерлер, аспиранттар мен консерватория қызметкерлері тұрады. 2000 жылғы қарашада консерваторияға қосымша заманауи төрт қабатты ғимарат берілді (Абылай хан көш., 86). Бүгінгі күні Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясы екі оқу корпустарында орналасқан. Консерваторияның студенттері мен оқытушыларының қызметіне оқу аудиториялары, 170 орынға арналған жеке зал, 236 орынға арналған кіші концерт залы, спорт зал, оқу залы, класс абонементі салынған. Қазіргі таңда 500 орынға арналған Үлкен Орган залының құрылысы аяқталды. Бүгінгі күні консерватория студенттері жапон және неміс фирмаларының жаңа аспаптарында, соның ішінде ішекті квартет үшін электронды аспаптарда дайындалады. Консерватория түлектерімен еліміздің айтарлықтай барлық шығармашылық ұжымдары (Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры, КүләшБайсейітоваатындағыоперажәнебалеттеатры, президенттік симфониялық, үрмелі оркестрлер, камералық ансамбльдер, халық аспаптар оркестрлері), сондай-ақ білім беру мекемелері (Қазақ ұлттық музыка академиясы, ЖүргеноватындағыҚазақұлттықөнеракадемиясы, Әйелдер педагогикалық институты, көптеген музыкалық колледждер, мектептер мен тағы басқалар) жасақталған. Қазақ ұлттық консерваторияның тәрбиеленушілері таяу және қиырдағы шетелдердің кәсіби ұжымдарында қызмет етіп жүр, олар - Ресей, Германия, Греция, Голландия, Израиль, АҚШ, Франция, Чехия, Канада, Корея, Қытай және т.б. Соңғы үш жыл ішінде консерватория қабырғасында халықаралық 50-ден астам лауреаты және республикалық байқаулардың 200-ден астам лауреаты дайындалды, олар Қазақстанның музыкалық өнерінің жас буынын лайықты көрсете алды.