Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бүгін тарихта

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын (ТМД) құру туралы келісімге қол қойылды

- = -

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын (ТМД) құру туралы келісімге қол қойылды

25925
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын (ТМД) құру туралы келісімге қол қойылды - e-history.kz
КСРО ыдырағаннан кейін, оның негізінде бұрынғы совет республикаларының бірнеше ықпалдасқан одақтары құрылды. Соның ең ірісі – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы. ТМД 1991 жылғы желтоқсанынның 8-нде Минскіде Ресей Федерациясы, Белоруссия және Украина басшыларымен қол қойылған, Шарт негізінде құрылды. Сәл кейін одаққа тағы 8 ел-республикасы кірді: Әзербайжан, Армения, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан. 1993 жылы Грузия қосылды. Сонымен, ТМД құрамына, прибалтика республикаларынан басқа (Литва, Латвия, Эстония) 15 бұрынғы совет республикаларының барлығы кірді. 2005 жылдың желтоқсанында Грузия парламенті елдің ТМД құрамынан шығу туралы шешім қабылдады. 2006 жылы 25 қаңтарында Грузия ТМД мемлекеттерінің Қорғаныс министрлері кеңесінің құрамынан шықты. Грузия ІІМ мұны елдегі саяси тәртіптің ауысуымен түсіндірді. Грузия НАТО (САКҰ) кіруге бет алғандықтан, ол біруақытта екі әскери бірлестікте болуы мүмкін болмады. ТМД ұйымдастырушылық құрылымына Мемлекеттер басшыларының кеңесі, Үкіметтер басшыларының кеңесі; қатысушы ТМД мемлекеттердің парламентаралық ассамблеясы; ТМД Атқарушы комитеті, Сыртқы істер министрлерінің кеңесі; ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі; ТМД салалық органдары кіреді. Экономикалық кеңесті құру туралы Шартқа сәйкес (1993 ж.) ТМД басты экономикалық мақсаты тауар, қызмет, капитал және жұмыс күшінің жалпы нарығын құру болып табылды. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін еркін сауда, кеден, төлем аймағын, ал болашақта валюталық одақты бірте-бірте және жүйелі құру мәселесі болжанды.