Ақмоланы қалай жаңғыртты?
17.07.2017 1936
90-шы жылдардың басында бұрынғы Одақтың аумағында қалалардың, селолар мен ауылдардың және басқа да жер-су нысандарының байырғы атауларын қалпына келтірудің ауқымды үдерісі жүргізіле бастаған болатын

Осыдан 25 жыл бұрын, 1992 жылғы 6 шілдеде Жоғарғы Кеңестің «Орал, Целиноград, Шымкент облыстарының және Целиноград қаласының тарихи атауларын қалпына келтіру туралы» Қаулысы қабылданды. Вице-премьер, Министрлер Кабинеті жанындағы Мемлекеттік ономастикалық комиссия төрағасы М.Жолдасбеков және Ұлттық саясат, мәдениет пен тілді дамыту жөніндегі парламенттік комиссия төрағасы Ә. Кекілбаев осы оқиғаға қатысты орталық республикалық және облыстық газеттерде өз пікірлерін білдірді.  

Мырзатай Жолдасбеков  Есіл өзені бойындағы қалаға бір жарым ғасырлық тарихы бар төл атауын қайтару ниетін халық білдіргендігін атап өтеді. «Целиноград» атауы географиялық картада 1961 жылы пайда болып, халықтың пікірімен санаспайтын тоталитарлық топонимиканың айқын үлгісін көрсетті. Елді мекендердің атауы да тіл мен мәдениет сияқты өзіне ықыласпен қарауды талап ететін – ұлттық  игілік. Облыстық әкімшілік басшысы А.Г.Браун осы және басқа да дәлелді мысалдарды келтіріп, Целиноград қаласы мен Целиноград облысының тарихи атауларын, сәйкесінше Ақмола қаласы және Ақмола облысы деп қалпына келтіру туралы Мемлекеттік ономастикалық комиссияға ұсыныс жасады. Қоғамда, елді мекендердің атауларын қайта өзгерту жаңадан пайда болған «демократтардың» жаппай еліктеуінен басқа түк емес деген сияқты пікірлер туындады. Сондықтан да атауын өзгерту – мемлекет үшін қиын уақытта түкке тұрмайтын нәрсе үшін мемлекет қаражатын желге шашу. Ыңғайлы уақытты тосқан абзал – сол кезде жөн басқа.

Әбіш Кекілбаев бұл үдеріс сәнге еліктеу емес, өмірдің өзінен туындаған шындық екендігін атап өтті. Және бұл жағдай оны халық депутаты, жазушы ретінде қуантпай қоймайды. Нарықты жақсы тауарлармен толтыруға, халықтың қарнын қампитуға болады, алайда тарихи сананы жоғалтсақ, теріміздің түсі мен көзіміздің қиығына қарамастан бәріміз де көйлегі-көк, тамағы тоқ мәңгүрттерге айналамыз. Бұл жағдайда ең қауіптісі – рухани вакуум. Ал халықтың тарихымен жанасу – кез-келген адам үшін нағыз мейрам. Бұл шындықты мойындамайтындар – өзін-өзі оқшаулап мағынасыз күн кешетіндер. Топонимикалық нысандардың атаулары – тарихтың ажырамас бөлшегі, ал біз, қазақстандықтар, оны жақсы білуіміз керек. Өйткені, өткенсіз – бүгін, бүгінсіз – болашақ жоқ.

Осы мәселені талқылаған кезде Жоғарғы Кеңес Төралқасының мүшелері облыс орталығының атауын өзгерту тың игерушілердің рөлін жоққа шығару еместігін айтып өтті. Біз олардың қызығарлық тағдырына үлкен құрметпен қараймыз. Ерен еңбек ескерткіштері – совхоздар, кенттер, даңғылдар мен көшелер, саябақтар, мәдениет сарайлары. Шығындар туралы ескертулер де жауапсыз қалмады. Біздің ысырапшылдығымызбен, игілігі аз істердің өзіне біз бұдан да көп қаражат жұмсаймыз, – деді комитет төрағасы.

Жергілікті билік органдары өздерінің күнделікті жұмыстарында ономастика мәселелерін назардан тыс қалдырмауы керек. Мемлекеттік ономастикалық комиссиямен бекітілген географиялық атауларды реттеу және елді мекендердің, сондай-ақ мемлекеттік және әімшілік-территориялық нысандардың атауларын қайта өзгерту үдерістерін басшылыққа алулары керек.

Бірінші кезекте патшалық отаршылық саясаты кезінде, сонымен қоса асыра сілтеу, жаппай ұжымдастыру, жеке басқа табыну, тоқырау нәтижесінде республика картасында пайда болған нысандардың атаулары жойылуға және байырғы атауларымен алмастырылуға жататындығын естеріңізге саламын. Бұл асыра сілтеулер бәрінен де көп Қазақстанға тигенін, нақтырақ айтсақ соққанын, сіздер білесіздер. Топонимикалық нысандардың атын өзгерту, оларға байырғы атауларын қайтарудың тұрғындардың жекелеген бөліктерінің түсініспеушілігін туғызуы – ортақ қайғы.

Тарихты өзінікі мен өзгенікі қылып бөлетін ойлаудың посттоталитарлық стереотипінен барша қазақстандықтардың құтылуына біздің тарихшылар,этнографтар, демографтар, әдебиетшілер көмектесулері керек. Мысалы, кейбір депутаттар «Ақмола» осы тарихи мәнмәтінде «ақ мола» болып калькаланбайтындығын, ғизатты киелі жерді білдіретіндігін білсе, бос талас-тартыстар да болмас еді. Көршісінің  тілін, ағайынының тілін үйренуге ниет еткен қазақстандықтың сөздік қоры бір сөзге болса да арта түсер еді. Сондықтан да барлық шаруа осы мәселенің ерекше шетіндігін ескере отырып жасалуы керек. ТМД елдерінен қонақтар мен іскер адамдар әртүрлі деңгейдегі депутаттардың консерватизміне таңғалады. Қазақстанда ұзақ уақыт бойы көптеген мекемелер, көшелер, ауылдар мен қалалар бұрынғы КСРО-ның барлық халықтары өкілдерінің миллиондаған адамдарының өмірін жалмап, қанын арқалаған "көрнекті" қайраткерлерінің есімдерімен аталып келді. Халықтың тарихи санасын қалпына келтіру туралы әңгіме қозғалған кезде, депутаттарға радикалды ұстаным ұстануға не кедергі жасады?  Бәлкім, бұл үдерістер басқа жердегілерге қарағанда баяу жүрген шығар. Топонимикалық нысанның атын өзгертумен байланысты кез-келген сұраққа ойластырылған қадам қажет.

Ә. Кекілбаевтың пікірінше, нақтырақ айтқанда «біз атын өзгертіп жатқан жоқпыз, дұрысында байырғы атауларын қалпына келтіріп жатырмыз, осы арқылы идеалогиясыздандыру үдерісіне ықпал етудеміз». Бұл бағыттағы жұмыстың ұшы-қиыры жоқ еді. Мысалы, әр елді мекенде  Ленин, Киров, Калинин, Дзержинский көшелері, кей жерлерде екеуден де болатын. Мысалы, Алматыда Фрунзе мен Мәскеу аудандарында бір-бірінен алыс емес Ленин даңғылы мен Ильич көшесі орналасқан. Әрине, кез-келген мемлекеттік қайраткердің өмірі жан-жақты топшылауды қажет етеді, сондықтан депутаттар асықпаулары керек болды.  Ақиқатына жеткеннен гөрі бұзу, шығарып тастау, атын өзгерту, әлбетте, жеңіл. Бұрынғы кеңестік республикалардың «радикалдық» қадамдарын ойланбастан қайталау, кешірілмес қателіктерге әкеп соғар еді.

Әбіш Кекілбаев қазақстандықтардың жалпы күш-жігермен тарихи әділдікті орнататындықтарына сенімділік білдірді. Өркениетті қоғамға апарар басқа жол жоқ. Жоғарғы Кеңес жанында Комиссия төрағасы Ақмола, Оңтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарының байырғы атауларын қалпына келтіруге белсенді қатысқандардың бәріне алғыс айтты.

Төменде ресми құжаттың мәтіні келтіріледі

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі Төралқасының «Орал, Целиноград, Шымкент облыстарының және Целиноград қаласының тарихи атауларын қалпына келтіру туралы» қаулысы

 

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі Төралқасы 1932 жылғы 10 наурыздан бастап республика құрамында болған Батыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстары Батыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарын құрған кезде халықтың және жергілікті билік органдарының пікірлерін есепке алмастан Орал және Шымкент облыстары болып өзгертілген, ал аталған өңірлер 1964 жылы қысқартылған кезде оларға бұрынғы тарихи атаулары қайтарылмағандығын атап өтті.  Сондай-ақ, халықтың және жергілікті билік органдарының пікірлерін есепке алмастан, 1939 жылғы 14 қазаннан бастап Ақмола облысы деп аталған облыс жойылып, бұрынғы шегарасында Целиноград облысы болып қалпына келтірілді, ал 1832 жылдан бастап Ақмола аталған қала Целиноград қаласы болып өзгертілді. Орал және Шымкент облыстарының Халық депутаттары кеңесінің, Орал және Целиноград облыстары әкімшіліктері басшыларының қаулылары, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті жанындағы Мемлекеттік ономастикалық комиссия қорытындысы негізінде және тарихи атауларын қалпына келтіру мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі Төралқасы қаулы етеді: 1. Күшін жоюды: Қазақ КСР-інің Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1961 жылғы 20 наурыздағы «Тың игеру өлкесінің Ақмола қаласының атауын Целиноград қаласына өзгерту туралы» Қаулысы. Қазақ КСР-інің Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1961 жылғы 24 сәуірдегі «Қазақ КСР-інің Тың игеру өлкесі құрамында Целиноград өлкесін құру туралы» Қаулысы – облыстың «Целиноград» атауы бөлігінде; Қазақ КСР-інің Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1962 жылғы 3 мамырдағы «Қазақ КСР-і құрамында Батыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан өлкелерін құру туралы» Қаулысының екінші бабы. 2.  Атаулары қалпына келтірілсін: Орал облысының және ол Батыс Қазақстан облысы деп аталсын;  Целиноград облысының және ол Ақмола облысы деп аталсын; Шымкент облысының және ол Оңтүстік Қазақстан облысы деп аталсын; Целиноград қаласының, оның орыс транскрипциясындағы атауы – Ақмола қаласы белгіленсін.

 

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Төрағасы С. ӘБДІЛДИН

Алма-Ата қ., 6 шілде 1992 жыл