"Дала көшпелілері соның ішінде моңғол мен қазақ ғұн дәуірінде бір халық болды. Оған өте көп дәлел бар. Тіліміз, мәдениетіміз өте ұқсас. Антропологиялық келбетіміз де аумайды. Екі халық уақыт өте келе бір-бірінен алыстай тастады. Себебі, таным-түсінігінде, дүниетанымында белгілі бір айырмашылықтар пайда болды. Әсіресе, ХV-ХVІ ғасырдан бастап моңғолға тибеттің әсері яғни діни фактор пайда ете бастады. Біз ислам жолымен кеттік. Бұл қазақ пен моңғолдың толықтай ажырауына алып келді. Ол аздай кеңестік кезеңде түркі мен моңғолдарды бөліп, тамырынан ажырату саясаты жүргізілді. Бұл да өз кезегінде үлкен нәтиже берді. Осылайша екі халық бір-бірінен ажырап кетті», - дейді ол Қазақстан тарихы порталына берген сұқбатында.