«Дәуірдің жарық жұлдызы»: Ермек Серкебаевтың 100 жылдығына арналған еске алу кеші өтті
Бөлісу
24.09.2026151
Бүгін ҚР Ұлттық кітапханасында Қазақстанның халық әртісі, көрнекті опера әншісі, актер және ұстаз Ермек Серкебаевтың 100 жылдығына арналған «Дәуірдің жарық жұлдызы» атты еске алу кеші өтті.
Іс-шараның мақсаты – қазақ өнерінің көрнекті тұлғасы Ермек Серкебаевтың шығармашылық мұрасын дәріптеу, ұлттық музыка және театр өнерінің дамуына қосқан үлесін насихаттау, өнердегі өнегелі жолын кейінгі ұрпаққа таныстыру.
Кеш барысында Ермек Серкебаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған «Дәуірдің жарық жұлдызы» атты кітап көрмесі таныстырылды.
Еске алу кешінде дирижер, композитор, Қазақстанның халық әртісі Мұрат Серкебаев, музыкант, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Байғали Серкебаев, скрипкашы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жамиля Серкебаева, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ұстаз Гүлзат Дәуірбаева, театртанушы, өнертану кандидаты Аманкелді Мұқанов және Ермек Серкебаевтың шәкірттері өнер иесінің шығармашылық жолы мен адамдық болмысы туралы естеліктерімен бөлісті.Сондай-ақ АҚШ-та тұратын Ермек Серкебаевтың қызы Ирина Серкебаеваның бейнеүндеуі көрсетіліп, әкесінің өмірі мен шығармашылығына арналған «Ермек Серкебаев. И жизнь, и молодость, и счастье…» атты кітабы таныстырылды.
Еске алу кешіне мәдениет және өнер қайраткерлері, Ермек Серкебаевтың туыстары мен шәкірттері, жоғары оқу орындарының студенттері мен мектеп оқушылары, ұстаздар және өнерсүйер қауым қатысты.
Іс-шара барысында Ермек Серкебаевтың қазақ өнеріне қалдырған мол мұрасы, сахнадағы дара жолы мен ұстаздық өнегесі кеңінен айтылып, өнер иесінің есімі мен шығармашылық мұрасын ұлықтау бағытындағы жұмыстардың маңызы атап өтілді.