Ұмыт болған қазақ хандары: Мамаш хан

Бөлісу

24.02.2026 870

Мамаш – Қазақ хандығының бесінші ханы, бірақ оның билігі ұзаққа созыла қоймады. 


Қазақ хандығының тарихындағы ең ұлы тұлғаларының бірі – Қасым ханның тұсында хандық күшейіп, аумағы кеңейгені белгілі. Алайда Қасым хан қайтыс болған соң, хандықтағы билік үшін күрес күшейіп, ішкі алауыздықтар басталды. Осы кезеңде хан тағына Мамаш отырды. Мамаш ханның билігі 1521–1523 жылдар аралығын яғни екі-ақ жылға созылды. Бұл – Қазақ хандығының «уақытша әлсіреу» кезеңі еді. 

Мамаш – Қазақ хандығының бесінші ханы, бірақ оның билігі ұзаққа созыла қоймады. Оның тұсында хандық әлсірей бастады, ал өзі көп ұзамай ішкі қақтығыстардың құрбаны болды. Әрі ол тарих беттерінде есімі сирек аталатын тұлғалардың біріне айналды. 

Мамаш ханның толық аты – Мұхаммед Хусейн. Ол 1521-1523 жылдар аралығында билік құрған. Ол Қасым ханның үлкен ұлы, Жәнібек ханның немересі. 

Мамаш хан – Қазақ хандығының ұлы ханы Қасым ханның үлкен ұлы, ал Жәнібек ханның немересі. Ол шамамен 1450-1460 жылдары дүниеге келген деп есептеледі. Кейбір деректерде 1480 жыл деп те көрсетіледі, бірақ бұл Қасым ханның өмір сүру кезеңіне сәйкес келмейді. 

Мамаш сұлтан әкесі үнемі Қасым ханның  қасында болды. Ел билеу ісіне араласты. Бірақ өз алдына ерекше қайраткерлік танытып, немесе қолбасшылығымен көзге түскен емес. Ол әкесінің жанынан бір елі қалмай, барлық маңызды оқиғаларда қасында жүрген.

Шайбанилерге қарсы соғыстарға қатысты. Әсіресе Ұлытау маңындағы Қасым хан ордасына жасалған жорықтарда белсенді әрекет еткен. Сыр бойындағы қалаларды бағындыру әрекеттеріне ат салысып, Ташкентке жасалған жорықтарда хан әскерінің бір қанатын басқарғаны айтылады. 

Әкесінің Моғол хандарымен (шағатайлықтармен) жүргізген келіссөздерінің куәгері болған. 1513 жылы моғол ханы Сайд хан Қасым ханның ордасына келгенде, Қасым хан өзі бармай, 30-40 сұлтанды қарсы алуға жіберген.

Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарих-и Рашиди» шығармасында осы елшілік құрамында Мамаш хан да аталған. Бұл оның жазба деректерде алғаш рет «хан» мәртебесімен аталуы – бұл Жаныш, Таныш хандар сияқты Қазақ хандығындағы ұлыстардың  біріне иелік еткенін көрсетеді.

Мамаш хан туралы деректер мардымсыз, бірақ негізгі мәліметтер Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарих-и Рашиди» еңбегінде және басқа да ортағасырлық жазбаларда сақталған.

Қасым ханның тұсында (1511-1521 жж.) Қазақ хандығы ең жоғары даму шегіне жетті. Хандық аумағы кеңейіп, әскер саны артты. Елдің іргесі мен қорғанысы күшейді. «Қасым ханның қасқа жолы» заңдары қалыптасты. Мамаш осы кезеңдегі оқиғалардың барлығында да әкесінің жанында болып, жорықтарға қатысты. Ол басында айтып өткеніміздей, қолбасшылық қабілетімен ерекше көзге түспесе де, әкесінің соғыстарына белсенді араласты. 

Мамаш хан туралы алғашқы рет жазба деректер 1513 жылғы оқиғаларға қатысты айтылады. Сол жылы моғол ханы Сайд хан Қазақ хандығына қарсы жорық жасады. Жазба деректе Мамаш «хан» атағымен аталған, бұл оның Қазақ хандығындағы бірнеше ұлысты басқарғанын көрсетеді.

Қасым ханның балалары арасында Мамаш үлкені болғанымен, тарихта аты қалған басқа ұлдары да бар. Мәселен Хақназар хан мен Әбілқайыр сұлтан. 

Мамаштың таққа отыруы 

Керей мен Жәнібектен кейінгі хандық билігі Бұрындық ханға (1480-1511) кейін Қасым ханға (1511-1521) өтті. Қасым ханның тұсында хандықтың аумағы едәуір кеңейді: оңтүстігінде Сырдарияның оң жағалауы, оңтүстік-шығысында Жетісу өңірі, солтүстігінде Ұлытау таулары мен Балқаш көліне дейін жетті. 

Қасым хан қайтыс болғаннан кейін (шамамен 1521 жылы) Мамаш хан таққа отырады. Қыпшақ дәстүрі бойынша хандық билік әкеден балаға емес, әкеден ініге немесе немере туысқа берілетін. Бұл жергілікті әдет-ғұрыптан туындаған еді. Моңғол шапқыншылығынан кейін әкеден балаға берілу дәстүрі енгізілгенмен, қазақтар арасында ескі жол сақталған. Мәселе, Барақ ханнан кейін ұлы Жәнібек емес, немере туысы Керей хан болды. Керейден кейін ұлы емес, Жәнібек хан отырды. Жәнібектен кейін ұлы Қасым емес, Бұрындық хан таққа отырды.

Қасым ханнан кейін де дәстүр бойынша таққа оның інісі немесе немере інісі отыруы тиіс еді. Бірақ үлкен ұлы Мамаш хан таққа отырды. Бұл – жергілікті мұрагерлік дәстүрдің бұзылуына алып келді. 

Қасым ханның өлімінен кейін сұлтандар арасындағы талас күшейді. Себебі, Қасым хан мұрагер дайындап үлгермеді. Бұл жағдай кейінгі алауыздықтарға себеп болды.

Мамаш хан таққа отырған соң әкесінің жолын жалғастыруға тырысты, бірақ орталықтандыру саясатын жүргізе алмады. Себебі, Мамаш ханның билігі Қазақ хандығы үшін өте қолайсыз, қысылтаяң кезеңге тұспа-тұс келді. Ол таққа отырғаннан кейін бірден ішкі қақтығыстарға тап болды. Әкесі Қасым ханның қайтыс болуына байланысты (шамамен 1521 жылы) мемлекеттің сыртқы және ішкі жағдайы күрт нашарлады. Қазақ хандығы бірнеше жақтан қысымға ұшырады.

Ноғай Ордасымен соғыс жалғастырды. Қасым хан ноғайларды жеңіп, Сарайшықты алған еді. Қасым өлген соң ноғайлар Сарайшықты қайтаруға әрекеттеніп, Қазақ хандығына қарсы жорық бастаған еді. Олар бұрынғы жерлерін қайтарып алуға тырысып, қазақтарға қарсы жорықтар жасады.

Моғол хандығы мен өзбектердің қысымы да күшейе бастады. Яғни оңтүстіктегі моғол билеушілері Жетісу жерін, ал өзбектер Түркістан мен Сыр бойын қайтарып алуды көздеді. 

Шығыс және солтүстік-шығыста – Сібір хандығымен шектесетін аймақтардағы байырғы шайбани тайпалары жаңа ханға қарсы кейбір тайпа басшыларын арандатып, ішкі алауыздықты күшейтті.

Ішкі алауыздықтар күшейіп, Жошы ұрпақтары таққа таласып, өзара қырық-пышақ болып жатқан кез болатын. Бұл хандықтың әлсіреуіне алып келді.

Тарихшылар бұл кезеңді «Қазақ хандығының уақытша әлсіреген дәуірі» деп атайды. Мамаш ханның билігі қысқа әрі қиын болды.

Мамаш ханның өлімі

Дегенмен, ішкі талас-тартыс пен сыртқы қысымның салдарынан Мамаштың билігі ұзаққа созылмады. Мамаш хан 1523 жылы (кей деректерде 1521-1522) ұрыс даласында қаза табады. Деректерде оның өлімі әртүрлі сипатталады. Кейбір деректерде Маңғыт мырзаларына (ноғайлардың бір бөлігіне) қарсы жорықтың бірінде кезінде әкесіне бағынышты болған топтың қолынан аңдаусызда қаза тапты делінеді. 

Мұхаммед Хайдар Дулати «Тарих-и Рашиди» шығармасында шамадан тыс қару асынып шығамын деп дем жетпей өлгені айтылады. Ал Махмуд ибн Уәли «бір ұрыста тапталып өлді» деп жазады. Бірақ қандай жорық әрі нақты кімдерге қарсы жорық екені айтылмайды. 

Мамаш ханның билігі Қазақ хандығының тарихындағы аласапыран кезеңіне тұспа-тұс келді. Қасым ханның өлімінен кейін хандықта талас-тартыс басталды.  Алайда, бұл кезеңде Жошы ұрпақтары арасында тартыс күшейді, бұл Қазақ хандығын әлсіретті.

Мамаш хан осындай жағдайларға қарамастан, мемлекеттің іргесін сақтап қалуға тырысты. Ол бірден Ноғай Ордасына қарсы соғыс жүргізді. Әрі әскердің негізгі бөлігін сол жаққа жұмсады. Тағы бір деректерде Моғолстанға қарсы жорық жасап, жеңіске жеткені туралы айтылады.

Қасым ханның қабірі Сарайшық қаласында делінеді. 

Мамаш ханның жетістіктері

Мамаш ханның ерекше жетістіктері туралы деректер аз. Ол әкесінің жолын жалғастыруға тырысты, бірақ ішкі қақтығыстар оған мүмкіндік бермеді. Хандық аумағын сақтап қалуға тырысты, бірақ ішкі қырқыстарға байланысты тұрақсыздық күшейді. Мамаш ханның тұсында хандық аумағы өзгерген жоқ, бірақ тұрақсыздық күшейді.

Оның өлімі хандықта үлкен дүрбелең тудырды. Тақ үшін Жәнібек ұрпақтары арасында күрес өрши түсті. Кейін таққа Тахир хан (Қасым ханның немере інісі) отырды, бірақ хандық әлсіреуі жалғасты. Бұл аласапыран 1538 жылға дейін созылып, Хақназар ханның тұсында ғана тоқтады.

Ұлы қолбасшы немесе реформатор бола алмаса да  Мамаш хан өзі басқарып отырған мемлекетті сақтап қалуға тырысты. Ноғай мырзаларына қарсы жорықтар жасады, бірақ әкесінің жолын жалғастыра алмады. Қасым ханның салған сара жолын сақтап қалуға тырысқан, бірақ ішкі тартыстар мен сыртқы қауіптерге төтеп бере алмады. Бірақ соған қарамастан Қазақ хандығының қиын кезеңінде ел билеген маңызды тұлға ретінде тарихта қалды. 

Бұл дәуір кейінгі хандарға (Хақназар, Есім, Тәуке) сабақ болды. Олар бірліктің маңызы және ішкі алауыздықтың қауіпті екенін түсіндіріп кетті. 

Бөлісу