Ұмыт болған қазақ хандары

Бөлісу

30.01.2026 6624

Қазақ хандығына қатысты сөз болса, Керей, Жәнібек, Қасым, Хақназар, Есім, Тәуке, Абылай сияқты хандарды есімдердің жиі аталады.


Ал шын мәнінде Қазақ хандығының құрылуына елеулі үлес қосып, өз заманында ұлы істер атқарған хандар көп болған. Нақты зерттеушісі болмағандықтан, көбінің есімі мүлдем ұмыт болған немесе сирек аталады.

Мәселен, Қайып, Айшуақ, Шерғазы хандарды айтуға болады. 

Қайып хан (1716-1719 жж)  – Орта жүздің қысқа мерзімді ханы болған. Ол жоңғар шапқыншылығы кезіндегі аса қиын кезеңде билік құрған.

Қайып – Абылай ханға дейінгі «аралық» тұлға. Оның билігі небәрі 3 жылға созылған

Айшуақ хан (1797-1805 жж) Кіші жүздің соңғы хандарының бірі. Айшуақ Ресей империясының ықпалы күшейген кезде билік құрған, бірақ көп деректе аталмайды. Кейбір дерек көзедері Кіші жүздің Ресейге толық бағыну процесі Айшуақ ханның тұсында аяқталған.

Шерғазы хан 

Шерғазы Айшуақұлы (нақты туған жылы белгісіз -1845 ж.) - Кіші жүздің соңғы ресми ханы. Ол 1812–1824 жылдары аралығында яғни әлеуметтік-экономикалық қиындықтар, жоңғарлардан кейінгі қалдықтар, Ресейдің экспансиясы күшейген тұста билік құрды.  Қазақ тарихында хандық биліктің ресми жойылуына дейінгі соңғы тұлға делінеді. Шерғазының билігі шартты сипатта болғанын айта кету керек. Көптеген рулар мен сұлтандар оны толық мойындамаған.

Әбілқайыр ханның немересі (әкесі — Айшуақ хан, 1797–1805 жж. Кіші жүз ханы болған). Төре әулетінен шыққан.

1812 жылы Ресей императоры Александр І-дің жарлығымен Кіші жүз ханы болып тағайындалған. Бұл кезеңде Ресей империясы қазақ жеріндегі билікті бақылауға алып, хандарды өз қалауы бойынша тағайындай бастаған.

Тағы бір айта кетерлігі, Қазақ хандығы тарихында есімдері аз аталатын немесе зерттеулерде ұмыт қалып қойған хандар мен сұлтандардың қатарына Керей мен Жәнібектен кейінгі кезеңдегі билік жүргізген тұлғалар жатады. Олардың қатарында билігі қысқа болған немесе ішкі-сыртқы саясатта белсенділігі аз хандар бар. 

Мысал ретінде Бұрындық, Хақназар, Тұрсын хандарды айтуға болады. 

Бұрындық хан (1480-1511)  - Керей мен Жәнібектен кейінгі үшінші хан болған. Қасым ханның алдындағы билеуші. Ол Қазақ хандығының іргесін нығайтуға қатысса да, нақты зерттеушісі болмаған соң Қасым ханның көлеңкесінде қалды. 

Хақназар хан (1538-1580) да хандықты қайта біріктіргенімен, оның есімі кейінгі Тәуке немесе Абылай хандар секілді жиі дәріптелмейді.

Тұрсын хан (XVII ғ. басы)

Ташкент аймағында жеке билік жүргізген, кейін Есім ханмен қақтығыста қаза тапқан билеуші. 

Сондай-ақ, есімдері мүлдем ұмыт болған хандар да бар. 

жалғасы бар

Бөлісу