БРИТАНДЫҚТАР ҚАЗАҚСТАНДА ӨНЕРКӘСІПТІ ҚАЛАЙ КӨТЕРДІ?
13.06.2017 2677
1913 жылы Лесли Уркарттың басшылығымен «Спасск акционерлік қоғамы» компаниясы Жезқазған мыс кен орны мен Сарысу байыту фабрикасында алғашқы тау-кен жұмыстарын жүргізе бастады

Кәсіпорын Қазан революциясынан кейін 1920-шы жылдары ұлт меншігіне айналдырылды. Бұның бәрі қашан және қалай басталды? Ақмола өңірі өнеркәсібінің дамуы қандай тарихи оқиғалар аясында өтті? Ғылыми тағылымдама барысында зерттеуші, филология ғылымдарының кандидаты М.Л. Анафиноваға Кембридж университетінің кітапханасынан  Джон Уилфорд Уорделлдің Лондондағы Галери Пресс баспасынан 1961 жылы жарияланып шыққан «In the Kirgiz Steppes». John W. Wardell. (Қырғыз Даласында) атты кітабының көшірмесін алудың сәті түседі. Бүгінгі күні Джон Уилфорд Уорделлдің «In the Kirgiz Steppes». John W. Wardell. В «Киргизских Степях. Қырғыз (Қазақ) Даласында» кітабының  орысша-қазақша аудармасы баспаға дайын. Кітап сол кезде Қазақстанның суреттерімен және картасымен бай иллюстрацияланған, онда қазақстардың тұрмыс-тіршілігі мен мәдениеті, өлкенің табиғаты сипатталып қана қоймай, сонымен қатар Солтүстік Қазақстанның экономикалық жағдайы, өнеркәсібінің дамуы да сипатталған. Кітаптың маңызы сол, онда автор өз құжаттарында тарихилықты және шындықты, соған қоса  сол уақыттағы Солтүстік Қазақстанды өз көзімен көрудегі көзқарасын сақтап жазған. Қазақ халқын, оның байырғы жерлерін, осы көнеліктегі өнеркәсіптің дамуын өз көзқарасымен этнограф емес, ғалым-тарихшы емес Дж. Уорделл батысқа таныстырды.

Кембридж университетінің кітапханасы

Мәдина Анафинова, бізге тағдыр бұйрығымен Қазақстаннан бір-ақ шыққан британдық инженердің таңғажайып оқиғасын айтып берді. Джон Уорделл Ұлыбританиядағы Райтсон және Компания, Стоктон жұмыстары Басқармасында инженерлік дайындық мезгілді қызметін атқарып шығады, онда ол үш жыл бойы кен өңдеу бойынша құрал-жабдықтарға мамандана отырып, құрастырушы болып қызмет етеді, ал бос уақытында түсті метталлургияны оқиды.

 М. Анафинова кітапханадағы жұмысы кезеніде  

1913 жылғы қарашада осы тақырып бойынша өз білімін көтеру мақсатында және іс жүзіндегі тәжірибені алу үшін Лондондағы металлургия саласы бойынша кеңес беруші Уолтер Дж. Перкинске жұмыс істеуге барады, ол осы кезде Сібірде үлкен кен концессиялары бар Британдық Компанияның Спасск Тау-кен орындарының компаниясы үшін жобалар әзірлеумен айналысып жатқан болатын. Бұл жобалар: Спасск зауытының мыс қорыту фабрикаларын жаңғыртуды, Сарысу мен Спасскіде өндіруші және өңдеуші фабрикаларды, және осы компанияның Атбасарлық жаңа кен орындары үшін өндіру және қорыту жұмыстарына арналған құрал-жабдықтар орнату. 1914 жылғы сәуірдің аяғына қарай осы жоба үшін барлық білдектерге тапсырыс беріліп, кірпіш және ағаш ғимараттардың көпшілік сызбалары аяқталды. Қысқа мерзім ішінде шахталардағы соңғы жұмыстарды дайындауға құрылыс жұмыстарына көмек көрсету үшін Спасск компаниясына «Уолтер Дж. Перкинс» компаниясынан үш инженерді жіберу туралы шешім қабылданады. 1914 жылы британдық компанияның инженер-конструкторы Джон Уорделл басқа ағылшындық мамандармен бірге Ақмола губерниясының Атбасар кен орындарына, әрі қарай Спасск зауытына келді. Мұндағылар екі инженерді Атбасарға, ал Джон Уорделлді Спасскийге жіберуге таңдайды. Бұлардың барлығы 1917 жылға дейін жасалған келісімшартпен 1914 жылдың 16 мамырында Англиядан шығу керек болған. Қазан революциясының иіріміне түсіп кеткен Уорделл ұзақ сапар шеге отырып, Англияға 1919 жылдың қарашасында бес жарым жылдан соң бір-ақ оралады. 1920 жылдың ақпанында Джон Уорделл қайтадан Райтсон және Компания Басқармасына жұмыс істеуге барады. Кен өңдеу бойынша құрал-жабдықтарды әзірлеуге байланысты бес жыл бойы ол Компанияда олардың Лондондағы өкілі ретінде қызмет істеп, кейін Стоктон Он Тизге жұмысқа ауыстырылады. Осы жерде Джон Уорделл үш жыл бойына инженер және бас конструктор ретінде жұмыс істеп, келесі отыз жыл бойы бас директор болып қызмет етті. Кітапты Дж. Уорделл Лондонға оралып, барлық батыс әлемі  Орыс революциясының құлауына тәу еткен сәттен бастап жазғысы келді, бірақ ССРО құламады. Дж. Уорделл Совет Одағының орнағанына қырық жыл өткен соң барып бір-ақ жазып шығарды. Автор: «Мен Қазақстанға соңғы барған (егер Совет Одағы құрылғаннан кейін онда жалпы алғанда, ақыр соңында біреу-міреу барған болса)  аздаған ағылшындықтардың бірі болғандықтан, ал ол кезден бастап, ол жердегі тіршілік, бәлкім, мәңгілікке өзгерген шығар, қазақтардың ғасырлар бойы ұлы өзгерістерге дейін қалай өмір сүргені туралы осы есепті сол елдің халқы үшін, тарих үшін сақтаған дұрыс деп ойлаймын. Мен бұған елдің сипатын, климатының сипатын және басқа да егжей-тегжейлі мәліметтер,  әлемнің осы бір оқшауланған бөлігіндегі британдық қауымдастықтың өмірі туралы оқиғаға толы бес жылдың әсерінің жазбаларын қостым. Алғашқысы, менің бастан кешірген оқиғаларым орын алған елді түсіну үшін қажет, екіншісі, менің өз түсінігімді білдіреді деп сенемін», – дейді.  

Спасск мыс қорыту пештері  

Дж. Уорделл сол жылдардағы оқиғаларды осылай сипаттайды. Қазақстандағы мен бес жыл бойы өмір сүрген Спасск кен орындарының тобы Ақмоланың ескі бөлігіндегі екі қоныста орналасқан. 1916 жылы негізі қаланған жаңа қоныс Семейдің ескі бөлігінде орналасқан болатын, алайда қазір барлық төрт қоныс та Қарағандының жаңа бөлігінде орналасқан. Қорыту жұмыстары жүргізілген бас кент, британдық компанияға тиесілі Спасск зауыттарында орналасқан, бұларды әрі қарай Спасск деп атайтын боламын, себебі мен екі жыл тұрған кезде оларды солай атайтынбыз. Спасск шамамен Омбыдан оңтүстікке қарай 725 шақырым аралықта орналасқан. Транссібір темір жолы бойындағы ең қолжетімді қала – Петропавл, ол солтүстік-солтүстік-батысқа қарай 820 шақырымда орналасқан, аймақтағы ескі астана – Ақмола, осы жол бойындағы Спасск кен орындарынан 300 шақырымда орналасқан. Шекарадағы ең жақын нүкте Синьцзян – оңтүстік-шығысқа қарай 730 шақырым, Балқаш көлі оңтүстік-оңтүстік-шығысқа қарай 400 шақырым.  Бұдан ертеректе өңделген басқа екеуі:  Қарағандыдағы көмір шахтасы, Петропавл жолындағы Спасскіден 42 шақырымда және Успенский мыс кеніші, ол қысқаша Успен деп аталады, Спасскіден оңтүстік-оңтүстік-батысқа қарай 110 шақырым. Жаңа қоныс және кен өндірісі бойынша жұмыстар Успен жолынан Спасскіге қарай он миль жердегі Сарысуда болатын, және бұл жер соңғы үш жыл бойына менің тұратын үйім болды. Осында, Спасскіде мен жеті жас жігітпен таныстым. Олардың ішінде екеуі – корнуэлльдықтар Х.К. Робсон мен Г. Пеллью, қорыту пештерінің көмекшілері болатын; екі жаңа зеландиялық – зауыт көмекшісі Р.Дж. Mорган және геолог-барлаушы Х. Фармер; канадалық ізденуші Дж. Стивенсон; Лондоннан келген хатшы Р. Баркер және даниялық клерк Т. Ристофт. Спасскідегі қызметкерлер штаты орташа жастағы корнуоллдық бакалавр, бас директор Дж.В. Брайанттан тұратын, ол үлкен, жақсы жарықтандырылған үйде тұрды. Бұл үй, сонымен қатар Компанияға келетін ресейлік шенеуніктерге арналған қонақ үй ретінде қызмет атқаратын болды. Зауыт басшысы егде жастағы ағылшын азаматы Тёрнер және бас бухгалтер Э.Т. Бойс, орта жастағы ағылшын, өмір бойы Ресейде қызмет етті, екеуі де үйленген және екеуі де кішіректеу ғимаратта тұрды. Оңтүстікте, батыстан шығысқа қарай жазық даланың алдыңғы бөлігінің бойында қызметкерлерге арналған үйлер, Тёрнердің, Брайанттың үйлері, Бойстың үйі мен офистері ыңғайлы орналасқан еді. Д.Е. Харботтл, түбі Ланкаширден шыққан көмір шахтасының суперинтенданты, Қарағандыда тұрды. Ол үйленген және екі баласы бар болатын. Сол жерде және оның көмекшесі Дж. Кэмпбелл тұрды, ол Шотландиядан келген кәрі бойдақ болатын. Успенскіде шахтаның суперинтенданттары үйленгендер Фармер мен егде жаңа зеландиялық тұратын. Үш ассистент: корноуэллдық Х. Куирк пен екі жаңа зеландиялық  Ф. Ларсен мен К. Фармер бойдақ еді. Менің отандасым, солтүстіктен келген инспектор Р.А. Первис үйленген және баланың әкесі. Первис, H. Фермер и К. Фармер ханымдар шахта директорының балалары болатын.  Мені қосқанда толық штат он сегіз адам тұратын және ішінде мен ғана Британияның өзінен едім.

Қыстыкүнгі Сарысу диірмені. John W. Wardell-дің фотосы

Менің Спасскіде болған екі жылымның бірінші жылы зауытты қайта құру бойынша техникалық жұмыстарды аяқтаумен және Сарысудағы зауытты тұқыртумен айналыстым.  Бұл ретте маған екі ресейлік инженер-сызбашы Балдин мен Павлович көмектесті.  Екінші жылы Ұлыбритания мен Ресейден құрал-жабдық келгенде Спасскіні қайта құру үшін маған басқа көмекшілерді жіберді. Жақында оқырмандар назарына ғалым М.Л. Анафинова ілтипатпен ұсынған кітаптың төртінші тарауының аудармасы ұсынылатын болады. «Спасск кен орындары» тарауында біздің тарихымыздың ең бір қайғылы кезеңдерінің бірінде Спасск кен орындарында орын алған оқиғалардың бірі егжей-тегжейлі сипатталған.