Сақ па, парсы ма?
22.07.2014 1827
Шарон Турнер (Sһаrоn Тurner) — 1768–1847 жылдары өмір сүрген ағылшын тарихшысы. Ол бұл мақаласын ағылшын тілінде 1827 жылы жариялаған болатын.

Филология ғылымының докторы, Қазақстан және Ресей Халықаралық жоғары мектеп ғылым академияларының академигі Әділ Ахметов іс-сапармен біраз жыл Америкада тұрып, үндістердің тарихы мен тағдырына байланысты бірқатар қызғылықты ғылыми жұмыстар жазып, америкалық «үндістердің" арғы тегін антропологиялық, археологиялық, генетикалық және лингвистикалық тұрғыдан зерттеп, өз пайымын ортаға салған болатын. Ғалымның зерттеу жұмысының нәтижесі америкалық «үндістердің" арғы тегінің Алтайдан шыққандығын толық дәлелдейді. Ә.Ахметовтың «үндістердің" түпкі тегіне арналған «Азия-Берингия-Америка»,«Байырғы америкалықтардың алтайлық тегі», «Еуразия коды. Бесінші өркениет қарсаңында» атты еңбектерін оқыған адам өте тың деректерге қанығады, шындықпен сусындайды.
Ә.Ахметов Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшісі болып қызмет атқарған жылдары ол елде-де уақытын бос жібермей, ағылшын-саксондардың азиялық тегі туралы тарихи материалдар жинады. Соның бірі -британдық ғалым Шарон Турнердің төмендегі мақаласы. Сол мақаланы да, оған тіркелген сөздікті-де, ағылшын тілінен тікелей қазақ тіліне аударған Әділ Ахметов.

Дәл қазір Корольдік әдебиет қоғамының назарына бірден ілігіп, өзекті әңгімеге арқау бола қоймаса да, ағылшын-саксондық бабаларымыздың азиялық тегі жөнінде олардың байырғы тілдеріндегі тамырластық қарым-қатынастарды зерттеу нәтижесінде қалыптасқан кейбір мәселелер мен пайымдарымды оқушыға ұсынсам, мүлде елеусіз қалмас деген ойдамын.

Ағылшын-саксондардың тарихында олардың арғы тегі сактардан (Sакаі немесе Sасае) тараған деген тұжырым қалыптасқан. Кезінде сактар Каспий бойынан шығысқа қарай жылжып, Бактрия ғана емес, сонымен қатар батыс жақтағы Армения жерінің өте шұрайлы бөлігіне-де қоныстанған. Ол заманда, Страбонның айтуынша, әлгі аймақ Сакасина (Sаkаsіnа) деп аталған.
Плиний әлгі аймаққа қоныстанған сактарды Сакассани (Sakassani) деп атаған. Бұл атау дыбысталуы (айтылуы) жағынан Сака-суну (Saka-sunu), яғни сактың ұлдары (ұрпағы) деген атауға ұқсайды. Біздің ойымызша, бұл бір ұғымның екі түрлі атауы. Бұл этимологияны алғаш ұсынған Горопиус Беканус (Goropius Becanus) болатын. Атақты Меланчтон (Melanchthon) да бұл пікірді құптаған. Әдетте мұндай мәселелерге әркім-ақ күдікпен қарап, талқыға салатыны бар. Ал біздің Камден (Camden) болса, әлгі этимологияны то-лығымен қолдаған болатын.

Мен өзім-де біздің арғы тегіміз жөніндегі жоғарыда аталған пікірді ең ойға қонымды дүние деп ойлаймын. Себебі — екінші ғасырда Страбон мен Плинийден соң Птолемей-де сактардан бастау алатын скифтердің саксондар (saxones) болып аталғанын атап өтеді. Демек, бұл пікірдің дұрыстығын және аталмыш саксондардың да арғы тегінің сака-сунудан немесе сактардың ұрпағынан тарайтындығын дәлелдей түседі.
Римдіктер сөздегі «к» деген әріптің орнына «с» деген таңбаны пайдаланған, міне, сондықтан да біздер оларды «sасае» деп жүрміз. Бірақ бұл тек роман тіліндегі «с» әрпінің қате дыбысталуы (оқылуы). Мәселен, грек тілді жазушылар Цицеронның (Сісеrо) атын «Кіkеrоо» түрінде таңбалаған.
Сонымен, жоғарыдағы тұжырымдар, ағылшын-саксондық бабаларымыздың түп аталары Еуропаға Азиядан келген және оған дейін олар Армения мен Каспи маңын мекендеген деген пікірге жетелейді.
Жоғары мәртебелі Кеппел мырза өзінің кейінгі кезде жасаған қызғылықты сапарлары кезінде әлгі жерлерде болып қайтқанын баяндай келіп, мына бір жәйтке тоқталады. «Аракс (Аrras) немесе Плутарх жазып кеткен Араксис (Аraxas) өзенінен өткен соң, осы өзен мен Кура (ежелгі Суrus немесе Суrnus) өзенінің ортасында Карабах (Каrabaugh) деген әдемі аймақ жатыр. Бұл — ежелгі сактардың (Sасае немесе Sасаssani) елі, Плиний мен Страбон жазып кет-кен скифтердің жауынгер тайпасы, яғни біздің байырғы бабаларымыз саксондардың дәл өзі болуы керек», — дейді.
Карабахтан соң Кеппел мырза Ширванға (Sһіrwan), яғни ескі замандағы Албания жеріне жол тартады. Сонымен Аракс пен Кураның (байырғы Аrrахеs пен Суrnus) арасында жатқан шұрайлы Карабахты өзіміздің ағылшын-саксон бабаларымыздың Азиядағы мекендерінің бірі болған деп топшылауға болатын сияқты. Ал Кура өзені осы аймақта орыстар иемденген өңірдің шеткі шебі болған.
Орыстар мен парсылардың арасында болған соңғы соғыс, негізінен, осы аймақтағы сактар (Sасае немесе Sасаssani) мекендеген жерлердің маңында орын алып, Кура өзенінің оңтүстігінен басталған сияқты. Егер орыстар иелік еткен аймақтың шебі кеңейе түскен болса, онда біздің сак бабаларымыз да солардың қол астына өтіп кетуі әбден мүмкін еді.
Осы уақиғалар менің ойымды әлемнің осы шетіне жетелеп, бізден бұрын өткен зерттеушілердің парсы тіліндегі кейбір сөздердің саксон тіліндегі сөздерге ұқсайтынын байқағандарын есіме қайта түсірді: мәселен, Камден (Camden) былай деген: «Керемет ғалым Джозеф Скалигер (Joseph Scaliger) бізге fader (әке), muder (шеше), brader (бауыр), tuchter (қыз), band (белдік) т.с.с. сөздер парсы тілінде күні бүгінге дейін қолданылады және олар біздің тіліміздегі father (әке), mother (шеше), brother (бауыр), daughter (қыз), band (белдік) сияқты сөздерден мағынасы жағынан айнымайды дегенді айтты» (Саmden’s Вrit. Іntrod. СХХХІІІ.)
Осындай жақындықтың бар екенін түсінгендіктен маған мынадай ой келді: егер екі тілден бір-біріне ұқсас осындай бес сөз табылған болса, парсы тілі мен, ағылшын-саксон тілдерін тереңірек салыстыра зерттеп, одан да көп ұқ-састықтарды табуға болады ғой. Егер саксондықтар Азиядан тараған деген тұжырым дұрыс болатын болса, екі тілдің арасындағы ұқсастықтар көптеп табылып, олар дәлелденген жағдайда саксондықтардың арғы тегінің Азиядан тарайтындығымен бірге, олардың ата-тектері Каспи теңізі өңірінен Герман мұхитына (Солтүстік теңіз немесе Атлант мұхиты болуы керек — Ә.А.) дейін бірте-бірте қоныс аударған деген тұжырымды қуаттауға мүмкіндік туар еді.
Осы тақырыпқа қатысты қалыптасқан осындай көзқарас мені енді бұл мәселені жедел зерттеп, екі тілдің арасындағы жақындықтың негізсіз емес екенін нақты дәлелдеу арқылы оған көзді-де, көңілді-де сендіруге итермеледі. Бірақ екі тілдің арасындағы ұқсастық о баста қаншалықты-деңгейде болғанына қарамастан, қазір олардың бәрін дәлелдеу мүмкін бола қоймасы өзінен-өзі түсінікті. Себебі саксондықтар жоғарыда аталған байырғы қоныстарынан ауып кеткелі қазір ең кем дегенде 2000 жылдай уақыт өтті. Оның үстіне олар Азияның солтүстігімен батысқа қарай жылжи отырып, бүкіл Еуропаның солтүстігін басып өту кезінде сан-қилы қиындықтар мен қасіреттерді бастан кешірді. «Басқа түссе баспақшыл «дегендей, Эльба өзенінің теңізге құяр сағасына жеткенше, олар сан-қилы тағдырдың ащысы мен тұщысын татқаны қақ. Сосын бертінде тарих сахнасынан орын алған соғыс өрті оларды үш ғасыр бойы Рим империясына қолжаулық етті. Тіпті одан соңыра да Британияда оларды әлгі бодандық 400 жыл бойы күтіп тұрған болатын. Бұл жоғарыда аталған бізге жеткен тілдердің ұқсастығы туралы деректер жазылған заманнан көп бұрын болған. Осылардың бәрін ескерсек, Альфредтің заманында, ағылшын-саксондар мүлде бөлек тілде сөйлегені әбден ықтимал әрі ол кездегі тілдердің сөздік қорының көпшілігі-де олардың Карабах секілді ғажайып жерде, Аракс, Кура өзендерінің бойында, Каспи төңірегінде өмір сүрген байырғы ата-бабалары қолданған, бірақ әлі жетіле қоймаған қарапайым сөздік қордан мүлде алшақтап кеткені қақ.
Сонымен, соншама заманды артқа тастаған парсы тілі Кир (Суrus) және Дарий (Darius) патшалары билік құрған замандағы парсы тілі болудан әлдеқашан қалып қойған еді. Соңғы мың жыл ішінде бұл тіл Шығыс әлемінің аса жетілген әрі ғұламаларының шығармашылығына арқау болған ең икемді-де көркем тілге айналды.
Сондықтан осы замандағы парсы тілі парсыларға соғыс ашып, оларды оңай тізе бүктіріп, жеңіл жеңіске қол жеткізем деп жүріп ажалынан бұрын жан тапсырған өркөкірек Юлий Цезарь кезіндегі парсы тіліне мүлде ұқсамайды. Бұл айырмашылық қазіргі, ағылшын тілі мен англо-саксон заманындағы сөйленген тіпдің арасындағы айырмашылықпен бара-бар. Қазіргі парсы тілі болсын саксон тілі болсын сактар мен парсыларды бір-бірінен бөліп тұратын өзендер мен тауларда болған шайқастар кезіндегі тілдерден мүлде өзгеше. Сондықтан кезінде бір-біріне жақын болған уэльс, бас бретон, ирланд және гааль тілдерінен-де бұл күнде көзге ұрып тұрған ұқсастық табылу мүмкіндігі жоқтың қасы деуге болады.
Ұқсастықтың мардымсыз болатын себебі саксондықтардың парсылардың тікелей ұрпағы еместігінде жатыр. Мұны дәлелдеген ешкім жоқ. Сактар парсылармен тамырлас, бірақ олар парсылардан тікелей тарамаған. Оның үстіне олардың бір-біріне деген туыстық сезімдерінен гөрі жаулығы басымдау болған. Бірте-бірте бүл жаулық үлкен соғысқа ұласып, туыстас тайпалар бір-бірінен мүлде қол үзіп кеткен болатын. Тіпті парсылар кезінде сактарды күтпеген жерден бас салып, оларды мүлде қырып тастауға азақ қалған болатын.
Бұл қасірет атақты тарихшымыз Шерингамды (Sheringham) бабаларымыздың жоғарыда аталған тегінен бас тартуға итермелегені-де рас. Солайы солай болғанмен, ол заманда аяқ астынан жасалған кез-келген оқыс шабуыл қарсыластарды өте қатты алаңдатқаны болмаса, оларды түгелдей жойып жіберуі мүмкін емес еді. Бірақ осындай дүлей уақиғадан соң сактардың әлгі апаттан аман қалғандарын өздерінің сол өңірдегі үйреншікті қоныстарын тастап, батысты бетке алып, қауіпсіздеу аймаққа ауа көшуге мәжбүр еткені айдан анық.
Бұл жеңіліс оларды Арменияны тастап шығып, Еуропаға жақындау аймақтарға қоныс аударуға итермелеуі әбден ықтимал. Ал римдіктер немесе митридаттықтар (Міthridates) бастаған соғыстар, ия болмаса басқа қиындықтар мен қақтығыстар оларды Вислаға (Vistula) қарай жылжуға, сөйтіп, келе-келе құрылықтың ең қиыр батысындағы мүйістер мен аралдарға бас сауғалап тығылуға мәжбүр еткен секілді.
Осыған қарағанда байырғы заманда бір-біріне тиіп тұрған көршілес елдердегі туыстас тайпалардың көпшілігі о баста бір, ағаштың діңінен тараған бұтақтар болуы ықтимал. Сондықтан парсылар да, сактар да, олармен көршілес тайпалар да үлкен Скиф семьясынан тараған яфет немесе яфеттердің тұқымдары болуы ықтимал. Және солай бола тұрғанмен байырғы парсылар мен сактар сөздік қоры мен құрамы жағынан бір-бірінен айнымайтын ортақ тілде сөйледі деуге бола қоймас. Дегенмен, олардың кейбірінің тілдері кезінде ортақ бір тілден тараған диалектілер болуы әбден мүмкін. Сондықтан олардың бәріне-де қатысты сөздердің ұшырасуы ғажап емес. Ондай сөздерді біздер байырғы франко-теотиск және саксон тілдерінен күні бүгінге дейін кездестіріп жүрміз.
Меніңше, мұндай ортақ сөздердің кейбір жұғын-жұрнақтары, ағылшын-саксон мен парсы тілдерінде, екі ұлттың басынан өткен күллі өзгерістерге қарамастан, бүгінгі күнге дейін сақталып жетуі мүмкін. Бірақ әлгі өзгерістердің салдарынан олар қазір байырғы тілдердің әр жерде шашырап қалған сарқыншақтары ретінде ғана ұшырасып, танылуы мүмкін.
Осы тұжырымды басшылыққа ала отырып, егер екі ұлттың ата-тектері ертеректе бір-бірімен жапсарлас аймақта өмір сүрсе, мейлі одан бері 2000 жыл уақыт өтсін, олардың көршілес болғанын танытатын кейбір белгілер әлгілердің тілдеріндегі ұқсастықтан көрінуге тиісті ғой. Мұндай ұқсастықты тек жұрнақ қалдықтардан табармын деген үмітпен мен, ағылшын-саксон тілдерін қазіргі парсы тілімен салыстыра зерттедім. Жалпылама салыстыру нәтижесінде 162 парсы сөзінің мағына жағынан тура сондай, ағылшын-саксон сөздерімен тамырлас екеніне көзім жетті. Міне, осы нәтижелерді енді жоғарыда аталған Әдебиет қоғамының назарына ұсынуды жөн көріп отырмын.
Бірақ әлгі сөздердің тізімін ұсынбас бұрын тағы бір нәрсенің басын ашып айтуды парыз санадым. Сөздердің ұқсастығына әбден көз жеткізген соң бұл елде кезінде парсы тілінен-де ескірек тағы екі тілдің басым болғанын ескерген жөн. Бұлар — пехлеви (pеһlvi) және зенд (zend) тілдері. Бұлардың соңғысы — нақты жазба үлгілерді зерттеу нәтижесі көрсеткендей, ең байырғы тіл-де, екіншісі, яғни пехлеви — хронологиялық тұрғыдан қарағанда, зенд пен парсы тілінің аралығындағы тіл.
М. Аnquetil осы елде дәл осы уақытқа дейін күнге табынатындардың киелі кітабы болып саналатын Зендавестаны (Zendavesta) зерттеп тәржімелеу барысында бірнеше ескі қолжазбалармен жұмыс істеп, солардың арасынан зенд тілі мен пехлеви тілдерінің нақты үлгілерін ашқан болатын. Осы жаңалықты назарда ұстай отырып, мен өзім-де әлгі жазу үлгілерімен танысып, олардың ішінен зенд тіліне жататын 57 сөз таптым. Әлгі сөздер, ағылшын-саксонтілде-ріндегі дәл сондай 57 сөзге ұқсас. Ал 43 сөз жаңағы секілді біздің ескі тіліміздегі сөздермен ұқсас пехлеви сөздері болып шықты.
Бұл 62 парсы, 57 зенд және 43 пехлеви сөздері кезінде Персияда басым болған үш тілдің 262 сөзін құрайды және олардың түгелдей, ағылшын-саксон тілдеріндегі дәл сондай сөздермен ұқсас екендігі біздердің түпкі ата-бабаларымыздың байырғы Азияның осы аумағынан шыққандығын дәлелдейді.
Мұншама сөздің дәл осындай ұқсас болуы кездейсоқтық деуге ешқандай негіз жоқ. Әрі мұны дәлелдеудің ешбір қиындығы да жоқ. Бірақ бұрын жариялаған еңбектерімде бүкіл адамзат тілінің тегі — бір-ақ тіл, ал үлкенді-кішілі әлемге тараған басқа тілдер сол жалғыз тілден бастау алады деген пікір ұсынған едім. Енді осыған байланысты мынадай сұрақ туындайды: жаңағы 262 ұқсастық әлгі түпкі тілдің қалдықтары ма, жоқ әлде, олар ыдыраудан кейін пай-да болған екі жаңа тілдің туыстығының белгілері ме?
Мен мысалға келтірген ұқсас сөздер сипаты жағынан да, саны жағынан да өзімнің көкейімнен шықты. Олар әлгі сұрақтардың алдыңғысынан гөрі соңғысының жауабы деуге лайық. Сондықтан мен олардың тізімін арғы тегіміздің сактардан тарайтынын, оның ішінде парсылармен тамырластықтан басталып, зенділерге, содан соң пехлевилерге ұласқандығының бұлтартпас дәлелі ретінде келтірмекшімін.

Парсыша- ағылшын/саксонша-қазақша

am, I am (мен)
aelan, to burn (жану)
alaw, a flame of fire (алау)
afora, a son (ұл)
afa, the eldest son (жасы үлкен ұл)
andega, an appointed term (мерзім)
andan, term (мерзім)
abidan, to abide (күту, шыдау)
abadan, an abode (үй, тұрақ)
are, honour (құрмет)
aray, decoration (көркемдеу)
arian, to honour (құрметтеу)
arayidan, to adorn (сәндеу)
ase, as (сияқты)
asay, like (сияқты)
andget, the intellect, sense (napaсат, ақыл)
angar, reason (ақыл, парасат)
andgashtan, to think (ойлау)
enge, trouble (әуре)
anjam, grief (мұң)
earmth, misery (бейшара)
urman, trouble (запа, кедейлік)
ende, the end (соңы, шеті)
anjam, the end (соңы, шеті)
berend, fruitful (жемісті)
bar, fruit (жеміс)
beeran, to carry (тасу)
bar, a load (жүк)
brother, a brother (бауыр)
bradar, a brother (бауыр)
barn, a barn (қора)
barn, a covered place (қора)
mirran, to hinder (кедергі болу, Kepi тарту)
maraw, go not (барма)
marang, a bar (бар, ішімдік пен тіске басар сататын орын)
man, wickedness (оңбағандық)
mang, cheating, a thief (ұры)
mona, the moon (ай)
mang, the moon (ай)
mxden, a maiden (қызметші әйел)
madah, a female (әйел)
moder, mother (шеше)
madar, mother (шеше)
тага, the night-mare (құбыжық)
mar, sick (науқас, ауру)
mal, pay, reward, tribute (төлеу, ececiH қайтару)
malwar, rich (бай, малды)
nama, a name (eciм)
nam, a name (eciм)
iiameutha, illustrious (белгілі)
nami, illustrious (белгілі)
necca, the neck (мойын)
nojat, the collar (жаға)
neow, new (жаңа)
no, new (жаңа)
nu, now (қaзip)
nun, now (қaзip)
nigan, nine (тоғыз)
nuh, nine (тоғыз)
hol, health (денсаулық)
hal, quiet, firmness (6epiіктік)
hare, hoary (жасы келген, самайы aғарған)
harid, venerable (жасы келген)
іsa, ice (мұз)
hasir, ice (мұз)
earn, I am (мен, менмін)
hayam, I am (мен, менмін)
iuc, a yoke (бұғay)
yugh, a yoke (бұғay)
rad, a road (жол)
rah, a road (жол)
reste, quiet (тыныш)
rast, secure (қауіпсіз)
duru, a door (есік)
dar, a door (ecік)
deni, slaughter (сою)
dam, a groan, black blood (қара қан)
dim, obscure (қapanғылау)
damah, a cloud (бұлт)
gabban, to deride (келемеждеу)
ghab, a foolish bitter expression (тыржию)
gaf, loquacious (мылжың)
guftan, speech, to relate (сөйлеу)
cu, a cow (сиыр)
go, a cow (сиыр)
gers, grass (шеп)
gryah, grass (шөп)
gifr, greedy (пес)
guri, avarice (пес)
faeen, fraud (алдау)
faj, a lie (өтіpiк)
sum, some (бipaз)
suman, a little (кішкентай)
reel, prosperity (гүлдену, даму)
salaf, luxurious (қымбат, бай)
steorra, a star (жұлдыз)
sitarah, a star (жұлдыз)
lustan, to sport (қалжыңдау)
lust, luxuriousness (байлыққа малыну)
lashan, nice, soft (әдемі, жұмсақ)
blyd, tumult (у-шу)
hlydan, to rage, to make a noise (шулау)
lud, furious altercation (сөз қақтығыстыру)
list, knowledge (білім)
listum, skilfully (іскерлікпен)
lazir, clever (ақылды)
thu, thou (сен)
to, thou (сен)
thinan, to decline, to become thin (арықтау)
tanik, thin (жұка)
tinterg, torment (қинау, қиналу)
tang, tight (тар)
tintregan, to torture (қорлау)
tangi, anguish (қорлық)
tawian, to cultivate (өңдеу)
tan, an inhabitant (тұрғын)
teman, to teem, to bring forth abundantly (қаптау, құйылу)
toma, twins (егіздер)
wen, hope (үміт)
awanidan, to hope (үміттену)
wenan, to expect (күту)
awanidan, to expect (күту)
ysel, a spark (жарқыл)
azar, fire (от)
raene, pride, glorying (намыс, ләззат алу)
awrang, power, glory (билік, ләззат)
ae, a law (заң)
aym, a law (заң)
paeca, a deceiver (алдамшы)
pak, vile (жексұрын)
paecan, to deceive (алдау)
pakh, ingratitude (жақсылықты білмейтін)
paeth, a path, a footway (жалғызаяқ жол)
pay, pa, a footstep (адым)
pal, a stake (қазық.)
palar, a beam of wood (бip топ aғаш, орман)
paell, colour (түс, бояу)
paludan, to besmear (мүңсу)
pyndan, to shut up, impound (қамап қою)
pynding, a fettering (шынжыр, қырcay)
paywand, a chain, a shackle (шын¬жыр, тұсау)
to, to (қарай)
ta, to (қарай)
taer, a tear (жас)
tar, moist (шық, дым)
tarb, torture (қорлық)
taeran, to tear (жырту)
tarakidan, to split (жару, отын жару)
telan, to tell (айту)
talagh, a voice (дауыс)
teiss, affliction (бақытсыздық, ауру)
tasah, grief (қайғы)
teisse, a stripe (жолақ)
tazyanah, a scourge (қамшы)
Айта кететін бip жай «sc» таңбалары кездесетін англо-саксондық сөздердің барлығы немесе түгелге жуығы біздің қaзipri, ағылшын тілімізде қолданылады. Бipaіқ олардың барлығын біздер «sh» таңбаларымен алмастырып оқып-жазып жүрміз. Мәселен, англо-саксондардың sceap, scyp, sco, scine және sceam деген сөздері біздің тілімізде sheep, ship, shoe, shine немесе shame болып оқылып-жазылады.
Бipaқ «sh» әлгі сөздердің о бас-тағы дыбысталуымен байланысты біздің байырғы бабаларымыз шартты турде «s» әpпімен шатастырмас үшін «sc» түрінде «ш» деген дыбыстың орнына пайдаланған орфографиялық таңбасы ма, немесе кез-келген тілдегі сияқты әртүрлі себептермен бipте-б|рте өзгеріске ұшырап, сол себепті басқаша жазылуы ма, бұл жағын кecin айту қиын. Бірақ, парсы тілінде-де «sc» таңбаларының орнына «sh» таңбалары қолданылатын сөздер кездеседі.
Мысалы:
sea, excellent (өте жақсы)
shadbash, excellent (өте жақсы)
sharm, shame, bashfulness (ұят)
shama, naked (жалаңаш)
sceaming, confusion (шатасу, ca-сып қалу)
shamidan, to be confounded (ойла-нып қалу)
sceaphan, to shape, to put in order (ретке келтіру)
shaplidan, to smooth (жатық) sceaft, a shaft, an arrow (жебе) shaftu, a quiver (селт ете қалу) sceaft, a point (біip нәрсенің ұшы) shafar, the edge (шет)
sceawian, to see (көру)
shuwaz, the eye (көз)
Бұл eкi тілдің арасындағы мен байқаған басқа ұқсастықтар мыналар:
faegan, glad (қуаныш, қуану)
farghan, gladness (қуаныш)
faeran, to go (бару, жүру)
feridan, to walk (жаяу жүру)
faroth, a journey (саяхат)
faraz, progress (алға басу)
fyr, fire (алау)
faroz, inflaming (бөрту)
ferhth, the mind (ой, сана)
farzah, wisdom, knowledge (ақыл, білім)
ferht, fear, fright (қорқыныш)
farasha, dread, trembling
(дірілдеу)

Зенд тілі мен англо-саксон тілдерінің жарияланған жазба нұсқаларынан мен тапқан ұқсастықтар төмендегідей:
beran, to bear (көтеру, алып жүру)
bereete, to bear (көтеру, алып жүру)
ba, both (eкеуі-де)
betim, the second (eкіншіi)
the, thee (сен)
te, thee (сен)
eahta, eight (сегіз)
aschte, eight (ceгіз)
dochter, daughter (қыз)
dogde, daughter (қыз)
dohte, he did (істеген ол)
daschte, he did (істеген ол)
steorran, stars (жұлдыздар)
staranm, stars (жұлдыздар)
trend, a friend (жолдас)
frem, a friend (жолдас)
feder, a father (әке)
feder, a father (әке)
mid, with [-мен (жалғаулық)]
mad, with [-мен (жалғаулық)]
meder, mother (ана, шеше)
mediehe, mother (ана)
medo, mead (бал)
nafel, the navel (КІНДІК)
nafo, the navel (кіндік)
we, an oak (емен, ағашы)
hekhte, an acorn (еменнің жаңғағы)
hera, a lord, (тақсыр, лауазымы биік адам)
heretoge, a chief (бастық)
herete, a chief (бастық)
threo, three (үш)
thre, three (үш)
thrydde, the third (үшінші)
thretim, the third (үшінші)
thu, thou (сен)
thvanin, thou (сен)
bane, a floor, a board (еден, тақтай)
baenthro, a floor, a board (еден, тақтай)
rot, splendid, (тамаша, көркем)
rof, illustrious (көрнекті, белгілі)
erode, illustrious (көрнекті, белгілі)
astandan, to subsist (тіршілік ету)
asteouao, existence (тіршілік)
beoth, they are (олар)
beouad, he is (ол)

Eнді аталмыш Қоғамның назарына Anquetil мырзаның ecкі қолжазбаларыньң негізінде құрастырылып басылған пехлеви тілінің қысқаша cөздігінен өзім тапқан мына бip ұқсас сөздерді ұсынамын:
bonda, one bound (бip бума)
bandeh, a slave (құл)
nam-cutha, famous (атақты)
nameh, famous (атақты)
starian, to look at (қарау)
astared, he sees (ол көреді)
halig, holy ()
halae, pure (таза)
eahta, eight (сегіз)
ascht, eight (сегіз)
sare, troublesome (мазасыз)
sareh, wicked (оңбаған)
morth, death (өлім)
marg, mortal (ажалды)
a-marg, immortal (өлмес)
thu, thai (сен)
goft, he said (ол деді)
ofer, over, above (жоғары жағында, үстінде)
avvar, above (үстінде)
dem, slaughter (сойып тастау) damma, blood (қан)
med, recompense (орнын толтыру)
mozd, recompense (орнын толтыру)
cneou, knee (тізерлеу, тізе) djanouh, knee (тізе, тізерлеу)
steorran, stars (жұлдыздар)
setaran, stars (жұлдыздар) setnian, to be in ambush (торға түсу)
sater, war (coғыc)
sceacan, shakan, to shake, to pluck (шайқау, сілку)
schekest, he breaks (ол сындырады)
athe, easy (женіл)
asaneh, easy (женіл)
cu, cow (сиыр)
gao, ox or cow (өгіз немесе сиыр)
ma, more (тағы да, көбірек)
men, great (үлкен, ұлы)
bar, bare (жалаңаш, жалаң)
barhene, naked (жалаңаш)
morth, death (өлім)
mourd, he dies (ол өледі)
mourdeh, mortal (ажалды)
meder, mother (ана)
amider, mother (ана)
nafel, the navel (кіндік)
naf, the navel (кіндік)
na, no (жоқ, емес)
na, not (жоқ, емес)
bog, a branch (бұтақ)
barg, a leaf (жапырақ)
Персияның өзім зерттеген байырғыi және осы заманғы үш тілінен тап-қандарымды қорыта келе, маған мынадай ой келеді: әлгілердегі англо-саксон тілімен байланысты барлық ұқсастықтарды тереңірек зерттей түесе, бұдан да бетер жақындықтын беті ашылар еді, бірақ жоғарыда келтірілген мысалдардын өзі-де біздің бабаларымыздың о бастағы географиялық тегі Каспий мен Персия аймақтарында жатыр деген пікірді құптауға жеткілікті ғой деп ойлаймын. Ал қазір біздер байырғы бабаларымыз алғаш қоныс аударған заманнан көптеген ғасыр алға ілгерілеп кеттік. Сондықтан осы келтірген деректерден күштірек aйғақ табу мүмкіндігі өте шектеулі деп ойлаймын.
Шарон Турнер (Sharon Turner -1768–1847)
32, Red Lion Square 22nd March, 1827