Тұрсынхан Зәкенұлы: Бізде тарихты зерттеудің тұғырнамасы әлі орныққан жоқ

670

Тарих ғылымының докторы, профессор Тұрсынхан Зәкенұлымен болған сұқбатымызда ел мен жердің шет-шекарасы, жер-су аттарына, бүгінгі тарих ғылымының бет-бейнесіне де тоқталдық. 

Тарихшы қазақ халқын құраған ежелгі тайпалардың кеңістігі Еуразияның ұлан-ғайыр аумағын қамтығанын айтады. Ол шекара ұғымы ежелде қазіргі түсініктегідей болмағанын, көшпенділер ауа райы мен жайылым жағдайына қарай қоныс аударып отырғанын түсіндіре келіп, қазақ мемлекеттілігінің негізін Алтын Ордадан да бұрынғы тайпалық мемлекеттер құрағанын айтты. 

Ғалым Қытайдың Ұлы қорғаны туралы да пікірін білдірді. Қорғанды көшпенділерден қорғану үшін салғанымен, ол да Қытайдың кеңейтілген территориясы екенін айтады. Сондай-ақ профессор тарихи бұрмалауларға, қате көзқарастарға ғылыми тойтарыс беру қажеттігін баса айтты. 

Ғалым Моғолстан тарихының қазіргі еңбектерде ескерілмей қалғанын сынға алды. Оның ойынша, Моғолстан қазақ мемлекеттілігінің маңызды кезеңдерінің бірі. Ал ислам діні қазақ қоғамында Тәуке хан дәуірінде нақты орнығып, бекітілгенін де тілге тиек етті. 

Қытай, Ресей, Тайвань архивтерінде қазақ тарихына қатысты көптеген ашылмаған деректер барын жеткізген тарихшы  қазіргі тарих ғылымындағы кемшіліктерге де назар аударды.

Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?
Жоғары
Орташа
Қанағаттанарлықсыз