Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Қазақстан және ЕҚЫҰ: Қазақстанның сыртқы саясатының Еуропалық бағыты

29627

Өткен жылы Қазақстан 2010 жылы еліміздің ЕҚЫҰ-на төраға ретінде тағайындалуына байланысты бүкіл елдің назарын өзіне аударды. Республикамыздың кандидатурасын ұйымның барлық 56 мүше-мемлекеті бір ауыздан қолдады, онымен қоса олар Қазақстанның демократиялық қоғам және либералды сауда экономикасын құру саласындағы жетістіктерін мойындады. Бұл жерде ерекше атап өтетін жайт, ЕҚЫҰ-на төрағалық ету – бұл Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың биік беделінің нәтижесінде қол жеткен дүние. Онымен қоса, жаңа халықаралық бедел бүкіл халықаралық қоғам үшін қызығушылық білдіретін қазақстандық инициативаларды сәтті жүргізуге мүмкіндік береді. 

Жиырма жыл бұрын Қазақстанның еуропалық құрылымдарға қатысу идеясының өзі дұрыс түсінік тудырмайтын еді. Тек тәуелсіздік пен егеменді алғаннан кейін ғана, алдына - әлемдік  қауымдастыққа кіру мақсатын қоя отырып және осы мақсатқа біртіндеп қадам баса отырып, еліміз мүмкін мемес нәрсеге қол жеткізді. Бүгінгі күні ол БҰҰ және ЕҚЫҰ-ның мүшесі болып табылады, ТМД, ЕурАзЭҚ, ШЫҰ-ның негізін салушылардың біріне айналды, НАТО-мен серіктеседі, ӘСҰ-на ену бойынша келіссөздер жүргізеді, АӨСШК бойынша жеке инициативасын жүзеге асырады. 

Бір жағынан, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық Ұйымының мүшесі бола отырып, Қазақстан посткеңестік кеңістіктің басқа да жаңа мемлекеттерімен қоса Ескі әлемнің ортақ ландшафтын өзгертті.

 Еуропалық қауымдастық Комиссиясының төрағасы Вальтер Халльштейннің айтуы бойынша, «Еуропа – бұл критерий емес, Еуропа – бұл үнемі жаңалықтың ашылып отыруы».  Басқа жағынан алып қарағанда, біз профессионализмді, компромистерді (ұлттық мүддемен сәйкес) іздей, соғыстан кейінгі Еуропаның саяси мәдениетінің гармонизациясын, сонымен қатар Қазақстанның саяси өмірі мен мемлекеттік құрылысының ерекшеліктері мен дәстүрін талап ететін өз еуропалық саясатымызды өндіреміз. 

ЕҚЫҰ 56 мүше-мемлекетті біріктіретін қауіпсіздік бойынша аймақтық ұйымдардың ең үлкені болып саналады. Оның жауапкершілігі саласында шиеленістердің алдын алу, дағдарыстарды реттеу және дағдарыстан кейінгі жағдайларды реттеу мәселелері қарастырылады. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін ЕҚЫҰ комплекстік және корпоративті көзқарастарды ұстанады. Ол қару-жарақты бақылау, превентивті дипломатия, қауіпсіздік жүйесін құруды, адам құқығы, сайлауды қадағалау, экономикалық және экологиялық қауіпсіздікті  қамтамасыз ету мәселелерін қарастырады. 

ЕҚЫҰ-ның басты ұстанымы ішкі және сыртқы саясатта өзара әріптестік, пәктік және сенімге негізделген реалды серіктестік құру болып табылады. ЕҚЫҰ-на қатысушы барлық мемлекеттер тең статусқа ие, ал шешімдер консенсус негізінде қабылданады.  Бұл атрибуттар ЕҚЫҰ-н айрықша ұйым етеді және оны Еуропаның басқа да ұйымдары мен мекемелерінен бөліп тұрады. ЕҚЫҰ-ның ерекшелігі оның формальді халықаралық-құқықтық беделінің жоқтығында. Онымен қоса, ЕҚЫҰ халықаралық ұйымның көптеген атрибуттарына ие: шешім қабылдайтын жұмыс істеп жатқан органдары, тұрақты штаб-пәтері және кеңселері, қызметкерлердің тұрақты штаты, уақытылы қаржы және локальді бюросы бар. ЕҚЫҰ-ның қазіргі күрделі құрылымын және оның бөлімшелерін шартты түрде мына категорияларға бөлуге болады: келіссөздер жүргізу және шешім қабылдау органдары; оперативті құрылымдары  мен бөлімшелері; көмекші органдары бар. Осылайша, Қазақстанды ЕҚЫҰ-ның 2010 жылғы төрағасы ретінде ұйымның барлық құрылымының қызметін жүзеге асыру бойынша маңызды жұмыс күтеді.

Еліміздің ЕҚЫҰ-на төрағалық етуге қандай жүкпен келгендігін тағы бір рет еске түсіріп көрейікші. Біріншіден, соңғы 6-7 жыл елдің сәтті экономикалық дамуы қазақстандық қоғамның қоғамдық-саяси өмірінің либерализациясымен және саяси жүйесінің демократиялануымен үнемі жүзеге асырылып отырады. 2004 жылы саяси реформалардың жалпыұлттық бағдарламасы жарияланды. Осыдан кейін ЕҚЫҰ стандартына максималды жақындасқан жаңа сайлау заңы қабылданды. Демократиялық реформа бағдарламаларының жүзеге асырылуы мен өңделуі бойынша түрлі комиссиялардың қызметіне ерекше көңіл бөлінді. 

ҚР Мәжілісінде саяси пікір алмасу үшін алаң ретінде қоғамдық палата құрылды. Біртіндеп мемлекеттік басқару орталықтандыру жүзеге асырылады, сот билігінің реформациялануы және азаматтық қоғам институттарының әрі қарай дамуы жүреді.

2002 жылдан бастап Қазақстанда адам құқығы бойынша (омбудсмен) құзыретті институт жұмыс істейді.

2003 жылы азаматтық және саяси құқық туралы және адамның әлеуметтік, экономикалық және мәдени құқықтары жөнінде халықаралық пактке қол қойылды, сонымен қатар өлім жазасына мораторий жарияланды, ол Қазақстанның демократия және адам құқығын қорғау принципін ұстанатындығын дәлелдейді. Еліміздегі демократиялық құрулардың нәтижесі көппартиялы саяси жүйе болды.

Демократиялық құруларды жүргізудегі маңызды қадам – мемлекет  басшысымен жасалған 2007 жылдың жазындағы Қазақстанды президенттік-парламенттік республикаға трансформациялаған конституциялық реформалар. Парламенттің төменгі палатасына сайлаудың құзыретті мажоритарлық жүйесі пропорционалдыққа ауыстырылды, ол партияның саяси жүйедегі ролін күшейтті. Билік құрылымының реті өзгеріске ұшырады.

Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін жүзеге асыру саласында мемлекеттік басқарудың әрі қарай орталықтандырылуына және биліктің жергілікті сайлау құрылымына, ең алдымен аймақтық өкілетті органдарға (маслихаттарға) максималды артықшылық беру желісі жүргізіледі.

Атап өтетін жайт, барлық конституциялық өзгертулердің негізінде бірминуттық мақсаттар емес, елдің анық және ұзақ мерзімді мүдделері жатыр. Сондықтан 2010 жылы ЕҚЫҰ-на төрағалық постын иелену барлық осы үлкен және жемісті жұмыстың логикалық жүзеге асырылуы болып табылады.

Халықаралық еуропалық ұйымның осыншама үлкен постын иелену Қазақстанның сыртқы саясатының еуропалық бағытының жүзеге асуына түрткі болды. Бүгінгі күні біздің назарымыз еуропалық саясат анализіне, ЕҚЫҰ-ның мүше-мемлекеттерімен диалог жүргізу болашағына және қазақстандық инициативалардың әрі қарай жүзеге асуына ауып отыр.  Бұл жерде көптеген еуропалық серіктестер Қазақстанның төрағалығы ЕҚЫҰ-ның барлық мүшелері үшін тиімді болады деп есептейді. Осылайша, мысалы Мемлекеттік жиналыс депутаты Венгрин А.Келеменнің айтуы бойынша, Қазақстанның төрағалығы ЕҚЫҰ жағынан саясат пен экономикадағы қазақстандық стратегияның дұрыстығын, сонымен қатар ЕҚЫҰ-ның басқа да мүшелері қолдана алатын еліміздің тұрақты және балансты дамуы бойынша тәжірибе құндылығын мойындайтындығын дәлелдейді. 

Бельгия Корольдығының федералды парламент өкілдері палатасының басшысы Х.Де Кроо айтуынша, Қазақстанның ЕҚЫҰ-на төрағалық етуі – әлемдік қауымдастық дұрыс негізде  жауап беретін логикалық қадам. Оның айтуы бойынша, Қазақстан өте үлкен прогресс жасап отыр, өте тез дамиды, «Қазақстанның қазіргі даму темпі ең жақсы болашақ күтуге мүмкіндік береді». 

Соңғы уақытта қазақстандық-еуропалық өзара қатынас мәселелері үлкен қызығушылық тудырып отыр, еуропалық қауымдастық та, қазақстандық қауымдастық та. Алайда, әлемдегі геосаяси жағдай, Еуропаны қоса алғанда, көпнұсқалы болып бара жатыр. Сондықтан біз жалпыеуропалық саясат шеңберінде Қазақстанның жеке ролі мен ұлттық мүддесін түсінуіміз қажет.

Әрине, төрағалық кезеңіндегі іс-әрекет еркіндігі объективті факторлармен шектеулі, бір жылдың ішінде көп нәрсеге үлгеру де қиын, алайда, бұл ЕҚЫҰ-ның мүше-мемлекеттері үшін үлкен қызығушылық тудыратын ащы мәселелерді құру құқығын шектемейді.

 Қазақстанның ЕҚЫҰ-на шығатын мәселелер шеңбері өте кең.

Біріншіден, Қазақстан ЕҚЫҰ-ның мүшесі ретінде Еропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастықты қамтамасыз ету сияқты мәселелерден алшақ тұра алмайды, онымен қоса АҚШ жоспары шеңберінде Польша мен Чехиядағы ЗҚҚ (ПРО) жүйесінің компоненттерін жүзеге асыруды қоса алғанда. Себебі бұл мәселе барлық еуропалық елдердің қауіпсіздік мүддесіне қатысты және толығымен Еуропадағы және әлемдегі тұрақтылыққа ықпал етеді.

Екіншіден, Қазақстан ЕҚЫҰ белсенділігінің теңсіз географиялық бөлінісі, «екілік стандарттың» алдын алу, әсіресе посткеңестік кеңістік елдеріне қатысты, сияқты мәселелермен айналысады.

Үшіншіден, ЕҚЫҰ реформаларын жүзеге асыру – бұл мәселеге мемлекетіміздің басшысы еуропалық мемлекеттердің қауымдастығының назарын аударады. Бұл мәселе ұзақ уақытқа ЕҚЫҰ шеңберінде Қазақстанның қатысуымен болатын келіссөздер мен диалог тақырыбы болып қалуы мүмкін.

Төртіншіден, Қазақстан ЕҚЫҰ-ның ислам әлемімен әріптестігін кеңейту мүмкіндігін талқыға салады. Ол ислам елдерін 2010 жылғы ЕҚЫҰ қызметінің күн тізбесін құруға белсенді қатысуға шақырады; ОИК және ЕҚЫҰ арасындағы ортақ көзқарастарды қарастыруды, Еуропа елдерінде мұсылман қоғамының миграция және интеграция мәселелерін шешуге бастама беруді, батыс қоғамында мұсылман әйелдері мен жастарының құқығын бекітуді  ұсынады[3].  Және толығымен – Батыс пен мұсылмандық Шығыс арасындағы диалог.

Айта кеткен жөн, бұл диалогтың бастамасы ретінде осы жылдың қазан айында Астана қаласында мұсылман және батыс елдерінің сыртқы істер министрлерінің қатысуымен  өткен «Ортақ әлем: көптүрлілік арқылы даму» атты халықаралық форумды қарастыруға болады.

Республикамыздың Елбасымен 2008 жылы 29 тамыз айында жасалған 2009-2011 жылдарға арналған мемлекеттік «Еуропаға жол» бағдарламасына толығырақ тоқталып өткенді жөн санап отырмын. Бұл бағдарлама елімізді алдыңғы қатардағы еуропалық елдермен стратегиялық серіктестік деңгейіне апаруы тиіс, ол тауар өндірісін ұлғайтуды, транспорттық желіні дамыту біріккен жоспарларды өңдеу, ЕК елдерінің талаптарымен сәйкес техникалық регламенттер мен стандарттарды келтіру, еуропалық нормаларға сәйкес қазақстандық заң шығаруды жүзеге асыруды қарастырады. 

Аталған мақсатқа қол жеткізу үшін Қазақстан бірнеше топтарға біріккен тапсырмаларды шешуі тиіс. Бірінші топ технология, энергетика, транспорт, техникалық реттеу және метрология, кіші және үлкен бизнес секілді бағыттар бойынша серіктестікті жүзеге асырады. Бұл жерде қазақстандық өмір талаптарының еуропалық стандарттармен жақындасуына үлкен көңіл бөлінеді. Әсіресе, бұл қоршаған орта жағдайын жақсарту, су ресурстарын қорғау, климаттық өзгерістерді ескерту, биотүрлілікті сақтап қалу және т.б. 

Онымен қоса, халыққа ақпараттық технологияларды енгізу негізінде медициналық көмек көрсету сапасы, диагностика сапасын жақсарту, аурудың алдын алу және емдеу, дәрі-дәрмекке қол жеткізу мен оның сапасының  артуы, азық-түлік стандарттарын енгізу, кадрлық ресурстар жүйесінің дамуы көтеріледі.

Сонымен қатар, білім, әлеуметтік қолдау,  еңбек миграциясы саласында серіктестікті дамыту қарастырылады.

Екінші топ қазақстандық институционалды-құқықтық базасын позитивті еуропалық тәжірибенің көмегімен жүзеге асыруды қарастырады. Негізгі күш мемлекеттік құрылымның қазақстандық  моделінің әрі қарай дамуына, эффективті басқару жүйесін мемлекеттік қызмет және кадрлық ресурстармен қамтамасыз ету, елдің саяси өмірінің либерализациялануына жұмсалатын болады.

Үшіншісі – бұ Қазақстанның 2010 жылғы ЕҚЫҰ-на төрағалық етуіне дайындық. Қазақстан алдында басқа да маңызды міндет тұр – ол ЕҚЫҰ-на төрағалық ролінің күшеюі. Алғашында, ЕҚЫҰ-на төрағалық ету – құрметті миссия, primus inter pares (теңнің арасындағы біріншісі) болып көрінуі мүмкін. Осымен байланысты ЕҚЫҰ шеңберінде кездесулер мен консультацияларды рационалды қолдану, қазақстандық жақтың белсенді іс-әрекетіне қажеттілік туады. Қазақстаннан, сонымен қатар ЕҚЫҰ жүйесіндегі құрылымдардың рационалдық қолданысын, барлық деңгейдегі отырыстардың түгел дайындығын күтетін болады. Отырыстар мен кездесулерде шешімдердің дайын жобалары мен анық нұсқалары талқылануы тиіс. Бұл ЕҚЫҰ хатшылығымен белсенді серіктестік, сапалы құжаттарды дайындау үшін жұмыс топтарын алдын ала құруын талап етеді. Төрағалық жұмысты қамтамасыз ету үшін барлық қажет құрал-жабдық пен мамандандырылған кадрларды қолдануы тиіс.

Қазақстанның 2010 жылғы ЕҚЫҰ-на төрағалығы ретіндегі миссиясы – мақтанышты, жауапкершілікті, бірмезгілде қиын және шыдамдылық пен беріктікті талап етеді. Алайда, бұл миссия Қазақстан үшін – орындалатын дүние.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1.Юхименко О.С. Роль и место ОБСЕ в архитектуре европейской безопасности на рубеже XX-XXI веков. // http://www. Humanities/edu/ru/db/msg/38773

2.Казахстан и ОБСЕ: монография/Под общ. ред. Б. К. Султанова. – Алматы: КИСИ при Президенте Республики Казахстан, 2009. – 288 с.

3.ОБСЕ и исламский фактор: изменит ли председательство Казахстана стереотипы Запада об исламе? // www.easttime.ru/analitic/1/3/739.html

4. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жолдауы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты», 2008 жылғы 6 ақпан. //www.akorda.kz

5.www.egemenkaz.kz


Абилхасиева Рита Ергалиевна

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің

 1 курс (2 жылдық) магистранты.


Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?