Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бүгін тарихта

2000 жылы Павлодар қаласында қазақтың ақыны Сұлтанмахмұт Торайғыровқа ескерткіш ашылды.

Бүкіл әлемдік БҰҰ күні

2009 жылы «Бурабай» Мемлекеттік саябағында Абылай хан атындағы экспозициялық кешен ашылды.

2002 жылы қазақтардың Екінші Дүниежүзілік құрылтайы Түркістанда өткізілді

- = -

8 жыл бұрын Семипалатинск атауы Семей болып өзгертілді

26471
8 жыл бұрын Семипалатинск атауы Семей болып өзгертілді - e-history.kz
Семей бекінісі 1718 жылы орнатылды, қала мәртебесі 1782 жылы берілді. 1997 жылдың мамыр айына дейін, Қазақстанда әкімшілік-аумақтық бөліну реформасы өткізілген кезде, оның нәтижесінде кейбір облыстар үлкейтілген (біріктірілген) уақыта қазір таратылған Семей облысының орталығы болды, оның аумағы қазіргі уақытта Шығыс-Қазақстан облысының құрамына кіреді. Түрксіб темір жол магистралінде орналасқан және Ресейді оңтүстік пен шығыс Қазақстан аймақтарымен біріктіретін ірі темір жол торабы болып табылады. Әуежай мен өзен порты бар. 2007 жылы маусымда «Шығыс Қазақстан облысының Семипалатинск қаласының атауын өзгерту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 21 маусымның № 351 Қаулысымен Семипалатинск қаласының атауы Семей болып өзгертілді.